Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Анаэробты микрофлораны алу мақсатындағы себулер қатаң анаэробты жағдайда жасалады




Спора түзуші анаэробты бактерияларды бөліп аларда алғашқы себуді 800С-тық су моншасында 20 минут бойы қыздырады, яғни бөгде микрофлораның вегетативті жасушаларын жояды.

Бірінші себулерде байыту араларында /Китта-Тароцци, тиаглюколь/ жасайды, сонан соң Петри шынысындағы тығыз орталарға бөлектенген колониялар алу үшін қайта себеді. Қантты қан агарына қантты қоректік тығыз агарының биік бағынасына Виньяль-Вейона, тәсілі бойынша егеміз. Бұл тәсіл анаэроб ағындыларды ауадан механикалық жолмен сақтауға негізделген. Егілген агарды стерильды /трубкаға/ қуыс ортаға сорып алып бітеп тастайды. Осылай қатаң анаэробтарға қолайлы жағдай жасаймыз.

Сабақтың мазмұны:

З бетімен жасайтын жұмыс.

1. Қоректік орталармен танысып оларды жіктелуін меңгеріп жазып алу.

2. Қоректік орталарды дайындауды, стерильдеу және талаптарын меңгеру.

3. Әртүрлі әдіс арқылы бактериальды қоректік ортаға егуді меңгеріп хаттамаға енгізу.

4. Бөлінген колонияларға дақылды баға беріп хаттамаға енгізу.

5. Бөлінген колониялардан жұқпа жасап болып, микроскопирлеп, бағалап хаттамаға енгізу.

Оқытушымен бірге жүргізілетін жұмыс:

1. Қоректік орталарды дайыңдау.

2. Қоректік орталардың РН анықтау.

3. Ілмекпен, инемен, шпательмен қоректік орталарға бактериаларға дақыл егу.

4. Өскен колониялардан таза дақыл бөліп алу үшін түтікшедегі қиғаш қоректік ортаға оқшауланған колонияны егу.

5. Оқшауланған колониядан дайындалған жұқпа препараттарды микроскопирлеп танып жауап беру.

Білім деңгейін тексеру және қортындылау.

Тестілер кітапша ретінде берілген.

Тақырып бойынша ситуациялық есептер:

1. Анаэробтардың таза дақылын бөліп алу үшін техникасында қандай қателік жіберілді?

2. Шымкент қаласында ішек инфекцияларының өршіген кезінде лабораторияда бір топ аурудан дизентерия, іш сүзегі, тырысқақ вибрионы бөліп алынып талданған. Бөлінген қоздырғыштарды арнайы микробиологиялық терминдермен негіздеңіз.

Медициналық-латын терминологиясы:

1. Аутотроф - /грек, autos - өзі, troph –тағам/

2. Гетеретроф - /грек, geteros - басқа, troph - тағам/

3. Пермеаздар - ақуыз тасмалдаушылар.

4. Транслокация - тасымалдау.

5. Анаболизм - синтез.

6. Катоболизм - ыдырау.

7. Индуцибельдік - шақыратын

8. Lag - кешігу.

9. Сапрофиттер - safros - шіру, phytos - өсімдік.

10.Паразит - арамтамақ.

11.Фермент - /лат, fermentum - ашыту/ - биокатализатор.

 

Тақырыбы: Қоректік орталар мен олардың классификациясы. Аэробтар және анаэробтардың таза дақылын алудың екінші және үшінші этаптары.

Тақырыптың өзектілігі: Қоректік орталар, оларды стерилизациялау ерекшеліктерін білу, аэробты және анаэробты микробтардың дақылын бөліп алуы, дақылдауы, бактериологиялық зерттеу тәсіліндегі ең маңызды мқселесі болып табылады.

Сабақтың мақсаты:Қоректік орталардың түрлерін, маңызын, тағайындалуын зерттеу тәсілдерін аэробты және анаэробты микробтарды бөліп алу әдістерін меңгеру.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

1. Қоректік орталардың жіктелуі.

2. Қоректік орталарға қойылатын талаптар.

3. Универсальды қоректік орталар.

4. Элективті /селективті/ қоректік орталар, оның тағайындалуы.

5. Дифференциалды - диагностикалық қоректік орталардың құрамы мен қолданылуы.

6. Қоректік орталарды стерильдеу әдістері.

7. Идентификация не болмаса диагностика мақстаныда лабораториялық жағдайда бактериялардың дақылдық қасиеттерін анықтау.

8. Идентификация не болмаса диагностика мақстыныда лабораториялық жағдайда бактериялардың сахаролиттік ферменттерін анықтау.

9. Идентификация не болмаса диагностика мақстаныда лабораториялық жағдайда бактериялардың протеолиттік ферменттерін анықтау.

10. Бактериялардың идентификациясы.

Қосымша ақпарат:

Қоректік орта дегеніміз- күрделі және жай құрамдардың әртүрлі қосылыстары болып келетін орталар. Оны лабораториялық жағдайда бактериялар мен басқа микроорганизмдерді көбейітіп өсіру үшін қолданылады.

Қоректік ортаны жануардан немесе өсімдіктен туындаған өнімдерден дайындайды. Қоректік ортада өсу факторының болуы үлкен маңызға ие. Оларды дайындау үшін экономикалық рентабельді тағамдық емес шикізат қолданылады: жарамсыз қалған қан алмастырушылар, жануар қанының гидролизаты, аминопетиферментативті, қан гидролизаты, биотехнология өнімдері - жем ашытқылары, жемдік лизин, жүзім ұнтағы, ақуыз лизин. Синтетикалық орталардың құрамына химиялық таза заттар- аминқышқылдары, минералды тұздар, көмірсулар, витаминдер және өсіру факторлары кіреді. Консистенциясы бойынша қоректік орталар сұйық, жартылай сұйық, тығыз болып келеді.

Құрамы бойынша - табиғи, синтетикалық және жартылай синтетикалық. Тағайындалуы бойынша негізгі, элективті және дифференциалды -диагностикалы болып бөлінеді.

Қоректік орта мына талаптарға сай болуы тиіс: бұл жерде барлық қоректік заттар жеткілікті болуы керек, тұздар, өсу факторлары, микроорганизмнің өсуіне қажетті заттары жеңіл сіңімді түрде болуы тиіс, оптимальды ылғалдылығы, тұтқырлығы, рН-ы оптимальды, стерильді болуы тиіс, мүмкіндігінше мөлдір және изотоникалы болуы тиіс. Бөгде заттар болмауы тиіс. Әрбір қоректік ортаны құрамына қарай әртүрлі әдіспен стерилизациялайды.

Универсальді (негізгі) - орталар, патогенді және патогенді емес бактериялардың барлық түрлері өсетін орта. Осы орталарға жататын: ет-пептонды сорпа (ЕПС), ет- пептонды агар (ЕПА).

Негізгі күрделі орталар – қанды, қан сарысулы және асциттік. Осы қоректік орталарды дайындау үшін 5-10%-ті дефибринделген қан не болмаса қан сарысуы, 25%- ті асциттік сұықтықтарды қосады. Сұйық қоректік ортаны дайындау үшін осы мөлшердегі қан сарысуын не болмаса асциттік сұықтарды қосамыз.

Мюллер-Хинтон агары – негізгі тығыз қоректік орта дискі әдісімен бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін қолданады.

Элективті /селективті/ қоректік орталар әртүрлі бөгде микрофлорасынан микроорганизмнің белгілі-бір түрін таңдамалы түрде бөліп алып жинақтау үшін тағайындалған. Элективті қоректік орталарға 1 пептон суы, рН- 8,0 тең орта, сілтілі агар /тығыз орта/, қоректік агар рН- 7,8; Леффлер ортасы, УТА /уызды тұзды агар/, Китта-Тароцци ортасы, Мюллер, селенит, Раппопорт т.б.

Дифференциальды-диагностикалы орталар қайсы-бір микроорганизм түрлерін олардың ферментативті және дақылдық қасиеттері бойынша шектеуге қолданады. Оның құрамына мына компоненттер кіреді: негізгі қоректік орта - бактерияның өсуін қамтамасыз етеді, белгілі бір көмір-қышқылы, түрлі-түсті индикатор. Дифференциалды-диагностикалы орталарға Гисс, Рессел, Эндо, Плоскирев, висмут-сульфат агары ортасы жатады.

Қоректік орталарды келесі әдіспен стерильдейді:

1) Жоғарғы қысымдағы бу арқылы /автоклавта/ стерильдеу.

2) Кох аппараты және автоклав арқылы ағынды бумен стерильдеу.

3) Механикалық стерильдеу /фильтрлеу/.

