Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция 1. Әлеуметтану және қоғамды зерттеу. Әлеуметтану ғылым ретінде




Мақсаты: әлеуметтану туралы түсінік беру, объект, пәнін анықтау. Гуманитарлық білімнің басқада түрлерімен салыстыра отырып әлеуметтік білімнің ерекшеліктерін талқылау.

Міндеттері: білімгерлерді әлеуметтік түсініктерімен таныстыру, социологияның мазмұнын қаншалықты байлық екендігімен, социология ғылымына қызығушылық тудыру.

 

1. Әлеуметтану пәнінің анықтамасы. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары

2. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасы.

3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі

 

1. Жоғары оқу орындарында студенттердің социологияны окып үйрене бастағанына аз ғана уақыт болды. Ол оқу жоспарына 90-жылдардын басында енгізілді. Социодогияны оқып үйренудегі мақсат -өзімізге бейтаныс, адамдар мен олар ұйымдасқан бірлестіктер арасындагы күнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта-жігерді арттыру. Байыбына бармай, адасуды алданыш етуте апарып соғатын себептердін бірі- күрделі қоғамдық қатынастарға үстірт, жеңіл қарау олардың мән-жайын терең түсінуден іргені аулау салу, енжарлык немқұрайдылық. Осылардан арылу- үшін студенттердің ынтасын әлеуметтік мәселелерді ғылым тұрғысынан қарауға бағыт сілтеу керек.

Әлеуметтану пәнінің ең түбірлі бір категориясы «әлеуметтік» деген ұғым. Оның мазмұның дұрыс түсінібейінше, бұл пәнді ойдарығай игеру мүмкін емес.

Әлеуметтану білімшнін негізгі қызметі - әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.

Бұл ғылымның «социология» деген атауы латын, грек сөздерінен құралған: «societas» - латын тілінде коғам. «Іоtоs» - грекше ілім, ұғым деген сөз. Демек, социология қоғам туралы ілім деген сөз. Бірақ коғам басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан социология -қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тең объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.

Социология басқа қоғамдык ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым екені мынадан да көрінеді, Социология қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын әлеуметтік құбылыстар, процестер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу объектісі - социум деп аталатын әлеуметтік шындық.

«Қоғам» деген термин социологияда адамдар арасында болып жататын алуан түрлі қарым-қатынастардың күрделі жиынтыгын білдіреді Сондыктан, жалпы алғанда, қоғам барлық қоғамдық ғылымдардын зерттеу объектісі бола отырып, сонымен қатар әрбір ғылым өзінін ерекше зерттеу объектісін бөліп алады. Экономика ғылымдарынын объектісі - өндіріс өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері. Экономика саласымен салыстырғанда саясаттанудың өз ерекшелігі бар. Саясаттану саяси билік жургізу мәселелерімен тікелей байланысты. Бұл саясаттанудың саяси ғылымдардың объектісі. Қоғамнын рухани өмірін, яғни рухани байлықты өндіру, тарату ісімен, адамдардың рухани қажеттерін етеудін жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, педагогика, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Міне бұдан көптпеген қоғамдық ғылымдардын зерттейтін объектісі -тұтас қоғам емес оның белгілі бір саласы ғана екенін түсіну қиын емес.

Социологияның ең негізгі, мазмұны жағынан көлемді категориясы әлеуметтік ұғымы. Бұл ұғым «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылым». «әлеуметтік институт», «әлеуметтік ұйымдастыру». «әлеуметтік топ»,«әлеуметтік әрекет». «әлеуметтік мінез-құлқы» т.б. көлемді ұғымдарды камтиды. Бұлардың әркайсысы өз алдына бірнеше маңызды категориаларға бөлінеді. Мәселен, «әлеуметтік топ» категориясы «тап». «әлеуметтік қабат». «халық», «ұлт», «жанұя» ұғымдарымен тікелей байланысты.

Әлеуметтік заңдарды түрліше белгілері бойыншы классификалауға болады. Жалпылылығы жағынан олар жалпы заңдар (қоғам дамуын, біртұтас әлеуметтік жүйе дамуын анықтайтын) және ерекше заңдар (әлеуметтік жүйенің жекелеген элементтерін, қоғам бөлшектерін сипаттайтын) болып бөлінеді. Олардың сипатына, көрініс беру ерекшелігіне қарай динамикалық және статистикалық заңдарға бөлінеді . Динамикалык зандар нақты жағдайда өз ретімен болатын оқиғалар арасындағы бір мәнді, қатаң байланысты көрсетеді, олардың бағытын, түрлері мен факторларын анықтап береді Статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатан қажеттілік түрде айқындамай, белгілі бір ықтималдыққа жол береді, сөйтіп әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағыты мен тенденциясын ғана керсетеді. Осыған байланысты социология ғылымын төмендегі құрамдас бөлімдерге бөлуге болады:

1. Жалпы теориялық социология

2. Орташа социология

3. Микросоциология

Социологиялык зерттеулер нәтижесінде алынатын ғылыми қорытындылардын жалпылық дәрежесіне сәйкес бұл зерттеулер теориялық және эмпириктік болып екіге белінеді.

Социологиялық зерттеудін алдына қойылған міндет пен мақсатқа сәйкес социология фундаменталъді (іргелі) және қолданбалы (прикладная) болып екіге бөлінеді.

2. Социология өз алдына жеке-дара дамымайды, басқа қоғамдық ғылымдармен үздіксіз тығыз байланыста дамып отырады. Социологияиың осы байланысын түсіну үшін оның әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен, экономикалық ғылымдармен арақатынасын қысқаша қарастыруға болады.

Социология мен әлеуметтік философияның арақатынасын қарастырғанда ең алдымен социологияның философиялык ғылымдағы жатпайтынын, өйткені ол әлеуметтік философияға қарағандға жалпылылығы әлдекайда төмен заңдылықтарды қарастыратынын атап көрсеткен жөн.

Олардың озара тығыз байланысын анықтайтын мәселе - екеуі де қоғамды жүйелі де тұтас әлеуметтік организм түрінде қарастырады.

Социология мен тарих қоғамды зерттегенде тарихи процесті субъективтік, іс-әрекеттік жағына ерекше көңіл бөледі , қоғамдык емірдін нақты факттілерін зерттеуге көп көңіл бөледі.

Социология мен саясаттану тығыз байланысты. Өйткені әлеуметтік қауымдастықтар әлеуметтік ұйымдар саясаттын субъектісі болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге тікелей әсер ететіндер -жеке адамдар және олардың бірлестіктерінің саяси қызметі. Саясат кең де күрделі жан-жақты құбылыс. Ол қоғамның барлық салаларын қамтиды? Сондықтан экономикалық саясат, әлеуметтік саясат, мәдени саясаты т.б қоғамдық дамуға зор әсерін тигізеді.

Экономикалык және басқа коғамдық ғылымдар да қоғамнын жеке салаларын. Бөліктерін зерттейді. Бұлардың социологиядан айырмасы осында. Ал социология қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе деп қарайтыны белгілі. Экономикалық ғылым материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қатынастарын зерттейді. Ал бұлардың өзгерісі әлеуметтік процестерге әсер етпей қоймайды. Сондықтан социология экономикалық теорияға сүйенеді. Сонымен қатар экономикалық процестердін өзі керісінше, әлеуметтік жағдайлар мен факторлартын әсерінен, олардың өндірісте, өнімді бөлісуде айырбас пен тұтынуда пайдалануынан тәуелді екенін өмірдің өзі дәлелдеуде. Бұл тәуелдік экономика мен социология ғылымдарынын өзара әсерін күшепте түсуді талап етеді. Экономикалық ғылым қоғам өмірінің аса маңызды саласынын ішкі айрықша заңдарын зерттесе, ал социология осы салада әлдекайда жалпы социологиялық заңдардын ерекше бой көрсетуін зерттейді.

Социология басқа да арнайы қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Мысалы, құқықтану ғылымын алайық. Социология құқықтық қатынастарды жеке-дара қарастырмай, бүкіл қоғамдық өмірдің бір бөлігі ретінде қарап, социологиялық зандылықтардың құқық саласындағы көріністерін қарастырады. Социологияның алдына қоятын міндеті - құқыққа және оның әлеуметтік рөліне әлеуметтік факторлардың, қатынастар мен институттардың және әлеуметтік ұйымдардың тигізетін әсерін анықтау.

3. Социологияның әлеуметтік-қоғамдық қызметі алуан түрлі. Солардың негізігі үшкуін арнайы қарастыру қажет сияқты. Олар теориялық-танымдық, саяси-практикалық және идеялық-тәрбиелік қызметі. Теориялық-танымдық қызметін іске асыру арқылы социология қоғамның мәні, оның құрылысы, заңдылықтары мен оның қызметі жайлы, дамуынын негізгі бағыттары мен тенденциялары, жолдары жөніндегі білімді тереңдете нақтылай түседі. Теориялық социологияның дамуында эмпирикалық социологияның және онымен байланысты арнаулы социологиялық зерттеулердін ролі ерекше.

Социологияның практикалық-саяси қызметінін маңызы жайлы сөз еткенде бұл ғылым әлеуметтік болмысты танып білумен шектеліп қалмайтынын, ол өз зерттеулерінің нәтижесіне сәйкес әлеуметтік өмірді жетілдіруге бағытталған саяси және практикалық ұсыныстар тұжырымдайтынын атап көрсету қажет. Социология элеуметтік өмірді және оның ар саладағы көріністері зерттеп қана қоймайды, гуманизм, жалпы адамзат процесі тұрғысынан белгілі бір баға береді.

Социологияның идеялық-тәрбиелік қызметі - оның зерттеулерінің тәрбие жұмысында қандай нәтижелер беретінінен көрінеді. Социология әлеуметтік болмысты объективті бейнелейтін ғылым ретінде таптар мен әлеуметтік топтардың мақсат- мүддесіне бейтарап қарайды. Бірақ осы таптар, әлеуметтік таптар өздерінің таптық, әлеуметтік топтық мүддесі мен мақсатын белгілеу және қорғау үшін өздерінің саясаты мен практикалық іс-әрекеттерін ақтау, негіздеу үшін социологиялық зерттеулердің нәтижелерін кеңінен пайдаланады.

 

Әдебиеттер:

1. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

2. Рахметов К., Булатова А., Исмағамбетова З. Социология. А.,2003.

3. Әбсатаров Р., Дакенов М. Социология. А., 2003.

 

 

Лекция 2,3. Әлеуметтік білімнің даму тарихы (шетелдік және отандық социология)

Мақсаты:социологияның пайда болу тарихына таныстыру, оның даму кезеңдерін қарастыру, социологиядағы әртүрлі мектептерімен бағыттарының ерекшеліктерін анықтау.

Міндеттері:білімгерлерді батыс, америка, қазақ және орыс әлеуметтанушыларымен таныстыру, олардың әлеуметтануға қандай еңбектерін енгізгенін білу.

1.Әлеуметтану шығуына дейінгі әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасу эволюциясы.

2.Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуы. О.Конт. Г. Спенсер- социологияның негізін салушылар

3.Э.Дюркгейм әлеуметтануы,оның әдіс-тәсілдері туралы

4.Орыс классикалық әлеуметтанушылары

5.Қазақстандағы әлеуметтік ойды дамытушылар

 

1.Әлеуметтануы (ХХ ғ-дың 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғалым болып табылады,өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуынан өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.

Алайда,әлеуметтанудың кеш пайда болуышан, оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен филлософиялық, экономикалық тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда ертедегі Шығыс өркениетінің- Көне Мысыр, Вавилон,Үнді, Қытай- қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуциишылар қоғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қоғам туралы ілімді негізгі мәселе- адамдар арасындағы қатынас және тәрбие.

Ежелгі Үндістанда әлеуметтік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің социологиялық мифтеріне біршама қарастырылған. Мәселен, джайнизмнің этикалық, эстетикалық жүйесінде адам мінез құлқындағы кейбір нормалармен тақуалық (әскетизм) мінездің кей формалары белгіленген. Тақуалық ( әскетизм ) деген «нәпсіні тый» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Шығыс еліндегі социологиялық ой- пікірлер прагматистік сипатталады,яғни әлеуметтік шындық тек тәжірибиемен ғана байланыстырылды. Жағымды мінез – оқулықтардың үлгілерін тек уағыздармен және адамның міндеттерінің тізбегін атаумен ғана шектелді.

Софистердің ішіндегі біршама көрнекті өкілі –Протагор болған. Ол өндіргіш күштердің рөлінің маңыздылығын көре отырып, онымен бүкіл қоғамның дамуын байланыстырады.

Платон өзінің социологиялық мифтерінде софистердің мемлекет адамдардың ортақ келісімінің нәтижесінде пайда болды дегенге қарсы болады. Платонның пікірінше, мемлекет адам мүдделерінің әр түрлі болуына негізделіп құралатын болған,содан еңбек бөлінісі пайда болады. Платон адамдарды үш топқа (кастаға) бөледі: жоғарғы билеуші топ, Қолөнершілер және құлдар.

Социологиялық ой дүниесінде Аристотельдің де алатын орны ерекше. Аристотель ежелгі Грецияның саяси тәжірибесін қорытындылай келсе, адам – әлеуметтік жаратылыс деген қорытындыға келеді. Мемлекет адамдардың тура біткен « бірігіп өмір сүруге ұмтылғыштық» қасиетінен пайда болады деп көрсетеді.

2. Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О. Конттың (1798-1857) есімімен байланысты. Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философиясының негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары « позитивті философияның курсы» деп аталатын 6 томдық еңбек жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінде 3-ші томында алғаш рет О. Конт « социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамда ғылыми негізді зерттеу мақсатын қойды. Міне осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып,дамуына негіз болады.

ХIХ ғасырдың ағылшын ғалым – философы Г. Спенсер. Социологияның қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Жас кезінен ғылым жолына түскен «темір жол инженері» Г. Спенсер, Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен эволюция үрдесімен айналысады.Ол эволюция теориясын, дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келеді. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзсат қоғамының тарихына да қолдануға болады деп мойындайды. Ғылымда, өнерде, дінде жәнефилософияда эволюциялықің болатындығына оның көзі жете түседі. Спенсердің пікірінше, бейорганикалық, организм сияқты қоғам жай формаларын күрделі формаға қарай дамиды. Спенсер бұл эволюциялық пропестің 3 түрін көрсетеді: бейорганикалық, органикалық және жоғары органикалық (надорганикалық)

3.Әлеуметтанудың ғылымилығының классикалық түріне қатысты принциптерін француз социологы Эмиль Дюркгейм енгізіп « Социологиялық тәсілдердің қағидасы» (1895 ж.) еңбегінде біршама айын көрсеткен болатын. Дюркгейм өз социологиясын әлеуметтік факт ( шындық) теориясына негіздейді. Жоғарыда көрсеткен еңбегінде Дюркгейм әлеуметтік фактіге қойылатын негізгі талаптарды көрсетеді.

Бірінші талабы – әлеуметтік құбылысты шынайы объективті құбылыс ретінде қарау. Екінші талап – социология идеологияға тәуелді болмауы керек. Үшінші талап социология бүтіннің бөліктен жоғары тұратындығын мойындауы тиіс. Яғни әлеуметтік фактінің көзі қоғамдаекендігін, мойындауға негізделетінін көруге блады.

4. Петр Лаврович Лавров (1828-1900)саясаткер – теоритик, саясаткер – тәжірибешіл ретінде таныс. Бұл әділетті де , оның танымал шығармашылығы « Тарихи хаттар». П. Лавров еңбектерінен Әлеуметтік бағыты бар ,яғни әлеуметтік үрдістерді зерттейтін шығармашылықтарын табу қиын. Оның отандық әлеуметтануға қосқан үлесі Конттың позитивтік ойларын ең алғаш Ресейге танытуында. Оның әлеуметтану туралы айтқандары мен жазғандары, тура ғылыми әдіс зерттеулері еді.

Бұл бағыттың орталықты назары қоғам туралы ілімді өндіруге,қоғамның даму заңдылықтары мен бағытталуын анықтауға аударылды. Бағытуәкілдері қоғамдық үрдіс теорияларын өңдеуге басты назар аударды. Прогресс дегеніміз мәдениетті қайта өнімдеу, нақтылы айтқанда, тоқырауға ұшыраған қоғамның дәстүрлі формаларын «цивилизациялы» икемді,динамикалық құрылымдар мен қатынастарға қайта өнімдеу субъективті социологтар «цивилизация» түсінігін зерделі тарихи қозғалыс ретінде түсіндіреді, өйткені ол нақтылы тұлғалардың қиын ойларымен пайда болады.

Сын көзімен ойлайтын ,творчестволы тұлға, олардың концепциялары бойынша, қоғамның маңызды қозғауыш күші ғана емес, қоғамдық үрдістің өлшеуіші.

Субъективті социологияның әдістемелігі қызықты және ерекше.

О. Контты социология ғылымының әкесі деп есептесе,онда П. Лавров инновациялы социологияның негізін салушысы.

О.Конттың қоғам туралы позитивтіғылымды құру қажеттілігі ілімі әйгілі болды және соның негізінде П. Лавров натурализм және биологизаторлықнегізінде социологиядағы объективизмді сынады,өзінің социологиялық жұмыстарында кеңінен субъективті әдіске түсініктеме берді.Бір жағынан, П. Лавров, социология қайталанатын құбылыстармен жұмыс жасайды және табиғи ғылымдар секілді объективті заңдылықтарды ашуға қызмет етеді деді. Ал, басқа жағынан социологияның зерттеу заты-адам- жеке табиғат білімінен оны іріктейді және тарихпен байланыстырады. Бірақ тарих біріңғай, қайталанбайтын мсәселелерді зерттейді.

П. Лавров тұлғаның қайталанбауы және динамикалық мәселесін негіз етіп,адамның өзгешелік дамуын тарихи үрдістерінде көрді. Бірақ тарихтың және әр түрлі қоғамдық өзгерістердің анық қоөғаушы күші әрбір тұлға емес.П. Лавровтың пікірі бойынша, адам өзінің мүддесінен бұрын қоғамдық мүдде секілді дамытады. Сонымен,қиын ойлайтын тұлға немесе тарихтых негіз салушысын анықтай отырып, П.Лавров оны социологиялық зерттеудің зерттеу объектісі ретінде қарастырады. Сонымен қатар социологияда инновациялық әдіс қолдана бастады. Осыған орай,бұл әдісті П.Лавров субъективті деп атады және «жалаң» субъективімен сыңар жақтылықпен немесе басыңушылықпен ешбір ұқсастықтары жоқ.

Инновациялық объект (немесе қиын ойлайтын творчествалық тұлға)- өзінің іс-әрекеті жоғары және озат нәтижегежететін тұлға (мамаңды, басқарулық,саяси және т.б.) ол іс-әрекеттер саяси ұмтылымды және тарихи прогрестің мүдделерін қолдау,яғни оларды үлгі ретінде еліктеуге енгізуге ұмтылу. Социологияның этика – субъективті бағытының негізгі үкілі. Николай Николаевич Михайловский болып табылады- ол көрнекті алым, социолог, қоғам қайраткері,халық идеологы. Жас кезінде ол революциялы халықшылықпен байланыста борлды, бірақ кейін орташа саясикөзқарастың жолын қуды. Оның пікірі бойынша социология - үздіксіз өзгеріп тұратынм қоғамды зерттейтін ғылымның зерттеу объектісі- жұртылықтың пайда болуы мен дамуы және оның мүшелерінің кооперациясы.

Н.Михайловский Европа бойынша алғашқылар қатарында тұлға теориялар құрылуына назар аударды және Электр.Дюркгеймге дейін қоғамдық өмірдегі еңбек бөлінісінің алатын рөлін зерттеді.

Орыс субъективті социология мектебінің уәкілдерінің пікірінше, социологияның негізгі мақсаты-жеке және қоғамдық қажеттіліктердің керектілігін дәлелдеу,өйткені олардың тіркесте болуынан ынтымақтастық үрдісі өркендейді және қалыптасады. Қоғамның даму факторы-мемлекет және азамат тарапынан сәйкес жағдайларды қамтамасыз ету. Олардың пікірлері бойынша дәл осымен прогрестің ойы аяқталады.

Ресей социологиялық ғылымында көрнекті орында Максим Максимович Ковалевский (1851-1916) алады. Өзінің социологиялық теориясында маңызды рөлді әлеуметтік прогреске бұрады, оның пікірі бойынша,бұл теорияның мәні әлеуметтік топтар мен ұлттар арасында ынтымақтастықты дамыту.Ковалевский өзінің жұмыстарында салыстырмалы-тарихи әдісті қолданды және қоғамдық-тарихи прогрес туралы ойды социологияның негізгі сұрағы ретінде қалыптастырды.

М.Ковалевский Батыс классикалық бағыттың-позитивизм ойының белсенді жалғастырушысы болды.Қоғамның әлеуметтік саяси құбылыстарын талдау үрдісінде (мемлекеттік думасының депутаты болған кезде) Ковалевский «жүйелі талдау» ұғымын алғашқы рет қолданды.Ресейде академиялы социологиядан «ғылыми орындарында өнімделген» басқа идеологиялық және саяси социологиялар дамыды. Қысқаша әрқайсысына сипаттама берейік.

Діни әлеуметтік философия ойларының дамуы «християн гуманизмі» Киривский И., Холеяков А., Леонтьев К., Соловьев В.,Бердяев Н.және т.б орыс ойшылдарына байланысты.Бұл жоғары мәдениетті,тамаша білімді адамдар,олрдың білімдері барлық әлемдік мәдениетті қабылдады және олардың ішінен өздерінің негізгі мүдделерін-отандық және шетелдік дін ойы деп іріктеді.Жоғарыда айтылған ойшылдары ғылыми социологияны санады,өйткені дін санасының жаңа формасын құруы керек екені туралы әңгімеледі.Бұл буының пайда болуы ХІХ ғ.аяғында-ХХ ғ. Басындағы қоғамдық өмірдегі барлық саласындағы дағдарлы құбылылыстар,халықтың белсенділігінің өсуі және интеллигенттер абыржуымен қозғалды.

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2285. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия