Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жарық техникалық қондырғылар




Жарықтандырушы құрылғылардың нормалануы.Жарықтандыру қондырғыларын (ЖҚ) нормалаудың негізгі мақсатына көз жұмысының тиімді шартын жүзеге асырудың бірегей жолын жабдықтау жатады.

Жасанды, не табиғи жарықтандыруды нормалау – бұл қондырғылардың сандық және сапалық көрсеткіштерін эксплуатациялау барысында қажетінше қамтамасыздандыратын жарықтандырғыш қондырғылардың жұмысына қажет шектер мен ережелерді орнату нормалаудың мақсаты мен міндеті электр энергия және т.б. материалды ресурстар көзін, еңбек шығындарын мейлінше аз жұмсай отырып, еңбек орнының тазалығын, қауіпсіздік ережесін көз физиологиясына зиян тигізбейтін орта тудыру болып саналады.

Өндіріс орындарында әсіресе көзге көп әсер ететін жұмыс орындарында жұмыс өнімділігін арттыруда нормалаудың атқаратын жұмысы зор. Қалалардың сыртқы жарықтандырылуы (СЖ) көлік жүргізушілердің көру қабілеті мен олардың апатқа ұшырау деңгейіне байланысты бағаланады. ЖҚ тиімділік көрсеткішінің нормативті құжаттардағы регламенті тура нормалау әдісі деп аталады және нормамен регламенттелетін параметрлерді орнатудың әлдеқайда тиімді әдісі болып саналады. Бірақ ЖҚ есебі мен жобасы тек фотоөлшемдік шамаға байланысты орындалады (жарықтылық, түстің ашықтығы, жарық ағыны және т.б.). Қолдағы мәліметтерге сүйене отырып, ЖҚ тиімділігінің әр түрлі көрсеткіштері мен фотоөлшемді шамасы арасындағы байланысты анықтай алмаймыз. Сондықтан ЖҚ көрсеткіштері ток критерийі есебінде қолданылады, ал жарықтандырудың регламентті сипаттамасы есебінде жарықтылық, цилиндрлік жарықтылық, табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) және т.б. жатады. ЖҚ регламенттелетін шамаларын бекітудің мұндай әдісі нормалаудың жанама әдісі деп аталады.

Тәжірибеде сандық шамалармен бірге жарықтандыру деңгейімен қосылып көздің көруін анықтайтын сапалық көрсеткіштерді де регламенттеуде қарастырылады.

Әркелкілік коэффициентімен N бағаланатын жарықтанатын аймақтағы жарықтың біркелкі таралмауы контрастық сезінуді төмендетеді және көздің көруіне кері әсерін тигізеді:

 

,

 

мұндағы - көру өрісіндегі жарықтың тең бөлінбеген кезіндегі жарықтың сатылы өзгерісі; - алдыңғыдай тең бөлінбеген кездегі көру аймағының орталығындағы жарықтануға тең әр түрлі жарықтану.

 

Жоғарғы жарықтандырғыш қасиеті бар заттар (жарықтандырғыш, шағылыстырғыш төбе әйнек) көзге кері әсер етеді және ыңғайсыздық туғызады және көздің көрудің контрастасын және т.б. қасиеттерін жояды. Бұл сапалық көрсеткіш немесе жайсыздық көрсеткіші (М) деп аталады.

Жарық ағынының уақыт бойынша өзгерісі, сонымен бірге ГШ тудыратын шектік жиіліктен артық ауытқу көздің көруінің төмендеуіне және оның шаршауына әкеліп соғады. Осы шаманы бағалауға жарықталудың жиіліктік коэффициенті қолданылады.

Нормалаудың қай әдісі болмасын (тура және жанама) нормативті құжаттау мақсатына максималды жұмыс өнімділігіне дұрыс жарықталған, денсаулыққа зиянын тигізетін факторларды мейлінше азайту арқылы қол жеткізу жатады.

Өндірістік жарықтандырушы қондырғылар үшін жарықтанудың нормалаушы критерийлерін таңдау.Нормалау тәжірибесінде әр жағдайға байланысты әр түрлі нормалау критерийлері қолданылады, көбінде келесі критерийлер қолданылады: қатыстық көру және техника-экономикалық көрсеткіштері.

Өндірістік жарықтандыру қондырғыларында таңдалған нормалау критерийінен тәуелсіз жұмыс деңгейінде жарықтандыру регламенттеледі, яғни көз жазығында көру объектілер орналасқан (жарықшақ, штрихжарақат т.б.) жазықтар жатады.

Нормаланған жарық деңгейі көретін жұмыс дәлдігімен, яғни бақыланатын нысананың бұрыштық өлшемімен және оның орналасқан жеріндегі фоны бар контрастымен анықталады.

Қоғамдық мекемелердің жарықтандырушы қондырғыларының нормалану критерийлерін таңдау.Қоғамдық және өндірістік ғимараттарды көру жұмыстарына сай 4 топқа бөлінеді:

- бірінші топ - бұл ғимараттарда жұмыс кезінде жұмысшылардың көру бағыты фиксацияланады;

- екінші топ - бұл топта қоршаған кеңістікке көру жазығы функцияланбаған түзумен нысаналарды анықтайды;

- үшінші топ - бұл топта қоршаған ортаның көру деңгейі ғимараттарға қысқа мерзімде, эпизод күйінде жетеді;

- төртінші топ – интерьер кеңістігінде жалпы бақылау жүретін ғимараттар.

Қоғамдық ғимараттарда жарықтандырудың сапасыздығынан көру әлсіздігі пайда болады. Бұл критерий есептеуге келмейді, себебі біріншіден, көру әлсіздігі әр түрлі әдіспен анықталады, екіншіден барлық өлшенген шамалар абсолютті емес, салыстырмалы өлшемдермен алынады. Осылайша жарықтандырудың нормалануы критерий есебінде (әлсіздік бойынша жарықтандыру) жарықтандыру шарттарын субъективті бағалау әдісін қолданады.

Белгілі көру жұмыстары жоқ, көру бағыты еркін 3-топтағы ғимараттарды жарықтандыру деңгейі қоршаған кеңістік жарықтылығына байланысты анықталады.

Жарықтандыру шарттарының ең маңызды сапалық сипаттамаларының бірі болып жарықтандыру қондырғыларының көзге шағылысуы жатады. Көзге әсер ететін заңдылықтардың сандық сипаттамасы – көру өрісінде жарықтың дұрыс таралмауынан пайда болатын қолайсыздықтарды сипаттайтын ЖҚ шағылыстыру әсерін бағалаудың әдісін туындатуға әкеп соқтырады, осы көрсеткіштер үшін қолайсыздық көрсеткіші ғимараттарда орын алады.

Сыртқы жарықтандыру қондырғысын нормалау критерийлерін таңдау. Көше, жол, трассаларды тұрақты жарықтандыру қондырғыларының кедергілерін анықтау үшін жаяу және көлік жургізушілерінің көру аппараттарына қолайлы жағдай туғызады.

Көлік жургізушілерінің жұмыстарын қиындататын барлық факторларды ескеру үшін жиектік контраст түсінігі енгізіледі. Ол жүргізуші мен кедергінің шекарасын анықтайды. Шектік контраст түсті ажырату және жарықтандыру объектілерінің бұрыштық өлшемдеріне тәуелді (ықтималдығы ).

Осылайша ЖҚ үшін сандық және сапалық нормаланудың негізгі критерийі болып көрушілік табылады. Осы көрсеткіштің нормасындағы тәуелсіз регламентіндегі осы есептің қиындығынан тәуелді. Сондықтан шектік көрудің деңгейін анықтайтын нормалық параметрі болып жол бетінің жарықтылығы табылады.

Табиғи жарықтандырудың нормалану критерийі.Табиғи жарықтандырудың тұрақсыздығы және жыл бойы сандық бағалануы қатыстық шама - табиғи жарықтандыру коэффицентімен (ТЖҚ) анықталады. Ал бір нүктеге түскен жарық пен сырттағы толық жарықтандыруы тудыратын табиғи жарықтандырулардың қатынастарына тең. ТЖҚ пайызбен өлшенеді.

Табиғи жарықтандырудың нормалану критерийі көрінушілікке байланысты. ЖҚ үшін ол жасанды жарықтандыру деңгейіне сәйкес қабылданады.

ТЖҚ нормаланған мәндері жобаланатын ғимараттармен қондырғылардың орналасқан жерінің жарықтық климатынан тәуелді:

1. эксплуатация басынан немесе толық бөлшекті жұмысқа бейімділігінен бастап шамдардың жану ұзақтығы - толық қызмет мерзіміне байланысты.

2. тиімді қызмет мерзімі - берілген типтегі шамды қолданудың тиімділігін анықтайтын параметрлердің белгіленген шегін кету моментіне дейінгі зерттеу немесе эксплуатация басынан шамның жану ұзақтығы.

Шағылу көздерінің негізгі түрлері: ГШ-газразрядты шамдар; ГШН- галогенді қыздыру шамдары; ГШВД- жоғары қысымды газ разрядты шамдар; ГЛНД - төменгі қысымдағы газ разрядты шамдар; ДКСТ - доғалық ксенонды құбыр шамдар; ДРЛ - доғалық сынапты люминесцентті шамдар; ИЛ - импульсті шамдар; ЛШ -люминесцентті шамдар; ЛН - қыл шамдар; НЛВД - жоғары қысымды натрийлі шамдар; НЛНД - төменгі қысымды натрийлі шамдар; ГЛВД - жоғары қысымды сынапты шамдар; РЛНД - төменгі қысымды сынапты шамдар.

Сәулеленудің жылулық көздері.Жылулық сәулеленудің негізгі заңдары қара дене, толық шағылыстырушы немесе планк сәулеленуі деп аталады. Идеалды денелерге арналған.

Қара дене – бұл сәуленің ұзындығы, бағыты, поляризациясы жағдайына тәуелсіз барлық өзіне түсетін сәулелену жұтып алатын (жұту коэффициенті ) дене.

Жарық шағылысу заңдары:

Кирхгоф заңы:

Кез келген температурада және сәуле ұзындығында жылулық сәуле шағылыстырғыштың бетіндегі кез келген нүктеде кері бағыттағы поляризацияланбаған сәулені жұту коэффициенті спектрлі коэффициентінің берілген бағытын энергетиткалық жарықтың спектрлі тығыздығына қатынасы шағылыстырушы көзден тәуелді емес және сол температурада және толқын ұзындығындағы қара дененің энергетикалық жарықтылығының спектрлі тығыздығына тең.

 

,

 

мұндағы tе( ,т) - дененің энергетикалық жарықтылығының спектрлі тығыздығы; tеs( ,т) - қара дене үшін дененің энергетикалық жарықтылығының спектрлі тығыздығы; Т температурадағы дененің спектрлі жылу коэффициенті.

 

Стефан-Больцман заңы – қара дененің температурасы мен энергетикалық шағылысуы арасындағы қатынасы болып табылады.







Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 1642. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия