Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Осымша ақпарат




Микробиология – биологиялық ғылымдар комплексі, микроорганизмдердің морфологиясын, физиологиясын, генетикасын және экологиясын зерттейді. Объектіге байланысты бактериологиялық, вирусологиялық, микологиялық, протозоологиялық және қолданбалы мақсатына байланысты-жалпы “медициналық, санитарлық, ветеринарлық, өндірістік ауылшаруашылықтық, теңіз, космостық микробиологияға бөлінеді”.

Бактериологиялық, вирусологиялық лабораториялар санитарлы-эпидемиялық станциялар (СЭС) мен ірі ауруханалар құрамына кіреді. СЭС лабораторияларында аурулардан алынған материалдар бактериологиялық, вирусологиялық анализдермен талдау жасайды. Бактерия тасымалдаушылар тексеріліп, су, ауа, топырақ, тағам өнімдеріне санитарлы-микробиологиялық зерттеулер жүргізіледі. Сонымен бірге дезинфекция мен стерилизацияның сапасын бақылайды. өте қауіпті инфекция түрлерінің (оба, тырысқақ, туляремия, бруцеллез, сібір күйдіргісі) диагностикасы арнайы лабораторияларда жүргізіледі. Вирусологиялық лабораторияларда вирустар мен риккетсияларды зерттейді.

Әрбір лабораторияларда бірнеше бөлімшелері болады.

1) Бактерия немесе вирустың жеке тобымен жұмыс істейтін бокстар.

2) а) серологиялық зерттеуге б) қоректік ортаны дайындауға, в) стерилизациялауға, г) ыдыстарды жууға арналған бөлімшелер.

3) Тәжірибиелік және сау жануарларды ұстайтын бөлме (виварии).

4) Тапсырылған анализді қабылдап тіркейтін регистратура.

5) Ас қабылдайтын бөлме.

6) Киім ауыстырып сақтайтын бөлме.

Лаборатория мына құрал жабдықтармен жабдықталады: биологиялық иммерсионды микроскоп, қосымша көмекші құралдар мен жарықтандыру, (фазды-контрасты құрылым, күңгірт жолақты конденсор, люминесцентті микроскоп), термостат, анаэростат, стерилизациялық аппараттар (автоклав, Кох аппараты, кептіруші шкаф), ұйытқыш, рН метрлер, дистиллятор, центрифугалар сүзгіш аппараттар, Зейтц сүзгіш т.б. Мұздатқыш, мақта дәрілік тығғын жасайтын құрал, құрал жабдықтар жиынтығы (ілмек шпатель, ине, пинцет, т.б.) лабораториялық ыдыстар (пробирка, колба, Петри табақшасы, флакон, ампула, пипетка т.б. Лабораторияның барлық бөлмелері желдеткішпен және су құбыры канализация, электроэнергия мен қамтамасыз етілуі керек. Бөлме қабырғалары боялған немесе кафельді плиткамен қапталған болуы тиіс, үлкен лабораторияларда микроорганизмдерді көп мөлшерде қабылдау үшін термостатты бөлмелер болады.

Микробиологиялық лабораторияларда дақылды өсіру үшін және оны сақтау үшін лабораториялық ыдыстарды стерилизация жасау үшін және т.б. мақсатта мынандай төмендегі аппараттар қолданылады:

1) Термостат – бұл қондарғы микроорганизмдерді бір қалыпты температурада өсіруге тағайындалған. Микроорганизмдердің негізгі оптимальды көбею температурасы 37оС. Микроанаэростат – микроорганизмдердің анаэробты жағдайда өсіретін аппарат.

2) Тоңазытқыш – бұл микроорганизм дақылын, қоректік ортаны, қанды, вакциналарды, сарысуларды т.б. бұзылатын биологиялық активті препараттарды сақтайды.

3) Центрифуга – микроорганизмдерді, эритроциттерді басқа да жасушаларды біртекті емес сұйықтықтардан бөліп алу үшін қолданылады.

4) Пастер пеші – құрғақ ыстык ауамен стерильдеуге арналған қондарғы; лабораториялық ыдыстар мен басқа да жанбайтын материалдарды стерильдейді.

5) Автоклав – автоклавтың жұмыс істеу механизімі - жоғарғы қысымдағы бу арқылы материалдарды (шыны заттары, резина, пластамасса, мақта және дәке тампондары, халат, маска т.б.) стерильдеуге негізделген.

