Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Осымша әдебиеттер




1.Уёмов А.И. Основы практической логики с задачами и упражнениями.- Одесса, 2010. – 388 с. – С.82-106.

 

  1. Дәлелдеу түсінігі.

Ойлау үдерісін жүзеге асырудың негізгі формасының басқа бір түрі — дәлелдеу. Ол өзінің құрылымы күрделілігімен ерекшеленеді. Дәлелдеу бұл кейбір пайымдаулардың ақиқаттығын оны ақиқат ретінде қабылдайтын басқа пайымдаудан шыгару жолына негізделген пайымдау.

Жеке алынған ой тұжырымы сияқты дәлелдеу де құрама тұжырымдалған білім алуға бағытталған. Бірақ, егер ой тұжырымының қызметі бәрінен бұрын жаңа білімді шығару болса, онда дәлелдеудегі ауырлық күші білімнің сол не басқаның ақиқаттығын немесе жалгандығын анықтауға ауыстырылады. Міне, сол себептен дәлелдеу сенімді қалыптастырудың маңызды құралы деп есептеледі. Яғни, сол немесе басқа білімдердің дұрыстығына сенімділікке қол жеткізеді.

Кезкелген ғылымның міндеті — тек қана ақиқатты ашу мен жариялау ғана емес, оларды дәлелдеу де. Ғылым дегеніміз — әрекеттің сол немесе басқа саласы туралы шашыраңқы мәліметтердің қосындысы емес қой. Ол білімдердің мейлінше қалыпты жүйесі. Онда барлық элементтер өзара байланысты, бір-біріне тәуелді, бір-бірімен шартталған болады. Егер, ол оның басқа ақиқат қағидаларынан оқшауланбай, олармен байланысты, солардан шыққан, солармен негізделген болса, сонда ғана сол не басқа да қағидалар ғылым арсеналына табиғи енуі мүмкін.

2. Дәлелдеу кұрылымы.

Кезкелген дәлелдеу құрылымы оның нақты мазмұнынан тәуелсіз, ғылыми және түрлі практикалық әрекеттің қай саласында болмасын бірдей болады. Ол басты екі элементтен: тезис жене дәйектерден (негіздерден) түрады. Олар өзара тек өздеріне ғана тән логикалық байланыста (демонстрация, дәлелдеу формасы немесе амалы) болады:

бірінші — не дәлелденеді ;

екінші — немен дәлелденеді;

үшінші — қалай, қандай түрде дәлелденеді.

Тезис ақиқаттығы негізделетін пайымдау.

Егер пайымдаулар анық емес және дәлелдеуді қажетсінсе, онда олардың сан алуан түрі тезис ретінде пайдаланылады. Ғылымда — бұл теориялық немесе практикалық мәнді түрлі ғылыми қағидалар. Математикалық дәлелдеуде дәлелденетін теорема тезис болады. Бір ғылымда дәлелденген тезис басқа ғылымда да дәлелдемей-ақ ақиқат ретінде қабылданады.

Тезис түрінің бірі болжам (грекше негіз, болжам) туралы біз әзірше қысқаша тоқталып, келесі тарауда кеңірек айтамыз. Дәлелдеу негізі (немесе аргументі, дәйектері) бұл тезис негізделетін пайымдау.

Атқаратын рөлдеріне қарай дәлелдеуде олардың өзі көбінесе күнделікті тәжірибеде жөне ғылымда дәлелдеулер деп аталады. Ал заң теориясы мен сот тәжірибесінде ол тіпті арнайы термин. Азаматтық процессуалдық кодексінде «Дәлелдеу» деген айрықша бап бар, онда сот процесіңде пайдаланылатын дәйектер қарастырылады. Сондай-ақ «заңи негіздер» деген термин де кеңінен қолданылады.

Негіздердің (дәйектердің) әр алуан түрлері бар: деректер, анықтамалар, аксиомалар мен постулаттар, бұрынырақ дәлелденген қағидалар.

Жағдайлардың көпшілігінде дәлелдеу белгілі, тексерілген, нанымды (немесе көз жеткізілген), ақиқаттығына күмән жоқ деректерге негізделеді. Әдетте айтатындай, деректер — қыңыр зат. Логикалық қатынаста бұл олардың кезкелген сөзден артық сендіретін зор таңушы күшке ие екенін білдіреді. Ол сөзсіз дәлелденетін зат. Құқық саласында «заңи фактілер» деген арнайы термин жиі қолданылады. Онымен нақты құқықтық қатынасты тудыруға не тоқтатуға негіз болатын, заңда алдын ала қарастырылған жағдайлар түсініледі. Ол оқиға немесе әрекет болуы мүмкін — дүниеге келу немесе өлім, некеге отыру және т.с.с. Осындай деректер заңсыз әрекет етуде кінәлілерді заңи жауапкершілікке тартуға толық негіз болады.

Заңгерлер сондай-ақ «даусыз фактілер» туралы жиі айтады. Оларға азаматтық дауда екі жақтың дауының негізі болмайтын, бірақ іске қатысты жағдайлар жатады. Мысалы, бір жақ бір нәрсені дәлелдейді, ал екінші жақ бұл жағдайды мойындайды. Егер екі жақ үшін даусыз жағдай сотқа күдік тудырса, ол оны басқа қосымша дәлелдер көмегімен тексере алады. Сот тәжірибесінде дерекке үлкен мән беріледі. Сонымен азаматтық іс бойынша кезкелген деректі мәліметтер дәлелдеу бола алады. Белгілі заңмен сот жағдайлардың бар немесе жоқтығын, екі жақтың негіздеген талаптары мен қарсылығын және істің дұрыс қаралуы үшін мәнді басқа да жағдайларды анықтайды.

Осы мәліметтер келесі құралдармен: екі жақтың және үшінші адамның түсініктемесімен, куәгерлердің маглұматтарымен, жазбаша айғақты дәлелдеулермен және сарапшы қорытындысымен анықталады. Криминалистикада арнайы тәсілдер, әдістер мен жинау құралдарының, жазып алу, соттық дәлелдеуді зерттеу мен пайдаланудың тұтас жүйесі жасалады. Әділдікті жүзеге асыруда заңды бұзу арқылы алынған дәлелдеулерге жол берілмейтінін атап айту маңызды.

Деректен бөлек, басқа әмбебапты құрал ретінде дәлелдеу үдерісінде анықтама қолданылады. Егер деректер мен анықтамалар шын мәнінде барлық ғылымдарда негіз ретінде пайдаланылса, онда кейбір ғылымдарда осы тұрғыда аксиомалар мен постулаттар да қолданылады. Жеке жағдайда ол математика, механика, теориялық физикаға қатысты.

Дәлелдеу негіздері қатарында бұрынырақ дәлелденген қағидалар айрықша орын алады. Олар алуан түрлі болуы мүмкін. Олардың арасында ғылым заңдары аса ерекше мәнге ие

болады. Дәлелдеу негізінің сан алуандығы осылай көрініс береді. Нақты жағдайларда көбіне олар жеке емес, түрлі үйлесімділікте азды-көпті қалыпты біріге немесе жүйе қүра кездеседі.

Дәлелдеулерді осылай не басқа ретпен қолдану үдерісінің өзі дәйектеме деп аталады. Әрине, уәждердің орналасуы мен топталуы алдынала анықталған болуы мүмкін емес. Мұның бәрі қарастырып отырған сұрақтың мәніне байланысты болады. Ең жалпы ереже мұнда дәлелдеудің басы мен аяғында неғұрлым салмақты, ал ортасында азды-көпті әлсіз уәждермен қарулануға келіп тіреледі.

Тезис пен негіз арасындағы байланыс қатаң, бірмәнді емес, жылжымалы, қозғалмалы екенін атап өтудің маңызы зор. Бір ғана тезисті түрлі негіз көмегімен дәлелдеуге болады. Ал бір ғана негізді бірнеше түрлі тезистерді дәлелдеуге пайдалануға болады. Айтылғандардан дәлелдеу элементтерін тезиске, негізге бөлу белгілі мағынада салыстырмалы, шартты деген тұжырым жасауға тура келеді. Бір қатынаста тезис болатын нәрсе басқа қатынаста негіз болады. Әсіресе бұл геометрияда көрнекі түрде көрінеді. Қазір ғана дәлелденген теорема (тезис) ары қарай жаңа теореманы дәлелдеуде негіз ретінде пайдаланылады.

Дәлелдеу амалы (немесе формасы). Тезис пен дәйектің болуы дәлелдеу қолымызда дегенді білдірмейді.

Дәлелдеу іске асуы үшін негіздер мен одан шыққан тұжырымдардың бірізді логикалық байланысы талап етіледі. Оның нәтижесінде тезистің ақиқаттығы немесе жалғандығы қажеттілікпен мойындалады.

Дәлелдеудің формасы (немесе амалы) дегеніміз оның логикалық түрде болып салдарлар қатынасының табылуы.Форма доказательства- логический способ обоснования тезиса при помощи аргументов. Демонстрация — бұл дәйектер мен тезис арасындағы логикалық байланыс. «Айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады», «Мазмүндау нақтылап көрсетуге жол береді», « «Дәлелдеу қажеті де осы еді» және т.б. сөйлемдер дәлелдеуге тән тілдік құрал болып қызмет жасайды.

Егер тезис функциясын немесе дәлелдеу негізін пайымдау орындаса, онда дәлелдеу амалы қызметін — ой тұжырымы атқарады. Дәлелдеу — бұл анықталған түрде орналасқан ой тұжырымдарының жүйесі. Олардың ішінде соңғы тұжырым ролін тезис атқарады.

«Риторика» еңбегінде Аристотель: «Барлық шешендер мысалдар келтіру немесе энтимемалар құру арқылы өз дәлелдерін баяндайды», — дейді.

Энтимемалар — бұл қысқартылған ой тұжырымы. Оның тәсілдері — индукция және аналогия екенін ескере отырып, демонстрацияның үш түрін ажыратып көрсетуге болады. Олар:

1) дедуктивті;

2) индуктивті;

3) традуктивті (аналогия бойынша).

Егер оның алғышарттарынан олардың ақиқат болуын талап етсе, онда барлық қарастырған ой тұжырымының түрлері демонстрацияның сәйкес түрлеріне айналады

3.Дәлелдеу түрлері. Мазмұны бойынша дәлелдеулер алуан түрлі және әр ғылымда әр түрлі сипатқа ие болады. Дәлелдеу түрлерін бөлуге негіз боп қаланатын белгінің сипатына байланысты дәлелдеу мақсатын, дәлелдеу амалын және т.б. көрсетуге болады. Оларды тәжірибеде тиімді пайдалану үшін бүлар бізге өте қажет нәрселер.

Егер дәлелдеудің мәніне үңілсек, онда дәлелдеу — тезистің ақиқаттығын немесе оның жалғандыгын негіздеу мақсаттарын көздейтінін оңай байқауға болады. Осы мақсаттарға сәйкес дәлелдеудің ең алдымен екі түрі: өзіндік дәлелдеу мен бекерлеу белгілі болады.

Сөзді өзіндік мағынасында дәлелдеу. Ол кейде мақұлдау деп те аталады. Онымен тезис ақиқаттығының негізделуі түсініледі. Ғылымдағы жөне күнделікті тәжірибедегі дәлелдеулер осындай сипатта болады.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде тезистің ақиқаттығын дәлелдеуге айыпталушының кінәсін негіздеу мысал бола алады. Мәніне қарай, ол бүкіл сот процесінің басты тезисі деп есептеледі.

Бекерлеу. Бұл — тезистің жалғандығын ақиқат уәж көмегімен негіздеу. Ақиқатты іздеу, салқын қанды әрі тегіс үдеріс емес. Ақиқат жағдайларды бекіту кебіне оларға қайшы келетін жалған пайымдаулармен — адасушылық, жоққа нанушылық, ескішілдікпен қайнаған кұресте өтеді.

Бекерлеу алуан түрлі форманы қабылдауы мүмкін. Тезисті бекерлеу аргументті (дәйектерді, негіздерді) сынау, негіз бен тезис арасында байланыстың жоқтығын негіздеу болуы мүмкін. Яғни, демонстрацияның негізсіздігін айқындау.

Бекерлеудің көпжақты сипатта болуы да сирек емес: ол дәлелдеудің бірден барлық компоненттеріне қатысты бола алады.

Сот үдерісінде айыпкердің кінәсіз екенін дәлелдеу бекерлеуге мысал болады. Осы мысалда әсіресе дәлелдеуді растау мен бекерлеуге белудің салыстырмалылығы айқын көрінеді.

Бұрынырақ кінәсіздік презумпциясы — бұл деректің нанымдылығын оған керісінше жағдай дәлелденгенге дейін мойындау деп айтқанбыз. Сондықтан, кінәлілік дәлелі — бүл кінәлі еместігін бекерлеу болып табылады.

Мұнда қарастырылған бөлек-бөлек нөрселер, атап айтқанда, дәлелдеу мен бекерлеу өзара шырмалып кетеді; ойлау практикасында көбіне бір тезистің ақиқаттығын негіздеу басқасының жалғандығын негіздеумен қатар немесе керісінше болып жүреді.

