Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сәулелену көздері




 

Жарық көзі (оптикалық сәулелену) - басқа түрдегі энергиядан оптикалық сәулеленуге түрлендіруге арналған құрылғы.

Физикалық табиғаты бойынша сәулелену келесі түрге бөлінеді:

1. жылулық;

2. люминесценттік.

Жылулық сәуле дене қызған кезде пайда болады. Ол қатты денелерде үздіксіз спектрлі болады, оның дене температурасынан және оның құрамынан тәуелді. Жылулық сәулелендірушілер – барлық көздері жылумен сәулеленуге қамтамасыздындырылған электрлік ЛН, жәй бұрышты доғалар, барлығының жарық көзі жалын болып табылады.

Люминесценция – бұл спонтандық сәулелену, ол жылулық сәулеленуден алынған және газ тәрізді, сұйық және қатты денелерде бақыланады. Люминесценция спектрі жекеленген сызықтардан (жекеленген атомдар мен иондардың сәулеленуі), жолақтан (молекула сәулеленуі) және үздіксіз ауданнан (қатты дене және сұйық сәулеленуі) тұруы мүмкін. Люминесценция қыздыруды қажет етпейді.

Сәулелену көздерінің (шамдардың) көрсеткіштері. Шамдардың сәулеленуі (жарық шашуы) ағынымен , сәулелену күшімен (жарық күші ), энергетикалық (жарықтың қанықтығымен ) жарқыраған дене бетінің таратылуымен және бағытымен, көбірек тіркелген мөлшері спектрлі беріктігімен (сәулелену спектрі) көрсетіледі. Шамның сәулелену түсі жарық көрсеткіштерімен: координаттарының түсімен , температура түсімен және түстің берілу индексімен: жалпы - арнайы - сипатталады.

Электрлік режим шамдардың қуаттылығымен сипатталады, яғни шамдағы жұмыс кернеуімен , қорек көзі кернеуімен , тогымен І және токтың тууымен (тұрақты, айнымалы және т.б.) сипатталады.

Шамдардың негізгі геометриялық көрсеткіштеріне келесілер жатады: габариттік және қосқыш пішімдері, жарық центрінің биіктігі, сәулелендіру денесінің пішімдері.

Конструкторлық өлшемдеріне келесілер жатады: колбалардың формасы, оның оптикалық құрамының (түссіз, айналық және т.б.) формасы және қыздыратын дененің орналасуы, кірістік немесе соңғы құрылымы, цоколдің типі, формалы және разрядты колбаның мөлшері, электродтар өлшемі және олардың арақашықтығы және т.б.

Жылулық режимге қыздыратын дененің (колбалар, цокол, шығу, электродтар және басқа түйіндер) температурасы, айрықша шамның конструктивті түйінінің максималды (max) және минималды (min) температуралары жатады.

Жылулық сәулелендіргіштің жіктелуі:

1. табиғи (жарқыраған аспан денелері аспан және бұлт, жер және су беті және т.б.).

2. жасанды (балауыз, керосин шамы, электрлік ЛН және ГЛ инфрақызыл сәулеленгіштер және т.б).

3. жылулық сәулеленгіштер, жарықтандыру үшін келесі жарық көздері (шамдар) қолданылады:

а) бой инфрақызыл (ИК) сәулеленумен –ИК (сәулелендіргіштер, ИК сәулелендіргіштер) сәулелену көздері.

б) бұлыңғыр көздері - көрінетін сәулелену бөлімі пайыз бөлімінен асырмайтын жарық көздері.

Люминесцентті көздер.Люминесцентті шамдар (ЛШ) – разрядты жарық көздерінің төменгі қысымды, қорғасынды разряд ультракүлгінді сәулелену көздері, жиі ұзын толқынды сәулелену көздері.

ЛШ үлкен жарық беруімен және көп уақыт қызмет етуімен, спектрлі сәулеленумен, жоғары сапалы жарықтандырумен қамтамасыздандыратын төменгі жарықтылық және шам бетінің температурасымен ерекшеленеді, сыртқы жарықтандыру үшін көп қолданылмайды, мекемені жоғары сапалы жарықтандыру үшін қолданылады.

Разрядты сипаттамасы бойынша былай бөлінеді:

- ыстық катодтармен разрядты доғасы бар ЛШ;

- салқын катодпен қызатын разрядты ЛШ.

Тұтану әдісі бойынша былай бөлінеді:

- стартерлі тұтану;

- кенеттен тұтану.

Газ разрядты көздер.Газразрядты шам (ГШ)деп оптикалық сәулеленуі электрлік разрядтың әсерінен буда немесе олардың қоспаларында пайда болуын айтамыз. ГШ жоғары сапалы жарық береді және ұзақ уақыт қызмет етеді.

Жіктелуі:

Физикалық белгілері бойынша ГШ былай бөлінеді:

- газдағы разрядтарда;

- будағы металлдарда;

- будағы металлдарда және олардың қоспаларындағы разрядтарда;

Жұмыстық қысымы бойынша ГШ былай бөлінеді:

- 0,1-ден 104 Па дейінгі төменгі қысымдағы шамдар;

- 3·104 - 106 Па дейінгі жоғары қысымды;

- 106 Па жоғары қысымды.

Шамдардағы разрядтардың түрлері бойынша былай бөлінеді:

- доғалық разрядтар;

- импульсті разрядтар.

Суыту әдісі бойынша былай бөлінеді: табиғи және мәжбүрлік.

Импульстік көздер. Импульстік шамдар (ИШ) күшті импульсті электрлік разрядтарғанегізделген, интенсивті оптикалық сәуле тасымалдаушы болып табылады.

Импульстік шамдар құрылымдық белгілері бойынша келесідей жіктеледі:

1) құбырлық ИШ - разряд көлемі құбыр қабырғасымен шектелген.

2) шартектес ИШ - кеңістікте разряд шектелмеген.

Лазерлер.Лазер инфрақызыл және ультракүлгін диапазонда электр магнитті сәуле түріндегі атомды және молекуланы мәжбүрлеп сәулелендіруге негізделген.

Лазер – жарық көзі. Басқа жарық көздерімен салыстырғанда, лазер көп қасиеттерге ие. Лазер негізінен 3 түйіннен тұрады; сәулелендіруші; айдау жүйесі және қорек көзі, сонымен қатар ол көмекші құрылғымен, оның қалыпты жұмысымен және лазерлі сәулелендіруші басқарумен қамтамасыздандырылады.

Лазерлердің келесі түрлерін ажыратады:

1) газдық;

2) сұйықтық;

3) қатты денелі;

4) жартылай өткізгіш.

 







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 1504. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия