Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ойлау деген не және оның өмірдегі рөлі? Ойлаудың формалары




Логиканың объектісі - ойлау формалары. Ойлау формасы немесе логикалық форма дегеніміз — бұл ой құрылымы мен оның элементтері байланысының амалы.

Ойлаудың негізгі формалары: ұғым, пайымдау және ой тұжырымы.

Ойлаудың қарапайым формасы — сөз және сөз тіркестері арқылы білдірілетін ұғым. Онда жалпы және мәнді белгілері бар нәрселер тобы ойланылады: «студент», «бейсбол добы», «әлеуметтік қатынастар» т.с.с. Ұғым қалыптасуының негізгі логикалық тәсілдері: талдау, жинақтау, салыстыру, абстракциялау және жалпылау.

Талдау — бұл нәрселерді ойша бөліктерге жіктеу және олардың белгілерін айқындап көрсету. Мысалы, «апельсин» ұғымын алсақ, біз ойша оның пішіні — дөңгелек, түсі — қызғылт сары, ішкі құрылымы — кішкене бөліктерге бөлінген, дәмі — тәтті және т.б. деп жіктейміз. Жинақтау — бұл нәрсенің талдау нәтижесінде алынған белгілерін, бөліктерін ойша біртүтас бүтінге біріктіру. Салыстыру — нәрсенің мәнді, мәнсіз белгілеріне қарай ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау. Абстракциялау — нәрсенің белгілі бір белгілерін ойша баса көрсету және оны басқалардан дерексіздеу. Жалпылау — бірыңғай нәрселерді ойша кейбір кластарға біріктіру.

Біздің ойымызды білдіруіміздің күрделі формасы — пайымдау деп аталады. Ойлау қызметіміздің ең кұрделі түрі — ой тұжырымы деп аталатын жаңа білім алу формасы.

Ойлаудың бұл формасы біз үшін ақиқат жағдайларды дәлелдеу немесе жалған пікірлерді бекерлеу құралы ретінде қызмет етеді. Ойлау өз функциясын жұзеге асыру кезінде белгілі бір заңдылықтарды табады және ол әр текті ережелерге бағынады. Сондай-ақ, кезкелген шындық аумағында олардың өзіндік заңдары болады, сол сияқты логикада да негізгі формальды-логикалық: тепе-теңдік, қайшылық емес, үшіншісі жоқ, жеткілікті негізгі заңдары және негізгі емес: екі есе терістеу заңдары және т.б. бар.

Танымның негізгі мақсаты – ақиқатты жету. Ақиқаттықбұл біздің айтқандарымыздың шындыққа дәл келуі, яғни ол мазмұнға, ал дұрыстық — формаға жатады. Сондықтан дұрыс құрылған пайымдау жалған болуы да ғажап емес («Барлық металдар суға батады»), сол сияқты пікірдегі ереженің бұзылуы нәтижесінде ақиқат пайымдаудан жалған тұжырым шығаруға болады (мысалы, «Жаңбыр жоқ, яғни жер су емес»).

Дұрыс ойлау анықтылығымен, бірізділігімен, дәлелділігімен ерекшеленеді, мұндай дәл ерекшеліктер логика сияқты ғылымды үйренгенде ғана қалыптасады. Заңдар мен ережелер тұжырымдауда бұл — олардың бұзылу жағдайларын, яғни ақиқатқа жету жолында кедергі болатын логикалық қателіктерді де ескереді.

3. Қашан, қандай мәселелерді шешу үшін логика қалыптасқан? Логика тарихы. Логиканың екі жарым мың жылдан астам даму тарихы бар. Грекия, Үндістан, Қытайдың ежелгі қоғамында философия аясында туып, кейіннен өз пәні, өз әдісі, өз заңдылығы бар жеке ғылым ретінде қалыптасады.

Ежелгі грек философы Аристотель (384—322 жж. б.э.д.) логиканың негізін салушы болып саналады. Бірақ та логика мәселелері оған дейін көп уақыт бұрын туындаған. Мұнда философияны мазмұндауда дәлелдеудің қарсы жору одісін алғаш пайдаланған ежелгі грек философы Элеядан шыққан Парменидті және өзінің әңгімелесуінде ұғымдарды анықтаудың логикалық операцияларын тамаша пайдаланған атақты Сократты атап өту керек. Оның замандасы Демокрит логикалық мәселелерді кең және жүйелі түрде мазмүндау жолдарын көрсетті. Оның «Логика туралы немесе Канондар туралы» (яғни ережелер, ұйғарымдар) еңбегінің мәні зор болды. Мұнда тек таным мәні, оның негізгі формалары мен ақиқаттық өлшемі ғана емес, танымдағы логикалық пікірдің зор рөлі, пайымдаулар классификациясы жанжақты сөз болған, сонымен бірге ол осы шығармасында дедуктивтік ой тұжырымының кейбір түрлерін батыл сынап, индуктивтік логика қүруға ұмтылыстар жасаған. Сократтың ең талантты шәкірті Платон таным теориясы мен логика мәселелеріне, атап айтсақ, ұғымдарды бөлу мен пайымдаулар теориясына зор көңіл бөлген. Ақиқатқа қол жеткізуді мақсат еткен логиканың ғылым ретінде пайда болуына сөзді шебер меңгерген софистердің әсері де болды. Олар қарсыласын әдейі қайшылыққа, адасуға және т.б. әкелетін субъективті диалектиканы дамытты.

Ең алғаш логиканың жүйелі баяндалуын Аристотель ғана жүзеге асырды, сондықтан дәстүрлі формальды логиканы аристотельдік деп жиі атайды. Аристотель шығармалары арасында - алты логикалық еңбектен тұратын «Органон» (құрал) деген жинақ, өйткені ол әрбір ойланатын адам үшін логиканы ең қажет құрал деп есептеген. Оның басты философиялық шығармасы «Метафизикада» да логиканың маңызды мәселелері баяндалған. Логиканың ұғым, пайымдау, ой тұжырымы (дедукция, индукция, аналогия) сияқты негізгі бөлімдері мен дәйектеу (аргументтеу), болжау теорияларының логикалық негізін Аристотель жасады. Ол формальды логиканың алғашқы негізгі үш заңын тұжырымдады.

Логиканың ортағасыр дәуіріңде дамуы батыс еуропалық схоластикамен және араб тілді философтар Ибн-Сина, әл-Фараби және Ибн Рушд есімдерімен байланысты.

Жаңа уақыт дәуірінде ағылшын философы Френсис Бэкон логиканың дамуына зор үлес қосты. Ол өзінің логикасын аристотельдік логикаға қарсы қойып, басты шығырмасын «Жаңа Органон» деп атады. Индуктивті логиканы кейінірек Джон Стюарт Милль жұйелеп, дамытты және ол ғылыми танымның дамуына мәнді ықпал етті.

Логикалық зерттеулерде маңызды жасаған қадам XIX ғасырдың екінші жартысындағы математикалықнемесе символикалық логиканың дүниеге келуі болды. Математикалық логика құру идеясын неміс философ-математигі Г.В. Лейбниц алғаш рет XVII ғасырда көтеріп, шын мәнінде оның бастаушысы болған. Математикалық логика тек XIX—XX ғасырда Д. Буль, Э. Шредер, С. Джевонс, П.С. Порецкий, Г. Фреге, Б. Рассел және т.б. еңбектерінде жоғарғы деңгейде дамыды.

Осылайша, логикалық зерттеулер дамуының жаңа кезеңі ашылды, оның басқалардан неғүрлым айрықша ерекшелігі — дәстүрлі логикалық мәселелерді шешудің жаңа әдістерін жасау мен пайдалану жолдарын көрсету болып табылады. Ең алдымен оған формальданған тілді — символдар тілін жасау мен қолдану жатады, сондықтан оны көбіне символикалық деп те атайды. Символикалық логика тек математикада ғана емес, физика, кибернетика, экономика және тағы басқа көптеген түрлі ғылымдарда кеңінен қолданылады. Қазіргі логиканың жетістіктері көп салада пайдаланылады.

Логикалық құралдың пайдалану үшін оны терең және толғана ойланып үйрену керек: бәрінен бұрын белгілі бір білімдер жиынын меңгеру қажет, бірақ ең бастысы — практикалық дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру білігі болмақ.

Қорытынды: Нағыз, жақсы маман болу үшін жоғары логикалық мәдениетке ие болу керек, ал бүл дегеніміз — өзің анық және айқын ойлауың, барлық игерген білімді жоғары тиімділікпен пайдалана білуің, сондай-ақ, жаңа білімдер қабылдау үшін, қорытқан ойды басқаға дәл, түсінікті етіп жеткізе білуің тиіс деген сөз.

 

 

2 Мәселелік дәріс. Тақырыбы: Ұғым ойлау формасы.

1. Ұғым дегеніміз не, ол қалай пайда болады ? Ұғым туралы жалпы түсінік.

2. Ұғымдарының негізгі логикалық мінездемесі деген не? Ұғымның мазмұны және көлемі.

3. Ұғымдарының түрі қандай? Ұғым түрлері

Мәселе: Әнгімелер мен талқылауда негізгі сөздерінің мағынасын дұрыс түрде пайдалану үшін нақты анықтау қажетті.

- Ұғым дегеніміз не, ол қалай пайда болады ?

- Ұғымдарының негізгі логикалық мінездемесі деген не?

- Ұғымдарының түрі қандай?

Лекция мақсаты: ұғым, оларды аңықтау және қорытындылау жөнінде білімді игеру

Негізгі ұғымдар: ұғым көлемі және мазмұны, белгілер,белгі, айрықша белгілер, айрықша емесбелгілер, мәнді белгі, синонимдер, омонимдер, оң және теріс,салыстырмалы және салыстырмалы емес ұғым,бос және бос емес, жалқы мен жалпы, жинақтаушы мен ажыратушы, нақты мен абстракты,ұғымға логикалық сипаттама беру.

Дәрістің қысқыша мазмұны:

1.Ұғым дегеніміз не, ол қалай пайда болады ?Ұғым туралы жалпы түсінік.

Кез келген құбылыс біздің санамызда сол туралы соған сәйкес ұғымның арқасында ғана қабылданады. Меңгерген ұғымдар жүйесі арқылы ғана біздің ойымыздағы нәрселердің барлығы біркелкі түтас болып реттеледі. Біз ұғымды интеллектуалдық іс-әрекетіміздің логикалық атомдары ретінде түсінеміз. Ақыл-ой дамуы дегеніміз — жаңа ұғымдарды өмірдің өзгерген жағдайларына сәйкес құрастырушы қабілет ретінде қарастыруы.

Адамда не туралы ой болады, соның бәрін логикада ойдың объектісі, нәрсесі деп атайды. Түрлі құбылыстар, процестер, объектілердің қасиеттері, олардың қатынастары, материалдық және идеалдық объектілер, тіпті жоқ нәрселер де ойдың нәрсесі бола алады. Бұл объектілердің әрқайсысы әр түрлі қасиеттерге ие әрі басқа объектілермен түрлі қатынастарға түседі. Ой әрбір жеке жағдайда осы қасиеттердің тек бір бөлігін ғана бейнелейді. Ой объектілірдің қасиеттері мен қатынастарын олардың белгілері деп атайды. Белгілер — объектілердің бір-бірімен несімен ұқсас немесе несімен ерекшелетінін көрсетеді. Белгі — бұл объектіде қасиеттің немесе қатынастың бар не жоқ екенін көрсететін сипаттамасы. Мысалы, апельсиннің дөңгелек пішіні, жағымды дәмі, иісі және т.б. қасиеттері оның белгілері болып табылады. Дегенмен, қандай да бір қасиеттің онда болмауы да нәрсенің белгісі болып есептеледі (Мысалы, «қағидасыздық», яғни «қағиданың болмауы» деп ойлаймыз, бүл да белгілі бір адамның белгісі және т.с.с).

Белгінің кейбіреулері әр түрлі нәрселерді, ал басқалары — тек қана белгілі, нақты нәрсені және тек соған тән нәрсені сипаттайды. Тек бір ғана нәрсеге тән белгі оны басқа нәрселердің барлығынан ерекшелейді, сондықтан олар айрықша белгілер деп, ал көптеген нәрселерге тән белгілерайрықша емес белгілер деп аталады. Мысалы, ұрлықтың басқа түрлерінен айрықша белгісі болып табылатыны — оның жасырын істелгендігі, ал нақты не зат ұрланғаны: машина, ақша және т.б. бағалы заттар, бүл жағдай ерекшеленбейтін белгілер болып табылады. Ерекше белгілер нәрселерді кластарға топтастырудың және бір кластарды басқалардан айырудың негізі болады, сондықтан мәнді және мәнсіз белгілерді көрсету анағүрлым тереңірек болып табылады.

Мәнді белгі нәрсеге тән, оның ішкі табиғатын, мәнін бейнелейтін белгі, ал мәнсіз белгілер - нәрсеге тән, біраұ сыртқы көрінісің бейнелейтін белгілер. Мысалы, орындықтың: «жиһаз екендігі», «бір адамның отыруына арналуы» мәнді белгісі болса, ал орындық жасалған материал, яғни «ағаш» — оның мәнсіз белгісі. Ол тіпті пластиктен не металдан жасалса да орындық болуын тоқтатпайды.

Мәнді белгілер үғымның қалыптасуы үшін шешуші мағынаға ие болады. «Ұғым» деген сөздің өзі «ұғу» деген етістікпен бір түбірлес болып табылады. Біздің қандай да бір нәрсе не құбылыс туралы біліміміз болса, оның қасиеті туралы басқа объектілермен қатынасын білген жағдайда ғана оны басқалардан ажыратамыз және сол нәрсе туралы ұғымымыз болады.

Ұғым ойдың формасы ретінде төмендегідей үш міндетті шешеді:

1. Біз мүдделі жиын объектісін басқа объектілерден ерекшелейді;

2. Біз мүдделі жиын объектілерін жалпылайды;

3. Осы жиын объектісінің мәнін көрсетеді.

Ұғым — нәрсенің азды-көпті мәнді белгілерін бейнелейтін ойдың формасы. Сөйлеу тілімізде ұғымдар сөзбен, сөз тіркестерімен беріледі. Мысалы, «мемлекет», «әлеуметтік әрекет», «статус» және т.с.с.

Бір ұғымның өзі әр тілде әр түрлі формада, кейде бір тілдің өзінде неше түрлі болып беріледі. Бір нәрсе туралы адамдардың ұғымы бірдей болғанмен, олардың берілуі әр түрлі болатынын көрсетеді. Ұғым дегеніміз — бір тілден басқа тілге аударғанда сақталатын жалпы нәрсе, ол оны білдіретін сөздердің мағынасын құрайды. Сондықтан ұғымның сөзбен берілетініне қарамастан, ұғым мен сөзді теңестіруге болмайды. Мұны кезкелген тілде кездесетін омоним және синоним сөздер арқылы көрсетуге болады.

Синонимдер — өздерінің мәні жағынан бір-біріне жақын, тең, бір түсінікті білдіретін, бірақ олар бір-бірінен стилистикалық бояуы мен мәні реңімен ерекшеленетін сөздер. Мысалы, «отан» және «туған ел». Омонимдер — бүл айтылуы мен түрі бірдей, бірақ әр түрлі түсініктерді білдіретін сөздер. Мысалы, «бас — адамның басы», «бас — істің басы», «бас — қолбасшы, бастық», «ара — отын кесетін қүрал», «ара — уақыт, екі мезгіл арасы» және т.с.с.

Көптеген сөздер бірнеше мәнге ие. Бұл, пікірде қателіктерге ұрындырады. Сондықтан сөздерді қатаң белгілі бір мағынада қолдану үшін олардың мәнін дәл беру қажет. Мысал үшін, «жауапсыздық» — тұрмыстық қолданыста ұйымдаспағандықты, шашыраңқылықты, ұқыпсыздықты білдіріп, кінәлауға тұрарлық қылық. Ал юриспруденцияда — бұл жаза қолданылатын қызметтік қылмыстың көп түрінің бірі.

2. Ұғымдарының негізгі логикалық мінездемесі деген не?Кезкелген ұғым мазмұн мен көлемге ие. Ұғымдагы жалпыланатын және ерекше көрінетін объектілер жиыны сол ұғымның көлемі деп аталады. «Студент» ұғымына — жоғары оқу орындарында оқитындардың барлығы кіреді. Ұғымның көлемімен класс, жиын, элемент деген терминдер байланысты.

Объектіңің санына қарай оған енетін жиындар мен кластар шектеулі және шектеусіз деп бөлінеді. Демек, мемлекеттер астаналарының жиыны шектеулі, ал натурал сандар жиыны шектеусіз. Жиынға кіретін әрбір жеке нәрсе элемент деп аталады. Мысалы, «Астана қаласы» — «мемлекеттер астанасы» класының элементі.

А жиыны В жиынының (класының) жиынтығы деп аталады, егер әрбір А класының элементі В жиынынікі болып табылса. Мұндай қатынас кластың класқа қосылуы деп аталады және былай жазылады: А Є В А класы В класына кіреді деп оқылады.

Бүл тектің және түрдің қатынасы (мысалы: «оқулық» класы «кітап» класына кіреді).

а элементінің А класына жату қатынасы былай белгіленеді:

а Є А жөне а элементі А класына жатады (мысалы, «Арал теңізі» — а, «теңіз» — А).

А және В класы тепе-тең дәл деп есептеледі, егер А В және ВА болса, онда А≡В деп жазылады.

Мұдделі жиын нәрселерін баса көрсететін және жалпылайтын белгі ұғымның мазмұны деп аталады. Біз ұғымды құруға, біз мүдделі жиын нәрселерін баса көрсететін мейлінше күрделі емес белгіге сүйенеміз, оны ұғымның негізгі мазмұны деп атайды. Әр ұғымның мазмұны біреу, біздің құру амалдарымыз бен мақсаттарымызға байланысты негізгі мазмұнның көп болуы мүмкін.

Ұғым мазмұны мен көлемі бір-біріне қатынасына қарай кері пропорционал: ұғымның көлемі кең болған сайын, оның мазмұны тар, ал көлемі аз болған сайын оның мазмұны кең болады. Ұғымда ойланатын нәрсе туралы ақпарат аз болған сайын, нәрсенің класы кеңдеу және оның құрамы белгісіздеу; мысалы, «мемлекет» жэне «қазіргі азиялық мемлекет». Керісінше, үғымда ақпарат көп болған сайын, соғүрлым оның нәрселерінің шеңбері анығырақ немесе тіпті бір ғана нәрсе туралы ойлайды.Логикада бүл заң ұғымның көлемі мен мазмұны арасындағы кері қатынас заңы деп аталады. Онда тектүрлік қатынаста болатын ұғымдар туралы сөз болады.

3.Ұғымдарының түрі қандай? Ұғым түрлері.

Ұғым әлемі кең және алуан түрлі. Ұғым белгілерінің сипатына қарай: а) оң және теріс болып бөлінеді. Оң деп құбылыста, объектте, нәрседе қандай да бір сапаның болуын көрсететін ұғымды атайды: «адам», «парасаттылық», «сауатты заңгер», «сараңдық». Терісдеп құбылыста, объектте, нәрседе сол немесе басқа сапаның болмауын көрсететін ұғымды атайды. Олар әдетте болымсыз жалғаулықтар «емес», «ма», «ме», «сыз», «сіз» арқылы жасалады (сүйкімсіз адам, ақысыз еңбек, бейболмыс).

Тілімізде «не» немесе «сыз» не «сіз» жалғауларымен қосылып кеткен және оларсыз жеке қолданылмайтын сөздердің кездесетінін ескеру қажет. Яғни, бұл жалғаулар теріске шығару қызметін атқармайды. Осындай сөздермен берілген ұғымдар («көргенсіз» және т.б.) оң болып есептеледі, өйткені олар нәрседе қандай да бір белгілі сапаның, тіпті жағымсыз сапаның болуын сипаттайды.

ә) Салыстырмалыжәне салыстырмалы емес (абсолютті). Бұл белгілерді қасиет-белгі, қатынас-белгі деп бөлумен тікелей байланысты. Салыстырмалы деп мазмұнында ең болмағанда бір қатынас белгі кездесетін ұғымды атайды. Ал салыстырмалы ұғымында бірінің бар болуы екіншісінің де болуымен байланысты және онсыз мүмкін еместігін білдіретін нәрселер түсініледі («салыстырылады» — деген сөзден шыққан). Мысалы, «талапкер» — «жауапкер», «сот» — «сотталушы», «ата-ана» — «балалар». Салыстырмалы емес немесе абсолютті деп басқалардан «бөлек», белгілі дәрежеде дербес нәрсе бейнеленетін ұғымды атайды. «Заң», «табиғат», «жануар». Негізінен салыстырмалы емес үғымдар мазмұнында тек қана қасиет-белгілер ғана кездеседі.

II. Көлем элементінің санына қарай ұғымдардыбос және бос емес деп бөледі (бөлу негізіне бірінші шекара — ноль мен нольден үлкен сандар арасы жатады). Бос деп көлемі бос жиынды құрайтын яғни өзінде бірде-бір элементі жоқ ұғымды атайды. Мәңгілік двигатель, дөңгелек шаршы, жезтырнақ, кентавр — мұның бәрі бос ұғымның мысалдары. Бүл ұғымдар көлемінде бірде-бір нәрсе жоқ.

Көлемі ең болмағанда бір элементті құрайтын ұғым бос емесдеп аталады. Бос емес ұғымдар жалқы мен жалпы деп бөлінеді. Көлеміне бір ғана элемент кіретін ұғым жалқы ұғым деп аталады. Мысалы, «Абай жолы» романының авторы, «алғашқы ғарышкер», «екінші дүниежүзілік соғыс». Көлеміне бірден артық элемент кіретін ұғымды жалпы деп атайды (мемлекет, қылмыскер, президент және т.б.). Ал жалпы үғымдардың ішінен тіркеуші және тіркеуші емес деген түрлерін атауға болады. Тіркеуші деп санға бағынатын, көлемі шектеулі жалпы үғымдарды атайды. Мысалы, «Қазақстан облысы», «М.О. Әуезовтің романы». Тіркеуші емес — бүл жануар, қылмыскер, кітап деген сияқты көлемі шексіз үғымдар. Демек, көлем элементтерінің санына қарай бізде үғымдардың төмендегідей классификациясы шығады:

III. Ұғымдар көлем элементтерінің сипатына қарай: а) жинақтаушы жән ажыратушы болып бөлінеді. Жинақтаушы — көлем элементтері өздері бірыңғай объектілер жиынын құрайтын ұғымдар. Ең бастысы, жиындар біртүтас бейнеленеді және жинақтаушы үғымның мазмұнын оған кіретін әр объектіге таңуға болмайды. Мысалы, жинақтаушы ұғымдар қатарына: «тобыр» жатады, «тобыр» ұғымы көлемінің элементі болып, бірыңғай нәрселерден — адамдардан құралған жекелеген тобырлар есептеледі; «кітапхана» — бұл ұғым көлемінің элементтері бірыңғай нәрселерден — кітаптардан құралған неше түрлі кітапханалардан түрады; парламент, ұжым, флот және т.б.

Жинақтаушы емес немесе ажыратушылар мазмұны тек нәрселер тобына ғана емес, жеке-жеке әр нәрсеге қатысты ұғымдар. Ұғымдардың басым көпшілігі ажыратушылар болып табылады: студент, заң, қылмыскер, әлеуметтанушы. Жинақтаушы және ажыратушы ұғымдарға бөлу үшіншын мәнінде жинақтаушы ұғым көлемінің элементі екенін біліп отыруың тиіс. «Кітапхана» ұғымында көлем элементі болып кітаптар емес, кітапханалар есептеледі.

Сонымен бірге, нені осындай ұғым көлемінің бөлігі етіп есептейтініңе өзіңе әрдайым есеп беріп отыруың керек. Мысалы, «университет» ұғымы көлемінің бөлігі — бұл университеттің факультеттері емес, осы немесе басқа да университеттер жиыны: заң, экономика, техника, гуманитарлық университеттер жөне т.б. Мұнда тек пен түрдің айырмашылықтарын, бөлік пен бүтіннің арақатынасын есте сақтау керек.

Дегенмен «жинақтау» феноменінен туындайтын қиыңдықтар мұнымен бітпейді. Мәселе — сөйлемдерде көптеген ұғымдар жинақтаушы да, ажыратушы да мағынада қолданылуыңда. «Біздің мемлекетіміздің азаматтары қоғамды демократияландыру идеясын қолдайды» деу идеяны әрбір азаматтың қолдайтынын білдірмейді. Олардың оны тұтас алғанда қолдайтынын білдіреді, яғни біздің мемлекетіміздің азаматтары бұл жағдайда жинақтаушы мағынада қолданылып тұр. «Біздің мемлекетіміздің азаматтары заңды сақтауға міндетті» — бұл жерде әңгіме әр азамат жөнінде айтылып түр, яғни, мұңда біздің мемлекетіміздің азамат ұғымы ажыратушы мағынада қолданылған.

Абстрактілі және нақты. Кезкелген ұғым абстракция. Бірақ нәрселердің өздері сияқты олардың белгілерін де абстракциялауға болады. Көлем элементі нәрселер болатын ұғымдар нақты деп аталады. Мысалы: доп, кітап, музыка, прокуратура. Көлем элементі осы нәрселерсіз болмайтын қасиет не қатынас болатын ұғымдарды абстрактілідеп атайды.

Абстрактілі ұғымдардың көпшілігі жалқы болады: әділеттілік, ақиқаттық, теңдік, ағайыншылық және т.б., өйткені «әділетті болу» адам әрекетінің тек бір ғана қасиеті, «ақиқатты болу» пайымдаудың бір қасиеті, «теңдікте болу» немесе «ағайыншылықта болу» адамдар арасындағы қатынастың бірі. Яғни, бұл ұғымдарды бүкіл адамзат тек бір түсінікте қабылдайды. «Әділеттілік» ұғымы — әділетті іс-әрекеттердің іске асып жат-пағанына қарамастан, мұндай қасиет бәрібір кездесетіндіктен ол жалқы болып табылады.

Кейбір абстрактілі ұғымдар жалпы болып келеді. Мысалы, «түс» ұғымы. Бұл ұғым көлемінің элементі болып: қызыл, көк, жасыл және басқа қасиеттер есептеледі. Ендеше, ұғым бір абстрактілі де, жалпы да болуы мүмкін, өйткені оның көлеміндегі элементтері бірден артық.

Қорытынды: Ұғымға логикалық сипаттама беру дегеніміз нұсқалған әр түрлілік бойынша оның қандай болып табылатынын көрсету. Ұғымның логикалық сипаты оның мазмұны мен көлемін нақтылауға көмектеседі, пікір білдіру кезінде ұғымды дәл қолдану дағдысын қалыптастырады.

 

 

Дәріс №3 тақырыбы Ұғымдар арасындағы қатынас.

1.Ұғымдар арасындағы сыйыспалықатынастар

2. Сыйыспайтын қатынас типтері

Әдістемелік нұсқау:

Такырыптың мақсаты:

Ұғымдар арасындағы қатынастар туралы түсінік беру және негізгі түрлері анықтау.

Қаралатың негізгі ұғымдары:сыйыспалы және сыйыспайтын ұғымдар, тең көлемді,

бағыныңқы, ішінара, сыйыспайтын қатынас типтері: қатар бағыныңқы және қарама-қарсы,

қайшылық қатынастар.

1.Ұғымдар арасындағы сыйыспалы қатынастар.

Ұғым өз мазмұнында қандай да бір жалпы белгілерге ие болғандықтан анықталған

қатынастарға түседі. Бірақ ол жалпы белгілердің болмауы да мүмкін, онда бұл да анықталған

қатынас. Сондықтан, ұғым негізін ең алдымен салыстырмалы және салыстырмалы емес деп

бөледі. Егер олардың мазмұнында ең болмағанда ортақ бір белгі болса ұғым салыстырмалы

деп аталады.

Ұғымдар мазмұнында бірде-бір ортақ белгі кездеспесе салыстырмалы емес деп аталады. Салыстырмалылық қатынасында ұғымдар қатынасын көлемі бойынша қарастырады. Ұғымдар арасындағы қатынастар түріне бірінші шек қою — сыйыспалы және сыйыспайтын деп бөлу болып табылады. Сыйыспалы деп көлемдері ең болмағанда ортақ бір элементке ие ұғымдар аталады. Егер ұғымдар көлемінде ортақ бірде-бір элемент болмаса, олар сыйыспайтын деп аталады.

Сыйыспалы ұғымдар үш түрлі жағдайда болуы мүмкін, сондықтан, сыйысудың 3 типін көрсетеді. Біріншіден, екі ұғымның көлемі түгелдей сөйкес келуі мүмкін. Егер бүл ұғымдардың көлемдері бірдей элементтерден тұрса, екі ұғымды тең маңызды, тең көлемді немесе тепе-теңдеп атайды. Тең маңызды ұғымдарға мысалдар: «адвокат» (А) және «қорғаушы» (В); «қылмыс» (А) және «заңды жазаланатын әрекет» (В). Көлемі бойынша ұғымдар арасындағы қатынасты Эйлер шеңберімен бейнелеу өте ыңғайлы.

Біреуінің көлемі түгелімен басқасының көлеміне кіретін, бірақ оны толық қамтымай, тек оның бөлігін құрайтын ұғымды бағыныңқы ұғым деп атайды. Мысалы, «қылмыс» (А) және «қасақана жасалған қылмыс» (В) осындай қатынаста болып табылады. Бірінші ұғымның көлемі екіншіге қарағанда кеңірек: қасақана жасалған қылмыстан басқа тағы да қасақана жасалмаған қылмыс немесе абайсыз жасалған қылмыстар бар.

Үлкен көлемді және басқа ұғымдар көлемін қамтитын (А) бағындырушы, ал аз көлемді және басқа ұғымның бөлігін құрайтын (В) бағыныңқы деп аталады.

Бағыныңқы қатынасына мынадай тектүрлік ұғымдар жатады: «медицина қызметкері» (А) және «хирург» (В), «халықты құқықтық қорғау» (А) және «еңбекшілерді құқықтық қорғау» (В). Логикада ұғымдарды текке жене түрге бөлу салыстырмалы тұрғыда қарастырылады. Бұлай бөлу бағыныңқы қатынасында болатын жеке алынған тек екі ұғымды ғана бөлуге қатысты. Үш не одан да көбірек ұғымдарға қатысты болғанда, кұрделі жағдайларда тек пен тұр орындарын ауыстырады. Бір ғана ұғым бір қатынаста тектік, басқасында түрлік және керісінше бола алады. Сонымен, «жидектер» ұғымы «ананас» ұғымына қатысты тектік, ал жалпы «жеміс» ұғымында түрлік болады.

Ішінара үйлесетін (қиылысатын, айқасатын) қатынасқа көлемдері бір-біріне тек жартылай ғана енетін ұғымдар жатады. Мысалдар, «заңгер» (А) жене «спортшы» (В), «жүмыс істеушілер» (А) және «зейнеткерлер» (В), «хаттамалар» (А) және «заң құжаттары» (В) — барлық осындай жұптар қиылысатын ұғымдар.

Сыйыспалы ұғымдар қандай қатынаста екенін анықтау үшін төмендегідей екі сұрақ қою керек:

1. Барлық А В болып табыла ма?

2. Барлық В А болып табыла ма?

Егер біз екі сұраққа да «иә» деп жауап берсек, онда тең маңыздылық қатынасын аламыз. Егер біз екі сұраққа да «жоқ» деп жауап берсек, онда біз қиылысатын қатынасты аламыз.

Мысалы, «еркек» және «ұл» деген екі ұғымның қатынасын қарастырайық. Еркек деген түсініктен бүкіл ерлер жынысын ұғамыз.

Барлық еркектер біреудің ұлы болып табыла ма? — Иә.

Барлық ұлдар ерлер жынысына жата ма? — Иә. Демек, біз тең маңыздылық қатынасын алдық.

Мысалы, енді «еркек» және «әке» ұғымдарының қатынасын қарастырамыз.

Кезкелген еркек әке болып табыла ма? — Жоқ.

Кезкелген өке еркек болып табыла ма? — Иө.

Біз бағыныңқы қатынасын алдық. Өйткені мұнда «әке» ұғымы «еркек» ұғымына бағынады. Мұндай бөлуді төмендегідей бейнелеуге болады:

Сыйыспалы ұғымдар

Тең маңыздылық бағынышты ішінара үйлесу

 

3. Сыйыспайтын қатынас типтері.Сыйыспайтын қатынас типтері: қатар бағыныңқы және қарама-қарсы, қайшылық қатынастар.

Қатар бағыныңқы (координация) — бұл екі немесе бірнеше ұғымдар арасындағы қатынас, олар бір-бірін кесімді жоққа шығарады, бірақ ортақ (тектік) ұғымдарға жатады. Бұл бір тек түрлері.

Мысалы, «университет», «академия», «институт» жоғарғы оқу орындарының түрлері боп табылады. Олар жекелеген қиылыспайтын дөңгелектер арқылы оларды біріктіретін бір үлкен шеңбердің ішінде бейнеленеді.

Қарама-қарсы (контрарлық) қатынасқа түрі және тегі бір, бірақ қандайда біреуі бір белгілерді қамтып, ал басқасы сол белгілерді тек қана терістеп қана қоймай, оларды басқалармен алмастыратын екі ұғым көлемдері жатады. Қарама-қарсы қатынаста болатын екі ұғым кейбір сапалардың ең соңғы дәрежесін көрсетеді, бірақ тектік ұғым көлемін олар толығымен қамтымайды. Бұл ұғымдарды графикалық түрде былай бейнелейді.


Мысалы, «дана» — «ақымақ», «биік үй» — «аласа үй», «сараңдық» — «жомарттық».

Логикадағы қатынастардың ең маңыздыларының бірі болып қайшылық есептеледі.

Қайшылық қатынасына (контрадикторлық) бір тектің түрі болып табылатын екі үғым жатады. Мұнда сонымен бірге бір ұғым кейбір белгілерді нұсқаса, ал басқа белгілері оны жоққа шығарады, бірақ оларды басқа нәрсемен алмастырмайды. Бұл әдетте тектік ұғымның көлемін толығымен қамтитын оң және теріс ұғымдар. Графикалық түрде олар былай бейнеленеді:

Мысалы, «дені сау адам» және «ауру адам», «қасақана жасалған қылмыс» жене «абайсыз жасалған қылмыс». Қайшылық қатынасын ежелгі латын формуласы арқылы — «үшіншісі берілмеген» деп жазуға болады. Ол логика заңдарының ішіндегі - қайшылықсыз заңы дегенге тәуелді. Бірнеше үғымдар арасындағы қатынастарды анықтау анағүрлым қиынырақ болады.

Мысалы, «ұжымдық шешім» (А), «өзгермейтін шешім» (В), «дұрыс емес шешім» (С), «бірауыздан қабылданған шешім» (Д) ұғымдарының қандай қатынаста болатынын анықтау қажет.

 

 

4 Мәселелік дәріс. Тақырыбы: Ұғымдарды операциялау

1.Ұғымдарды аңықтау

2.Ұғымдарды бөлу. Бөлу ережесі. Бөлуде кездесетін қателіктер

3.Классификация туралы түсінік.

Мақсаты: Маңызды логикалық операциялардың – аңықтау мен бөлу, классификациялау, жалпылау мен шектелу, мазмұның мен ережелерің талқылау.

Негізгіұғымдар:анықтау немесе дефиниция операциясы, анықталатын және анықтаушы ұғымдардан, логикалық байланыс, реалдық мен номиналдық аңықтама, ұғымдарды бөлу, классификациялау.

Мәселе: Ойлау – ол ұғымдарды операциялау процесі. Ұғымдарды дұрыс пайдалану үшін, олардың мазмұны мен көлемін ашу қажет. Ол үшін келесі қадамдарды меңгеру қажет:

- анықтау мен бөлу операцияларды білу;

- жалпылау мен шектелу операцияларының ережелерін білу.

1.Ұғымдарды аңықтау.Маңызды логикалық операциялар арасында ең басты анықтаунемесе дефиниция операциясы. Ол қолданылатын ұғымның айқындылығын, бірмәнділігін, анықтылығын қамтамасыз ететін логикалық құрал.Анықтау мақсаты — қолданылатын ұғымдардың мазмұнын нақтылау. Нағыз жалпы мағынада анықтау — бұл ұғым мазмұнын ашатын логикалық операция.

Ұғымды анықтау дегеніміз — оның мазмұнына енетін белгілерін айқындау, нені білдіретінін көрсету, соңында «бұл не нәрсе?» немесе «бұл сөз нені білдіреді?» деген сұрақтарға жауап беру.

Кезкелген анықтама маңызды екі міндетті орындауы тиіс:

3) барлық басқа нәрселерден анықтап отырған нәрсені айыруы;

4) нәрсенің мәнін ашуы.

Анықтаманың өзіндік құрылымы оның табиғатымен, фунцияларымен шартты. Ол өзара тығыз байланысты екі элементтен тұрады: анықталатын және анықтаушы ұғымдар. Анықталатын ұғым анықтамада ашылатын не нәрсе — термин бе әлде нәрсе ме, сол аталады. Символикалық түрде олар латын тілінің Definiendum (анықталатын деген) — Dfdдеген белгісімен белгіленеді. Анықтама мазмұнын құрайтын жалпы және мәнді белгілер анықтаушықызметін атқарады. Ол латын тілінің Definiens сөзінен қысқартылып, Dfn деп белгіленеді. Ұғымдар арасындағы мұндай логикалық байланыс қазақ тілінде «болып табылады», «білдіреді, көрсетеді», «дегеніміз» сөздері не сызықша т.б. көмегімен беріледі. Әр түрлі ұғымдарға қарағанда алуан түрлі анықтамалар көп болса да, бәрібір оларды кейбір жалпы белгілеріне қарай анықтамалар түрі деп аталатын түрлі топтарға біріктіруге болады.

Логикада анықтамаларды ең алдымен номиналдық және реалдық деп ажыратады.

Номиналдық анықтамада (латынша потеп есім) біз өзімізге немесе басқаларға бұрын таныс емес терминнің мәнін ашуға тырысамыз немесе сол ұғымды алмастыратындай белгі енгіземіз (әдетте олар өз құрамына «аталады», «белгіленеді» және т.б. сөздерді кіргізеді). Реалдық деп бұл анықтамаға дейін мазмұны мен көлемі туралы бізде түсінік болған ұғымның анықтамасы аталады. Бұдан бөлек логика анық және көмескі анықтамалар арасындағы айырмашылықтарды корсетеді. Оларды ажыратудың негізгі критерийлері болып анық анықтамаға тән, көмескі анықтамада жоқ Dfd және Dfn теңдігі есептеледі.

Анық анықтамалардың ішінде ең көп тарағаны тектүрлік анықтамалар, логикада оны ең жақын тектік және түрлік ерекшелік арқылы анықтаудейді.

Тектүрлік қатынастың символикалық құрылымы: А = Вс, мұнда А— анықталатын ұғым, ал Вс — анықтайтын ұғым, бұл жерде В— жақынырақ тектік ұғым, ал с — түрлік ерекшелік. Жалпы анықтамада біз Dfd = Dfn формуласын құрайтын екі элементті көрсетеміз.

Тектүрлік анықтамалардың алуан түрлілігінің бірі болып тұр құрайтын белгі ретінде құрылымына құрылу не осы нәрсенің туу амалын кіргізетін генетикалық (генезис — «шығу тегі» деген грек сөзінен) анықтама жатады.

Мысалы: «Салт — бұл ұзақ уақыт бойы қолданылуы нәтижесінде қалыптасқан тәртіп ережесі» деген анықтамасы генетикалық анықтама болады.

Ұғымдарды анықтау ережелері және оларды сақтамау нәтижесінде кездесетін қателіктер.Анықтаманың түзілуі ерекше ережеге бағынады. Олар анықтама мәнімен, оның функциялары, құрылымдарымен шартталған.

Осы ережелердің негізгілері төменде берілген:

1. Анықтау өлшемдес болуы тиіс.

Бұл анықтаушы және анықтайтын ұғымдар өз көлемдері бойынша толығымен сәйкес келуі керек дегенді білдіреді. Осы ережені формуламен А = Вс немесе Dfd = Dfn деп жазуға болады. Мысалы, «Термометр — температураны өлшейтін қүрал» анықтамасында ереже сақталған. Бұл ережені бүзған жағдайда төмендегідей қателіктер кетуі мүмкін:

Өте кең анықтау. Ол символмен А < Вс (А Вс ден аз) деп белгіленеді. Мысалы, «Термометр — бұл құрал» деу — ақиқат, өйткені термометр шынымен де құрал. Бірақ, егер оны анықтау ретінде қарастырсақ және жоғарыда айтылған дұрыс анықтаулармен салыстырсақ, онда бүл жердегі жіберілген қателік — анықтаудың кеңдігі. Сонда мынадай формула шығады: А < В (с мүлде жоқ).

Өте тар анықтау. Егер біз «Термометр — бұл дененің температурасын өлшеу қызметін

атқаратын құрал» десек, онда бұл анықтауда мына қателік кетеді: осы анықтауға А > Вс формуласы сәйкес келеді (А Вс ден көп).

Анықтаулар бір мезгілде тар да, кең де бола алады, бірақ әр түрлі қатынастарда. Егер біз: «Пышақ — қылмыс құралы» деп айтсақ, онда бұл анықтау дұрыс емес, өйткені ол тек осы мақсатта ғана пайдаланылмайды және қылмыс құралы басқа да заттар болуы мүмкін.

2. Анықталатын ұғымды өзі арқылы анықтауға болмайды. Кейде бүл ережені «анықтау шеңбер құрмауы тиіс» деген түрде де береді.

Яғни, анықтаушы ұғым анықталатын ұғымда тікелей де, жанама да қайталанбауы қатаң талап етіледі. Бұл ереже бұзылған жағдайда төмендегідей екі қателік туады:

Тавтология.Сонымен, қазіргі кезде заң шығаруда адвокаттар алқасы «адвокаттық іс әрекетпен айналасатын тұлғалар бірлестігі» ретінде анықталады десек, онда «нені не арқылы» қателігі туады. Мысалы, С. Лемнің фантастикалық романындағы: «Сепулькариялар — сепуление үшін қолданылатын объектілер» деген анықтамасы оның неге қатысты айтылған нәрсе екеніне көзімізді жеткізе алмайды. Бұған ұқсас қателіктер күнделікті өмірдегідей ғылыми зерттеулерде де жіберіледі. Бірақ та, «Заң дегеніміз — заң» немесе көпшіліктің сүйікті әндерінің бірі «Life is life» сияқты сөйлемдерді қолдану да соған жатады. Ендеше бұл анықтауды емес, күшейтпелі тәсілді қолдану болып шығады.







Дата добавления: 2014-10-22; просмотров: 1759. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.02 сек.) русская версия | украинская версия