Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі




Тарифтік жүйе – бұл атқарылатын еңбектің түріне, қиындығына, шарттарына және сипатына байланысты сараланған түрде еңбекақы төлеуді қамтамасыз ететін нормативтер мен нормалардың жиыны. Ол келесі негізгі элементтерден тұрады: тарифтік – біліктілік анықтамалар, тарифтік тор, тарифтік санаттар (разрядтар) және оларға сәйкес коэффициенттер, тарифтік ставкалар (соның ішінде 1-санат), еңбекақыға қосылатын аудандық коэффициенттер, тарифтік ставкаларға қосымша төлемдер мен белгілі еңбек жағдайынан ауытқулар болғаны үшін қосымша төлемдер.

Тарифтік – біліктілік анықтамалар бірінші санатты тарифтік ставка мен тарифтік торды қолдануды қарастырады. Тарифтік-біліктілік анықтамалар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жұмыс пен жұмысшылардың кәсіби Біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы;

2) өндірістік саладағы жетекшілердің, лауазымды басшылардың, қызметкерлер мен мамандардың біліктілік анықтамасы;

3) бюджет аясындағы лауазымды қызметкерлердің біліктілік анықтамасы.

Жұмыс пен жұмысшылардың кәсіби Біріңғай тарифтік–біліктілік анықтамасы (БТБА) жұмыс пен жұмысшылардың санатын анықтау үшін қажет. Көбінесе өнеркәсіптік саладағы жұмыстар алты санатқа, ал кейбір салаларда – сегізге бөлінеді. БТБА арқылы анағұрлым күрделі қиын мәселе – салыстыру шешіледі, яғни жұмыстың әр түрін оның қиындық дәрежесіне, біліктілік деңгейіне байланысты салыстырады.

Жұмыскерлерді тарификациялау, яғни оларға кәсіби білімі мен еңбекке машықтануына байланысты белгілі бір санатты беруі. Ол әрекет етуші БТБА негізінде комиссиямен халық шаруашылығының барлық салаларына жалпы берілетін кәсіп үшін 70-тен астам шығарымы (выпуск), сондай-ақ салалық шығарамы да бар және меншіктің басқа формаларындағы кәсіпорындар үшін ұсыныстық формадағы, ал мемлекеттік кәсіпорындарда міндетті түрде қолданатын санат.

Еңбекақыны төлеудегі тарифтік тор - еңбекақы төлеудегі сараланған құрал, яғни ол әртүрлі топтағы жұмыскерлерге жұмысының қиындығына байланысты, сонымен қатар санат саны мен оларға сәйкес тарифтік коэффициенттердің абсолюттік немесе салыстырмалы бірліктерінен тұрады.

 

Бюджеттік аядағы еңбекақы төлеу бойынша бірыңғай тарифтік тор 18 санаттан тұрады, олардың әрқайсысына 1-санаттағы тарифтік ставкаға шаққандағы өз тарифтік коэффициенті сәйкес келеді (Кесте 1).

Тарифтік тор тарифтік коэффициенттердің санаттық өсімін әрі абсолюттік, әрі салыстырмалы түрде қамтамасыз ету мақсатымен құрылады. Тарифтік коэффициенттің абсолюттік өсімі тарифтік коэффициенттің арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

Мысалы, 1-ші және 2-ші санат арасындағы айырмашылық 0,11-ді құрайды. Тарифтік коэффициенттің қатынастық өсімі пайыз түрінде көрсетілген кіші коэффициенттің жоғарыға қатынасын бір бірлікке азайтуына тең. Мысалы, 7-ші және 8-ші санаттың арасындағы өсім [(2,02/1,84)-1]*100% = 9,78% -ды құрайды.

 

Кесте 1 - Бюджет саласындағы жұмыскерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай тарифтік торы

 

Еңбекақы төлеу санаты Тарифтік коэффициент Еңбекақы төлеу санаты Тарифтік коэффициент Еңбекақы төлеу санаты Тарифтік коэффициент
1,0 1,84 3,12
1,11 2,02 3,36
1,23 2,22 3,62
1,36 2,44 3,9
1,51 2,68 4,2
1,67 2,89 4,5

 

Шекті санаттағы тарифтік коэффициенттер арасындағы қатынас диопозон деп аталады. Жоғарыда бірыңғай тарифтік тордың диопозоны 1:4,5 көрсетілген. Тарифтік коэффициенттің деңгейі берілген жұмыс бойынша еңбекақы төлеу бірінші санатқа қарағанда қандай деңгейге артқанын көрсетеді. Кәсіпорын өзі өзбетінше зауыттық тарифтік жүйені ойлап шығыра алады және оның негізінде бюджет аясындағы жұмыскерлерге төленетін еңбекақының бірыңғай тарифтік торы болуы мүмкін. Бірыңғай тарифтік торда жұмыскерлердің мамандығы келесідей тарификацияланады. 1-ші ден 8-ші санатқа дейін атқарушылар, мамандар және 2-ден 18-ші санатқа дейін басшылар.

Тарифтік ставкалар – бұл жұмыс уақытының бірлігіндегі еңбекақының ақшалай формадағы абсолютті мөлшерінің көрінісі. Ол ең алдымен жұмыскер еңбекақысының деңгейін анықтайды, өйткені жұмыскердің еңбекақысы бекітілген минималды еңбекақы мөлшері мен жұмыс уақытының ұзақтығы негізінде есептелетін 1-ші санаттағы тарифтік ставканың көлеміне байланысты. Жұмыскердің біліктілігіне сәйкес тарифтік ставка (Тіст) келесідей формуламен анықталады:

 

Тіст = Тст * КіТ,

 

мұндағы, Тст - 1-ші санаттағы тарифтік ставка;

КіТ - і-ші санаттағы тарифтік коэффициент.

 

1-ші санаттағы тарифтік ставка сағаттық, күндік және айлық болуы мүмкін. 1-ші санаттағы сағаттық және күндік тарифтік ставка ереже бойынша мерзімдік және кесімді жұмыс істейтін жұмыскерлерге қолданылады. 1-ші санаттағы айлық тарифтік ставка қазіргі кезде бюджетпен қаржыландырылатын мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда істейтін жұмыскерлердің Бірыңғай тарифтік еңбекақы төлеу жүйесінде қолданылады (БТЖ). Әрбір кәсіпорын өзі 1-ші санаттағы басшылардың, мамандардың және атқарушылардың тарифтік ставкасын анықтайды. 1-ші санаттағы айлық тарифтік ставка БТЖ-дегі принциптерге және заңға сәйкес еңбекақының минималды көлемінен төмен болмауы тиіс.

Еңбекақыға қосылатын аудандық коэффициенттер еңбекақыны реттеудің аудандық механизмі болып табылады. Еңбекақыны аудандық реттеу мыналардан тұрады:

а) Еңбекақының аудандық коэффиценті. Ол жалпы кәсіпорынның немесе өнеркәсіптің орналасқан жеріне байланысты еңбекақының нормативтік көрсеткіш дәрежесінің артуы және ол өмір сүруге қолайсыздық дәрежесін ескере отырып бекітіледі. Аудандық коэффициент диапазоны 1,15-тен 2,0-ға дейін ауытқиды.

б) Зиянкесті аймақтардағы үздіксіз өтілі үшін еңбекақыға қосылатын пайыздық үстеме. Еңбек өтіліміне және жұмыс істеу мекеніне байланысты еңбекақыға үстеме 10-нан 100%-ға дейін ауытқиды.

Еңбекақыны аудандық реттеу мемлекеттің шаруашылық субъектілеріне, жұмыс беруші мен жұмыскерлерге қойылатын міндетті талабының бірі.

Жалпы өндірістерде қосымша ыңталандыру арқылы, яғни жоғары біліктілігі үшін, жоғары жетістікті еңбегі үшін, ерекше маңызды жұмыс атқарғаны үшін, түнгі уақыттағы атқарған жұмыстары үшін қосымша ақшалай сыйлықтар беріледі. Ыңталандыру төлемдерінің көлемі кәсіпорынның өзінің қарауы бойынша, яғни өндіріп шығарған тауардың өзіндік құнына байланысты «Еңбекақыға кеткен шығындар» тарауында қарастырылады.

Кәсіпорында тарифтік жүйенің кез-келген элементін заңдық нормаларға сәйкес қолдануға болады.

 







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 2740. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.006 сек.) русская версия | украинская версия