Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып : Өндіріс факторларының нарықтары




Нарықтың қызметтері оның құрлымымен тығы байланысты болады. Оған өндірісті тікелей қамтамасыз ететін элементтер, сондай-ақ материалдық және ақша айналысының элементтерікіреді. Нарықтың құрлымы көп жақты болады. Тауарлар мен қызметтер нарығы, нарық қатынастарының тарих бірінші объектісі болып табылады.

Еңбек бөлісінің дамуы барысында тауар және қызмет көрсету нарығы біршама өзгерістерге ие болады. Тауар және қо биржалары, көтерме және бөлшек сауданың әртүрлі формалары, маркетингтік ұйымдар пайда болып, дами бастады.

Тауарлар мен қызметтер нарығына- тұтыну тауарлар нарығы – азық – түлік және азық-түлік емес тауарлар, қызмет көрсету нарығы – тұрмыстық, коммуникалдық, көліктің,тұрғын үй және өндірістік ғимараттар нарығы жатады.

Объективті экономикалық жағдайларлың пісіп жетілуіне байланысты, бұл нарықтан жер, еңбек, капитал, яғни өндіріс факторлары нарығы бөлініп шықты.

Өндіріс факторлар нарығы деп өндіріс құрал-жабдықтарын(капиталды), жұмыс күшін, жерді сату және сатып алуды жүзеге асыратын нарықты айтамыз.

Жер нарығы –тек жердің өзі ғана емес, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін фермелер пайдаланылатын жерлер, жер қойнауындағы пайдалы қазбалар, құрылыстар , ғимараттар орналасқан жерлерде жатады.

Жұмыс күші нарығы – еңбек биржасы формасында ұйымдастырылады. Бұл арқылы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздары әлеуметтік қорғау, даярлау және қайта даярлау жүзеге асырылады.

Капитал нарығы – өндіріс құралдарын, ғимараттарды, құрал – жабдықтарды сату мен сатып алуды ұйымдастырумен айналысады.

Қаржы нарығы – бұл нарықта сату және сатып алу объектілеріне ретінде қаржы құралдары, ақшалар, облигациялар, вексельдер және басқа да бағалы қағаздар жатады. Бұл бағалы қағаздар қор және валюта биржаларында сатылады. Олар нарықтың тепе-теңдік нақты барометрі болып табылады және тауар өндірісіндегі кез –келген өзгерістерге әсер етеді.

Осы аталған нарықтың үш түрі бір – бірімен өзара байланыста болады. Егер олардың арасында тепе – теңдік орын алса, онда экономикада макроэкономикалық тепе-теңдікке қол жетеді.

Шаруашылықтың жеке субъектілері экономиканың негізгі үш проблемасын шешумен айналыспайды, онда нарықтық тепе – теңдік қандай жағдайда орын алады деген сұрақ туады. Нарықтың жеке субъектілерінің іс-әрекеті экономиканың жалпы тиімді.жұмыс істеуі емес, жеке мүдделіріне бағытталған. Бұл жағдайда нарық қатынасының барлық экономикалық субъектілерінің іс-әрекеті нарық механизімі арқылы сатушылар мен сатып алушылардың тауар жөнінде қабылданған шешімдері баға жүйесі, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс арқылы үлестіріліп отырылады.

Нарық механизімі, ең алдымен баға арқылы нарық жүйесінде белгілі бір тәртіп орнықтырады бағалар қызмет көрсету мен тауар өндірісінің өсуін немесе төмендеуін ынталандырады. Мысалы: егер де, қандай да бір тауар қажеттілік өсетін болса, онда сатушы шектеулі ұсынысты сәйкеністендіру үшін тауар бағасын өсіреді, ал жоғары баға тауар ондірушілерді өнімді көп өндіруге. Егер сатушыдағы тауарлар тұтынушылардың сатып алғысы келетін тауарлардан көп болатын болса, онда сатушылар тауарларды артылып қалмауы үшін, бағаны төмендетуге мәжбүр болады. Бұл жағдайда тұтынушылар тауарларды көптен сатып ала бастайды, ал өндірушілер өнімді өндіруді азайтады. Осының нәтижесінде өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қарама –қатынас тұрақтанады.

Мұндай нарықтың тепе-теңдік, нарықтың экономиканың маңызды элементі сұраныс пен ұсыныс негізінде жүзеге асырады. Дәл осы сұраныс пен ұсыныс негізінде жүзеге асырылады. Дәл осы сұраныс пен ұсыныс негізінде жүзеге асырылады. Дәл осы сұраныс пен ұсыныс арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасында тұрақты байланыс қалыптасады.

Нарық механизімінде бәсеке ең маңызды рольді атқарады. Бәсеке баға сияқты өндіріс көлемінің өсуін немесе төмендеуін қамтамсыз етеді.

Нарықтық экономиканың әрекет ету механизімі үш принциптерге негізделеді:

- маржиналды талдау

- шығындарды баламалы таңдау;

- экономикалық ұтымдылық;

Нарықтың механизімінің тиімді, әрі нәтижелі әрекет етуі көп жағдайда нарық инфрақұрламының даму дәрежесінде байланысты болады. Нарық инфрақұрлымы қызметтер мен тауарларды нарықта еркін қозғалысын қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жүйесі болып табылады. Нарық инфрақұрламын халық шаруашылығының ерекше саласы сауда жатады.

Сонымен қатар, нарықтық экономика тиімді жұмыс істеу үшін жарнама, ақпарат және консултативтік қызметтер, бақылау және аудиториялық мекемелер қажет. Оларсыз нарықтың табысты қызмет етуі мүмкін емес.

Өндіріс процесінің тағы бір факторы – жер болып табылады. Жер ұғымына жердің өзімен қатар, жердің үстіндегі немесе жер астындағы табиғи байлықтар жатады.

Жер ерекшеліктері: шектеулілігі, яғни оның көлемін көбейтуге келмейтіндігін және жаңадан өндіруге мүмкін еместігі. Жер ресурстары шектеулі болғандықтан , сондай-ақ жерсіз адам өмір сүруі мүмкін еместігімен байланысты жерге меншік, меншіктің ең табысты және маңызды түрлеріне жатады. Меншіктің бұл түрі экономикалық жағынан көп жағдайда жалға беру және рента формасында табыс алу арқылы жүзеге асырылады.

 







Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2442. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия