Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бактериялардың өсуі мен көбеюі




Жасушаның өсуі дегеніміз - жасушаның барлық компоненттерімен құрылымның координациялық туындап, жасуша массасының өсуі.

Көбеюі - жасуша санымен популяциясының өсуі. Прокариоттардың көпшілігі көлденең бөліну арқылы, кейбіреуі бүршіктену арқылы, ал саңырауқұлақтар спора түзу арқылы көбейеді, вирустар дикьюнктивті жолмен көбейді.

Жасуша бөлінуінің алдында бактерия хромосомасында жартылай консервативті типі бойынша репликация жүреді. Екі жіпшелі ДНК-ң шынжыры ашылып қр жіпшесіне комплементарлы жіп құрастырылып нуклеойдтың ДНҚ-сы екеу болады. ДНҚ-репликациясы үш этаптан тұрады: индикация, эленгация /шынжырдың өсуі/ және темицасия.

Бактериальды сұйық қоректік орталарда өсіргенде бактериялардың өсуі мен көбеюінің жалпы заңдылықтарын айғақ болатын популяция дамуындағы қайсы бір фазалардың кезектік алмасуы байқалады.

Сұйық қоректік орталарда бактериялардың өсуі орта беткейінде жабынды түзумен, ортаның лайлануымен немесе тұнба түзуімен сипатталады.

Бактериалдық популяцияның даму динамикасы мынандай фазалармен берілген:

I. Бастапқы стационарлы фаза /жасуша саны өспейді/.

II. Лог фаза жасушаның интенсивті өсуімен сипатталады, көбею жүрмейді.

III. Лог фаза жасушалар максимальды жылдамдықпен көбейеді және бактериальды популяция саны геометриялық прогресте өседі.

IV. Кері жылдамдық фазасы- бактериальды жасуша активтілігі төмендеп генерация кезеңінің ұзаруымен сипатталады.

V. Максимальды стационарлы фаза- өлуші және түзілуші жасушалар санының теңесуі.

VI. Бактериялардың логарифмдік өлу фазасы.

VІІ-VIIІ. Жасушаларды егу жылдамдығының кідіру фазасы.

Түр стандартты жағдайларда морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және басқа белгілерімен ұқсас болып келетін, бірдей генотипке ие особтардың эволюциялық тұрғыда құралған жиынтығы деп қарастыруға болады.

Штамм - белгілі бір шығу көзінен / адам организмі, жануар, қоршаған орта т.б./ бөлініп алынған микроб дақылы.

Клон дегеніміз - бір /особь/ орынынан алынған микроорганизмдердің дақылы / бір жасушалы дақыл/.

Таза дақыл - бір түрге жататын бактерия популяциясының қоректік орталарда өсуі.

Колония - тығыз қоректік ортада бір бактериальды жасушаның өсіп-өнуі салдарынан түзілетін микроорганизмдердің бір түрінің оқшауланған көзбен көрер жиынтығы.

Көптеген бактериялардың түрлері, бір белгілері бойынша биологиялық варианттарға /биоварға/ бөлінеді.

Биохимиялық қасиеттері бойынша бөлінетін биоварларды, хемоварларды, антигендік қасиеті бойынша сероварлар, фагтарға сезімталдылығы бойынша фаговарлар, морфологиялық қасиеттері бойынша морфоварлар деп атаймыз.

Бактериялардың таза дақылын алу диагностикалық зерттеулер, идентификация үшін жүргізіледі, яғни микроорганизмдерді морфологиялық, дақылдық, биохимиялық және басқа белгілерін зерттеу үшін таза дақыл қажет.

Бактериялардың таза дақылын диагностикалық зерттеу-идентификация жүргізу үшін бөліп аламыз. Ол микроорганизмдердің морфологиялық, дақылдық, биохимиялық тағы басқа белгілерді анықтағанның арқасында ғана ол жетістікке жетеміз. Бактериялардың морфологиялық және тинкториялды белгілерін әртүрлі бояу әдіспен боялған жұқпаны микроскопиялық зерттеу арқылы анықтаймыз. Дақылдық қасиеттері бактериялардың тығыз және сұйық қоректік орталарда өсу типі және жағдайымен сипатталынып, колонияның морфологиясы бойынша және дақылдың өсуі бойынша анықталады.

Таза дақылды алу процессі бірнеше этапқа бөлінеді:

І - этап зерттелуші материалдан жұғынды дайындап оны Грам немесе басқа әдіспен бояйды да, микроскоптайды. Зерттелуші материалдың бір тамшысын құрықпен Петри табақшасындағы қоректік агар бетіне жұқтырады да 370С температурада 18-24 сағатқа термостатқа қояды.

ІІ - этап табақшаны қарап, оқшауланған колонияларды зерттейды. Зерттелуші колонияның жасушаларының морфологиясын анықтау үшін жұғынды дайындап Грам бойынша бояйды да микроскоптайды.

Таза дақылды бөліп алу үшін бір бөлек колонияны алып бөлек қиғаш ағары бар түтікшеге немесе басқа қоректік ортаға егеміз. Ол үшін ілмекпен колонияның шетіне тигізіп (басқа колонияларға тигізбей) алып басқа ортаға жағады.

ІІІ - этап. Бөлінген таза дақылдың өсу сипатына көңіл аударамыз, ол бір қалыпты өсуі тиіс. Оны микроскопирделенде морфологиялық және тинкториальды қасиеттері бір қалыпты болу керек.

Таза дақылды алу үшін қолданатын әдістер мыналарға негізделген:

1) Бактериялдық жасушаны механикалық жалпылау.

2) Антибактериялды әсер ететін физикалық және химиялық факторлардың көмегімен зерттелуші материалды алдын ала өңдеу.

3) Себінділерді инкубациялау кезінде көрші микрофлораның өсіп өнуін физикалық және химиялық факторлармен таңдамалы тежеу.

4) Микроорганизмдердің өздеріне сезімтал лабораториялық жануарлар организмінде тез өсіп өну қабілеті.







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 2198. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия