Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырыбы: Санитарлық микробиология негіздері, эколоия. Адам денесінің қалыпті микрофлорасы. Дисбактериоз




Тақырыптың өзектілігі:Адам денесінің қалыпты микрофлорасын, оның жастық ерекшелігін дисбактериоздың маңызын білу, адам организімін дұрыс түсініп, микробиологиялық диагностикасында және микроорганизмдердің экологиясын және оның санитарлық негіздерін яғни қоршаған ортаның микрофлорасын зерттеу санитарлық-эпидемиологиялық маңызы зор.

Тақырыптын мақсаты: Адам организімінің қалыпты микрофлорасын және ауа, су, топырақтың санитарлы-бактериологиялық зерттеу әдістерін игеру. Дисбактериоз кезіндегі препараттардың қолдануымен танысу.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

1. Биосферада түраралық қарым-қатынастың қандай түрлері болады?

2. Топырақ микрофлорасы.

3. Қандай организмдер санитарлық көрсеткіш деп аталады?

4. Топырақтың Нәжіс арқылы залалданғанын немен куқландырады?

5. Су микрофлорасы, ластану дәрежелері.

6. Судың санитарлық-микробиологиялық жағдайы қалай бағаланады? “Коли-титр”, “коли-индекс” түсінігіне анықтама беріңіз?

7. Ауа микрофлорасы.

8. Ауа санитарлы микробиологиялық бағасы.

9. Табиғаттағы зат айналу микроорганизмдердің ролі (азот, көмірсу, күкірт, фосфор, темір және оған қатысатын микробтар).

10. Адамның қалыпты микрофлорасы, динамикалық, экологиялық жүйе ретінде және ол жердегі өзара қарым-қатынас.

11. Адам денесінің микрофлорасы, оның сапалық және сандық құрамы, микроорганизмдердің жағдайының көрсеткіші ретінде.

12. Жоғарғы тыныс жолдарының микрофлорасы, оның негізгі өкілдері.

13. Адамның зқр шығару және жыныстық трактісінің микрофлорасы, ондағы ерлер мен әйелдердің айырмашылығы.

14. Асқазан ішек трактісінің микрофлорасы: ауыз қуысының, өңештің, асқазанның, аш ішектің.

15. Тоқ ішектің микрофлорасы, олардың сандық және сапалық құрамы.

16. Тоқ ішектің микрофлорасының маңызы мен микрорганизмге әсері.

17. Медициналық бұйымдармен қызметкерлерінің қолын санитарлық бактериологиялық зерттеу. Дисбактериоз оның себептері. Дисбактериозға коррекция жүргізуге арналған препараттар (эубиотиктер).

Қосымша ақпарат:

Симбиоз- екі түрге жататын микроорганиздердің бірге өмір сүру нәтижесіне екі популяцияның өсуіне, көбеюіне зиян келмейді. Метабиоз - микрорганиздердің бір-бірімен қарым-қатынасы, бір микроорганизм өмір сүру үшін, екінші микрорганизнен қорек алып отырады. Мутуализм - өзара пайдалы әртүрлі организмдердің өзара қарым-қатынасы. Коменсализм - қр түрлі особтардың бір-біріне зиян келтірмей, біреуінің одан пайда көріп бірге өмір сүруін айтамыз.

Саттелизм - микроорганизмнің бір түрінің өсіп шығуының күшеюі. Антагонизм - бір популяцияның өмір сүруі екіншісі нәтижесінде басылуы. Микробтық контабинация (ластануы). 1. Адам организміне потенциалды қауіпті микроорганизмдердің қоршаған ортадаға заттарға, азық-түлікке, күнделікті қолданатын заттарға медициналық құрал - жабдықтарға түсіп, ол заттар арқылы басқа адамдарға ауру таралады. Контаминді объектілерден микрорганизмдер қдетте көбеймейді және уақытша өмір сүреді. Объектінің деконтаминациясын стерилизация және дезинфекция әдістерінің көмегімен жүргізеді.

Қоршаған ортадағы микробтардың таза дақылдарға, қоректік орталарға, зерттелетін материалдарға микробтардың түсуі, ол қате диагнозға себепкер болады. Контаминацияның бұл түрін алдын-алу үшін микробиологиялық процедура кезінде асептиканы сақтай білу қажет.