Дәлелдеудің негіздері туралы жоғарыда сез қозғағанда, біз даусыз деректер туралы айтып өткенбіз. Сот тәжірибесінде «даулы пункт» деп аталатын ұғым да кең пайдаланылады. Бұл — бір жағынан бекітілген және екінші жағынан терістелетін қағида. Осы даулы пунктті талқылау — дәлелдеу (растау) мен бекерлеудің бір мезгілде пайдаланылуына мысал бола алады.

Тура және жанама дәлелдеу. Дәлелдеу амалына қарай оны тура және жанама дәлелдеу деп бөледі.

Тура дәлелдеу. Ол дәлелдері тезистің жалған немесе ақиқат екенін тура негіздейтін пікірді білдіреді. Мысалы, қайтыс болған адам денесінің ауыр жарақаттануы, зақымдануы зорлық өлімнің тура дәлелі болады.

Жанама дәлелдеу. Мұндағы дәлелдер қандай да бір тезистің ақиқаттыгын басқасының жалғандығын негіздеу арқылы жанама негіздеумен ерекшеленеді.

Жанама дәлелдеу әр түрлі болады. Олар: апагогикалық және ажыратушы дәлелдеулер.

Апагогикалық дәлелдеу (грекше — басқа жаққа әкетуші, бұрып кетуші), не қарсымен дәлелдеу, мұнда алдымен бастапқы тезиске қайшы тезис дәлелдеуі қабылданады да, тезис әбден танытуға дейін жеткізіледі немесе қайшылық сол не басқа да ақиқаты анықталған және осыдан соң ондай тезистің жалғандығынан оған қайшы тезистің ақиқаттығы туралы тұжырым жасалады.

Ажыратушы дәлелдеуде бірнеше мүмкін тезистерден жоққа шығару әдісімен тек біреуі ғана дәлелденеді. Мысалы, дәл осы қылмысты А не В немесе С (басқа бірде-біреу емес) жасағаны белгілі. Содан соң бірте-бірте осы қылмысты А-ның, В-ның да жасамағаны дәлелденеді. Осылайша қылмысты С-ның жасағаны дәлелденеді. Мұнда барлық мүмкін варианттардың толық қамтылуы маңызды. Яғни, дизъюнкция «жабық», толық болуы керек.

Тура жөне жанама дәлелдеулер арасындағы айырмашылық та салыстырмалы: тура дәлелдеу жанамаға, ал жанама — тураға айнала алады.

Түсініспеушілік тумас үшін логикалық операция түрлері ретінде тура және жанама дәлелдеулер заң тәжірибесінің негізі болатын тура және жанама дәлелдеулерден ерекшеленетініне көңіл бөлу керек. Соңғы жағдайда тура дәлелдеу — сол немесе өзге деректі тура растайтындай болады. Жанама дәлелдеу оның көмегімен басқа дәлелдеулерді мақұлдайды. Сондай-ақ, олар айғақ деп те аталады. Мысалы, дәл осы адамнан ұрланған зат шықты. Яғни, бұл, затты осы адам ұрлады деп болжауға мүмкіндік беретін оған қарсы айғақ. Мұндай жанама дәлелдеулер тек басқамен тіркес келгенде ғана айрықша мәнге ие болады.

Кейде дәлелдеу түрлерін дәлелдеу негізі сияқты тәжірибелі мәліметтер рөлі бойынша да айырады. Мұндай байланыста тәжірибелі мәліметтер деп тура өзгертуді талап етпейтін математикалық және осындай мәліметтер азды-көпті кең пайдаланылатын бірқатар ғылымдарда эмпирикалық дәлелдеулерді меңзейді. Шындығында, бұлар дәлелдеудің дербес түрлері емес, бүған дейін біз айтқан дедукция мен индукцияны жүзеге асырудың түрлі амалдары.

Дәлелдеу түрлерін зерделеу тек теориялық қана емес, практикалық та мәнге ие. Ол сіздерге дәлелдеудің сол немесе басқа түрін жеке немесе тіркестіре неғұрлым тиімді әрі саналы пайдалануға, яғни оның ақиқаттығына өздеріңнің көздерің жетіп, сосын басқалардікін жеткізуге мүмкіндік береді.







Дата добавления: 2014-10-22; просмотров: 1208. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.006 сек.) русская версия | украинская версия