Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сабақтын мазмұны




Өз бетінше жасайтын жұмыс:

1. Қоректік орталармен танысып олардың жіктелуін меңгеріп жазып алу.

2. Қоректік орталарды дайындауды, стерильдеу және талаптарын меңгеру.

3. Әртүрлі әдіс арқылы бактерияларды қоректік ортаға егуді меңгеріп хаттамаға енгізу.

4. Бөлінген колонияларға дақылды баға беріп хаттамаға енгізу.

5. Бөлінген колониялардан жұқпа жасап, бояп, микорскопирлеп, бағалап хаттамаға енгізу.

Оқытушымен бірге жүргізілетін жұмыс:

1. Қоректік орталарды дайындау.

2. Қоректік орталардың рН анықтау.

3. Ілмекпен, инемен, шпательмен қоректік орталарға бактериялардың дақылын егу.

4. Өскен колониялардан таза дақыл бөліп алу үшін түтікшедегі қиғаш қоректік ортаға оқшауланған колонияны егу.

5. Оқшауланған колониядан дайындалған жұқпа препараттарды микроскоптап, танып, жауап беру.

Білім денгейін тексеру және қорытындылау.

Тестілер кітапша ретінде берілген.

Тақырып бойынша ситуациялық есептер:

1. ОҚО 1998 ж. Келес ауданындағы тырысқақтың өршіген кезінде тырысқақ вибрионы бір уақытта судан, аурудан және тасымалдаушыдан бөліп алынған. Осыны арнайы микробиологиялық терминмен негіздеңіз.

2. Бактериялардың бір қалыпты популяциясын бөліп алу үшін дірігер бактериолог өскен микроорганизмінің қасиетін зерттеу үшін тығыз қоректік ортадағы бөлінген колонияның бір бөлігін алады. Бұл процессті арнайы микробиологиялық терминмен негіздеңіз.

Сабақтың тақырыбы: Вирустардың физиологиясы. Вирусологиялық зерттеу әдістері. Вирустардың индикациясы мен идентификациясы. Фагтар және фагатиптеу.

Тақырыптың өзектілігі:Биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып вирустарды дақылдау әдістерін білу вирустық инфекциялық ауруларының лабораториялық диагностикасының негізі болып табылады.

Сабақтың мақсаты:Облигатты паразиттерді-вирустарды дақылдау әдістерін меңгеру.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

1. Вирустардың жасушамен өзара әсерлесу механизмі.

2. Вирустардың қожайын жасушасына ӨТУ механизмі.

3. Вирустарды дақылдау әдістері және таза дақыл бөліп алу.

4. Ұлпалық дақылдардың жіктелуі. Оларды алудың негізгі этаптары.

5. Жасуша дақылында вирустардың көбеюі, оларды табу әдістері (цитопатикалық әсер, теңбіл дақтар әдісі, түрлі түсті сынама, гемагглютинация не болмаса гемадсорбция реакциялары).

6. Тауық эмбрионында вирустарды дақылдаудың жетістігі мен жетіспеушілігі.

7. Сезімтал лабораториялық жануарлардың организмінде вирустарды дақылдау әдістері.

8. Гемагглютинация және гемадсорбция реакцияларын қолдану және механизмдері.

9. Вирустарды идентификациялау әдістері (типтеу).

10. Бактериофагтардың биологиялық ерекшеліктері (фагтардың),олардың пішіні.

11. Инфекциялық фагтар: қозғалыссыз, вирулентті және әлсіз фагтар.

12. Фагтардың өмірлік циклы, өнімді инфекциямен бірге жүретін.

13. Редуктивті инфекциямен айқындалатын фагтардың өмірлік циклы.

14. Бактерия арасындағы генетикалық материалдың алмасуындағы жалпы және арнайы трансдукция процесінде әлсіз фагтардың ролі.

15. Бактерияға спектр әсері бойынша фагтарды дифференциялау, медицина саласында тәжрибие жүзінде қолдану.

16. Қоршаған ортадан фагтарды бөліп алу.

17. Фагтарды сандық және сапалық анықтау әдістері.

18. Фагтардың литикалық әсері спектүрін анықтау.

19. Лизогенияны анықтау.

Қосымша ақпарат:

Вирустардың өмірлік циклі жасуша нысанындағы мембранасына адсорбциялаудан басталады және жасушада қайта синтезделген вириондардың шығуымен аяқталады.

Циклдар келесі стадиялардан тұрады:

1) Адсорбция.

2) Жасушаға вириондардың өтуі, суперкапсиді және ақуызтарды бір уақытта бұзып, геномды нуклеин қышқылдарының шығуы.

3) Жасушаішілік вирустардың көбеюі, жетілген вириондардың жасушадан шығуы.

Вирустардың жасушаға енуінің 2 -механизмі бар:

1) Вирустардың суперкапсиді мен жасуша мембранасымен қосылуы, осыған байланысты нуклеокапсид цитоплазмаға босап шығып, вирустың геномын қасиетін шығарумен сипатталады.

2) Екінші механизмі рецепторарқылы эндоцитоз (пиноцитоз) деп аталады.

Вирустар облигатты жасушаішілік паразит болып табылады, олар жасанды қоректік ортада өсуге қабілетісіз.

Оларды дақылдау үшін 3 әдіс қолданады.

1. Жасуша дақылында.

2. Тауық эмбрионында.

3. Сезімтал лабораториялық жануарлардың ағзасында.

Вирустардың облигатты паразитизмнің себебеі оларда жасушалық құрылым мен меншікті зат алмасу процесі болмайды. дақылдау әдісін таңдау вирустың мақсатына байланысты.

Жасуша дақылын алғашқы (егілетін) жартылай егілетін жәнеегілетін деп бөлінеді. Алғашқы 5-10 пассажға төтеп беретін жасуша дақылы жатады. Алғашқы дақылды дайындау бірнеше этаптан тұрады: ұлпаны ұсақтау трипсинизация жолымен жасушаларды ажырату, жасушаларды трипсиннен ажырату, біртекті изоляцияланған жасушаларды қоректік ортада суспензиялау егілетін бір қабатты жасуша дақылдарын қатерлі және қалыпты жасуша тізбегін құрайды. Оларға қатерлі ісік жасушалары, адамның, маймылдың бүйрегінің қалыпты жасушалары жатады. Жартылай егілетін дақылдарға адамның диплоидты хромосома жиынтығын сақтайтын жасуша жүйесі ретінде беріледі.

Вирустың жасуша дақылында өсуін цитопатиялық эффектісі, жасушада қосымшалар түзілуі, теңбіл дақтардың түзілуі бойынша және гемадсорбция феномені мен түрлі түсті реакция бойынша бағалайды. ЦПҚ -жасушаның микроскоппен көрінетін өзгерістері. Қосымшалар-арнайы бояу әдістерінде ядро мен цитоплазмада кездестіруге болатын вирустық бөлшектердің, вирустық ақуызтардың жұмысы. Теңбіл дақтар (бляшкы) -вирустардың әсерінен жасушадағы бұзылған бөліктер, оны бірқабатты жасуша дақылында вирустарды өсіру кезінде байқауға болады.

Гемадсорбция реакциясы – вируспен залалданған жасуша дақылдарының өзінің беткейінде эритроциттерді адсорбциялау қабілетіі, түрлі-түсті (цветная проба) сынақ индикаторлы қоректік орталардың түсіндегі өзгерістерге негізделген. Вируспен залалданбаған жасушаның өсуі салдарынан метаболизм өнімдері жинақталып, қоректік орта түсінің өзгеруі туады.

Тауық эмбрионын тұмау, герпес, жел - шешек вирустарын дақылдауда кеңінен қолданады, олар амнионда, хорионалантоисты қабықшада, сарыуыз қапшығында аллантоисты қуыста репродукцияланады. Бұл әдістің көпшілігі эмбрионды жармай жатып зерттелуші микробты таба алмауы және онда ақуыз деп басқа қосылыстардың көп болуы, бұл әртүрлі препараттар дайындағанда олардан вирусты тазартып алу қиындығын туғызады.

Вирустық инфекциялық аурудың моделін тұрғызу және вирусты бөліп алу үшін жаңа туған жануарларды пайдаланып, тері асты, тері ішілік, бұлшық ет ішілік, құрсақ ішілік, субдуральды және т.б. залалдау әдістерін қолданады. Бұл әдістің артықшылығы-басқаларда нашар өсетін вирустарды алу мүмкіншілігі бар. Көпшілігі-жануар организмінің басқа вирустар мен микоплазмалармен контаминациясы және де сол вирустың таза дақылын алу үшін қайта залалдау қажеттілігі, бұл зерттеу мерзімін ұзартады.

Гемадсорбция реакциясы вирустарды жасуша дақылында немесе тауық эмбрионында индикациялау үшін қолданады.

Фагтың бактериальды жасушаға адсорбциясы. Жасуша қабырғасынан айрылған бактериофагтарда (протопластарда) адсорбция жүрмейді. Фаг нуклеин қышқылының өсінді каналы арқылы бактерия жасушасына инъекция жолымен өтеді. Бұндай жағдайда адам мен жануар вирусына қарағанда айырмашылығы, бастың капсид ақуызтары мен өсінділері жасушаның сыртында қалып қояды. Нуклеин қышқылы фагының репликациясы және фагоарнайы ферментінің транскрициясының синтезі және көптеген репликациялар басқа вирустардың репродукциясы сияқты жүреді. Жетілген фагтар бактерия жасушасынан жарылыс жолымен шығады, ал кейбір ДНҚ-лы жіпшелі фагтар бактерияның жасуша қабырғалары арқылы сыртқа шығарылады.

Вирустардың типтерін анықтау, типоарнайы сары су көмегімен вирустың биологиялық активтілігін нейтрализациялау негізделген. Ең соңғы нәтижесі олардың келесі белгілерімен сипатталады:

1) Цитопатикалық жердің нейтрализациясы.

2) Гемадсорбция реакциясының нейтрализациясы.

3) Түрлі-түсті сынама өзгерісінің айқындалуы.

4) Гемагглютинация реакциясының тежелуі.

5) Сезімтал жануарларға тәжірибе жүзіндегі нейтрализация.

Вирустарды идентификациялау үшін иммунофлюоресценция әдісі, тағы басқа ДНҚ-ДНҚ (РНҚ-РНҚ) – гибридизация әдісі.

Бактериофагтар - бактерия вирусы. Бактериофагия - фагтардың бактерия мен өзара әсерлесу процесі, олардың бұзылуымен аяқталады. Вирустардың барлық биологиялық қасиеттері де фагтарға тән. Олардың геномды ДНҚ-не болмаса РНҚ-мен сипатталады және ақуызды қабықшасы (капсид), структуралық суббірлігі спиральді не болмаса кубты симметриялы типті болып келеді.

Ірі фагтар, құйрығы бар бинарлы симметрия типті болып құралған. Пішіні бойынша фагтар - жіпше тәрізді, сфера тәрізді, басы және құйрығы бар фагтар болып бөлінеді.

Әртүрлі формадағы фагты инфекция шақыратын инфекциялық фагтар және инфекциялы емес. Олар көбею стадиясында тұрады. Инфекциялық фагтар қозғалыссыз (жасушадан тыс тұрушы), вирулентті инфекцияның продуктивті формасын шақырушы және әлсіз фагтар - продуктивті фагты инфекцияны шақыруымен сипатталады.

Фагтардың өмірлік циклі, продуктивті инфекциямен қатар жүреді, 6 стадиядан, әрқайсысы бірнеше этаптан тұрады:

1) Арнайы рецепторлар көмегімен бактерия жасушасының беткейіне фагтардың адсорбциялануы.

2) Жасуша қабырғасы және цитоплазматикалық мембрана арқылы фагты геномның жасуша ішіне енуі және қабықшадан шығуы.

3) Геномдағы хабарды тасымалдау үшін белогы көмегімен фагты геномның тұрақталуы.

4) Фагты геномды ДНҚ-не болмаса РНҚ-ң репликациясы.

5) Синтезделген вириондардың қайта жиналуы-ақуызды қабықшаға геномды РНҚ-ң тұрақталуы, фагтардың морфогенезі.

6) Жасуша ішінде лизиске ұшырауы не болмаса бүршіктену жолы арқылы синтезделген фагтардың жасушадан шығуы.

Редуктивті инфекциясының келіп шығуы - фагтың геномы жасуша ішіне енгенде, бірақ фагтың көбеюі жүрмейді, қожайын жасушасы хромосомасына олардың геномы интеграцияланады, демек фаг профагқа айналады жасуша болса лизогенияға ұшырайды. Оларды әлсіз фагтар ғана шақырады және өмірлік циклі келесі стадиядан тұрады:

а. жасуша беткейіне фагтардың адсорбциялануы.

б. бактериальды жасушаға фагты ДНҚ-ң енуі.

в. сайт-фагты ДНҚ-ң қожайын жасуша хромосомасының арнайы интеграцияның және фагтың профагқа айналуы.

Бактерия арасында генетикалық материалдардың алмасуында әлсіз фагтар негізгі роль атқарады. Бұл процесс трансдукция деп аталады. Жалпы және арнайы трансдукция болып бөлінеді. Жалпы трансдукция процесінде фагтардың жасуша ішілік көбеюі кезінде кездейсоқ олардың басына фагты ДНҚ фрагменті орнына бактериальды ДНҚ кіреді және дефекті вириондар келіп шығады. Осы фагтар инфекциялық қажетті сақтайды, әрі қарай фагтардың көбеюі жүрмейді. Арнайы трансдукция кезінде фагтар анықталған пәндерді тасымалдайды және әлсіз фагтардың қожайын ие жасушасы. Арнайы трансдукция кезінде фагтар анықталған гендері тасымалдайды және әлсіз фагтардың қожайын ие жасушасының хромосомасының интеграциясына байланысты.