Паразитизм- бір популяция (паразит) өзіне пайда келтіріп отырған басқа популяцияға (қожайын) зиян келтіріп түрлердің түраралық қарым-қатынасы.

Топырақ микрофлорасының құрамы оның түріне, ылғалдығына, температурасына байланысты құбылмалы келеді. Микрофлора тығыздығы 10-20см. тереңдікте жоғары болып келеді. Топырақ микрорганизімі зат және энергия алмасуының барлық процесіне қатысады: биомасса синтезі мен энергия аккумуляция, нитрификация, дезинтрификация, күкірт трансформациясы т.б. Топырақта көптеген патогенді микрорганизмдер әртүрлі уақыт ұзақтығында сақталуы мүмкін. Микробтар судан, ауадан, жануарлардан, өсімдіктерден түседі. Топырақта өзі тазарту процесі жүреді. Нәтижесінде органикалық заттар гумусқа қайта өңделеді. Вирустар топырақта бірнеше күн және ай сақталады. Ал спор түзуші ботулизм, сіреспе, анаэробты жарақат қоздырушылар бірнеше жылдар бойы сақталады. Ботулизм актиномикоз, терең микоздар мен микотоникоз қоздырушылары үшін қалыпты өмір сүру (меншікті) орны болып табылады.

Санитарлық-көрсеткіш микрорганиздер адамнан бөлінген бактериялар, олар басқа да сол жолмен бөлінген патогенді бактериялардың өмір сүруіне ұқсас, олар қоршаған ортада белсенді көбейіп қазіргі кездегі микробиологиялық әдістер арқылы табылып, сапасы анықталады.

Топырақтың санитарлық микробиологиялық жағдайы термофильді бактериялардың және фекальды ластану көрсеткіші бактерияларды салыстыру арқылы бағаланады. Нәжістік залалдануға душар болып, шамадан тыс бактерия саны көбейген топырақ санитарлы қолайсыз болып есептеледі. Топырақтың қаншалықты бұрынырақ залалданғанын бірнеше санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер арқылы анықталады, яғни E.colі және Стаф. және энтеробактерия болса ескілеу, ал кластидиум перфрингенс болса ескі залалдану болғаны. Анықтау, бағалау коли-титр топырақтың бір грамындағы сапрофитті термофильді және нейтрофицирлеуші бактериялардың саны анықталады. Клостридиум перфрингенс титр арқылы анықталады.

Судың микрофлорасы.Су микрорганизм үшін қалыпты орын болып табылады. Судағы микрорганизмдер сырттан түскен және өзінің микрофлорасы болып табылады. Патогенді микроорганиздердің өмір сүруі оның түріне, контаминорленген санына, микробтардың сапрофитикалық санына, судың температурасына, судың органикалық заттарының санына байланысты. Сол себептен су ішек инфекцияларының негізгі тарату жолы болып табылады (іш сүзегі, дизентерия, тырысқақ, полимиолит, гепатит).

Судың ластану дәрежесі үш категорияға бөлінеді:

1. Полисапробты зона- өте лас, кислороды кем, органикалық заттары көп су. 1мл судағы микробтар 1 мл-ден көп.

2. Мезосопробты зона - өте ластанбаған су бір жерде органикалық заттардың активті минерализациясы жүреді. 1 мл суда 100-деген мың бактерия бар.

3. Олигосопробты зона- таза су 1мл суда ондаған, жүздеген бактериялар бар.

Судың санитарлы микробиологиялық саны мынамен бағаланады:

1. Микробтық саны

2. Коли-титр белгілі аз мөлшердегі ішек таяқшасының саны.

3. Коли индекс таяқшасының 1л судағы саны.

Бұл көрсеткіштерді титрациялық және мембранды фильтр арқылы анықтаймыз.

Ауа микроорганиздердің көбінесе қолайсыз орын, себебі ол жерде ылғал мен қоректік заттар аз, ол күн сәулесін микробтарды жойып жібереді.

Ауа-тамшылы жолмен респираторлық инфекциялар қоздырғыштары – грипп, туберкулез, көкжөтел, дифтерия, паротит т.б. таралады. Микробтық аэрозольдар аллергиялық ауруларды туғызуы мүмкін, әсіресе ауада саңырауқұлақтар мен актиномициттер көп кездеседі.

Ауаны санитарлы-микробиологиялық зерттеу әдістері арқылы операциялық, байламдық және хирургиялық, акушер-гинекологиялық бөлімдер мен палаталар, блоктар, бокстар, балалар мекемелері, аптекалар, биотехнология өндірісі және лабораториялық бөлімдер ауасы тексеріледі.

Түрлік және сандық құрамы. Күннің радиациясына, метео жағдайда, тұрғындардың тығыздығына т.б. байланысты. Ауада микроорганизм көбеймейді. Онда кокк тәрізді таяқша бактериялар, бациллалар, клостридиялар, актиномицеттер саңырауқұлақтар мен вирустар кездеседі. Тұрғын үй ауасында көбінесе адамның тыныс жолдары мен тері микрофлорасыныңөкілдері кездеседі. Жабық бөлмелердегі ауаның санитарлы-бактериологиялық көрсеткішін 1м3 тағы кездескен жалпы микроб санымен және санитарлы көрсеткіш бактериялар гемолитикалық стрептококк пен алтынша стафилококктың болуымен бағалайды.

Микроорганизмдер зат энергия айналуға активті қатысады, жануарлармен өсімдіктерге қарағанда бұлар барлық органикалық заттарды трансформирлейді. Бұлар өздері биомассаны синтездеп алғашқы элементтерге дейін ыдыратады. Микроорганизмдердің атмосферасының климатын белгілейтін булану элементтерін синтездеудегі маңызы зор.

Бала жатыр қуысында стерильді жағдайда дамиды және стерильді туылады, бірақ туылған соң 1-ші минуттан бастап-ақ қоршаған орта микрофлорасымен байланысқа түседі. Нәтижеде микрофлора қоныстанған адам организмінде жаңа экологиялық жағдай түзіледі. Яғни ондағы қарым-қатынас микрооргнизмнің микроорганизммен симбиозы - мутуализм, комменсализм немесе паразитизм өзгешілігін алып жүруі мүмкін. Қалыпты микрофлорасындағы сандық және сапалық қатынас қр жерде бірдей емес.

Адам организмі өмірдің бірінші сағатынан бастап қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсіп, микроорганизмдер шартты-патогенді микроргнаизмдерге жатады, гигиенаны сақтамаған жағдайда немесе организм қлсіреген кезде олар активті болып шақыруы мүмкін. Мысалы: импетиго, фурункулез т.б.

Ауыз қуысының микрофлорасы мөлшері көп және алуан, себебі ол жердегі ылғалдылық қоректік ортаның көптігі микрорганизмдердің көбеюі үшін қолайлы жағдай болып табылады. Жоғарғы тыныс жолдар микрофлорасы стрептококктар мен дифтериондармен, моракселлалармен, псевдомонадалармен көрсетіледі. Микрофлора құрамына сілекейдің бактериоцидтік заттары, лейкоциттердің фагоцитарлық активтігі, шырыштың адсорбциялық құрамы, эпителий жасушасының кірпікшелері әсер етеді. Дені сау адамның кеңірдегінің, бронхтың және альвеоло шырышты қабығында микроорганизмдер болмайды.

Жынысты органдар. әйелдің жыныс органдарының кілегейлі қабатында сүт қышқыл бактериялары (дедерлейн таяқшалары) кокктар аз мөлшердегі анаэробтар, микоплазмалар, кандида туыстығындағы саңырауқұлақтар. Несеп жыныс жолдарының микрофлорасы стафилококктармен, микобактериялармен, бактериодтармен, фузобактериямен көрсетіледі. Дені сау әйел қынабында дедерлеин және дифтероид сүт қышқыл таяқшаларынан тұрады. Жатыр қуысы, фаллопиев түтігі және несеп қуығы дені сау адамдарда микроб болмайды. Несеп жынысы микрофлорасы құрамында жыныс жолы секретінің бактероцидтік құрамы әсер етеді. Ал әйелдерде-қынап секретінің жоғары қышқылдығы әсер етеді.

Ауыз микрофлорасы көптеген аэробты және анаэробы микроорганизмнен тұрады. Ауыз қуысында үздіксіз микробтармен ластану және өзіндік тазалау лизоцим, ингибин және т.б. факторлардың әсерімен жүреді. өңеш дені сау адамдарда микрорганизмнен таза немесе өте аз болады. Қарында қышқыл реакция ортасына байланысты арнайы микрофлора қалыптасты: ашытқылар, сарциндер, саңырауқұлақтар, лактобактериялар және т.б. аш ішек микрофлорасы көп емес және өте біркелкі, лактобактериялар, энтерококктар, бифидумбактериялар және т.б. Бактериялардың көбеюіне еттің бактериостатикалық әсері шырышты қабық секреті және секреттік иммуноглобулиндер класы тежейді.

Микрорганизмдердің тоқ ішекте тірішілік жағдайы ерекшелігі мынада: ол секреттік орган, онда лизоцим болмайды, лимфоидты ткань төмен көрінеді және қолайлы рН орта, температура, қоректік заттардың көптігі және т.б. Тоқ ішекте 250 бактерия тірі табылған, негізгісі туысы Bіfіdobacterіum және bacter**** қулетінен, энтерококктардан табылады.

Микрофлора жағдайы мен құрамы микроорганизмге байланысты, яғни тоқ ішектің микрофлорасы, микрорганизмге әсері бар. Ол мынамен белгіленеді:

1. Ол организмнің шынайы резистенттік факторы болып табылады.

2. Микрофлора лимфоид ткань дамуын стимульдейді.

3. Микрофлора асқорытуға қатысады.

4. Ол адам организімін түрлі витаминдермен қаматамасыз етеді.

Столдың, аптекалық ыдыстардың, жабдықтардың, сүлгілердің, жұмысшылардың қолының микробты ластануының анализі үшін тампонды және жуынды әдістері қолданылады. Бірінші жағдайда мақтадан тампон дайындап, стерильдеп 2мл 0,1% пептон суы немесе изотоникалық ерітінідісі бар түтікшеге салады, бірақ тампон сұйықтыққа тимусі керек. Оны егу алдында сулаймыз 1 мл жуындыны ЕПА-ң тереңдігіне егіп, 24 сағаттан кейін өскен колониялардың санын санап жалпы микробпен ластануын анықтайды. Қолдың фекальды ластануын анықтау үшін жуындыны 5мл кесселер ортасына егеді (ішек таяқшасын көбейіту үшін) 24 сағаттан кейін өсу байқалса Эндо ортасына егеміз және оксидазды тест жүргіземіз. Алтын тәрізді стафилококкты анықтау үшін ЖСА-ға егеміз (жұмыртқа уыз агары). Дәріханадағы ыдыстың жуындысын былай аламыз: 10 мл натрий хлоридісінің изотоникалық ерітіндісін шыны ыдысқа құйып, араластырып онымен ыдысқа құйып жуып жуындысының 1мл ЕПА-ға егеміз.

Адамның қалыпты микрофлорасы қорғаныс қызметі (тері жабындысының өкілдері, патогенді микроорганизмдер антогонистер) зат алмасуға қатысуы қызметін т.б. атқарады. Дисбактериоз (эубиоз) дегеніміз адамның қалыпты микрофлорасының сандық, сапалық өзгеруі. Эубиоз жағдайы (организмдегі микрофлораның динамикалық тепе-теңдігін) қоршаған орта факторларының әсерінен немесе стрестік жағдайдан, кең және бақылаусыз антибиотик қолданғаннан, сәуле және химиотерапиядан бұзылуы мүмкін. Мұның нәтижесінде колонияның резистенттілігі бұзылады. Микроорганизмдер токсикалық өнім бөліп шығарады. Микрофлораның қалыпты функциясының нәтижесінде туылатын жағдайды дисбактериоз деп атайды. Қалыпты микрофлораны толықтыру үшін эбиотиктер қолданылады. үшектің қалыпты микрофлорасының өкілдері-лиофильді кептірілген тірі бактериялар-бифидумбактериялар, колибактериялар, лактобактериялар.







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 3371. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия