Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Cурет. Миоглобиннің гемі




 

Сурет 9. Миоглобиннің моделі

 


Миоглобин цитоплазманың митохондрияға жақын жерінде кездеседі, ол гемоглобиннен оттегін тыныс алу ферменттеріне тасымалдайды. Миоглобин гемоглобинге қарағанда оттегімен жақсы байланысқан. Сондықтан да суда жүретін жануарлардың бұлшық етінде миоглобин көп болады. Адамдарда миоглобин қандағы оксигемоглобинмен әрекеттесіп, оксимиоглобин түзеді. Шыныққан адамдардың бұлшық етінде оксимиоглобиннің мөлшері көп болады.

Миоглобин бұлшық еттің арнайы белогы, сондықтан қанның сары суында оның кездесуі бұлшық еттің жарақаттанғандығын көрсетеді. Миоглобинді анықтаудың диагностикалық маңызы зор. Миокард инфаркты кеселінің дамуының екінші сағатында қанда көп мөлшерде миоглобин пайда болады. Сондықтан миоглобинді қанда табу миокард инфаркты кеселін жылдам және дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Гемоглобин.Гемоглобин (Нb) молекуласы жай белок глобиннен және простетикалық топ төрт гемнен құралған. Глобин белогы 4 мономерден: екі α -тізбектен (әр бір тізбекте 141 амин қышқылының қалдығы бар) және екі β-тізбектен (әрбір тізбекте 146 амин қышқылының қалдығы бар) құралған.

Гемоглобиннің молекулалық массасы 70000 Д.

Түр ерекшелігі глобин белогының құрамына кіретін амин қышқылдарының сапасымен анықталады. Мысалы, адамның глобин белогында изолейцин амин қышқылы болмайды, ал басқа жануарлардың глобинінің құрамында бұл амин қышқылы кездеседі. Барлық жануарларда кездесетін гемоглобиннің гемінің құрылысы бірдей. Гемоглобиннің құрамына кіретін бөліктері бір-біріне әсерін тигізеді. Глобин белогы суда нашар еритін, химиялық инертті гемді суда жақсы еритін, оттегімен байланысатын белсенді гемге айналдырады.

Гем- құрамында темірі бар порфиннің туындысы. Порфиннің β-көміртегінде орынбасушы радикалдар болса, ол порфирин деп аталады. Порфириндердің бір бірінен айырмашылығы орын басушы радикалдардың ерекшелігімен сипатталады. Гемде келесі орын басушы радикалдар бар: С1, С3, С5, С8 – метил топтары, С2, С4 – винил радикалдары, С6, С7 – пропион қышқылының қалдығы. Осы аталған радикалдар жалғасса, онда протопорфирин деп аталады. Осы протопорфиринге темір (Fе2+) ионы қосылса, гем түзіледі. Темір екінші және төртінші пиррол сақинасындағы азот атомымен ковалентті байланыс арқылы байланысады, ал бірінші және үшінші сақинадағы азот атомымен ковалентті емес (координациялық) байланыспен байланысқан (с. 10).

Гемдегі темір ионы полипептид тізбегімен олардың құрамындағы гистидиннің имидазол сақинасындағы азот атомымен екі координациялық байланыспен байланысқан. Бұл байланыстың біреуі тұрақты, ал екіншісі гемоглобинге оттегі қосылғанда үзіліп кетеді.

 

7. Фосфопротеидтер, жалпы сипаттама, қасиеттері, өкілдері.

Фосфопротеидтер – молекула құрамында жай белоктан және простетикалық топ - фосфор қышқылының қалдықтарынан тұратын күрделі белок. Фосфор қышқылы күрделі эфирлік байланыспен гидроксил тобы бар амин қышқылдарына жалғасады. Сернин, треонин, тирозин амин қышқылдарына бір немесе бірнеше фосфор қышқылдарының қалдықтары қосылуы мүмкін. Фосфопротеидтер, негізінен қышқыл, құнды белок, алмастырылмайтын амин қышқылдары мен фосфор қышқылдарының көзі ретінде маңызы зор. Сондықтан фосфопротеидтер дамып келе жатқан организм үшін энергиялық, пластикалық материалдың көзі, фосфолипидтердің синтезінге жұмсалады. Фосфолипидтер жасушалық мембраналардың түзілуіне қажет. Фосфопротеидтер фосфорлану және фосфорсыздану реакциялары үшін фосфор қышқылының көзі, әрі осы процестер арқылы кейбір ферменттердің активтенеді және ингибирленуі жүреді. Фосфопротеидтер нуклеин қышқылыдарының синтезіне қолданылады. Фосфопротеидтердің өкілдеріне: сүттің казеиногені, жұмыртқаның сары уызында кездесетін фосвитин және вителлин, балық уылдырығында кездесетін ихтуллин жатады. Осы белоктардың барлығы қайнатқанда ұйымайды, суда ерімейтін құнды белоктар.

8.Металлопротеидтер, құрылысы, өкілдері, маңызы.

Металлопротеидтер – күрделі белок, құрамына жай белок және металл кіреді. Металдар простетикалық топтың рөлін атқарады. Атқаратын рөліне байланысты металлопротеидтердің арасындағы байланыстар берік және әлсіз болады. Металлопротеидтердің құрамында кіретін металл топтарына байланысты: құрамында темірі бар металлопротеидтер, құрамында мыс атомы бар металлопротеидтер, мырыш атомдары бар металлопротеидтер және т.б. болып жіктеледі. Олар негізінен тасымалдаушы және қор жинаушы қызметтер атқарады. Металлопротеидтер кейбір ферменттер мен витаминдердің құрамына кіреді.

Өкілдеріне: трансферрин, ферритин, гемосидерин жатады. Трансферин құрамында темірдің мөлшері 0,13% 3+-валентті темірі бар, тасымалдаушы қызмет атқарады. Ферритин құрамында темірдің мөлшері 20% -ке дейін жетеді. Ол организмде темірді бауырда және көк бауырда қор ретінде жинайды. Гемосидериннің құрамында темірден басқа нуклеотидтер және көмірсулар бар. Олардың рөлі анықталмаған. Бұл белок бауыр және көк бауырдың клеткаларында жиналады. Церрулоплазмин – бауырда түзіледі, мысты тасымалдайды, оның қоры ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар, бұл белок ферменттік (ферроксидазанын) қызмет атқарады. Құрамындағы Сu-фермент кератиндену процесіне қатысады.

Құрамында мыс атомы бар белоктар – карбангидраза СО2 тасымиалдайды; карбоксипептидаза – гидролаза класына жататын, полипептидтердің қорытылуына қатысатын белок.

9.Липопротеидтер, құрылымдық және тасымалдаушы, құрылысы.

Липопротеидтер – липид-белокты комплекстер, олардың құрамына әр түрлі липидтер кіреді. Атқаратын қызметіне қарай: құрылымдық липопротеидтер және транспорттық болып жіктеледі. Құрылымдық липопротеидтер – биомембрана, эндоплазмалық тордың және клеткадағы басқа органоидтардың құрамында кездеседі. Тасымалдаушы липопротеидтер құрамына кіретін липидтерге байланысты үш түрге: тығыздығы өте төмен липопротеидтер(ТӨТЛП), тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП), тығыздығы жоғары липопротеидтер (ТЖЛП) бөлінеді. Олар бауырда синтезделіп, ерімейтіән липидтерді тасымалдауға қатысады.

 

10.Тыныс алу ферменттері, құрылысы, өкілдері, олардың маңызы.

Тыныс алу ферменттері тотығу – тотықсыздану реакцияларына қатысып, ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді. Оларға: флавопротеидтер, цитохромдар, каталаза, пероксидаза жатады.

 

11.Нуклеопротеидтер, жалпы құрылыс ерекшелігі, рөлі.

Нуклеопротеидтер – күрделі белоктар, молекула құрамында көп мөлшерде фосфор қышқылының қалдығы болғандықтан, әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді. Нуклеопротеидтер суда, сілті ерітінділерде ериді, молекулалық массасы бірнеше миллион немесе тіпті миллиард дальтонға дейін жетеді.

Нуклеопротеидтердің молекуласы жай белоктан және простетикалық топтан тұрады. Простетикалық тобы нуклеин қышқылы. Нуклеопротеидтер тірі организмде маңызды рөл атқарады. Жасушада, тіндерде жүретін барлық белоктардың синтезіне тікелей қатысады, белоктардың ерекшелігін, құрылысын, қасиеттерін қамтамасыз етеді. Көбею процесіне қатысады, тұқым қуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді.

Нуклеопротеидтердің құрамына қандай нуклеин қышқылы кіретіндігіне байланысты дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) және рибонуклеопротеидтер (РНП) болып бөлінеді.

Жануарлардың нуклепротеидтерінің құрамында гистондар көп, ал теңіз жануарларында протаминдер көп. Аз мөлшерде альбуминдер, глобулиндер кездеседі. ДНҚ-ны қорғауда гистон белоктарының маңызы үлкен, хромосоманың құрылымын сақтап тұру ықпалын тигізеді, гендердің экспрессиясын реттеуге қатысады. Нуклеопротеидтің құрамына кіретін гистонға жататын белоктар ферменттік қасиет көрсетеді.

Нуклеотидтер дегеніміз – нуклеозид пен фосфор қышқылының күрделі эфирі. Нуклеозидтер мен нуклеотидтердің және олардың фосфорлы туындыларының құрамы

Нуклеотидтер нуклеин қышқылының негізгі құрам бөлігі. Олар кейбір коферменттердің ( АМФ) құрамыны кіріп, энергияға бай ди- және трифосфор туындыларын түзуге қатысады. Мысалы, АМФ-тен АДФ, АТФ, ал НМФ-тен НДФ және НТФ түзілуі мүмкін.

Сурет 10.Негізгі дезоксирибонуклеотидтер және рибонуклеотидтер

 

Нуклеотидтер-нуклеозидтердің фосфорлы эфирі. Фосфат тобы күрделі эфирлік байланыс арқылы 5'-ОН пентоза сақинасына қосылады. Мұндай қосылыстарды нуклеозид 5'-фосфат немесе 5'-нуклеотид деп атайды. Нуклеотидтер молекула құрамына бір немесе екі фосфор қышқылының қалдығын қосып алып, фосфорлы туындыларын түзеді.

Нуклеозидтер мен нуклеотидтердің және олардың фосфорлы туындыларының құрамы, аталуы төмендегі кестеде келтірілген.

 







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 1777. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.006 сек.) русская версия | украинская версия