Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып: Салықтар. Салықтың қызметі. Лаффер қисығы




өнеркәсібі дамыған елдердің тәжіриебесі көрсетіп отырғандай,салық нарықтық экономиканың дамуының қажетті шарты.Себебі, ірбір мемлекетке ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар –мемлекттің тұрақты қаржы көзі.

Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.

Осы тұр,ыдан алып қарағанда, салықтардың маңыздылығы олардың мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі болып табылатындығында.

Салықтарға мемлекеттің заңдары негізінде жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті алымдар жатады.Салықтар мемлекеттің қаржы ресурстарын құрудағы заңды және жеке тұлғалардың міндеттерін және экономиканың әртүрлі сфералары арасындағы қаржы ресурстарынқайта бөлуді білдіреді.

Салықтың толық мәнін түсіну үшін олардың экономикалық маңызын білу қажет.Ал бұл оның атқаратын қызметтеріне тікелей қатысты.

Салықтар мынадай негізгі негізгі қызметтер атқарады: фискальдық, реттеушілік, және қайта бөлу қызметі. Бұлармен қатар,салықтардың ынталандыру, бақылау қызметтерін де атауға болады.

Реттеушілік –салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызметі арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді.мемлекет салық жеңілділіктері арқылы өсу мен өндіріске инвестицияны тартуды, шағын бизнесті және өндірісті модернизациялауды (өндірісті жаңа техника негізінде жаңартуды) қамтамасыз етеді. Сонымен, салықтың реттеушілік қызметінің ең басты мақсаты-өндірістің дамуына ықпал ету.

Салықтың екінші қызметі –фискальдық-салықтық, бұл кызтеті елдің экономикасын дамыту үшін қажетті қаржы ресурстарымен мемлекетті қамтамсыз етуінен көрінеді. Яғни,салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс т.б шаралардың іске асуын камтамсыз етеді.

Салықтың қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Одан кейін мемлекет бюджетте жиналған салық түсімдерін әртүрлі бағдарламаларды қаржыландыру үшін (ауыл шаруашылықты, ғылымды,әлеуметтік сфераны,қоршаған ортаны қорғау үшін) қайта бөле алады.

Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының басты мақсаты-салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Барлық салық түрлері мен оларды жинау әдісі салық жүйесі деп аталады.

Жеке және заңды тұлғалардың арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы,салықтар және алымдар,салық салу әдістері мен тәсілдері,салық заңдары және салықтарға қатысты актілер, реттеуші органдар мен салықтар қызметтерінің жүйесі салық жүйесін құрайды.Салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғаюына,дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толық іске асырылуына мүмкіндік туғызады.

Салық жүйесінің негізгі элементтеріне: салық стафкасы, салық базасы, салық жеңілдіктері жатады.Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек.Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде іске асыра алады.Дүние жүзілік тәжіриебеде қолданылып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Оларды кезінде А.Смит көрсеткен:

1. салық әр салық төлеушінің табысына қарай алынуы керек.

2. салық мөлшері мен төлеу уақыты алдын ала белгіленіп қойылуы керек.

3. әр салық салық төлеушіге ыңғайлы тәсіл арқылы алынуы қажет.

4. салық салу шығындығы неғұрлым аз болғаны қажет.салық жүйесі мемлекеттің заң актілеріне негізделеді. Олар салықтарды алу және құрудың нақты әдістерін белгілейді. Салықтарды мынадай белгілері бойынша топтастыруға немесе жіктеуге болады:

· салық салу объектілеріне қарай;

· салық алу әдістеріне қарай;

· салықтың мөлшерін анықтау әдісіне қарай;

· Салықтарды пайдалану тәртібіне қарай;

 

1. Салық салу объектісіне қарай табыстар (жалақығы рентаға, табысқа және т.б) және мүлік (жерге,кәсіпорындарға,үйге, пәтерлерге және т.б.) түрлеріне бөлінеді.

2. Алу әдістеріне қарай салықтар жанама және тікелей болып бөлінеді.Тікелей салық негізінен табысқа салынатын салық болса, жанама салық тұтыну салығы болып табылады. Тікелей салық мемлекеттің жалпы қажеттеріне жұмылдыратын инструмент. Тікелей салық табыстардан тікелей алынатын салық (табыс салығы) немесе мүлік иелерінен алынатын салық(меншікке салық немесе мүлік салығы).

Жанама салықтар тауарлардың бағасының құрамына кіреді және тауарлар сатылғанда тұтынушылардан алынады. Бұл жерде жанама салықтың екі позициясын акциз және баж салығын атап өтуге болады.Акциздер –ішкі нарықта салынатын тауарларға салық.Сонымен қатар,акциздер,біріншіден,жеке тауарлардың бағаларына қосылатын қосылымдар (мысалы темекі өнімдері,ішімдіктерге), екіншіден, универсалды акциздер-сатылатын тауарлардың жалпы құнына салынатын салықтар(мысалы сатудан түсетін салық қосылған құнға салық және т.б)

Баж салығы-мемлекеттік шекарадан өтетін тауарлардан,яғни транзиттік тауарлар мен импорттық тауарлардан алынатын салықтар.

3. Салықтың мөлшерін анықтау әдісіне қарай, пропорционалды салық мөлшерлі – мүліктің құнына немесе табысын сомасына байланысты емес тұрақты процент стафкалы салықтар жатады. Прогрессифті салықтар мөлшері, салық стафкасыныңі өсуі табыстың өсуімен байланысты болады. Регрессивті салықтар жағдайында табыс өскен сайын салық стафкасы төмендеп отырады.

4. Пайдалану тәртібіне байланысты салықтар жалпы және арнайы немесе мақсатты болып бөлінеді. Жалпы салықтар мемлекеттің орналықтандырылған қорына немесе мемлекеттік бюджетке түседі. Мақсатты немесе арнайы салықтар белгілі бір нақты бір іс әрекеттерге немесе шараларды жүзеге асыру үшін пайдалынады.

5. Салықты алатын және иелік ететін мекемелерге қарай салықтар мемлекеттік және жергілікті болып екі топқа бөлінеді. Мемлекеттік салықтарды орталық басқару органдары белгілейді және алып отырады. Жергілікті салықтарды тиісті территориядағы жергілікті басқару органдары реттейді.

Мемлекет салық механизмі арқылы экономикалық өсуді ынталандыра алады. Экономиканың тиімділігің арттыру үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып тұтыну мен инвецтисияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың өсуі үшін қолайлы жағдай жасайды. Бүкіл экономикалық конъюгтураны ынталандырудың басты шараларына, мысалы , 80 жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейген әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американың экономисі А.Лаффердің теориясы алынған. Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді (Лаффер қисығы деп аталады.) Лаффердің ойынша, корпорациялар табысына шектен тыс салық стафкасын көтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми техникалық прогрессті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.

Лаффердің қисығы 1 – суретте көрсетілген. Ордината өсінде салық стафкалары (R), абсциссада бюджеттке түсімдер (Ү) көрсетілген. Салық стафкасы өскенде мемлекет табысы ұлғаяды.

 
 

Салық стафкасының қолайлы мөлшерін R1 белгілесек, ал салықты одан әрі көбейту еңбекпен кәсіпкерлік ынтасын төмендетеді. 100% -дық салық салу мемлекеттік табысты 0-ге теңейді, өйткені, ешкімде тегін жұмыс істегісі келмейді. Басқаша айтқанда, салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыс пен қамтуды арттырып жыйыетық табыстың көлемін ұлғайтады.

Нарық қатынастары қанат жайған кезде кәсіпкерлер мен үкіметтің, басқа да қоғамдық ұйымдардың жеке адамдардың өзара экономикалық қатынастары қатаң түрде салық пен төлем арқылы реттеліп отыру қажет. Ол меншіктің көп түрлілігімен де тығыз байланысты.үкімет қаржысын толықтырудың басты жолы – салық жүйесі. Айталық, 1989 ж бұрынғы КСРО-ның табысы құрамындағы тікелей және жанама салықтың үлесі 70% астам болса, Францияда ол да 45,6% , Норвегнияда 47,8%, ал Швецияда 50,68%

 







Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2449. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.005 сек.) русская версия | украинская версия