Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Антибиотиктер




Антибиотиктер – микроорганизмдерден, жануарлар жасушасынан, өсімдіктерден өндірілетін химиотерапевтикалық заттар. Олар микроорганизмдердің және қауіпті ісіктің өсіп және көбеюін тоқтады.

Өндіруіліне байланысты антибиотктер 5 тобқа бөлінеді:

1) Саңырауқұлақтардаң алынатын антибиотктер.

2) Актиномицеттерден алынатын антибиотктер.

3) Бактериялардан алынатын антибиотиктер.

4) Жануарлардан алынатын антибиотиктер.

5) Өсімдіктерден алынатын антибиотиктер.

Химиялық құрамына байланысты АБ бірнеше түрге бөлінеді:

1) Беталактамды антибиотиктер.

2) Стрептомицинді антибиотиктер.

3) Макролидті антибиотиктер.

4) Аминогликозидті антибиотиктер.

5) Тетрациклинді антибиотиктер.

6) Туберкулезге қарсы антибиотиктер.

7) Фосфомициндік антибиотиктер.

8) Табиғи емес антибиотиктер /фторхинолиндер/.

Антибиотиктердің әсер ету механизмі бойынша бір-бірінен ерекшелінеді:

Жасуша қабырғасына, ЦПМ-ға, рибосомаға және нуклеодке әсер етеді, яғни жасуша синтезіне және функциясына әсер ететін морфологиялық компонентер және органеллалды тежейді.

Антибиотиктер әсер ету спектрі бойынша шағын және кең спектрлі болып бөлінеді:

Бактериялардың дәрілік тұрақтылығының екі типі болады: табиғи және жүре біткен.

Табиғи дәрілік тұрақтылық түрдің өзіне тән сипаты яғни берілген антибиотикті түр қабылдамайды, ол антибиотиктердің әсер ететін нысанасының болмауына байланысты.

Жүре біткен дәріге тұрақтылық кейбір бактериялардың түрлерінде геномның өзгеруіне байланысты болып келеді.

Гендік өзгерістің 2 варианты мүмкін.

Антибиотиктерге тұрақтылық біреуге бактериальдық хромосомадағы мутацияға байланысты, екіншілік – плазмидалар беретін қосымша қасиеттерге байланысты.

Вирустарға деген ХТП-ның эффективті болмауы олардың өзіндік энергия көзі, синтездеуші материал метаболизмі болмауы себебінен.

Кейбір вириондар өзінің құрамында вирусарнайы ферменттерді немесе вирусарнайы өнімдердегі биосинтез реакциясын катализдейтін, қожайын жасушасы үшін маңызды информацмяны алып жүреді. Бұл реакциялардың ингибиторларын табу қиындығы олардың қожайын-жасушасының ферменттерімен өте ұқсастығы, сол себептен қожайын жасушасы да зақымданады. Вирустарға қарсы препараттар интерферон, амантадин, ремантадин, ацикловир, азидотимдии.

Антибиотиктермен емдеудің жаңама әсерлері:

1) аллергиялық реакциялар - антибиотик аллерген ретінде әсер етеді /анафилактикалық шок, дерматит, бөртпе /сыпь/ және т.б.

2) Токсикалық реакция - ұзақ уақыт емдегенде антибиотиктердің фармакодинамикалық органотропты әсеріне байланысты.

3) Эндотоксикалық реакция - АБ-дің әсерінен грам – бактериялар жаппай бұзылуына байланысты, эндотоксиндердің қанға түсуі.

4) Дисбактериоз - қолданылған АБ-тен патогенді қоздырушыға ғана емес сонымен қатар қалыпты микрофлораға әсер ететіндіктен пайда болады.

Бактериялардың антибиотиктерге деген сезімталдығын анықтаудың бірнеше әдісі бар, көбінесе қолданылатын мына екеуі: Антибиотиктер бар стандартты дискілер агар ішіне қойып, диффузиялық әсер ету арқылы, Антибиотиктерді сериялы түрде араластыру әдісі.

Адам организмдегі антибиотиктердің концентрациясы. Олардың негізгі қасиеттерінің біріне жатады. Антибиотиктердің фармакокинетикасы олардың ұлпалар мен сұйықтықтар сіңірілуі енуі таралуына және шығуына байланысты. Қандағы антибиотиктердің концентрациясын біліп салыстыру, олардың науқасты емдеу жоспарын, антибиотикотерапиясын схемасын белгілеу үшін және қажет.

Микроорганиздердің өмір сүруі сыртқы ортаның әсеріне байланысты болады, олар бактериоцидтік, яғни жасушаны өлтіру әсері немесе бактериостатикалық микроорганиздердің көбеюін тежейді. Мутагендік әсері – тұқымқуалаушылық қасиеттерінің өзгеруіне алып келеді. Сыртқы ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторлары микроорганиздерге әртүрлі әсерін тигізеді.

Микроорганиздер температуралық параметрлеріне байланысты 3 топқа бөлінеді: термофильді, психрофильді, мезофильді. Термофильдер - үшін оптимальды өсу зонасы 50-60оС, өсудің жоғарғы тежелу зонасы 75оС, төменгісі 45оС. Психрофильдер /салқынсүюшілер/ - оптимальды өсу зонасы 10-15оС өсудің максимальды тежелуші зонасы 25-30оС, минимальды 0-5оС. Мезофильдерді негізгі патогенді және шартты патогенді бактериялар тобына енгізеді. Олар температураның 10-нан 47оС – диапазонында өседі, көбісі үшін өсу оптимизмі 37оС.

Көптеген бактериялар әлсіз негіздік нейтральды не болмаса әлсіз қышқылды реакциялы ортада өседі, көбеюі процесі кезінде рН-тың ауытқуына байланысты өсу тоқтайды да, микрорганизмдердің өлуіне алып келеді. Ылғалдағы жоғары ортада микроорганизмдердің көбеюі мен өсуі жүреді. Ортаның ылғалдығы төмендегенде жасуша баяу стадиясына ауысады да, соңынан өледі. Иондаушы радиация жасушаға енуі басымырақ және жасушалық геномды зақымдалуына әсерін тигізеді. Ультрадыбыстар локальды қыздыру не болмаса қысымды көтерілуіне байланысты микробтық жасушалардың органллаларының деполимеризациясына алып келеді. Осматикалық қысымның көтерілуіне не болмаса төмендеуінің нәтижесінде жасушалық мебрананың үзілуіне және микробтық жасушаның өлуі болады.

Микроорганизмге химиялық заттар әртүрлі әсерін тигізуге мүмкін, қоректену көзі болып, кейбір әсерлердің болмауы, өсуді нықайту не болмаса тежеуды. Сыртқы ортадағы микроорганизмдердің химиялық заттармен өлтіру – дезинфекция деп аталады.

Микробтарға қарсы химиялық заттар класына мыналар жатады:

1) Галогендер және олардың байланыстары,

2) Тотықтырушылар,

3) Қышқылдар және олардың тұздары,

4) Негіздер,

5) Спирттер,

6) Альдегидтер,

7) Ауыр металдардың тұздары, фенол және олардың туындылары,

8) Оксихинолин, 4- хиноксалин және хиноксалин туындылары,

9) Нитрофуран туындылары,

10) Беткейлік – активті заттар,

11) Триклозан,

12) Ұзын тізбекті май қышқылдары,

13) Фитонцидтер,

14) Антибиотиктер,

15) Бояғыштар.

Микробтарға қарсы заттар әсер ету механизмі бойынша:

Антибиотиктер бактерия жасуша қабырғасының поптидогликанын деполимеризациялаушы, б/ жасуша мебранасының өткізгіштік қасиетін арттыруын, в/биохимиялық реакцияларға ақуыздық әсері, г/ денатурациялауын ферменттер, д/ тотықтыратын метаболиттер және микроорганизмдердің ферменттері, е/ липопротеинді құрылымдары ерітушілер, ж/ генетикалық аппаратты зақымдаушы не болмаса олардың функциясына ақуыздық әсерін тигізеді.

Микробтық деконтаминация дегеніміз не болмаса сыртқы ортадан және адам биотоптарынан микроорганизмдерді толық не болмаса бөлшектеп алып тастау.

Стерилизация - сыртқы ортадағы әртүрлі ортадағы микроорганизмдерді физикалық және химиялық әсерлермен жою жиынтығын айтамыз.

Реинфекция - адамға шартты-патогенді микроорганизмдердің вегетативті және спораны пішінін химиялық, физикалық және механикалық әсерлер жиынтығымен толық залалсыздандыруды айтамыз.

Асептика – емдік және диагностикалық манипуляцияларда адам организмінің тканіне немесе қуыстарына қоршаған ортадан микроорганизмдердің түсіп кетуінің және зерттеу материалдарының қоректік ортаның дақылдарының лабораториялық зерттеулері кезінде залалдануының алдын алатын шаралар жүйесі. Асептика инструменттердің, материалдық стерилизациясын, медицина қызметкерлерінің қолының тазалығын, негізгі санитарлы-генетикалық шаралардың сақталуын қамтамасыз етеді. Антисептикалық - тері мен кілегейлі қабықшаның жарақаттанған немесе жанасқан жерлерінде инфекциялық процесс тудырушы микроорганизмдерді жоюға бағытталған емдік-профилактикалық шаралар комплексі.

Микробиологиялық және иммунологиялық зерттеу бойынша қоректік ортаның контаминациясынан және жасуша дақылынан тыс, микробты жасушаның адам организміне енуіне кедергі жасауда стерилизация негізгі мақсатта пайдалады.

Стерилизацияны физикалық, химиялық және механикалық әдістермен жүргізеді. Физикалық факторларға спиртовка отында қыздыру, мысалы: Бактериологиялық тұзақтар мен цинцеттерді. Пастер пешімен құрғақ буы арқылы стерильдеу – 45 минут бойы 165-170оС-та қыздырып бактериоцидтік әсер беруге негізделген. Құрғақ бумен шыны ыдыстарды стерильдейді.

1) Автоклавтағы қысым асты бу - қоректік орталарды орама-тану материалдарын, төсек материалдарды стерилизациялауға негізделген.

2) Тиндализация – жоғарғы температураға төзімсіз заттарды /қан сарысуы, витаминдер/ стерилизациялау тәсілі.

3) УК сәулелермен бокстардың, операция бөлмелерінің, бала мекемелерінің ауасын стерильдейді.

4) Қайнату – шприцтерді, ұсақ хирургиялық инструменттерді, жабын және бұйым шыныларын стерильдеуге негізделген.

5) Пастеризация – сусындар мен азық-түліктерді стерильдеу.

6) Механиалық стерильдеу – микроорганизмдерді ұсақ санлаулы фильтрлерде ұстап қалуға негізделген.

7) Химиялық стерильдеу әдісінде бактериоцидтік қасиетке ие химиялық заттарды қолданылады.

Стерилизация режимін таңдағанда бастапқы контаминацияға көңіл аудару қажет, оны сандық ғана емес сапалық тұрғыда бағалайды, яғни микробтын стерильдеуші фактроға төзімдіоігін анықтайды.

Стерилизация режимін қадағалау үшін жаңа диагностикумдар құралуда. Тест – дақыл ретінде қолданылады, оның спорасы 121оС-та 15 минут ішінде жойылады. Автоклавтық әсерін бақылау үшін физикалық әдістермен қадағалайды, мысалы: бензонафтоллин – балқу температурасы 110оС, антипирин-113оС, бензоидты қышқыл-120оС. Автоклавтағы температура жеткілікті болса алынған бояуға тиісті заттар балқытып белгілі бір түске боялады.

Екі тест объектілерін дайындау:

а/ жібек жіп, Е, дақылынан алынған.

б/ жібек жіп, спора түзуші дақылмен алынған жіптерді 5%-ті фенол ерітіндісіне, 5%-і лидол ерітіндісіне, 10%-і хлор извест ерітіндісіне 5 және 60 минутқа салып қоямыз, кейін зерттелетін заттардан жуып тастаймыз. Қоректік буьонға егіп, термотатқа қоямыз. Қойылған тәжірибиенің нәтижесіне қарап, қорытынды жасаймыз.

Петри табақшасындағы төстік – дақыл егілген қоректік ортаның бетіне фильтр қағазынан жасалынған дискілерді зерттелетін ерітінділерге алып, бетіне қоямыз. Инкубациядан кейін антибактериальдық әсерді бактерия өсуінің дискілердің шетіндегі зоналарға қарап білеміз.

Сабақтың мазмұны:

Оқытушымен бірге жұмыс:

1. Негізгі антибиотиктердің бактерияларға қарсы спектүрін анықтау.

2. Диск және сериялық араластыру әдістерімен микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.

3. Антибиотиктердің адам организмінің сұйықтықтарына сезімталдығын анықтау.

4. Бета-лактамазаны анықтау.

Өз бетінше жұмыс:

1. Стафилококктардың диск әдісі арқылы қр түрлі антибиотиктерге сезімталдығын анықтау бойынша тәжірибе жүргізу.

2. Қойылған тәжірибе бойынша мынаны анықтай: а/ Сериялық араластыру әдісі арқылы бактериальды дақылдар үшін пенициллиннің минимальді ингибирлеуші концинтрациясын. б/ науқастың қан сарысуындағы пенициллиннің концентрациясын. Бета-лактамоза өндіретін стафилококк штамдарының, в/ пеницилинді инактивирлеуші қабілетіін.

1. Қайнату және автоклавтау әдістермен жүргізілген. Объекттер арқылы стерилизация эффектісін бақылау және бактерияларға тетс қою тәжірибесінің нәтижесін ескеру. Қорытынды жасау.

2. Егілген стафилококктар мен БГКП-нің ультракүлгін сәулесінің антибактериальды әрекеті арқылы анықтау.

3. Анитсептикалық және дезинфекциялы заттарды антимикробтық әрекеті арқылы қойылған тәжірибиелердің нәтижесін ескеріп, анықтау. Қорытынды жасау.

Тақырып бойынша ситуациялық есептер:

1. Науқастан бөлінген дақылдың антибиотиктерге деген сезімталдығын анықтады. Полипептидті антибиотиктерге-полимиксинге және ристамицинге қоректі агарда диск бойынша қайталап зерттегенде тұрақтылық байқалады. Бірақ сериялы түрде араластырғаннан кейін осы микроорнаизмдерде осы антибиотиктерге сезімталдығын өте төменгі концентрацияның өзінде байқалды. Осы зерттеу әдістерінде сезімталдықтың әртүрлі болу себебін дәлелдеңіз.

2. М. науқасының сарысуынан бөлінген микроорганизмдер пенициллиннің терапевтикалық дозасына сезімтал, ал стрептомициннің максмальды дозасына ған сезімтал. К. науқастан бөлінген дақыл гентамициннің максимальды концентрациясына сезімтал емес. Аурулардан бөлінген дақылдардың АБ деген сезімталдылық дәрежесін анықтаңыз.

3. Аурудан дақылы бөлінді. Осы қоректік ортада диск әдісі бойынша зерттегенде пеницилинге сезімтал болып шықты. Бір тәуліктік инкубациядан кейін аурудан бөлінген дақылдың қасында стандартты штамм өсіп шықты. Неге стафиококтың пенициллинге сезімтал стандартты штамм өсіп шықты.

4. Автоклав жұмысының эффективтілігін бақылау үшін автоклавқа стерилизацияланатын обьектпен бірге бензой қышқылын орналастырамыз. Автоклавтаудың барлық жағдайын ескере отырып, стерилизация жасап болғанан кейін /-ны, уақытты, қысымды/ бензой қышқылы еріген.

5. Автоклавтау температурасын және стерилизация эффективтілігін анықтаң.

6. Қоректік ортаның стерилизациялау нәтижесіндегі стерилизация эффективтілігін бақылау үшін автоклавқа балқыту температурасы 110оС-тан бензонафтол орналастырады. Стерилизация нәтижесінен кейін бензонафтол ерімеген. Автоклавтаудың дұрыс жүргізгендігі және қоректік ортаның стерилизациялау сапалығына мінездеме беріңіз.

Медициналық - латын терминологиясы:

1. Антибиотиктер – қарсы, - өмір, тіршілік.

2. Резистенттілік – тұрақтылық.

3. Цидтік әсер - өлтіретін әсер.

4. Статикалық әсер - өсудін және көбеюін тоқтату.

5. Трапеция – емдеу.

6. Ингибирование – тежеу.

 

 

 

Антибиотиктердің бактерияларға қарсы әсері

 

 

       
   
Диск-диффузионды әдіспен антибиотиктерге сезімталдығын анықтау Қоректік ортаның бетіне бактерия культурасын қондырғаннан кейін антибиотигі бар диск енгізіледі. Дисктегі антибиотиктің диффузиясы нәтижесінде сезімтал қоздырғыштың өсуі тоқтайды (өсу аймағының тоқтатылуы). Бұл әдіс инкубацияның 18-20 сағатынан кейін тығыз қоректік ортада тез өсетін микроорганизмдер үшін ғана стандартталынған. Көкіріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa) табиғатынан көптеген антибиотиктерге тұрақты. P.aeruginosa тудырған ауруларды емдеу үшін бета-лактамды антибиотиктер,аминогликозидтер және хинолондар қолданылады.
 
 

 

 


 

Көкіріңді таяқшаның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау

 







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 2618. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия