Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бактериальды жасушаның құрылысы. Грам оң, грам теріс бактериялар




Жасуша-тірі материяның универсальді құрылымдылық бірлігі. Бактериялар үшін оның маңызы олардың өмір сүру процессінде, белгілі-бір уақытта өзінің биомассасын көбейітіп, бинарлы түрде бөлініп, көбеюге ықпал жасайды. Бактериальды жасуша құрамында әртүрлі структуралар бар: жасуша қабырғасы, цитоплазматикалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, мезосома, қосындылар, рибосома, капсула, микрокапсула, талшықтар, плазмида, донорлы кірпікшелер, кірпікшелер, периплазматикалық кеңістіктіктер.

Грам оң бактериялар жасуша қабырғасы бір қалыпты құрылымға, иілгіш қабатқа жұқа және регидты қабатпен ковалентті байланысқан, ол Грам теріс бактерияларға қарағанда қалың /20-60 нм/. Қабырғаның негізгі мөлшері пептидогликан болып табылады, ол бірнеше 5-6 қабаттан тұрады. Жасуша қабырғасында микол қышқылы болады оның құрамында техой қышқылы болады. Грам оң бактерияларының пептидогликанының ерекшелігі ол жерде диаминопиелинді қышқылы жоқ. Жасуша қабырғасында липополисахарид жоқ.

Грам теріс бактериялардың жасуша қабырғасы жұқа /14-18 нм/. Ерекшелігі регидты қабаты жұқа, пепдигликанның 1-2 қабатынан тұрады. Бұл жерде әрқашан диаминоциелин қышқылы бар. Жасуша қабырғасының құрамында көп липопротеині фосфолипидті, фосфоқантты және көп ақуыз бар, тейхой қышқылы болмайды. Жасуша қабырғасының пластикалық қабаты: липопротеин, липополисахарид және сыртқы мембранадан тұратын күрделі құрылым құрайды.

Жасуша қабырғасының синтезінің бұзылуы бактерияның – трансформациясына негізделген. Ол қайтымды және қайтымсыз болады. Оны индуцирлеуші факторлар болып әртүрлі жасуша қабырғасының биосинтезін әлсіздендіретін антибиотиктер /пенициллин, циклосерин/, ферменттер /лизоцим, азидаза, антимикробты антиденелер, кейбір аминқышқылдарының жоғарғы колиэнтериясы, әсіресе глицин және фениламин болып табылады. L-трансформация өткір ауруларының созылмалы түріне өтуіне, асқынуына себепші болып табылады және қолайсыз жағдайларда тұрақтылық тудырады.

Цитоплазмалық мембрана /ЦМ/ /полифункционалды/ көптеген қызмет атқаратын құрылым болып табылады: жасушаға қоршаған ортадан түсетін барлық химиялық информацияны қабылдайды. Негізгі осматикалық барьері болып табылады, жасушаның өсуінің және бактерияның бөлінуінің регуляциясына, қоректік заттардың жасушаға тасымалдану процессіне, жасуша қабырғасының компоненттерінің синтезіне т.б. қатысады.

Цитоплазмалық мембрана бактерияның 10 құрғақ салмағын алады. Бұл екі қабатты құрайтын 25-40 фосфолипидтер 20-75 ақуыздан, 6-га дейін көмірсулардан тұрады.

Бактериялардың цитоплазмасы күрделі коллоидты жүйеден тұрады, бұл жерде эндоплазматикалы ретикуласы және тағы да басқа да эукариоттарға тән цитоплазмалық органеллалар жоқ. Бұл жерде нуклеоид, плазмидтер, рибосомалар, мезосомалар қосындылар, ликоген-валютин гранулалары, әртүрлі биологиялық топтардың бактерияларында метаболитикалық табиғаты бойынша басқа да цитоплазма ішілік қосындылар бар.

Цитоплазмалық мембрана пептидогликанның ішкі қабатында цитоплазмалық мембранамен жасуша қабырғасының қарым-қатынасында маңызы бар. Периплазматикалық кеңістікте әртүрлі ферменттер бар, көбінесе ақуызды байланыстыратын фосфотазалар, полисахаридтер және т.б. заттар.

Бактерияларда микрокапсула, капсула, кілегей қабаты бар. Микрокапсулалар электронды микроскопияланады да қысқа мукополисахаридты фибриллдер болып көрінеді. Капсула кілегейлі қабат болып бактериялардың сыртқы қабаты болып табылады. Оның жуандығы 0,2 мкм. Ол Бурри-Гинс әдісімен бояп микроскопирленгені анық көрінеді. Капсула түзілуіне цитоплазмалық мембрана қатысады. Ол жасуша қабырғасы мен цитоплазмалық мембранамен бірге бактерияны қаптап, кебуден сақтап, оларға қоректік заттарды сақтаушысы болып табылады.

Бактерия жасушасының қозғалуына талшықтар көп міндет атқарады, олардың диаметрі 12-30 нм және ұзындығы 6-9 дан 80 мкм-ге дейін, құрамында флагеллин белогынан құралған ұзын жіпшелер.

Қозғалғыш бактерия /талшықтардың санына және орналасуына байланысты 4 топқа бөлінеді.

1) Монотрихтер - /талшық/ бір полярда орналасқан

2) Лофотрихтер - бір шетінде топ болып орналасқан

3) Амфитрихтер - екі шетінде топ болып орналасқан

4) Перитрих - бүкіл беткейінде орналасқан.

Талшықтар үш компоненттен тұрады – иірімді талшықты жіп, ілмек және базальды денешік. Бактерияларда донорлы кірпікшелер құрылымы ақуыздан тұратын ұзын жіпшелер – конъюгативті плазмидті тасымалдушылар болып табылады.


Бактериялар талшықтары: Бактериялардың спорлары:

а – монотрих ; б – лофотрих ; а – терминалды орналасуы ;







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 3284. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.005 сек.) русская версия | украинская версия