Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Белок молекуласының өлшемі мен пішіні. Глобулярлы және фибрилярлы белоктар




Белок молекуласыныңсыртқы пішініне қарайглобулярлы және фибриллярлы болып жіктеледі. Белоктардың осылай жіктелуі (ассиметрия коэффициентімен) ұзыннан және көлденеңінен созылған осьтердің арақатынасымен анықталады. Егер ассиметрия коэффициенті 1-2,8 аралығында болса, ол глобулярлық белокқа жатқызылады (globula - шар). Бұл топқа жататын белоктардың тізбектері жинақы шумақталған, молекула пішіні шар немесе эллипс тәрізді. Мұндай белоктар суда және тұздардың судағы ерітінділерде жақсы ериді, жасушаларда негізінен динамикалық қызмет атқарады (катализдік, реттеу, қорғаныс, тасымалдау т.б.). Егер де ассиметриялық коэффициенті 10 және одан жоғары болса, фибриллярлы белоктарға жатады (fibrilla - талшық). Бұл белоктардың тізбектері өте созылған, ұзын талшық жіпшелер тәрізді келеді. Негізінен фибриллярлы белоктар құрылымдық қызмет атқарады. Ерігіштігіне қарай фибриллярлы белоктар екіге бөлінеді:

1. Концентрлі тұз ерітінділерінде еритіндер, бұл белоктарға бұлшық еттің жиырылатын белоктары (актин, тропомиозин, миозин), қанның құрамындағы белок – фибриноген жатады.

2. Ерімейтін белоктар: склеропротеидтер, оған шаштың, тырнақтың құрамындағы белок – кератин; дәнекер тінінің эластинді талшықтары;– эластин; дәнекер тінінің, сіңірдің, шеміршектің басты компоненті коллаген белоктары жатады.

 

Белоктардың гидролиз өнімдерінің ұқсастығы, гидролиз түрлері, биологиялық активті пептидтер.

Организмде жүретін ферментативтік гидролиз кезінде барлық жай белоктар аралық өнімдер – полипептид, одан әрі амин қышқылдарын түзеді:

Белоктар ® полипептидтер ® амин қышқылдары

 

Белоктар гидролизге ұшырағанда алдымен күрделілігі әр түрлі полипептидтер (молекулалық массасы 6000 Дальтоннан жоғары, құрамындағы амин қышқылдарының саны 10-нан 50-ге дейін), пептидтер (молекулалық массасы 100 Дальтонға дейін, амин қышқылдарының саны 10) түзеді, бұл заттарда белоктың қасиеттері әлі де сақталады. Соңғы уақытта полипептидтер мен пептидтерге ерекше көңіл бөлінуде, өйткені биологиялық активтілікке ие табиғи пептидтердің тобы бар. Пептидтер әсер ету сипатына мен шығу тегіне қарай төрт топқа бөлінеді:

ü ас қорыту процесіне қатысатын пептидтер (гастрин, секретин);

ü гормондық активтілігі бар пептидтер (вазопрессин, глюкагон, окситоцин, АКТГ);

ü қандағы α-глобулиндерден түзілетін вазоактивті пептидтер (ангиотензин, брадикинин)

ü синапстарда жүйке импульстерінің берілуіне, есте сақтау процесіне, эмоциональдық күйді реттейтін қатысатын нейропептидтер.

Амин қышқылдары белоктар ыдырауының соңғы өнімдері болып табылады.

 

Белок молекуласындағы амин қышқылдары түзетін байланыс түрлері (пептидтік, дисульфидтік, сутектік, иондық, гидрофобтық әрекеттесу), нақты мысалдармен түсіндіру.

Табиғи белоктардыңқұрамына кіретін амин қышқылдарының көптігіне қарамастан, белок молекуласындағы амин қышқылдарының байланысу тәсілдері көп емес. Амин қышқылдарының арасындағы байланыстар екі түрлі болады: 1) ковалентті, берік байланыс; 2) ковалентті емес, әлсіз байланыс.

Белок молекуласындағы аминқышқылдарының арасындағы негізгі байланыс – пептидтік байланыс. Пептидтік байланыс бір амин қышқылының карбоксил тобы екінші амин қышқылының α-амин тобымен әрекеттескенде түзіледі (1сурет). Егер пептидтік байланыс арқылы екі аминқышқылы байланысса, дипетид, үш амин қышқылы – трипептид, көп амин қышқылдары әрекеттессе – полипептид түзіледі.Арнайы қабылданған келісім бойынша пептидтерді атауда бос амин тобы бар аминқышқылы сол жағында, ал бос карбоксил тобы бар амин қышқылы оң жағында жазылады. Сондықтан пептидтің молекуласындағы амин қышқылының реті N-басынан C-соңына қарай белгіленеді. Пептидтерді атағанда С-соңындағы амин қышқылынан басқа амин қышқылдарының жалғауы -ил деген жалғауға ауысады.

 

1 сурет - Пептидтік байланыстың түзілуі.

Мысалы жоғарыда келтірілген дипептид аланилглицин деп аталады.

Пептидтік байланыс – өте берік байланыс. Бұл амин қышқылдарының карбониль тобының көміртегісі мен имин тобының азотын байланыстыратын осьті айналуына кедергі жасайды.

Дисульфидті байланыс, ол бір немесе екі полипептид тізбектерінің әр түрлі аймақтарында орналасқан екі цистеиндегі тио (сульфгидрил) топтарының күкірт атомдарының арасындағы байланыс, бұл байланыс нәтижесінде цистин түзіледі.

 







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 1618. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.006 сек.) русская версия | украинская версия