Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Гиповитаминоздар, авитаминоздар, полиавитаминоздар туралы түсінік. Гипервитаминоздар. Витамерлер. Провитаминдер. Антивитаминдер




Адамда витаминнің жетіспеуі гиповитаминоз деп аталады. Авитаминоз дегеніміз – тағамда витаминнің мүлде жетіспеуіне байланысты патологиялық күй. Бір мезгілде адам организміне бірнеше витамин түспесе, полиавитаминоз деа аталады. Гипервитаминоз – витаминдердің организмге артық мөлшерде түсуіне байланысты патологиялық жағдай. Витамерлер дегеніміз – витаминдік активтілікке ие, химиялық құрылысы жағынан витаминге ұқсас қосылыстар. Антивитаминдер деп витаминдерді жою, активтілігін төмендету немесе сіңірілуін бұзу арқылы оларды зат алмасу үрдістерінен шығаратын заттарды атайды.

 

6. В1 витамині, химиялық табиғаты, биологиялық маңызы, авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.

Химиялық табиғаты. Тиаминнің құрамына метил тобымен байланысқан пиримидин және тиазол сақиналары кіреді. Тиамин фосфорланып, тиаминдифосфат немесе кокарбоксилаза түзгеннен кейін активті формасына айналады.

В1 витаминінің биологиялық ролі тиаминдифосфат түрінде үш ферменттің құрамына кіруімен анықталады. Тиаминдифосфат пируват- және a-кетоглутаратдегидрогеназды комплекстердің құрамына кіріп, пируваттың және a-кетоглутараттың тотығудан декарбоксилденуіне, ал транскетолазаның құрамында көмірсулардың пентозофосфатты жолмен тотығуына қатысады.

Авитаминозы. В1 витаминінің жеткіліксіздігінің негізгі белгісі – полиневрит, яғни шеткі жүйке жүйесінде дегенеративті өзгерістердің байқалуы. Алдымен жүйке бағанында ауырсыну, содан кейін терінің сезімталдығы жойылып, паралич (бери-бери) пайда болады. Аурудың екінші белгісі – жүрек ырғағының бұзылуы және жүрек аймағында ауырсынумен байқалатын жүрек қызметінің бұзылуы. Сонымен қатар В1 витаминінің жеткіліксіздігі кезінде ас қорыту жүйесінің секреторлық және моторлық бұзылыстары, асқазан сөлі қышқылдылығының төмендеуі, тәбеттің жойылуы, ішек атониясы байқалады.

Табиғатта таралуы. В1 витамині ірі тартылған ұнда, астық тұқымдастардың (бидай, күріш, қарабидай) дәндерінің қауызында, сояда, үрмебұршақта, асбұршақта көп мөлшерде кездеседі. Жануар тектес тағамдардан бауырда, майсыз шошқа етінде, бүйректе, мида, жұмыртқаның сарысында кездеседі.

7. В2 витамині, химиялық табиғаты, биологиялық маңызы, авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.

Химиялық табиғаты. Рибофлавин молекуласы рибитол спиртімен байланысқан изоаллоксазин сақинасынан тұрады. Рибофлавин – суда нашар еритін сары түсті кристалл.

Биологиялық функциясы. Ішектің кілегей қабатына сіңірілгеннен кейін флавинмононуклеотид (ФМН) және флавинадениндинуклеотид (ФАД) коферменттерінің түзілуіне қатысады:

 

Рибофлавинкиназа ФМН-аденилтрансфераза Рибофлавин ФМН ФАД   АТФ АДФ АТФ Н4Р2О7  

ФМН және ФАД коферменттері тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысатын флавин ферменттерінің құрамына кіреді.

Авитаминозы. В2 витаминінің жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері: жас организмнің өсуінің тежелуі, ауыз қуысының кілегей қабатының қабынуы, еріннің айналасында ұзақ уақыт жазылмайтын сызаттардың пайда болуы. В2 витаминінің авитаминозы кезінде көздің шырышты қабығының қабынуы: конъюктивиттер (қарық), көздің қасаң қабығының тамырлануы (васкуляризациясы), катаракта, сонымен қатар бұлшық ет пен жүрек бұлшық етінің әлсіздігі байқалады.

Табиғатта таралуы.Рибофлавиннің негізгі көзі: бауыр, бүйрек, тауық жұмыртқасының сарысы, ірімшік. Ашыған сүтте жаңа сауылған сүтпен салыстырғанда витамин көбірек болады. Мейізден басқа өсімдік тағамдарында В2 витамині азкездеседі, аталған витамин тапшылығы ішек микрофлорасы арқылы толықтырылады.

 

8. РР/В3 витамині (никотин қышқылы, никотинамид), химиялық табиғаты, биологиялық маңызы, авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.

Химиялық табиғаты.Никотин қышқылы пиридин-3-карбон қышқылы, никотинамид – оның амиді болып табылады. Организмде екі қосылыс та бір-біріне оңай айналатындықтан, бірдей витаминдік активтілік көрсетеді. РР витамині суда нашар ериді, ал сілтілердің судағы ерітіндісінде жақсы ериді.

Биологиялық ролі.Организмде никотинамид пиридин ферментттерінің (дегидрогеназалардың) коферменттері – никотинамидадениндинуклеотидтің (НАД) және никотинамидадениндинуклеотидфосфаттың (НАДФ) құрамына кіреді. НАД глюкозаның, май қышқылдарының, глицериннің, амин қышқылдарының және сукцинатдегидрогеназадан басқа дегидрогеназалардың коферменті. Аталған реакцияларда кофермент электрондар мен протондардың аралық акцепторы қызметін атқарады. НАДФхолестерин, стероидты гормондар және басқа заттардың алмасуында протондар мен электрондарды тасымалдау ролін атқарады. НАФН2 – антибиотиктерді және басқа да бөгде заттарды детоксикациялау қызметін атқаратын микросомалды тотығудың монооксигеназды тізбегінің комплексінің құрамына кіреді. НАД, НАДФ – энергия алмасуы, соның ішінде Кребс циклі, сонымен қатар глюконеогенез реакцияларының ферменттерінің аллостерикалық реттеушілері.

Авитаминозы.РР витамині жеткіліксіздігі «пеллагра» ауруына әкеледі. Бұл ауруға 3 белгі тән: дерматит, диарея, деменция («3Д» ауруы). Пеллагра кезінде күн сәулесінен қорғанбаған терінің симметриялы аймақтарында дерматит, ас қорыту жолдарының бұзылысы (диарея) және ауыз бен тілдің кілегейлі қабықтарының қабынған түрдегі зақымдануы байқалады. Пеллаграның ауыр көріністерінде орталық жүйке жүйесінде бұзылыстар (деменция) – есінен айрылу, галлюцинация және сандырақ байқалады.

Табиғатта таралуы.Никотин қышқылы өсімдіктер мен жануарлар организмінде кең таралған. Адам үшін никотин қышқылының көзі күріш, нан, картоп, ет, бауыр, бүйрек, сәбіз және т.б. болып табылады.

 

9. В5 витамині (пантотен қышқылы), химиялық табиғаты, биологиялық маңызы, авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.

Химиялық табиғаты.Пантотен қышқылының молекуласы бір-бірімен өзара амидтік (пептидтік) байланыс арқылы байланысқан Д-2,4-дигидрокси-3,3-диметил май қышқылынан және b-аланиннен тұрады.

 







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 1547. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.005 сек.) русская версия | украинская версия