Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ситуациялық есептер




225.Науқас 43 жаста жүрек соғуына, бас айналуына шағымданды.ЭКГ:кезектен тыс синусты емес P тісшесі,оның артынан қалыпты немесе QRS комлексі. PQ интервалы 0,12-0,20 с.ең тиімді қорытынды:

А. Сырғымалы экстрасистолия;

В. +жүрекшелік экстрасистолия;

С. Қойылмалы экстрасистолия;

4. топтық экстрасистолия;

5. түйінді экстрасистолия;

 

226. Жедел жәрдем көмегіне 60 ж. ер адам 2 айдан бері мазалайтын ентігумен қаралды. Жүрек аймағында ауыру сезімі жоқ. Қарап тексергенде өкпенің төменгі ылғалыд сырылдар және жүрек ұшында ІІІ патологиялық тон естіледі. ЭКГ түсіріліп төменде берілген:

1. +А. VS аневризмасымен көрінетін миоеардтың алдыңғы қабырға инфаркті

2. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

3. Алдыңғы қабырға жіті миокард инфаркті

4. Тыртықтану өзгерістер фонындағы ишемия

5. Перикардит

 

227. Науқса 63 жаста. Жүрек тұсындағы қысып, батып ауыратын ауыру сезіміне, ауыру сезімі психоэмоциональды жағдайдан кейін пайда болуына шағымданады. Нитроглицерин қабылдағанада ауыру сезім басылып, біраз уақыттан кейін қайталанады. Анамнезінде 5 жылға жуық ЖИА. Жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғылары бозғылт, өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. АҚҚ 140/90 мм.сб., пульсі 60 рет минутына. ЭКГ: ST сегменті V1 - V4 әкетулерде изосызықтан төмен, Т тісшесі теріс. Болжамалы мүмкін диагноз:

1. кеуде омытрқа остеохондрозы;

2. ЖИА.күштемелі тұрақты стенокардия;

3. ЖИА. Үдемелі стенокардия;

4. кардиальды типті нейроқантамырлықдистония;

5. белдемше теміреткі.

 

228. Науқас 59 жаста. Алғаш рет жүрек аймағындағы 40 минутқа созылатын қысқан ауыру сезім, аралас типті ентігу, өлім үрейі, айқын әлсіздік мазалаған. Жағдайы өте ауыр. Бас шамалы көтерілген мәжбүрлі қалыпта. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. ЖСЖ 120 рет, АҚҚ 110/80 мм сб. ЭКГ –де III, AVF әкетуде ST сегментінің 4 мм жоғарлауы. Болжамалы мүмкін диагноз:

1. +сол қарынша артқы қабырғасының жіті миокард инфаркті;

2. алдыңғықабырға жіті миокард инфаркті;

3. алғаш рет пайда болған стенокардия;

4. плевропневмония;

5. құрғақ плеврит.

 

229. 47 жастағы науқас жүрек соғуына, бас айналуына,әлсіздікке шағымданды..Ұстама күнделікті пайда болады.ЭКГ: ЖСЖ 160-180 рет минутына,суправентикулярлы тахикардия.Ұстаманы босу үшін төменде көрсетілген препараттардың ең тиімдісі:

1. + верапамил көк тамырға;

2. Дигоксин үлкен дозада;

3. Лидокаин енгізу;

4. Атропина енгізу;

5. АТФ енгізу.

 

230. 55 жастағы науқас жүрегінің қағуына, бас айналуға, әлсіздікке шағымданады. Ұстама бірденнен басталды. Науқастың жағдайы ауыр, тері жабындысы бозғылт. Жүрек тондары тұйықталған, айқын тахикардия, ЖСЖ 184 рет мин. АҚҚ 105/65 мм.с.б. ЭКГ-да: Суправентрикулярлы тахикардия ЖСЖ 184 рет мин. Төмендегі көрсетілген препараттардың қайсысы ұстаманы емдеуге қолданады?

1. лидокаин

2. + верапамил

3. анаприлин

4. дигоксин

5. атропин

 

231. Науқас 59 жаста бірінші рет бір сағаттан аса жүрек тұсының ауруы, ентігу, өлім үрейі, жалпы әлсіздік мазалайды. Науқастың жалпы жағдайы өте ауыр. Науқас ортопное қалыпта. Тері жабындысы бозғылт, цианозды, ылғалды. Екі жақ өкпенің төменгі бөлігінде майда және орташа көпіршікті сырылдар, бірең сараң құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ 120 мин, АҚҚ 110/80 мм с. б. ЭКГ - III, avF әкетулерде ST интервалының жоғарылауы байқалады. Науқаста қандай асқыну дамыды:

1.+ жедел сол жақ қарыншанның жеткіліксіздігі;

2. шынайы кардиогенді шок;

3. қарынша аралық перденің жарылуы;

4. жедел оң жақ қарыншанның жеткіліксіздігі;

5. тромбоэндокардит.

 

232. 58 жастағы науқас жүрек соғуына, бас айналуына,әлсіздікке шағымданды. Ұстама аяқ астынан басталды, жағдайы ауыр.Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Жүрек тондары тұйықталған, айқын тахикардия, ЖСЖ 160 в 1 минут. АҚ 80/50 мм.сын.бағ. ЭКГ-де: тахикардия ЖСЖ 160 минут, қарыншалы комплекстер 0,14 сек., дефомацияланған, Т тісшесі дискордантты QRS . Ұстаманы басу үшін төменде көрсетілген препараттардың ең тиімдісі:

1. Көк тамырға верапамил енгізу

2. дигоксин үлкен дозада;

3. +көк тамырға кордарон енгізу

4. Атропин енгізу;

5. АТФ енгізу.

 

233. Науқастан жүрегінің тоқтап қалғандай сезім пайда болуы және жүрегінің жиі соғуы. Ырғақ дұрыс емес, бөлек қарыншалық комплекстер 0,12 сек дейін ұзарған, деформацияланған, R-R – аралығы ұзарған, одан кейінгі пауза ұзарған,одан кейінгі Р тісшесі жоқ, бұл науқаста қандай ырғақ бұзылысы?

1. атриовентрикулярлы экстрасистолия;

2. + қарыншалық экстрасистолия;

3. пароксизмальды тахикардия;

4. жүрекшелік экстрасистолия;

5. жүрекше жыпылықтауы.

 

234. 2 жыл бұрын миокард инфарктын алған 42 жасар науқаста, физикалық жүктемеден соң аяқ астынан жүрек соғуы, ауа жетпейтін сезім, жалпы әлсіздік байқалған. ЭКГ-да: АV-түйінінде параксизмальды тахикардия тіркелген. ЭКГ – көрсетілген ырғақ бұзылысының белгісі:

1. ЖСЖ 140-250, ырғақ дұрыс, әр QRS алдында Р тісшесі бар;

2. +ЖСЖ 140-250, ырғақ дұрыс, QRS өзгермеген Р жоқ;

3. ЖСЖ120 1 мин, ырғақ дұрыс, Р тісшесі QRS алдында;

4. II, III, AVF, V1-V2 әкетулерде Р тісшесі жоқ, F толқындар бар;

5. ЖСЖ 140-220, QRS деформацияланған және 0,12 сек -тан кеңейген.

 

235. Еркек 65 жаста, жүрек соғуына, жүрек аймағының қатып қалу сезіміне шағымданады. ЭКГ –да: Лауну V класы бойынша қарыншалық экстросистолия. Науқасқа тән:

1. + ерте қарыншалық экстросистолия <R дан T>;

2. қарыншалық экстрасистолия 25 сағатта;

3. политопты экстрасистолия;

4. топтық экстрасистолия;

5. қосарланған экстрасистола.

 

236. Науқас 34 жаста диффузды токсикалық зобпен ауырады, ентікпе пайда болған, жүрек соғуы көбейген. Жүрек тондары қатты, ырғақ дұрыс емес. Жүрек ұшында қысқа систоликалық шу. ЖСЖ - 108 1 мин, Пульс – 78 1 мин, аритмиялық. ЭКГ-да: II,III av F, V1 әкетулерінде R-R- әртүрлі, f толқындар бар, Р тісшесі жоқ. Науқаста ырғақ бұзылысының қай түрі?

1. AV-түйінінінен пароксизмальды тахикардия ;

2. қарыншалық экстрасистолия;

3. жүрекшелік экстрасистолия;

4. жүрекше дірілі;

5. + жүрекшелік жыпылықтауы.

 

237. Еркек 52 жаста, әлсіздікке, жүрегінің тоқтап қалардай сезімге, бас айналуға шағымданды. Жүрек тондары анық,ырғақ дұрыс емес, брадикардия – 48 1 минут. АҚ 110/60 мм. сын.бағ. ЭКГ-да: P-Q интервалы жайлап ұзаруы, QRS комплексінің периодты түсіп қалуы. Науқаста ырғақ бұзылысының қай түрі?

1 . синоаурикулярлы блокада II сатысы;

2. + а-v блокаданың II сатысы, Мобица I;

3. а-v блокаданың II ст. Мобица II;

4. а-v блокаданың III сатысы;

5. а-v блокаданың I сатысы.

 

238. ЖИА инфаркттан кейінгі кардиосклерозы бар 60 жастағы науқас, аяқ астыныан есін жоғалтты. Науқаста эпилепсиялық тырысулар қатар жүріп, еріксіз зәр шығару мен дефекация байқалды. ЖСЖ – 39 рет мин, ААҚ 90/60 мм.с.б. ЭКГ –да: АV-блокада II дәрежесі, Мобитц II түрі. Осы патологияда ЭКГ да қандай өзгерістер болады?

1. + P-Q интервалы біркелкі ұзаруы, әрбір 2 QRS комплексінің түсіп қалуы.

2. P-Q интервалы жайлап ұзаруы, QRS комплексінің түсіп қалуы.

3. 0,12"-төмен Р-Q, интервалының қысқаруы дельта-толқындар;

4. 0,20" -тан Р-Q, интервалының ұзаруы;

5. V5-V6. QRS комплексінің кеңеюі

 

239. Науқастың электрокардиограммасында гис шоғырының сол аяқшасының толық бөгеті. Осы өзгеріс төмендегі көрсетілген патологияның қайсысында кездеседі?

1. жүрекше аралық дефекті;

2. өкпе артериясының тромбоэмболиясы;

3. +инфаркттан кейінгі кардиосклероз;

4. созылмалы өкпелік жүрек;

5. митральді стеноз.

 

240. Науқастың ЭКГ анықталады: Q тісшесі = R тісшесінің 1/3, ұзақтығы 0,03" көп, I, AVL, V4 - V6 әкетулерде, ST сегмент изосызықта, Т тісшесі теріс. ЭКГ ең тән қортындыны атаңыз:

1. алдыңғы-бүйір қабырға инфаркті, жедел сатысы;

2. +алдыңғы-бүйір қабырғада тыртықтану белгілері;

3. Артқы қабырғаның трансмуральды инфаркті;

4. артқы қабырға ишемиясы;

5. қалыпты ЭКГ.

 

241. 60 жастағы С. Науқаста құрысу синдромымен қосарласқан қысқа уақытқа естен тану, еріксіз зәр шығару анықталды. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 34 рет минутына. АҚҚ- 130/70 мм сб. ЭКГ AV-диссоциациясы. QRS саны - 34 рет минутына. Р саны – 80 рет минутына. QRS - 0, 14 сек. ЭКГ ең мүмкін болатын қортынды:

1. Синоаурикулярлы блокада - II дәрежесі;

2. АB-блокада II дәрежесі Мобитц II;

3. АB-блокада II дәрежесі Мобитц I;

4. Гисс шоғыры аяқша блокадасы;

5. + толық АB-блокада.

 

242. 82 жастағы П, науқас жамбас мойыны сныуымен ЖМЖБ қаралған. Анамнезінде ентігу және бас айналуы ұстамасы бірнеше айға созылған. Қарқынды терапия бригадасы дәрігерлерімен ЭКГ жазылған. Мүмкін болатын диагноз?

1. Синоаурикулярлы блокада;

2. АB-блокада II дәрежесі;

3. АB-блокада III дәрежесі;

4. синусты брадикардия;

5. +АB-блокада I дәрежесі.

 

243. 29 жастағы жүкті әйел жүрек қағуына шағымданады. Аускультация кезінде ретсіз жүрек ырғағы кезеңді кезектен тыс жиырулар анықталады. ҚТБ дәрігері- мынадай ЭКГ көріністері жазылды. Науқаста ырғақтың қандай бұзылысы БОЛУЫ МҮМКІН:


1. атриовентрикулярлы түйіннен экстрасистолалар

2. интерполирленген экстрасистолалар

3. +қарыншалық экстрасистолалар

4. жүрекшелік экстрасистолалар

5. синусты аритмия

 

244. 57 жастағы ер адам 20 сағатқа сақталған көкірек тұсындағы айқын ауыру сезіміне шағымданып жедел медициналық жәрдемге қаралған. Қарқынды терапия бригада дәрігері төмендегі ЭКГ түсірген. Ең маңызды диагнозды атаңыз?

1. + алдыңғы қабырғаның жедел миокард инфаркті;

2. Гисс шоғыры оң аяқшасының блокадасы;

3. Жүргізуші жасанды ритм;

4. топтасқан экстрасистолалар;

5. перикардит.

 

245. 57 жаста ер адам жүрек тұсындағы айқын 20 сағатқа созылған ауыру сезіммен жедел жәрдемге қаралған. Қарқынды бригадамен ЭКГ жазылған. Ең тиімді тактика қандай?

1. тромболитиктер, наркотикалық емес анальгетиктер, тасымалдау;

2. тромболитиктер, наркотикалық анальгетиктер, тасымалдау;

3. наркотикалық анальгетиктер, аспирин, тасымаладу;

4. наркотикалық анальгетиктер, тасымалдау;

5. тромболитиктер, тасымалдау.

 

247. Жүректің ревматикалық зақымы бар 60 жастағы әйелде шамалы физикалық күштемеге ентігу, аяқтарында ісінулер, жүрек қағуы анықталған. Ем қабылдаған соң ентігу жойылды, бірақ лоқсу, құсу пайда болды. ЭКГ: ЖСС 54 мин, PQ- 0,24 сек, ST V5-6 қиғаштөмен корыта тәрізді төмендеген. ЕҢ мүмкін диагноз?

1. атриовентрикулярлы блокада I дәрежесі

2. толық атриовентрикулярлы блокада

3. +гликозидтік интоксикация

4. гиперкалиемия

5. гипокалиемия

 

248. 26-жастағы әйел жүректің қатты қағуымен жедел медициналық жәрдемге қаралған. Анамнезінде бұндай ұстамалар жиі болған. Түсірілген ЭКГ төменде берілген. Науқаста қандай жүрек ырғағының бұзылысы болуы мүмкін:

1. +суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардия.

2. Қарыншалық пароксизмальды тахикардия

3. Жыпылытаушы аритмия;

4. синусты тахикардия;

5. синдром WPW.

 

249. 26 жасар әйел жүрек қағуына байланысты жедел жәрдем шақыртты. Анамнезінде осындай ұстамалар болған. Жүрек тондары тұйық, тахикардия. АҚҚ 120/70 мм.сын.б. ЭКГ көрінісінде: ЖСС мин 200 дейін, Р тісшелері көрінбейді, QRS, комплекстері, ST сегменттері және Т тісшелері өзгеріссіз. Жедел жәрдем тактикасына барлығы кіреді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. суық сумен бетті шаю

2. +электроимпульсті терапия;

3. каротидті синустың массажы;

4. верапамил көктамырға;

5. Вальсальва сынамасы

 

250. 53 жастағы ер адам 6 сағатқа созылған арқаға берілетін көкірек тұсындағы қатты ауыру сезіміне шағымданып жедел медициналық жәрдемге қаралған. Берілген ЭКГ-де қандай диагноз болуы мүмкін?

1. алдыңғы қабырғаның трансмуральды миокард инфаркті;

2. + артқы қабырғаның ірі ошақты миокард инфаркті;

3. Қолқаның қатпарланған аневризмасы;

4. жіті коронарлы синдром;

5. перикардит.

 

251. 53 жастағы ер адам 6 сағатқа созылған арқаға берілетін көкірек тұсындағы қатты ауыру сезіміне шағымданып жедел медициналық жәрдемге қаралған. Обьективті тері түсі бозғылт, ылғалды. Жүрек тондары бәсеңдеген. . ЖСЖ 85 рет минутына.АҚҚ 100/70 мм.сб. өкпеде сырылдар жоқ. ЭКГ суретте берілген. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі ең мүмкін болатын сіздің тактикаңыз?

1. + анальгетиктер, тромболитиктер,тасымалдау;

2. тасымалдау, ЭКГ-мониторинг;

3. глюкокортикоидтар, антибиотиктер;

4. кардиохирург ақыл кеңесі;

5. ферменттер, эхокардиография.

 

252. 64 жасар ер кісі жүрек қағуына байланысты жедел жәрдем шақыртты, сол уақытта мына ЭКГ түсіріліп мына мәліметтер жазылған. Ең мүмкін болатын өзгерістер?

 

1. + жүрекшелер тыпыры 4:1;

2. толық атриовентрикулярлы блокада

3. алдыңғы -бүйір қабырғасының ишемиясы

4. артқы -бүйір қабырғасының миокард инфаркті;

5. суправентрикулярлы пароксизмальді тахикардия.

 

253. Ер кісі 51 жаста. Жүрек қағу ұстамасына, әлсіздікке, жүрек тұсындағы қысқан ауыру сезіміне 5 минутке дейін.Анамнезінде 2006 году миокард инфаркты, ырғақ бұзылыстары. Ритмилен, нитраттар қабылдаған. Жағдайы 2 сағаттан бері нашарлаған, психоэмоциональді стресске байланысты. Объективті: жүрек тондары тұйық, аритмиялы. АҚҚ 130/80 мм.с.б. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ЭКГ суретте көрсетілген. Науқаста ырғақтың ЕҢ мүмкін бұзылысын анықтаңыз:

1. + политопты, топтасқан қарыншалық экстрасистолия;

2. толық атриовентрикулярлы блокада;

3. қарыншалық пароксизмальді тахикардия.

4. қарыншалық экстрасистолия «пируэт» түрінде

5. суправентрикулярлы пароксизмальді тахикардия.

 

254. 25 жасар ер кісі ентігу мен бас айналумен ілесе жүретін ретті жүрек қағу ұстамаларына шағымданады. Қарап тексергенде сирек аритмиялық пульстен басқа ауытқулар анықталмаған. Берілген ырғақ бұзылысынан басқа, ЭКГ қалыпты болған. ЕҢ мүмкін қорытынды:

1. толық AV - блокада Морганьи-Адамс-Стокс ұстамаларымен;

2. AV – блокада II дәрежесі Венкебах кезеңдерімен;

3. алдыңғы сатылы бұлшық еттер синдромы;

4. + синусты түйіннің әлсіздік синдромы;

5. AV – блокада II дәрежесі Мобиц 2.

 

255. 63-жасар ер кісінің балтырында ісінулерге шағымданады. Қарап тексергенде ритмді пульс анықталған.АҚҚ 115/70 мм сын б, сонымен қатар іркілген жетіспеушілігінің белгілері бар. ЕҢ мүмкін қорытынды:

А.жүрекшелік пароксизмальді тахикардия;

В. топтасқан жүрекшелік экстрасистолалар;

С. + жүрекше тыпыры 4:1;

4. жүрекше фибрилляциясы;

5. артефакт.

 

256. 49 жастағы ер адам көкірек тұсындағы 24 сағат бұрын басталған, қазір қарап тексергенде жоғалған ауыру сезіміне шағымданып ЖМЖБ қаралған. Ентігу анықталады. Ең мүмкін болатын қортынды:

1. сол қарынша алдыңғы қабырғасының субэндокардиальды миокард инфаркті;

2. +Жіті миокард инфаркті (алдыңғы-бүйір қабырға);

3. сол қарыншаның созылмалы аневризмасы;

4. алдыңғы –жайылған ишемия;

5. жіті коронарлы синдром

 

257. Науқас К., 45 жаста, қарақұс-шүйде аймағына берілетін бас ауыруы, жүрек тұсындағы шаншыған ауыру сезіміне, ұйқыс шағымданады. Науқас 2 жыл бойы ауыратынын айтады. Ауруын психоэмоционалдық жүктемелермен байланыстырады. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары табиғи түсін сақтаған. Жүрек шекаралары сол жаққа, ортаңғы бұғана сызығына дейін кеңейген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ритмі дұрыс. Пульс 90 рет мин. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. ЭКГ: Жүректің электрлық осі солға ығысқан. Сіздің болжам диагнозыңыз?

1. Артериальды гипертензия

2. ЖИА. Үдемелі стенокардия

3. Миокардит

4. Созылмалы пиелонефрит, симптоматикалық гипертония

5.НҚД гипертония түрінде

 

258. 45 жастағы науқас бас ауыруы, бас айналуы, жүрек соғуы, барлық дененің қалтырауы, мазасыздық сезім, әлсіздік. Жағдайының нашарлауына 2-3 сағат болған. Аурудың басталуының психоэмоциональды стресспен байланыстырады. Валидол, корвалдин, адельфан қабылдағаннан кейін аздап жағдайы жақсарған. Науқас жылауық, қозғыш. Тері түсі гиперемирленген, құрғақ. Аяқ қолдарында тремор байқалады. Көз тамыр склерасы инъекцияленген. ТСЖ 20 рет мин. Жүрек тондары анық, қолқада II тон акценті, ЖСЖ 110 рет мин, АҚҚ- 220/120 мм.сб. Ошақты неврологиялық белгілер анықталмайды.

Ең мүмкін болатын болжам диагнозды атаңыз?

1. Артериальды гипертензия I дәр., Гипертензивті криз I тип

2. Патологиялық климакс. Артериальды гипертензия. Гипертензивті криз II тип

3. Диффузды токсикалық жемсау. Гипертензивті криз I тип

4. Феохромоцитома. Артериальды гипертензия. Гипертензивті криз I тип

5. +Артериальды гипертензия II дәр., Гипертензивті криз I тип

259. Науқас Б. 62 жаста. Басының айналуы, бас ауыру, құсу, лоқсу, құлақ шуы, көз алдындағы «шіркейлер», жүрек тұсындағы дискомфорт сезімге шағымданады. Жағдайының нашарлауы 2 күн бойы, клофелин қабылдағаннан кейін сәл жақсарған. Көп жылдар бойы АҚҚ көтеріледі, 2000 жылы миокард инфаркті алған. Тері түсі бозғылт, құрғақ. Тізенің 3-тен бір бөлігіне дейін ісіктер. Тыныс жиілігі 18 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс емес. ЖСЖ- 120 рет минутына. АҚҚ- 260/120 мм.сб. ЭКГ-де 96–128 рет минутына қарынша жиырылуымен жүретін жүрекше жыпылтауы. ЖЭО горизонтальды, V4-V6 әкетулерде ST сегменті изоэлектрлік сызықтан 1 мм төмен. Болжам диагноз:

1. Артериальды гипертензия II дәр. Гипертензивті криз II тип.

2.+ Артериальды гипертензия II дәр. Гипертензивті криз II тип. ЖИА.ИККС (2000ж.)

3. Артериальды гипертензия III дәр., Гипертензивті криз II тип. ЖИА.ИККС (2000ж.) НIIА.

4. ЖИА. Жедел миокард инфаркті.ИККС. Артериальды гипертензия II дәр. Гипертензивті криз I тип

5.Цереброваскулярлы аурулар: жіті ми қан айналым бұзылыс ишемиялық типті.

 

260. Науқас К. 54 жаста. Ауа жетіспеу сезіміне, тыныштық күйдегі ентігу, қызғылт түсті көп мөлшердегі көпіршікті қақырық бөлінетін жөтелге шағымданады. Анамнезінде: 7 жыл бойы артериальды гипертензия, тұрақты гипотензивті ем қабылдамайды. Жағдайының нашарлауы 3 сағат бойы. Жалпы жағдайы ауыр, есі анық, науқас қозғыш. Беті гиперемирленген. Өкпеде аускультативті – барлық өкпе аумақтарында ылғалды ірі және майдакөпіршікті сырылдар естіледі. ТЖ - 30 рет минутына. Жүрек тондары бәсең, ритмі дұрыс, ЖСЖ- 100 рет минутына. АҚҚ- 210/100 мм.сб. Іші жұмсақ ауыру сезімсіз, бауыры ұлғаймаған. Алдын-ала болжам диагноз:

1. Бронх демікпесі, инфекциялық- аллергиялық түрі

2. Созылмалы обструктивті өкпе ауруы: созылмалы обструктивті бронхит өршу фазасы.

3. Өкпе артерия тромбоэмболиясы.

4. Спонтанды пневмоторакс.

5. +Артериальды гипертензия II дәрежесі. Гипертензивті криз ІІ тип. Жіті сол қарыншалық жетіспеушілік, өкпе ісінуі.

 

261. 58 жастағы науқас бас ауыруы, бас айналуы, миының шуы, әлсіздігіне шағымданады. Жағдайы бір апта бойы нашарлап: бас ауыруы күшейіп, сол жақ аяқ қолдарының салдануы айқын үдей түскен. Бүгін таңертең төсегінен тұрған кезде есінен танып құлаған. Объективті: есі анық. Тері түсі қалыпты. Оң жақ мұрын ерін қыртыстары тегістелген, оң жақ қабақ птозы. Сол жақ бұлшық ет күштері кенет әлсіреген. Жүрек тондары анық, қатты, қолқа артериясында 2 тон акценті. АҚҚ190/100 мм сб. (жұмыстық АҚҚ 150/90). Өкпеде қатаң тыныс, сырылдар жоқ. ТСЖ 22 рет мин. Іші жұмсақ ауыру езімсіз. Болжам диагноз:

1. +Артериальды гипертензия. Асқынған гипертензивті криз

2. Дисциркуляторлы энцефалопатия

3. Артериальды гипертензия. Ишемиялық инсульт

4. Өкпе артерия тромбоэмболиясы

5. Бет нерві невриті

 

262. 30 жастағы К. науқастан төмендегі диастолалық гипертензияның жоғары тұрақтылығын, шүйде аймағына берілетін таңертеңгі бас ауыру, жүректің қатты қағуы, көруінің нашарлауы, эпигастральды аймақта естілетін систолалық шу белгілерді анықтаған. Сіздің алдын ала болжам диагнозыңыз:

1. аорта коарктациясы

2. аортаның қатпарланған аневризмасы

3. аорта атеросклерозы

4. созылмалы гломерулонефрит

5. + реноваскулярлы гипертония

 

263. Артериалды гипертензияның 1 дәрежесі бар науқаста кенеттен жағдайы нашарлап қатты бас ауыру, бас айналуы, көз алдындағы «торша» пайда болуы, жүрек тұсындағы ауыру сезім пайда болған. Объективті: науқас мазасыз, қозғыш. Дененің, бет терісі ысып, қызаруы – қызыл дақтардың пайда болған.АҚҚ 210/110 мм сб. Бұл науқастағы жағдайды анықтаңыз?

1. миокард инфаркті

2. стенокардия

3. +гипертониялық криз

4. Гипогликемиялық кома

5. есекжем

 

264. 58 жастағы науқас. Бас ауыру, бас айналу, басының шуы, кенет дамыған сол аяқ-қолдың әлсіздігі байқалған. Жағдайы апта бойы нашарлап бас ауыруы күшейіп, сол аяқ-қолдың әлсіздік күшейе түскен. Бүгін таңертең орынынан тұрғанда есінен танып құлаған. Объективті: есі анық. Тері түсі қалыпты. Оң жақ мұрынерін қыртыстары тегістелген, оң қабағының птозы. Сол аяқ-қолдың күші айқын әлсіздігі байқалады. Жүрек тондары анық, анық. АҚҚ 200/110 мм сб. Өкпеде қатаң тыныс, сырылдар жоқ. ТЖ 20 рет минутына. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі АҚҚ төмендетудің оптимальды деңгейін анықтаңыз:

1. АҚҚ қалыптыға дейін

2. Бастапқы 50% дейін

3. + 25% дейін

4. 10% дейін

5. АҚҚ жұмыстық деңгейге дейін

 

265. 64 жастағы науқас ентігуге, тұншығуға, ауа жетпеу сезіміне, бас ауруына, бас айналуға шағымданады. Жағдайының нашарлауы бір сағаттан бері. Объективті: есі анық. Ортопное қалыпта. Тері жабындысы бозғылт, цианозды. Жүрек тондары ашық, қатты, өкпе артериясынан 2-ші тонның акценті естіледі. АҚҚ 190/100 мм с б (жұмыс ққ 150/90.). Өкпеде тыныс бұрқыл тәрізді, ірі көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ 28 рет мин. Мұрыннан ақ түсті көпіршікті бөлінді шығады. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Төмендегі диагноздың қайсысы сәйкес келеді?

1. миокард инфарктісі, өкпе ісінуі

2. стенокардия

3. бронх демікпесінің ұстамасы

4. +гипертониялық криз, өкпе ісінуі

5. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

 

266. 64 жастағы науқас ентігуге, тұншығуға, ауа жетпеу сезіміне, бас ауруына, бас айналуға шағымданады. Жағдайының нашарлауы бір сағаттан бері. Объективті: есі анық. Ортопное қалыпта. Тері жабындысы бозғылт, цианозды. Жүрек тондары ашық, қатты, өкпе артериясынан 2-ші тонның акценті естіледі. АҚҚ 190/100 мм с б (жұмыс ққ 150/90.). Өкпеде тыныс бұрқыл тәрізді, ірі көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ 28 рет мин. Мұрыннан ақ түсті көпіршікті бөлінді шығады. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Осы науқасқа тиімді препарат?

1. +нитропруссид натрия;

2. нифедипин;

3. верапамил;

4. магния сульфат;

5. клексан

 







Дата добавления: 2015-10-18; просмотров: 2314. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.026 сек.) русская версия | украинская версия