Бактерия фагтарының спектр әсері бойынша поливалентті, монофагтар және типоарнайы фагтар, түр ішіндегі бактерияларды ақуыз варианттары мен лизиске ұшырауына алып келеді. Бактерия қүрылымдарын бұзушы қасиеті бойынша фагтар емдік және профилактика ретінде көптеген ауруларға қолданады, стандартты фагтарды ауру қоздырғыштарының қатарын фаготиптеу үшін қолданады. Микроорганизмдердің генетикасының зертеуде фагтар кең түрде қолданады.

Вирулентті фагты алу үшін фильтрат дайындайды, бактериальды фильтр арқылы материалды (суды, нәжіс суспензиясын) өткізеді. Фильтратты осыған тиісті бактерия дақылын бульонға егіп 37оС 18-24 сағатқа инкубациялайды. Дақылдың лизиске ұшырағаннан кейін қалған бактериальды жасушаларды центрифуга арқылы немесе фильтр қағазы арқылы алып тастаймыз. Фильтраттарға фагтарды сапалық және сандық әдіспен анықтаймыз.

Сапалық әдіс бойынша фагтарды анықтау үшін сорпаны дақылды қоректік агары бар Петри табақшасына егеміз және 37оС-та кептіреміз. Сонан соң газон бетіне фагтың 1 тамшысын тамызып табақшаны еңкейтеміз, келесі бетіне ағуы керек. Термостатқа бір тәулікке қойылған табақшаны алып қарағанымызда, фаг тамшысының аққан жол бойында лизиске ұшыраған аймақты байқаймыз. Сандық әдіс бойынша бактериальды газонның жаппай бетіндегі дақтардың санын анықтаймыз. Егілген араласпамен фагты бөлшектің санына сәйкес келеді. Фаг суспензиясының 1мл-гі дақ түзуші бірліктің мөлшерін есептеп шығару. Бұл өлшем фагтың концентрациясы титр деп аталады.

Қоректік ортасы бар табақшаны квадратқа бөледі, әрқайсысына тиісті сорпаны дақылды тамызады және сыналатын фагты тамызады. Инкубацияланғаннан кейін қайсы квадратта бактерияның тегіс лизиске ұшырағанын белгілейміз. Сыналатын фагтардың әсері бойынша әртүрлі бактериальды дақылдардың лизиске ұшырауына байланысты, олардың литикалық әсерінің спектрінің кеңдігін анықтайды.

Зерттелетін тәуліктік сорпаны дақылды бактериядан фагтарды бөліп алу үшін центрафугациялаймыз, бірақ бактериялар тез арада фагтарды өндіріп шығарса, ерітіндінің тұнбасы болады. Тұнбадағы фагтарды анықтау үшін индикаторлы бактериальды дақылды газонға егеміз, бір тәуліктің инкубациядан кейін, лизис ошақтары пайда болады.

САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ:

Өз бетімен жасайтын жұмыс:

1. Демонстрациялық препараттардан жасуша ішілік қосындыларды зерттеу Гварниери және Бабеш-Негри денешіктерін зерттеу.

2. Тауық эмбрионындағы және жасуша дақылындағы вирус репродукциясын анықтауға а/ ЦПД арқылы тауық эритроциті көмегімен ГАР-сын жүргізу.

3. Микрофотографияға және слайдтар бойынша бактериофагтардың құрылысын зерттеу.

4. Топырақ суспензиясының фильтратынан B. sybtіllіs фагын анықтау (сапалық әдіс).

5. E. сolі бактерифагын титрлеу (сандық әдіс).

6. Ыдыстарға бактериофаг препараттарын көру (дизентериялық, іш сүзегі, колипротеиндік ).

Оқытушымен бірге жасалатын жұмыс:

Вирустардың дақылдау әдістерін жүргізу және танысу:

1. Тауық эмбрионын жарақаттату.

2. Вирусы бар материалды лабораториялық жануарларға егу.

3. Вируспен жарақатталған тауық эмбрионын және лабораториялық жануарларды зерттеу ұлпаларды микроскопирлеу вирусты жобалап анықтау.

 
 

 

 







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 1984. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия