Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Креоль тілдер




Креол тілдер (фр. creole исп. criollo) – белгілі бір еуропалық тілдің бір кезе отарланған байырғы халықтың қатынас құралы ретінде қолданылуы нәтижесінде туған аралас тіл. Креол тілдер негіз-тіл мен жергілікті халық тілінің пиджинделуі процесі негізінде туып, жергілікті халыққа ана тіліндей қызмет етеді. Креол тілдерде Африка, Азия, Америка, Океания елдерінде 25-30 млн адам сөйлейді.

 

Аналитикалық философия– 20 ғ-да кең тараған әртекті ағым, ол философия міндетін дәстүрлі түрде философия деп есептелетін проблемалардың мазмұнын анықтауды тілге талдау жасауда деп білетін философтардың әр түрлі топтарын, анализ проблеманың тілдегі күңгірт ұғымын проблеманың шын мәнін паш ететін тұжырыммен алмастыруға тиіс деп жорамалданды. Бұл ретте проблема не теріс қойылған «жалған проблема» болуы, не белгілі бір тілдік формаларды қолдануға байланысты болуы, не философияға қатысы жоқ болуы және жеке ғалымдардың құралдарымен шешілуі мүмкін. Аналитикалық философия негізінен АҚШ-та және Англияда тарады, оның жекелеген әкілдері мен топтары Скандинавия елдерінде, Австралияда және басқа елдерде бар. Англияда лингвистикалық философия аналитикалық философияның үстем формасы болды. АҚШ-та лингвистикалық философияға жақын тұрған бірсыпыра философтармен қатар логикалық эмпиризмнің және неопрагматизмнің жақтаушылары аналитикалық философияның өкілдері болды. Сондай-ақ онда еш бағытқа жатпайтын бірқатар тәуелсіз америка аналитиктері бар. Философия білімінің дүниетанымдық сипатын теріске шығара отырып, аналитикалық философия қазіргі буржуазиялық философияның позитивизм тенденциясын білдіреді. Аналитикалық философияны жақтаушылардың көпшілігі үшін салмақтың денін тілді талдаудың нақты формалары мен құралдарына аудару тән. Мұнда негізі екі көзқарасты бөліп көрсетуге болады:

1. Жасанды «модельдік» тілдерді нақты логикалық құрылыммен конструкциялау.

2. Тіл тұжырымдарының қолданылу реңктері мен ерекшеліктерін анықтау мақсатымен табиғи тілдердің тарихи деректерін зерттеу, ол философиялық проблемаларды жақыс ұғынуға септігін тигізеді.

Аналитикалық философия не философияны метафилософияға, яғни философия проблематикасын тіл тұжырымдау формалары мен тәсілдеріне талдау жасауға саяды, не философияны логикалық және лингвистикалық зерттеумен басы бүтін алмастыралды.

 

Аналогия( гр. Аnalogia – сәйкестік ) – бірдей емес объектілердің кейбір жақтарының, салаларының, қатынастарының ұқсастығы. Аналогия бойынша ой қорытындысы – кейбір басқа белгілеріндегі ұқсастықты аңғару негізінде белгілі бір белгілердің бар екендігі туралы қорытынды. Аналогия бойынша ой қорытындысының әдеттегі схемасы: В объектінің a, b, c, d, e белгілері бар. Демек, С объектісінің а белгісі боуы ықтимал. Ғылым дамуының ерте кезеңінде аналогия көбіне жүйелі бақылауды және тәжірибе жүргізуді ауыстырды, ал аналогия бойынша қорытындылар, әдетте, сыртқы және қосалқы белгілердегі ұқсастыққа негізделеді. Бертінгі орта ғасырларға дейінгі натурфилософиялық тұжырымдамалардың басым бөлігі аналогияға негізделді, мемлекеттің адам ағзасымен ұқсастығы, ал механизм дәуірінде ағзаның сағат механизмімен ұқсастығы аналогияға сүйеніп дәлелденді. Ғылымның одан әрі дамуы барысында аналогия түсіндіру құралы мәнін жоғалтады, алайда ол проблеманы ұғыну және оның шешімін бағыттау құралы ретіндегі болжамдар қозғалысы кезінде одан әрі маңызды роль атқара береді. Мәселен, Х.Гюйгенс жарық пен дыбыс қасиеттерінің аналогиясы негізінде жарықтың толқындық табиғаты туралы қорытындыға келді. аналогия бойынша қорытынды ықтималдығын арттыру мақсатымен мынадай талаптар ұсынылады:

1. Аналогия мәнді белгілерге және мүмкіндігінше салыстырылатын объектілердің көбірек ұқсас қасиеттеріне негізделуге тиіс;

2. Қорытынды жасалатын белгінің объектілерде табылған ортақ белгілерімен байланысы мүмкіндігінше салыстырылатын объектілердіңі көбірек ұқсас қасиеттеріне негізделуге тиіс;

3. Қорытынды жасалатын белгінің объектілерде табылған жалпы белгілермен байланысы мүмкіндігінше неғұрлым тығыз байланыста болуға тиіс;

4. Аналогия объектиілердің барлық белгілерде ұқсастығы бар екендігі туралы қорытындыға сай болуы тиіс;

5. Аналогия жөніндегі қорытындылар айырымдарды зерттеумен және осы айырымдар аналогия жөніндегі қорытындылардан бас тарту үшін негіз бола алмайтындығы дәлелдермен толықтырылуы тиіс. Қазіргі заманғы ғылымда модельдеуде кеңінен пайдаланылатын ұқсастық теориясы дейтін аналогияны жүйелі қолданудың дамыған саласы болып табылады.Ғылыми зерттеулер мен басқару практикасында зерттелетін процестердің электрлік аналогтарын, процестердің электрлік аналогтарын, процестердің математикалық модельдерін жасай алатын аналогиялық модельдеуші құрылғылар кеңінен таралуда.

 

Детерминизм және индетерминизм(лат. determinare – анықтау) – себептіліктің орны мен ролі туралы мәселе жөніндегі кереғар философиялық тұжырымдар. Барлық құбылыстардың жалпыға бірдей заңды байланыстары, себепке тәуелділігі туралы ілім детерминизм деп аталады. Дәйекті детерминизм себептіліктің объективті сипатын нығайтады. Индетерминизм себептіліктің жалпыға ортақ сипатын теріске шығарады. Детерминизм идеялары ежелгі философияның өзінде-ақ түр беріп, көне атомистикада айқын көрініс тапқан. Детерминизм Жаңа заман жаратылыстану ғылымы мен материалистік философиясында одан әрі жетілдірді. Жаратылыстану ғылымының даму деңгейіне сәйкес бұл кезеңдегі детерминизм механистік, абстрактілі сипатта болды. бұл механиканың бұлжымайтын динамикалық заңдарының шеңберінде суреттелетін себептілік формасын абсолюттендіруден көрінді, мұның өзі себептілікті қажеттілікпен баламалауға және кездейсоқтықтың объективтік сипатын теріске шығаруға апарып соғады.

 

Интерпретация және модель– математика мен металогикада және жалпы ғылымда маңызды роль атқаратын семантикалық ұғымдар.кең мағынасында есептеудің түпкі өрнегіне мән беру – интерпретацяи деген ұғым береді, сол себепті осы есептеулердің дұрыс құрылған барлық өрнектері мағынаға ие болады. Сөйтіп, интерпретацияланған есептеу – формаландырылған тіл болып табылады, онды мағынасы бар әр түрлі пікірлер тұжырымдалып, дәлеленеді. Интерпретацияға модель ұғымын пайдалана отырып, формаьлды анықтама беруге болады. Есептеу модель ұғымының көмегімен интерпретация ұғымы шығарылады... Есептеудің интерпретациясы деп бөлінген немесе әдейі және іс жүзіндегі ақиқат талғампаздық және синтетикалық пайым анықталады. Логикалық жүйелер моделінің теориясы Тарскийдің, Карнаптың, Кеменьннің, Мальцевтің т.б. еңбектерінде жетілдірілді.

 

Инварианттылық(өзгермейтін) – бағдар мен уақыттың белгілі шамада өзгеруіне қарамастан өзгеріссіз күйде сақталатын шамалардың , теңдеулердің, заңдардың сипаттамасы. Мысалы Галилейдің кеңістік-уақыттық түрлендірулерімен салыстырғандағы классикалық механиканың қозғалыс заңдары. Лоренцтің қайта құрған салыстырмалылық ториясының қозғалыс заңдары, салыстырмалылық теориясы т.б. Инварианттылық әлемінің материалдық біртұтастығының , физикалық объектілердің және олардың қасиеттерінің принципінде біртекті екендігін көрсетеді.

 

Коммуникация( лат. comunikare – біреумен кеңесу) – меннің өзін басқадан табуға көмектесетін, қарым-қатынасты білдіретін философияның категориясы. К.Ясперстің экзистенциолизмінде, сондай-ақ қазіргі француз персонализмінде мейлінще толық көрініс тапты. Тарихи жағынан коммуникация туралы ілім ағартушылықққа қарай өрлейтін қоғамдық шарт. Коммуникация теориясын жақтаушылар негізінен алғанда қоғамдық шарт дегеніміз контракт, мәміле деп атап көрсетеді, бұл мәмілеге қатынасушылар екі жақақ бірдей міндеттемелермен шектелген. Олар бір-бірін осы міндеттемелерге сай, яғни абстрактілі бейнесіз түрде ұғынады. Коммуникация орнатудың құралы пікірсайыс деп жарияланады. Мұның барысында адамдар өздерінің жалпы қабылданған ойлау нормаларынан жырақтанады да, өздерінің алуан түрлігімен жекелей даралық қасиеттерінің жақындастыратындығына көз жеткізеді.

 

Конвергенция (лат. converge – жақындасу, қосылу) – лингвистикалық болмыстардың жақындасуы мен сай келуі. Конвергенция ұғымының екі қыры белгілі: глоттогониялық және құрылымдық-диахрондық. Глоттогониялық конвергенция – брнеше ьтуыс не бөтен тілдерде ортақ құрылымдық қасиеттердің пайда болуы. Оның пайда болу себебі- ұзақ мерзімді қатынас жасаудан немесе тілдердің ортақ субстрат болуында. Конвергения тіл жүйесінің бір саласын не бүкіл тілді қамтуы мүмкін. Конвергенция болатын аймақты конвергенттік аймақ деп атайды. Глоттогониялық конвергенция ұғымы бір тіл ішінде диалектілердің жақындасуын да білдіреді. Ондай жақындасу нәтижесінде койне пайда боуы мүмкін. Құрылымдық-диахрондық конвергенция кейбір варианттық өзгешеліктің жойылуына байланысты.

Логикалық салдар– пікірлердің логикалық мазмұнына тәуелді пікірлер арасындағы қатынасы. Қабылданған анықтама бойынша: В пікір А пікірінің формаларындағы олардың кез-келген мәндеріндегі ақиқат болғанда В жалған бола алмайды. Логикалық салдар ұғымы ғылыми таным практикасындағы интуитивті қолданылатын (л.с.) терминіне толық сәйкес келмейді. Бұл сәйкессіздік ілесу «парадокстарында» айқын көрінді. Логикалық салдар ұғымы мен логиканы дұрыс талдау ұғымы тікелей байланысты. Логикалық салдардың ғылыми таным логикасының бірқатар ұғымдарын анықтау үшін маңызды мәні бар.

 

Логикалық семантика– тіл өрнектерінің мағынасын зерттейтін логика өнімі: дәліреку айтқанда логикалық есептеулердің интерпертацияларын зерттейтін металогиканың тарауы. Логикалық семантиканың негізгі ұғымдарын екі топқа бөлуге болады:

1. Белгілеу теориясы деп аталатындарға кіретіндері бұларды берілген тілдің өрнектеріне қолдану интерпретацяны экстенционалдық синтетикалық ақиқаттың ұғымдарын жіне басқалары таңдауға маңызды түрде тәуелді;

2. Мағына теориясы дп талатындарға жататындары және берілген тілдің барлық мүмкін интерпретациялрына қатысты анықталатындары. Формальданған тілдерді метатеориялық тілдерде қарастырғанда семанткалық талдауға қажетті түрде жүгінуге тура келеді. Өйткені көптеген маңызды фактілер таза ситаксистік түрде қарастыру шеңберінде тағайындалуы мүмкін емес. Ғылым тілдерінің және табиғи тілдерінің семантикалық қасиеттерін зерттеу математикалық лингвистиканың, математикалық аударманың және тағы басқа дамуына байланысты жаппай қолданылуында.

 

Логикалық синтаксис– 1.Кейбір есептеулердегі өрнектерді құрумен және түрлендірумен анықталатын ережелер жүйесі.

2. Интерпретацияланбаған есептеулердің құрылымы мен қасиеттерін зерттейтін металогиканың тарауы. Логикалық есептеулерді синтаксистік қарастырғанда пайда болатын негізгі мәселелер қайшылықсыздықтың, толықтықтың, тәуелсіздіктің, шешімнің және дәлелденетіндіктің проблемалары болып табылады. Дәлелденетіндіктің проблемасы кез-келген дәлелденетін пікір үшін оның дәлелденуін құратын алгоритмді табудан тұрады. Сөйтіп логикалық синтаксис өзінің құрамына дәлелдеу теориясын енгізеді. Логикалық синтаксис ұғымын 1919 жылы Витгенштейн енгізді. «Тілдің логикалық синтаксисі» (1934) еңбегінде Карнап логикалық синтаксистің проблемалары мен ұғымдарын жүйелі түрде баяндады.

 

Логикалық формалар– таным әрекеті барысында жүзеге асырылатын әр түрлі нақты мәндегі ойларды құрудың, баяндау мен байланыстырудың тәсілдері. Логикалық формлар адамзаттың қоғамдық-тарихи іс-әрекетінің барысында қалыптысты, жалпы адамзаттық сипаты бар. Ойлаудағы шындықтың бейнелену формасы болып табылатын және өздері шындықтың барынша жалпы кескінің бейнелейді. Формальды логикада зерттелетін логикалық формалардың бір тобы кездеседі. Танымда логикалық формалардың қайсыбірін пайдалану ойдағы мәннің бейнелену сипатымен анықталады.

 

Логос(гр logos – сөз, ой, ақыл-парасат, заң) – бастапқыда жалпылама заңды, дүниенің негізін, оның тәртбі мен үйлесімін білдірген термин. Грек философиясының негізгі ұғымдарының бірі. Заң мен тәртіп ретіндегі логос туралы Гераклит былай дейді: бәрі де логос бойынша жасалады, ол мәңгі, жалпыға бірдей және қажет нәрсе. Кейбір философтар Гераклиттің логосын жалпыға бірдей парасатпен орынсыз теңдестірді. Платон мен Аристотель логосты болмыс заңы ретінде де, логикалық принцип ретінде де қарастырды. Стоиктерде физикалық және рухани дүниелер заңы белгіленді, өйткені олар пантеистік бірлікпен қосылады.

 

Метаматематика(дәлелдеу теориясы) – формальдық жүйелер мен есептеулердің әр түрлі қасиеттерін зерттейтін теория. Метаматематика атауын математиканы негіздеу бағытына байланысты Гильберт енгізген. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар маңызды нәтижелерге қол жетті.

 

Өзіндік сана– адамның өзін-өзі объективті дүниеден бөлуі, өзінің дүниемен қатынасын, өзінің істерін, әрекеттерін, ойлары мен сезімдерін, тілектері мен мүдделерін, өзін тұлға деп ұғынуы және бағалауы. Хайуан өзінің тіршілік қарекетіне сай табиғатпен тікелей араласады. Адам болса табиғатпен қоғамдық практиканы еңбек құралдарын араға салып қатынасады. Ол табиғатпен тікелей байланыстан еңбектің арқасында бөлінеді: еңбек процесінде мақсаттар мен міндеттерінің табиғи материалмен ара қатынасын анықтайды және өзінің мүмкіндіктерімен де санасып отырады. Табиғатты өзгерту барысында адамның өзі де өзгереді. Еңбек прооцесінде өнімөндіре отырып, адам қызметінің жемісінен өз ісін көреді. Ол жасампаз ретінде өзін және өз қызметінің жемістерін ажырата біледі. Еңбек әрдайым қоғамдық сипатта болғандықтан, адам басқаға өзі сияқты адам деп қарағанда ғана, өзін нақты тарихи жүйеге жататын адам ретінде ұғына бастайды. Өзіндік сананың қалыптасуында қалыптасуында тіл маңызды роль атқарады. Өзіндік сана адамның мәдени тарихи субъект ретіндегі даму дәрежесіне сай көрінетін болады. Ең алдымен адам өзін объектіден айырады, ал өзін субъект ретінде және қызметінің объектісін заттармен прктикалық істестік процесінде ғана ұғынады. Онан кейін өзіндік сана рулық, ұжымдық түрде көрінеді: адам рудың аясында болады да, ру адамға тән мәнді қасиеттерді қорғайды, сақтайды. Сонымен бірге өзіндік сана объективтік дүниенің өзін жасайтын бастама ретінде қарастырылды. Л шынында өзіндік сананы жасампаз принцип ретінде, негізінен алғанда адамның практикалық қоғамдық-өндірістік қызметінің нәтижесі ретінде ғана ұғынуға болады.

 

Прагматика(гр pragma іс-әрекет ) – семиотика мен линвистиканың саласы. Пргматика тілдегі белгілер қызметін зерттейді. «Прагматика» терминін ХХғ 30ж Ч.У.Моррис ұсынған. Ол семантиканы беллгілер мен объектілер қатынасы, белгіаралық қатынастар және сөйлеушілердің белгілерге қатынасы деп бөлген. Прагматиканың линвистикалық зерттеу саласына айналуы 60-70жж Ч.С.Пирс идеяларынан кейін басталады. Оған әсер еткен Дж.Остин, Дж.Р.Серл, З.Вендлердің логика-философиялық сөйлеу актілері туралы теориясы, П.Грайстың мағыналардың прагматикалық теориясы болатын. Лингвистикалық прагматиканың нақты белгіленген шекарасы жоқ, оған сөйлеуші субъект пен адресаттың арақатынасынан туындайтын мәселелер кіреді.

 

Прессупозиция(лат prae – алдыңғы және supposito болжам) – сөйлемнің семантикалық жағынан дұрыс құрылып, контекске қайшы болып қабылданбауы үшін, сөйлемнің шынайылықты білдіретін бөлігін білдіретін лингвистикалық семантиканың термині. «Прессупозиция» ұғымы философиялық қисында пайда болған, онда ол сөйлемнің семантикалық бөлігін белгілеген. Бұл бөлік әрқашанда шынайы болуы қажет. Прессупозицияның категориялық Прессупозиция яғни семантикалық үйлесімділіктің шектелуі, экзистенциалдық прессупозицияяғни бар болу; жалқылық прессупозиция және фактивті прессупозиция түрлері бар. Прессупозицияның негізгі қасиеті, болымсыз сөйлемде олардың жоққа шығарылмауы.

Пропозиция– сөйлем мен сөйлемнен туындайтын құрылстардың содальды және коммуникативті парадтгмаларына ортақ болатын семантикалық инвариант ; Пропозиция термині әуел баста қисындағы ұғымды, ал линвистикада – сөйлем дегенді білдірген. ХІХғ аяғы мен ХХғ басында «Пропозиция» термині ғылым тілінің логикалық талдауына арналған еңбектерде жаңа мағынаға ие болды. Г.Фреге өзінің идеясында ойды сөйлеуші сөзінен тыс қарастырған. Сондықтан пропозиция көлемі сөйлемнің бір бөлігімен ғана шектеледі. Пропозицияның жаңа тұжырымдамасында сөйлемді объективті константаға және субъективті бөлікке бөліп қарастырады, бұл бұрыннан келе жатқан дәстүрге сай болып келеді. Сонымен пропозиция дегеніміз сөйлемнің номинативті не семантикалық аспектісі ретінде түсіндіріледі. Пропозиция құрамына кіретін дер: терма және предикат.

 

Психолингвистикасөйлеу прцестерін зерттейтін ғылым. Психолингвистика психологиялық эксперимент арқылы сөйлеу қызметінің үлгісін жасап тексереді. Бірқатар практикалық мәселелердің теориялық мәнін түсіндіру үшін таза лингвистикалық тәсілдер жеткіліксіз, ол үшін психолингвистиканың тәсілдерін қолдану қажет. Психолингвистиканың мынадай мәселелерді шешеді: шет тілдерін үйрену, логопедия мәселелері, ми қзметіне байланысты сөйлеудің бұзылуы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөйлеудің ролі,авиация мен космостық психиология, криминалистика мен машиналық аударма мәселелері, ЗВМ-ге хабарды кіргізу және т.б.

Психолингвистика термині 1954 ж бастап қолданылып келеді. (АҚШ). Психолингвистиканың нейролингвистикалық негіздерін А.Р.Луриа (1930ж) қалаған.

 

Психоанализ– З.Фрейд ұсынған жүйке және психикалық ауруларының жалпы теориясы мен емдеу әдісі, фрейдизмнің теориялық негіздерінің бірі. психоанализдіңнегізгі қағидалары мынадай: адам психикасын билеп алған санасыздық қоғамдық тыйымдар жүйесінің ықпалымен құрылған психикалық инстанция психикалық «цензура» болып, психиканың тереңінде қалып қояды. Санасыз ынтызарлық ерекше «егестік» кездерде цензураны «алдап», сана алдында түс өру, жайжан-жай сөйлеу, жазу жаңылыстығы, жүйке ауруы белгілері және т.с.с ретінде көрінеді. Психикалық соматикалыққа телінбейтіндіктен , оны ерекше әдістермен зерттеу керек.

 

Редукция(лат reducti – кері ысыру, қайтару) – кейбір мәліметтерді, міндеттерді рәсімді талдау немесе шешу үшін оларды қолайлы қалыпқа, сондай-ақ күрделіні қарапайым түрге келтіретін әдіснамалық тәсіл; логикада, математикада, биологияда, тіл білімінде және т.б. қолданылады. Редукцияны абсолюттендіру редукционизмге – жоғары құбылыстардың төменгі түпкілікті құбылыстарға саятын концепцияға соқтырады. Әйтсе де материя дамуының жоғарғы формалары оның төменгілерінен туып, оларды «алынған» күйде сақтаса да, жоғарылар төменгілерге теңгерілмейді. Редукционизм психикалықты физиологиялық, ақпартаттық және т.б. процестердің нәтижесі деп қарайтын, ал қоғамдық өмір құбылыстарын биологиялыққа телетін механизмде байқалады. Редукционизм неопозитивизмде «философияны метафизикадан құтқаруға» ғылыми білімді түйсіктер немесе физикалық тәжірибелер мен өлшемдер туралы сөйлемге апарып теңгеруге ұмтылуынан байқалады.

 

Таным теориясы,немесе гносеология – танымдық қызмет процесіндегі субъект пен объектінің арақатынасын, білімнің шындыққа қатынасын, адамның дүниені танып-білу мүмкіндігін , білімнің ақиқаттығы мен айқындық критерийлерін зерттейтін философия тарауы. Таным теориясы адамның дүниеге деген танымдық қатынасының мәнін, оның басқы және жалпы негіздерін зерттейді. Таным теорясы таным туралы философиялық ілім болғандықтан, оның қайсысы болсын философияның негізгі мәселесін белгілі тұрғыдан шешуге ұмтылады. Таным теорясы философияның салыстырмалы дербес бөлігі болғанымен, танымдықтеориялық түсініктер әрдайым басқа болмыстың табиғат, этикалық және эстетикалық көзқарастар сияқты басқафилософиялық түсініктермен байланысты болады. Соның ішінде тіпті жалпы философияны таным теоряисымен теңестіріп, қандай да болсын антологияның өмір сүруге хұқығы жоқ деп есептейтін юағыттардың өздері айқын көрсетпесе де, юолмыстың табиғаты туралы белгілі бір тұрғыдан түсіндіретін көзқарастан шығады. Таным теориясы проблематикасы әрқашан маңызды роль атқарады және кей кездері негізгі орын алып отырады. Таным теориясының философиялық проблематикасы жойылмайды деп есептейді. Керісінше таным теориясы алдына жаңа мәселелер қою арқылы және бұрынғы классикалық проблемалардың жаңа аспектерін зерттеудің арнайы ғылыми әдістері таным теорясының философиялық проблематикасының дамуына ықпал етеді. Диалектикалық-материалистік таным теориясы қазіргі таным туралы арнайы ғылымдардың философиялық-методолгиялық негізі бола тұрып, өз дамуында олардың жаңа жетістіктерін пайдаланады.

 

Термин(лат terminus - шекара) – ғылымның арнайы саласындағы ұғымды білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Нақтылы терминологиялық жүйе арқылы термин тілдің жалпы лексикалық жүйесін құрайды. Термин ерекшеліктері: жүйелілік, анықтамасының болуы, моносемиялығы, экспрессияның болмауы, стилистикалық бейтараптық. Тіл бірлігі ретінде термин фонетикалық және грамматикалық заңдылықтарға бағынады. Терминге тән сөзжасамдық ерекшеліктер бар. Ғылыми терминологияда грек, латын элементтері негізге алынған. Жеке білім салаларында терминологиялық сөздіктер жасалады.

 

Тіл және қоғам– қазіргі тіл білімінің өзекті мәселесі. Тілдің пайда болуы, дамуы мен қызметі, әлеуметтік топтарға қатысы, тілдің қолданылуы мен бсқа тілдермен арақтанысы, қоғамның тілге деген саналы көзқарасы- бәрі де тілдің қоғамдық табиғатынан туындайды. Қоғым мен тілдің пайда болуы бір кезеңде болған деген көзқарас бар. Маркс пен Энгельс қоғамдағы тілдің дамуын еңбектің дамуынан шығарады. Алайда, тіл мен қоғам арасындағы қатынастарға әр түрлі пікірлер айтылады.

 

Тіл және ойлау- өзара тығыз байланысты әлеуметтік қызмет түрлері. Ойлау – танымның ең жоғары сатысы, нақтылы болмысты бейнелеу процесі. Түсінік, пайымдау, категория, пікір, теория арқылы ойлау процесі жүзеге асады. Адамзттың әлеуметтік-тарихи және танымдық тәжірибесі түрлі ұғымдарда, түсініктерде, теорияларда сақталады. Ойлау процесі негізгі үш жағдайдан тұрады: тәжірибелік-әлеуметтік, бейнелік-көріністік және сөздік-қисындық. Тіл және басқа де белгі жүйелері ойлаудың құралы болып табылады. Тіл – таңбалық қызмет, ол ойлаудың материалды көрінісі. Ойлаудың табиғаты психикалық болса, тіл табиғаты физикалық, материалды болады. Тіл мен ойлаудың байланысы туралы проблема – теориялық тіл біліміндегі және тіл философиясындағы ең маңызды проблема болып есептеледі.

 

Тіл білімі (линвистика) –табиғи тіл туралы ғылым. Тіл білімі әлеуметтік ғылымдармен байланысты.

Тіл – қоғамның ең маңызды байланс құралы және ой-санамен байланысты болғандықтан әлеуметтік пән ретінде адам мен қоғамды зерттейді. Гуманитариялық ғылымдар шінде тіл білімімен тығыз байланыста болатындар: этнография, әлеуметтану, филология, герменевтика, линвистикалық поэтика, текст линвистикасы, грамматология, тарих, психология. Этнология слары әр түрлі қоғамдағы тіл қызметін зерттеумен айналысады. Әлеуметтану – тіл арқылы байланыс жасауды зерттейді. Қоғамдағы араласу түрлерін коммуникация теориясы, мәдени антропология, семиотка зерттейді. Табиғи тіл – ең маңызды таңбалық жүйе болғандықтан, тіл білім семотикалық пән ретінде қарастырылады. Текстерді зерттеу үшін тіл білімі – тексті зерттейтін филология пәніне, текст мағынасын зерттейтін герменувтикаға сүйенеді. Тілдің жаңадан пайда болатын әлеуметтік қызметін зерттеу қажет болады. Текст линвистикасы – текст жасаудағы тіл заңдарын зерттейді. Грамматология – семиотикалық пәнге жатады, яғни бұл жазуғабайланысты ғылым болып табылады. Тарихи тіл блімі тәсілдері тарихпен өте жақын болады, өйткені қоғамның, әдебиеттің, мәдениеттің, өнердің тілсіз дамуы мүмкін емес. ХІХғ психологиялық тәсілдер мен идеялар тіл білімінде өте көп қолданылды. ХХғ 50ж бастап психолинвистикада қарастырылатын тіл және ойлау қатынасы тралы мәселелер қазіргі логикада, тіл философиясында лингвистикалық семантикада да зерттеледі.

 

Уақыт және кеңістік– материяның негізгіөмір сүру формалары. Философияның көңіл аударатын мәселесі, ең алдымен уақыт пен кеңістіктің материяға қатынасы, яғни уақыт пен кеңістік шындық па әлде санада ғана өмір сүретін таза абстракт па деген мәселе. Идеалист-философтар уақыт пен кеңістіктің материяға тәуелдлігін жоққа шығарып, орларды не жеке адам санасының формасы ретінде немесе сезімдік қабылдаудың тәжірибеге дейінгі априорлық формасы түрінде, не болмаса абсолюттік рух категориясынегізінде қарастырады. Материализм уақыт пен кеңістіктің объективтік, материалдық сипатын атап көрсетеді. Уақыт пен кеңістіктің материядан ажырағысыз екендігі олардың жалпылығы мен әмбебаптығынан көріндеі. Кеңістік бір мезгілде қатар өмір сүретін объектілердің орналасу ретін көрсетеді. Ал уақыт бірінен соң бірі болатын құбылыстардың өмір сүру ретін белгілейді, яғни кез-келген материаалдық процесс бір бағытта - өткеннен болашаққа қарай дамиды. Маркс пен Энгельс уақыт пен кеңістіктің үнемі қозғалыстағы материямен жай сыртқы байланысын ғана мойындамайды, сондай –ақ қозғалыс уақыт пен кеңістіктің мәні болып табылады, демек, материя, қозғалыс, уақыт пен кеңістік бірінен бірі бөлінбейбін бірлікте екендігін мойындайды. Бұл идея қазіргі заман физикасында толық дәлелденді.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 653. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (18.028 сек.) русская версия | украинская версия