Орталадың стерильдігін бақылау үшін 370С-та 5 тәулікке термостатқа қоямыз. Сұйық қоректік орталар мөлдір болуы тиіс, ал тығыз қоректік орталардың беткейінде өсу белгілерінің болмауы тиіс

Бактерияларды өсіру үшін келесі дақылдау тәсілдерін қолданады:

1. Стационарлы тәсіл: қоректік орталар қалыпты сақталады. Олармен ешқандай қосымша манипуляция жүргізбейміз. Осылай сұйық қоректік орталарда дақылдау тәсілінде биомассаның шығып кетуі шамалы.

2. Тереңге аэрациялық дақылдау әдісі: осы тәсіл арқылы дақылдаған кезде арнайы құрылым реактерді қолданады. Бұл жерде қалыпты температура, оптимальды рН, керекті қоректік заттың мөлшерлі түсуі бір қалыпты болады. Олар әрдайым стерильді ауамен желденіп тұрады, орта әрдайым араласып тұру үшін араластырғыш орналастырылған. Осы ерекшеліктерге байланысты биомассаның максимальды шығуын қамтамасыз етеді.

Анаэростат микроорганизмдерді анаэробты жағдайда өсіруге тағайындалған. Хемостат- бұл аппаратта әрдайым ерекше резервуардан жаңа қоректік орта қосылып тұрады. Турбистаттың жұмысының принципі аппараттағы бактериальды популяциясының тығыздығын сақтап тұруға негізделген. Осы аппараттарда ортаның өзгермей сақтауының арқасында, үзіліссіз дақыл керекті фазада болып тұрады. Ол маңызды биологиялық қосылыстарының яғни биомассаның максимальды шығуы қамтамасыз етеді.

Анаэробты микрофлораны алу мақсатындағы себулер қатаң анаэробты жағдайда жасалады. Спора түзуші анаэробты бактерияларды бөліп оларды алғашқы себуді 80оС-тық су моншасында 20 минут бойы қыздырады, яғни бөгде микрофлораның вегетативті жасушаларын қояды.

Спора түзуші анаэробты бактерияларды бөліп аларда алғашқы себуді 80оС-тық су моншасында 20 минут бойы қыздырады, яғни бөгде микрофлораның вегетативті жасушаларын жояды.

Бірінші себулерде байыту араларында /Китта-Тароцци, тиаглюкол/ жасайды, сонан соң Петри шынысындағы тығыз орталарға бөлектенген колониялар алу үшін қайта себеді. Қантты қан агарына қантты қоректік тығыз агарының биік бағынасына Виньяль-Вейона, тәсілі бойынша егеміз. Бұл тәсіл анаэроб ағындыларды ауадан механикалық жолмен сақтауға негізделген. Егілген агарды стерильды /трубкаға/ қуыс ортаға сорып алып бітеп тастайды. Осылай қатаң анаэробтарға қолайлы жағдай жасаймыз. Анаэробты бактерияларды дақылдау үшін физикалық және химимялық, биологиялық әдістерді қолданады.

Физикалық әдістер:

1) Редукциялаушы және жеңіл тотығатын заттар бар ортаға егу.

2) Микробты тығыз қоректік ортаның терең қойнауына егу.

3) Түтікшелерден ауаны механикалық жолмен щығару. Түтікшелердегі ауаны қандай да бір интерферентті химиялық газбен /пирагален, натрий гидросульфат/ алмастыру.

Биологиялық әдістер анаэробтарды қатаң аэробтармен бірге өсіруге негізделген. Химиялық әдіс ауаны / Na S2O4 / сіңірілуге негізделген.

Комбинирленген әдіс физикалық, химиялық, биологиялық тәсілдерді қосып қолданғанға негізделген.

Колониялар. Тығыз қоректік ортада бактериялар колония түзеді. Олардың сыртқы көрінісі қайсыбір бактериялар үшін дифференциалды белгі ретінде қарастырылады. Колониялар өлшемі, пішіні, түсі, консистенциясы, шеттік контуры, құрылымы және беткейлік сипаты бойынша ажыратады.

Колониялар мөлшері бойынша ірі /4-5мм/, орташа /2-4мм/ және ұзақ /1-2мм/. Пішіні бойынша домалақ, резетка тәрізді, жапырақ тәріздес болады. Түсі бөлінген пигменттерге байланысты ақ, сары, қызыл т.б. болады.

Консистенция бойынша құрғақ, ылғал, маңызды немесе кілегейлі колония болады. Колониялардың беттері тегіс, әжімді, сызылған, жалпақ, дөнес басылған. Колониялардың ішкі құрылымы аморфты, дәнекті жіптер тәрізді болуы мүмкін. Сұйық қоректік орталарда кейбір бактерия дақылдары мыналармен белгіленеді, диффузды лайлану, кейбіреулері түбіне немесе қабырғаға өсумен, бетінде қабықша пайда болу, кейбіреулері пробирканың түбінде тұнба түзеді.

Бактериялардың биохимиялық қасиеттерін зерттеу: систематикасында классификациясында, идентификациясында, диагностикасында кеңінен қолданады. Дифференциалды диагностикалық орталарда бактериалардың сахаролиттік және протеолиттік ферменттерін анықтау таксономиалық маңызға ие. Сахаролиттік қасиетін анықтау үшін Гисс ортасына егеміз (қысқа және ұзын өшұбарң қатар). Егерде бактериалар көмірсуларды қышқылға дейін ферменттесе ортаның түсі өзгереді, көмірсулар қышқылға дейін ыдырап, газ түзетін болса, түсі өзгеруімен қатар попловокта көпіршіктер пайда болады.

Протеолитикалық ферментті анықтау үшін бактерия дақылын 10-20%- ті желатин, пептонды суы бар бағанаға ине шаншу арқылы егеміз. Желатиндегі егіндіні бірнеше күн бойы 20-22оС- та инкубациялаймыз.

Бактериялардың протеолитикалық ферменттері бар болса желатинді ыдыратып, осы жерде воронка не болмаса шырша тәрізді фигура пайда болады. Пептонды судағы егіндідегі пептон өнімдері ыдырағанан соң 37оС-та 23 тәуліктен кейін аммиакқа, индолға, күкіртті- сутекке, каталазаны табу үшін реакция қояды.

Аммиакқа реакция. Лакмусты қағаздың жіңішке жолағын қоректік ортаға тигізбей пробиркаға бекітеді. Қағаздың көк түске өзгеруі аммиактың түзілуін көрсетеді.

Индолға реакция. Эрлик тәсілі: бактерия дақылы бар пробиркаға 2-3 мл эфирді қосамыз, Эрлих реактивінен біренеше тамшыны тамызып, аралыстырамыз. Индол түзілетін болса түсі бозғылт түске боялады не болмаса бозғылт сақина түседі.

Күкіртті сутекке раекция. Пептонды суы бар пробиркаға темір сульфатына малынған фильтр қағазы жолағын қоректік ортаға тигізбей тығынмен бірге бекітеді. Күкіртті сутекті өндіргенде темір сульфиді түзіліп қағаз қара түске боялады.

Каталазаны табу. Зат шынысының бетіне 1-3% сутегінің асқын тотығының 1 тамшысын тамызып бактериялды дақылы бар ілмекті орналастырамыз. Каталаза сутегінің асқын тотығын оттегімен суға ыдыратады. Газды көпіршіктердің шығуы берілген бактерия түрінің каталазаны түзуімен сипатталады.

Идентификация – микроорганизмдердің түрлік (құрамын) анықтау. Қазіргі кезде идентификациялау әдісі зерттелетін микроорганизмдердің белгілі бір фенотиптік белгілері жиынтығын анықтауға негізделген.

Бактериялардың негізгі түрлік белгілеріне жататындар:

1. Микробтық жасушалық морфологиясы;

2. Тинкториалдық қасиеті- қарапайым және күрделі бояу әдістері арқылы боялу ерекшеліктері;

3. Дақылдық белгілері-қоректік орталардағы өсу ерекшектері;

4. Биохимиялық белгілері- бактерия ферменттерінің болуы.

Идентификацияда қолданылатын қосымша белгілерге жататындар:

1. Түрарнайы антигендердің болуы;

2. Түрсепцификалық бактерифагтарға сезімталдығы;

3. Белгілі бір антимикробты препараттарға түрлік резистентілігі.

4. Патогенді бактерияларға- белгілі вирулентті факторлардың өнімдері.

Соңғы жылдары жанама биохимиялық молекулярлы - биологиялық идентификация әдістері қолданыла бастады: хемоидентификация, нуклеин қышқылдарының анализі, рестрикционды анализ, гибридизация, полимеризациялық тізбекті реакция (ПЦР) риботиптеу және т.б.







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 3185. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.028 сек.) русская версия | украинская версия