6) Бактериоцидтті шам – ол арқылы яғни оның УКС-і (ультокұлгін сәулесі) арқылы біз бөлмені, ыдыстарды, бүймдарды және пластиктан дайындаған ыдыстарды стерильдейміз.

Медициналық мекеменің микробиологиялық лабораториясында инфекциялық ауруының қоздырғыштарымен жұмыс істеген соң, оның жұғып кетуінен сақтану үшін қатаң түрде ішкі тәртіпті (ережені) сақтау ерек.

1) Лабораторияға жұмыс істеуге кіргенде міндетті түрде халат, бас киім (колпак), аяқ-киім ауыстыру керек.

2) Лабораторияда темекі шегуге, тамақ ішуге тыйым салынады.

3) Жұмыс орны тәртіпке сай жинақты болуы қажет, қызметкерлердің артық заттары арнайы бөлмеде сақталуы қажет.

4) Абайсызда залалданған материалды тыңғылықты түрде дизенфекциялайтын зат пен сүрту керек.

5) Қолданылған (пипетка, зат шынысын, шпательдерді, мақта тампоны) дезинфекциялық ерітіндіге салу керек. Пинцет, бактериальдық ілмекті, инелерді оттың ұстінде ұстап залалсыздандырады.

6) Микробты материал, залалданған жануарлар мәиіті, қолданылған дақылдар барлығы залалсыздандыру керек.

7) Микроорганизмдер дақылы арнайы инструкция бойынша сақталу керек. Патогенді микроорганизмдер арнайы кітапшаға тіркелу керек.

8) Жұмыс біткеннен кейін қолды сабынмен жуып, қажетті жағдайда дезинфекциялық ерітіндісімен шаю керек.

Барлық микроорганизмдер бір бірінен геномының үйымтарылуы дәріжесіне және мамандалынған органеллаларының құрамына байланысты бөлінеді. Микробтар әлемін 4 патшалыққа бөлінген; эукариоттар, саңырауқулақтар, прокариоттар және вирустар.

Қазіргі кездегі жіктелуге сай, патогенді бактериялар прокариот патшалығына жатады. Қарапайымдылар мен саңырауқұлақтар эукариот патшалығына, вирустар – вирустар патшалығына жатады. Осыған байланысты прокариоттар: бактериялар, актиномицеттер, спирохеталар, риккетциялар, хламидиялар, микоплазмалар деп бөлінеді. Негізгі токсономиялық бірлік түр болып табылады.

Микроорганизмдерді атау үшін К. Линнейдің биноминальды номенклатурасы қолданылады. Бұл жерде бірінші сөзі - туыстықты, екінші тірі аталады. Түрдің атаулы-аурудың аталымына немесе шығу тегіне байланысты аталады.

Туыстықтың аты микробтардың морфологиялық белгілеріне немесе сол микроорганизмді ашқан, зерттеген автордың аты-жөніне байланысты болады. Берги анықтағышына сай прокариоттар Грам әдісі арқылы бір-бірінен ажыратылатын бөлімдерге бөлінеді.

Берги анықтағышына байланысты, прокариот патшалығы жасуша қабырғысына байланысты 4 топқа бөлінеді.

1) Грациликуттар немесе жұқа қабықтылар – грам теріс бактериялар.

2) Фирмикуттар немесе жуан қабықтылар – грам оң бактериялар.

3) Тенерикуттар немесе нәзік қабықтылар – микоплазмалар.

4) Мендосикуттар-архиео бактериялар, жасуша қабырғасы болса да пептидогликаны жоқтар.

Берги жіктелуі бойынша барлық прокариоттар 17 бөлімге бөлінеді.

Микроскопиялық зерттеулер үшін микроскопиялық бірнеше типі (биологиялық, люминесцентті, электронды) және арнайы түрлері қолданылады (фазалы-контрасты, күңгірт жазықтықты). МБР-1, МБИ-2, биолам Р-1 және басқа биологиялық микроскоптар микроорганизмдердің құрылысын, формасын, өлшемін зерттеуге арналған. Микроскоп 2 бөлімнен тұрады: оптикалық және механикалық. Оптикалық бөліміне объектив жатады. Олар фронтальды және коррекциялы линзадан тұрады. Олардың көмегімен объекті үлкейтіп коррекциялайды. Объективтер құрғақ және иммерсионды болып бөлінеді. Иммерсиялық микроскоптың үлкейту күші, 0,2 мкм. Микроскоптың жалпы үлкейту объектив пен окулярдың көбейітіндісінен шығады. Препаратты иммерсиялық объективін микроскопиялаудағы тәртібі:

1) Боялған дайын жұғындыға, иммерсиялық май тамызып, дайын препаратты бұйым үстелшесіне қою керек.

2) Иммерсиялы объективті 90-ға (100) қою.

3) Микроскоп тубысын жайлап тамшыға тигенше төмендету керек.

4) Макрометриялық винттің көмегімен фокусты жобалап қояды.

5) Макрометриялық винттің көмегімен фокусты дәлдеп қояды.

Күңгірт жазықтықты микроскопия.Күңгірт жазықтықты микроскопия Тиндаль эффектісіне негізделген (өте ұсақ бөлшектерін сұйықтықта жанынан қарау арқылы сәуленің дифракциясына негізделген. Оған кәдімгі конденсор емес, параболоид немесе кардиоид-конденсор қолданылады. Жанынан келген сәулелер объективке түспейді, сол себептен көру алаңы күңгірт болып тұрады. Объективке объектті түсу арқылы көрінеді).

Фазалы-контрасты микроскопия.Фазалардың өзгеруіне байланысты негізделген, күн сәулесі мөлдір /фазалы/ объектілерден өтіп барып, ол объектілер микроскопта көрінеді. Бұл кезде көрінетін жоғарғы контрасты позитивті объекттің күңгірт көрінісі жарық көру алаңында немесе негативті /жарық көрініс күңгірт алаңында көрінеді/.

Люминесцентті /немесе флюоресцентті/ микроскопия.Фотолюминесценцияға негізделген /объектінің сәуле әсерінен жарқырату/, люминесценциялы объектіге алдын ала бояу /екіншілік объектіні люминесценция шақыратын-флюрохром арқылы бояйтын түрлері бар. Бұл микроскопияның артықшылығы зерттейтін материалда тірі және аз мөлшердегі микроорганизмдерді көру.

Электронды микроскопия.Сәулелі микроскоппен көре алмайтын объектілерде көру үшін қолданылады. /вирустар, макромолекулалық құрылымдар, субмикроскопиялық құрылымдар/. Жарық сәулесінің орнына электрондар толқынын қолданады, олар ұзындығы 0,005 нм, ол 100 000 есе жарық сәулесінен қысқа. Электронды микроскоп 0,1-0,2 нм өлшемді объектілерді көруге рұқсат етіледі, яғни 100 есе үлкейтіп көрсетеді.

Анаптральды микроскопия./амплитудалы-контрастты, фазды-қараңғы жазықтық/

Аноптральды микроскопия-фазадыконтрасты микроскопияның бір тірі, бұл жерде линзаның біреуіне қараңғыланған сақина түрінде арнайы пластинкасы бар обьективтер қолданылады.

Аноптральды микроскопирлеудің принципі фазды-контрасты микроскопиямен бірдей, бірақ оның аз фазалық қозғалыс шақыратын обьектіні микроскопирлегенде көрсеткіштік қабілеті жоғарылау және бактерияларды, қарапайымдыларды т.б. тірідей зерттегенде қарапайым жарық микроскоптың жаңа мүмкіншіліктерін ашады.

Объективтің линзасының ортасында орналасқан кең тесік, объективтен диафрагмалық жарықтың негізгі массасын шығаратын люктың қызметін атқарады, ал линзаның қалған жерін жауып тұрған кең сақина қабаты керексіз перифериялық диафрагмальды жарықты ұстап қалады. Осының арқасында зерттелінетін обектінің жан-жағындағы ореол кішірек болады. Көрініс жазықтықтың фоны қоңырлау түсті, ал обектінің өзі ашық қоңырлау аққа дейін болады.

Интерференциялық микроскопия.Интерференциялық микроскопия-фазды-контрасты микроскопияның функциясын орындайтын, бірақ бұл жерде тек қана обектінің контурын ғана көрмей, түссіз обектінің детальдарын зерттеп, сандық анализ жүргізуге болады.

Поляризациялық микроскопия.Поляризациялық микроскопия зерттеуші объектіні өзара перпендикулярлы жазықтықтағы, екі поляризацияланған сәуледен пайда болған жарықта яғни поляризацияланған жарықта зерттеуге мүмкіншілік береді.







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 1158. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия