Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып 3. Кассалық операциялар және олардың есебі




Сабақтың мақсаты– банк кассасынан қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру есебі, ақшалар және басқа да құндылықтарды сақтау, инкассацияланған қолма-қол ақшалар, касса ревизиясы жүргізудің қарастыру.

Негізгі ұғымдар:қолма-қол ақша, құндылық, инкассация, ревизия

 

Кассалық операциялар – бұл банк клиенттерінің ақшалары мен құндылықтарын қабылдап-өткізу бойынша банктік операциялар.

2-деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жетілдіру тәртібі 1999 жылғы 15 карашадағы № 394 «ҚР 2- деңгейдегі банктернің кассалық операцияларын жүргізу» ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Олар бойынша келесілер карастырылған: кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі; ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі; ақшаның төлем кабілеттілігін аңықтау тәртібі; зақымданған банкноттар мен ақаулы тиындарды айырбатсау және жою тәртібі.

Кассалық операцияларды жүргізудің жалпы принципі кассирдің құндылықтар мен қолма-қол ақшаны қабылдау және беру операцияларын кіріс және шығыс кассалық құжаттарға сәйкес рәсімделген бухгалтерлік бөлім қызметкерлерінің үкімі негізінде жүзеге асыруына бағытталады. Әрбір кассирді жұмыска қабылдау кезінде толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт жасалады. Жұмыс күнінің басында операциялық кассадағы кассирлері меңгерушілінен аванс ретінде белгілі бір қолма-қол (акты бойынша) сомасын алады және жұмыс күні сонында оны пайдаланғандығы туралы есеп береді. Бір күн ішіндегі барлық кассалық операциялар аякталғаннан кейін кассирлер бухгалтерия қызметкерлерінің мәліметтері мен өзі жүргізген операцияларының жалпы сомасын салыстырып, одан кейіп құндылықтар мен қолма-қол ақшаларды ақша қоймасына өткізеді. Кассалық операциялар бойынша Барлық құжаттар банк мекемесінің бухгалтериясында алдыя ала тексерілгеннен кейін кассирлерге түседі.

Клиенттерден олардың шоттарына есепке алуға арналған, банк кассасына қолма-қол ақшаларды қабылдау кіріс кассалық кұжаттармен жүргізіледі.

Басқа қүндылыктарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді.

Клиент банкноттар мен тиындар тізімдемесімен бірге толтырылған кіріс кассалық құжатты бухгалтерия қызметкеріне өткізеді. ол кіріс кассалық қүжаттың дұрыс толтырылуын тексереді, оны рәсімдейді және кіріс бойыніпа кассалық журналда акта сомасын көрсету үшін құжаттарды бухгалтер-бақылаушыға өткізеді. Өз кезегінде бухгалтер-бақылаушы кіріс кассалық құжатты кабылдағаннан кейін операция жүргізген қызметкердің қолын және оның растығын тексереді, онда көрсетілген соманың сәйкестігін, сонымен қатар осы құжатта көрсетілген соманын растығын салыстырады, содан кейін кіріс бойынша бас журналға қол қойып тіркейді.

Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексергеннен кейін клиент шақырып, одан көрсетілген соманы қабылдап алады. Содан кейін құжатта көрсетілген соманы нақты сомамен салыстырып, сәйкес келген жағдайда кассир кұжатка қолын қойып, түбіртекке немесе кіріс ордерінін көшірмесіне мер қойып, оны ақша салған тұлғаға береді. Егер өткізілген ақша мен көрсетілген сома арасында сәйкессіздік байқалса, онда өткізілген құжат қайта рәсімделіп, кассалық журналға өзгерістер енгізіледі. Кассир қолма-қол ақшаны кабылдағаннан кейін «Хабарландырудан» түбіртекті және ордер кесіп алады және түбіртекті ақша енгізушіге береді, ал кассир қолымен расталган ордер ақшаның нақты түсуін кіріс бойынша кассалық журналда белгілейтін және келесі күні көшірмемен бірге клиентке берілетін бухгалтерия қызметкеріне бағытталады. Осыдан. клиенттер шотына еңгізілген сомалар бойынша соммаларға екі құжат ұсынылады - түбіртек және ордер. Бөлек операциялар бойынша ақшалардың банк кассасына түсуі «Кіріс кассалық ордерлерді» жасау жолымен рәсімделуі мүмкін.

Жұмыс күнінің сонында кассир кіріс кассалық құжат негізінде бір кұн ішіндегі кассалық айналым және құндылыктардың қалдығы туралы есептілік анықтамасын жасап, олардағы мәліметтерді нақты қабылданған сомамен салыстырады. Аныктамаға кассир қолын қояды және онда көрсетілген кассалық айналым кассалық журналдағы жазбалармен салыстырылады.

Кассир жұмыс күнінің сонында касса менгерушісіне анықтама және кіріс құжаттарымен бірге қабылданған акшаларды буып-түйіп өткізеді. Нақты сәйкесіздік бойынша акт жасалады.

Касса менгерушісі қабылданған соманы анықтама және кіріс құжаттарымен салыстырып, қолын қояды. Сонымен қатар жұмыс күні ішінде қабылданған барлық ақша сомалары операциялық кассаға кірістеліп, сол жұмыс күні ішінде клиентердің сәйкес шоттарына есептелуі қажет.

Ақшалай чектік кітаптар қатаң есептеме олардын есебі 7339 «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» баланстан тыс шоттында жүргізіледі.

Клиент қолма-қол ақша алу үшін толтырылған кассалық құжаттарды өзіне кызмет көрсетуші бухгалтерия қызметкеріне ұсынады, ол сәйкес тексеру және рәсімдеу жүргізгеннен кейін шығыс бойынша кассалық журналда чек сомасын немесе шығыс кассалық ордерді жазу үшін оларды кассирге, бухгалтер-бақылаушыға өткізеді. Және клиентке ақшалай чектен бақылау маркасын береді, ал чектін өзін бухгалтерия қызметкерлері кассирге өткізеді.

Шығыс құжаттарын алғаннан кейін, бухгалтер-бақылаушы келесілерді жүргізуге міндетті:

- банктің ақшалай құжаттарына қол коюга өкілеттілігі бар жауапты түлғалардың қолын растай, тексеру;

- санмен көрсетілген соманы жазбаша көрсетілген сомамен салыстыру;

- клиенттін лауазымды тұлғаларының қолын және олардың растығын тексереді.

Кейін шығыс кассалық кұжаттар кассирге өткізіледі, ол келесілерді тексереді:

- қолма-қол ақша алу кезінде клиенттердің құжаттағы қолын және клиенттің жеке куәлігін тексереді;

- берілетін қолма-қол ақша сомасын салыстырады;

- кассаға ұсынылатын бақылау маркасының нөмірін ақшалай чектегі нөмірмен салыстырып, оған бақылау маркасын жабыстырады.

- клиент көзінше берілетін, дайын акта сомасын қайта есептен береді және шығыс құжатына қолын кояды.

Жұмыс күнінің соңында кассир есепке қабылдаиған қолма-қол ақша сомасын шығыс кұжаттар сомасы және қолма-қол ақша қалдықтарымен салыстырады, содан кеипі бір күн ішіндегі кассалық айналым және кұндылықтардың калдығы туралы есептілік анықтамасын құрайды, қолын қояды және кассалық айналымды бухгалтер-бақылаушының кассалық журналындағы жазбалармен салыстырады. Салыстырып тексеру касса журналында кассирдің және кассир анықтамасында бухгалтер-бақылаушылар қолдарымен рәсімделеді.

Сәйкессіздік анықталған жағдайда кассир ол туралы касса меңгерушісіне хабарлап, түсінікхат жазып, нақты сәйкессіздік бойынша акт жасайды. Сол күні кем шыққан ақша сомасын кассир өзі өтеуі қажет, егер бұл мүмкін болмаған жағдайда кассир жетіспеушілікті өтеудің нақты мерзімін көрсетіп міндеттеме толтыруы қажет. Егер шығыс операцияларын касса менгерушісі орындаса, онда бір күн ішіндегі кассалық айналым және құндылықтардың калдығы туралы есептілік анықтамасы жасалмайды, ал шығыс бойынша барлық айналымдар бір күн ішіндегі кассалық айналым туралы жиынтық анықтамаға енгізіледі.

Кассир қолма-қол ақша мен бір күн ішіндегі шығыс кассалық құжаттар қалдығын есептілік анықтамасымен бірге касса меңгерушісіне қабылданған және өткізілген ақша есебінің кітабына қол кою арқылы өткізеді. Меңгеруші тексеріп, есептілік анықтамасына қолын қойып, оны касса күніндегі құжаттарға тіркеп тігу үшін жібереді.

Кассир кассалық айналымды операциялық қызметкерлсрдің кассалық журналымен салыстырғаннан кейін касса меңгерушісіне қолда бар ақша қалдықтарын анықтама және кассалық құжаттармен бірге белгіленген тәртіпге өткізеді. Касса меңгерушісі кассирден ақшаны, есептілік анықтамасы мен құжаттарды қабылдағаннан кейін операциялық қызметкерлердің кассир анықтамаларында көрсетілген кассалық айналым сомаларынын расталғандығын және ақша қалдықтары анықтамасының дұрыс шығарылғандығын тексереді. Содан кейін операциялық касса кассирлерінің есептілік анықтамасының мөліметтері мен қайта есептеу кассасының қабылдаған ақша сомасы туралы журналдағы жазбалары бойынша, сондай-ақ олардын өзі кабылдап-өткізетін ақша кұжаттары бойынша жиынтық анықтаманы жасайды және олардын нәтижелерін бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырады. Салыстырып тексеру бір күндік кассалық, кұжаттарда сақталатын анықтамада. бухгалтерия қызметкерінің қолымен рәсімделеді.

Касса меңгерушісі касса акпарынан кейін шығыс және кіріс бойынша бөлек кассалық құжаттарды калытастырады. Баланстан тыс құжаттар алдымеи кіріс, кейін шығыс болып баланстан тыс шоттар нөмірі бойынша теріледі. Әр күн бойынша кассалық құжаттар келесі күннен кешіктірілмей бөлек папкаларда жинақталып, бас бухгалтерге қол қоюга ұсынылуы кажет. Жинақталған кұжаттардың сомалык мәліметтері есептеуіш машиналарда есептелінеді.

Валютадагы сома ҚР Ұлттык банк бағамы бойынша теңгедегі шетел валюта сомасына сәйкес келуі қажет. Есепті жүргізген қызметкердің қолы койылған кіріс және шығыс кассалық және балалстан тыс ордерлер бойынша есептілік лентасы бөлек папкада басқа кұжаттардын алдында орналастырылады.

Кұндылыктардың сақталуына жауапты тұлғалар ақша қоймасында келесілерді тексеруге міндетті:

- сақталатын құндылықтардын, кітаптар мен құжаттардын қоймаға енгізілуін;

- айналым кассасы мен басқа да құндылыктардын нақтылығы бухгалтерлік есеп мәліметгері мен «құндылықтар есебі» кітабында көрсетіліген қалдықтармен сәйкес келуін.

Бақылау сұрақтар:

  1. Банк кассасынан қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру есебі
  2. Ақшалар және басқа да құндылықтарды сақтау
  3. Инкассаланған қолма-қол ақшалар
  4. Касса ревизиясы

Әдебиеттер:

  1. Закон «О Национальном банке РК» от 30 марта 1995г.
  2. Андросов А.М., «Бухгалтерский учет и отчетность банке» АО «Менатеп-информ» 1997г.
  3. Козлова Е.П., Галанина Е.Н. «Бухгалтерский учет в коммерческих банках» М:1999г.
  4. Сейткасымов «Бухгалтерский учет и отчетность в банках», Алматы, Экономика. – 1999г.

Тақырып 4. Есеп айырасу және банк аралық операциялардың бухгалтерлік есебі Сабақтың мақсаты– банктік шот түсінігі, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі, есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі, есеп айырысу операцияларының есебі, банк аралық корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру және олардың есебі, банк аралық ақша аударымының жүйесі арқылы есеп айырысуларды жүргізу тәртібі, банкаралық клиринг есебі, банк аралық электрондық аударым жүйесінің мәнін анықтау

Негізгі ұғымдар:банктік шот, клиринг, ЛОРО, СПОТ, НОСТРО, SWIFT

Банк шот түсінігі, оның ашу, жүргізу және жабу тәртібі.Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте оларлың қызмет сипатына сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі - есеп айырысу.

Осы есеп айырысу міндеті - қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда төлем айналысына кызмет ету болып табылады. Кәсіпорын және ұйымдар арасындагы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған банктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады.

Банктік шот - бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік катынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісімшарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жұзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жұзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындагы келісімшарттык катынасты бейнелеу әдісі.

Клиенттін есеп айырысу шоты банктік шот келісіміне немесе есеп айырысу-кассалық қызмет келісімшартына сәйкес жүргізіледі. Келісім клиенттің шот ашуға жазған өтініші негізінде жасалады. Осы келісімшартқа сәйкес банк клиентке есеп айырысу және басқа да шоттарды ашады, оған түскен қаржыны есепке алады, клиент тапсырмасы бойынша шоттан қаржы алады, клиенттен қолма-қол ақша қабылдайды, босатады, калдықты сақтағаны үшін пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.

Банктік келісімшарттың негізгі деректемелері келесілер: келісім мәні; салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген салық қызметі органдарында есепке тұрғандығын куәландыратын құжат; банктегі ақшалай қаражатты колдану тәртібі, сондай-ақ банк көрсөтетін кызмет нен оны телеу тәртібі. Банктік келісімшарт екі тарап келі-сетін баска да шарттарды карастыруы мүмкін.

Банктік шот ашу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

- клиенттің салық есебіне тұрғандыгын растайтын салық қызметі берген құжаттың түпнұскасы;

- мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;

- жаргының нотариалды бекітілген көшірмесі, ал оқшауланған бөлімшелер үшін - бекітілген ереженің кешірмесі;

- қол қойылып, мөр басылған карточка үлгісі. Бұл кезде бір данасы банктің операциялық кызметгерінде, ал екінші данасы банк клиентінің іс құжатында сақталуы тиіс.

Банктер тенге және шөтел валютасында шот ашуға, жүргізуге құқылы, олар: ағымды, жинақтық және байланыстырма (корреспонденттік) шоттарга бөлінеді.

Ағымды және жинактық шоттар - заңды және жеке тұлғалардың, оқшауланған бөлімшелерінің банктік шоттары, ал байланыстырма (корреспондент) шоттар - банк операцияларының жекелеген түрлерін өткізетін банктік емес мекемелер мен банктердің банктік шоттары.

Егер клиент банкте бірнеше шот ашқысы келсе және егер банктік шот алғашқы шот ашылған банкте немесе филиалында ашылса, сондай-ак құжаттарының толық бар екендігі туралы бекітімі болса, онда банк кұжаттарды қайта талап етпеуі мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды немесе жеке түлғага шот ашқан жағдайда, банк салық қызметін 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс.

Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік операцияларды өткізетін ұйымдар қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын клиентке банктік шот ашпастан жүргізе алады.

Заңды тұлгалар мен оның бөлімшелерінің қолма-қол ақшасыз төлемі және ақша аударымы, сальщ және бюджетке міндетті төлемдер, сондай-ақ зейнетақы жарналарынан басқасы олар банктік шот ашқаннан кейін ғана жүргізіледі.

Есеп айырысу шоты арқылы жүргізілген операциялар бойынша банк клиентке шот көшірмесін ұсынады. Есеп айы­рысу шотынан көшірме келесі деректемелерден тұрады: клиент аты, есеп айырысу шотының нөмірі, соңғы операция датасы, корреспонденттік шот нөмірі, құжат нөмірі, сомасы. Көшірмеде берілген жазба бойынша тиісті құжаттар ұсынылады. Кошірме клиентке сенімхат негізінде беріледі.

Банктік шот ашпастан жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлем және ақша аударымдары төлем құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.

Төлем құжаттары-бұлардың комегімен немесе негізінде азаматтық-құқыктық мәмілелел, келісім шарттар, ҚР-ның заңдық нормалар және сот шешімдерінің шарттарына сәйкес ақшалай міндеттемелер орындалатын құжаттар. Олар банкке банк бекіткен операциялық күн ағымында қабылданады және ҚР бенефициар келмеген жағдайда, банк екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік шоттар жоспарында қарастырылған тиісті банктік шштарга төлем хабарламасына сәйкес аталған соманы банктің бекітілген ішкі ережелеріне сәйкес есепке алуы тиіс. Егер аударымды жүргізу мұмкін болмаса, ақша жөнелтуші банк және бенефициар банк ақшаны жөнелтушіге қайтару үшін тиісті шараларды кабылдауы керек.

Аударым қате жүргізілсе, оның сомасы ақша жөнелтуіпінің банкіне келесі операциялык күннен кешіктірілмей, себептері көрсетіле отырып қайтарылуы тиіс. Қате аударылған сома ақша жөнелтушінің банктік шоты бар болып, жөнелтуші банкіне қайтарылғанда, сома жөнелтушінін банктік шотына құйылады, ақша жөнелтушінің банктік шоты болмаған жағдайда сома, екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есепшот жоспарына сәйкес банктік шотқа есепке алынады.

Ақшаны қайтарған жағдайда банк жөнелтушіні үш банктік күн ішінде хабардар етуі тиіс.

Егер ақша, ақша аударымы қате белгіленуі себебімен қайта-рылган болса, онда жөнелтуші банк ақша жөнелтушіні ақшаның қайтарылғандыгы туралы хабардар етпеуге күқылы және құжат кайтарылган күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бенефициар баикке төлем құжаттарын тиісті деректемелерімен жолдайды. Егер жөнелтушінің банктік шоты болмаса, онда аударымньщ қабылдан-гандығы туралы банк белгісін қойып, тиісті құжаттарымен жөнелтушіге ақша касса арқылы қайтарылады.

Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк шоттары бойынша шығын операциялары осындай құқыққа ие өкілетті ұйымдардың шешімі негізінде тоқтатылады.

Бұл операциялардьщ банктік шот бойынша қалпына келтірілуі, окілетті үйымдардың банктік шоттағы акдіаны тұтқындау немесе банктік шоттағы шығын операцияларын тоқтату туралы шешімдерін өзгерту туралы жазбаша хабарлауы негізінде жүргізіледі.

Клиенттердің банктік шоты бойынша барлық операция тек олардың келісімдері бойынша жүргізіледі, егерде төлем акцепсіз тэртіпте жүзеге асырылмаса.

Банктік шоттың жабылуы клиенттін шотты жабу себебін корсеткен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Егер банк клиент - заңды тұлға таратылып немесе қайта құрылса, шотта бір жылдан аса мерзімде қаржысы болмаса, ал жеке тұлгаларда - үш жылдан аса, онда орындалмаган талаптар бойынша шотты жабуға тоқтау жасалады. Банк кәсіпкерлік қызметті жүргізуші заңды немесе жеке тұлганың банктік шотының жабылғандыгы туралы 10 күн мерзімде салық қызметінің тиісті органдарын жазбаша хабардар етуі тиіс.

Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі.Қатысушыларға байланысты банктің есеп операциялары негізгі екі топқа бөлінеді:

• клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері қатысады;

• негізгі субъект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар.







Дата добавления: 2014-12-06; просмотров: 2215. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия