Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция 6. Әлеуметтік зерттеулер




Мақсаты: әлеуметтік зерттеулердің әлеуметтік шындықты меңгеру құралы ретінде қарастыру.

Міндеттері: білімгерлер әлеуметтік түрлерін білуі қажет, зерттеу кезінде қандай әдістерді қодлануын білу. Әдіс, техника, процедура сияқты түсініктерімен таныстыру.

 

1. Әлеуметтік зерттеулер әлеуметтік шындықты меңгеру құралы ретінде.

2. Әлеуметтік зерттеу әдістемесі.

3. Әлеуметтанушылық зерттеудің техникасы.

 

1. Бірінші лекцияда біз «берілген ғылым нені оқып меңгереді?» деген сұраққа жауап бердік. Бұл сұрақ ғылымның объектісі мен пәні жайлы болды. Екінші лекциядан біз «бұл ғылым өзінің объектісін қалай меңгереді» деген сұрақты талдадық... Бұл сұрақ оқып білудің әдістері мен құралдары жайлы.

Әлеуметтік процестермен жағдайларды оқып-білу (меңгеру) зерттеушінің өзінің зерттеу объектісіне қатысты ерекшеліктерімен байланысты өзінің ерекшеліктері бар. Егер зерттеуші кез-келген табиғи процеске немесе жағдайға қатысты бақылаушы позициясында болады, басқаша айтқанда ол өзінің зерттеу объектісінің сыртында болады. Онда қоғамдық процестер мен жағдайларды және бүкіл қоғамды зерттей отырып, зерттеуші жалпы жүйеден шығып кете алмайды.

Әлеуметтік зерттеудің әртүрлері бар: Бірінші кезекте барлық зерттеулерді теориялық және эмпирикалық деп бөлді.

1.Біріншісіне қоғамның немесе оның бөлек элементтерінің қызметінің және дамуының тоериясын құру мақсатымен түпкі заңдылықтарды зерттеу жатады; алынған мәліметтерді болашақта қарастыру мақсатымен.

2.Эмпирикалық нақты жағдайлар мен процестерді зерттеу жатады, сонымен қатар, қосымша зерттеулерді де ажыратуға болады. Егер теориялық зерттеулердің мақсаты кейбір объективті заңдылықтырды анықтау болса, онда қосымша зерттеулер анықталған әлеуметтік процестерді реттеумен, оларды болжаумен, жоспарлаумен байланысты нақты әлеуметтік процестерді реттеумен, оларды болжаумен, жоспарлаумен байланысты нақты әлеуметтік проблемалардың практикалық жағдайын шешуге бағытталған.Қосымша әлеуметтік зерттеу зерттелетін жағдайлардың, процестердің қатынастардың типінің заңдылықтарын анықтауға қарсылықсыз берілген нақты әлеуметтік жинақтауға қарсылықсыз берілген нақты әлеуметтік жағдайда және берілген нақты әлеуметтік объектив проблеманы шешумен шектеледі.

Екінші жағдайға бір әлеуметтік топ белгілі бір уақыт интервалында әлеуметтік процестің динамикасын анықтау үшін қайта зерттеледі. Қайталанатын әлеуметтік зерттеудің бір түрі зерттеудің «панельдік» болып табылады, яғнибір әлеуметтік объект анықталған уақыт аралығынан кейін бір бағдарлама және әдістеме бойынша зерттеледі. Панельдік зерттеуге мысал- барлық елдерде болып тұратын (10 жылда бір рет) тұрғындардың тізімін анықтау, қайталанатын зерттеудің саны және олардың уақыт интервалы зерттеудің мақсатымен және міндетімен анықталады.

Зерттеу объектісі бір мезгілде қоғамдық процестер принципі ьойынша таңдап алынған адамдар тобы болып табылса, мұндай зерттеу когортты деген атқа ие болды, ал сәйкес топ-когорта деп аталды. Ең кең тараған туылу когорты, яғни анықталған уақытта туылған адамдар тобы.

Сонымен қатар, әлеуметтік зерттеудің алқаптық (полевое), лабороториялық және жалпы (массовое)әлеуметтік объектіні, өмір сүруінің табиғи шарттарында жан-жақты зерттеуді айтамыз. Алқаптық зерттеу ізденіс болуы мүмкін, яғни бұрын белгісіз процестерді анықталған кезде және диагностикалық, практикалық әлеуметтік проблема анқталса және оны шешу керек болса. Бұдан басқа тағы егістік зерттеудің бір түрі алқаптық эксперименті бар. Әлеуметтануда алқаптық эксперимент деп табиғи шарттардан бұрын алға қойылған болжам тексерілетін зерттеуді айтамыз. Алқаптық зерттеудің негізгі түрі монографиялық зерттеу болып табылады, яғни алынған бір әлеуметтік объектіні жан-жақты зерттеу.

Алқаптық зерттеулерден лабораториялық зерттеудің айырмашылығын зерттеудегі арнайы құрылған топтарды зерттейді, бірақ олар үшін кәдімгі емес, жасанды жағдайға қою арқылы.

Жалпы (массовое) әлеуметтік зерттеу көбінесе бір сұрақтар бойынша көптеген адамдар тобын бұқаралық сұрау түрінде жүргізіледі. Жеке немесе массалық зерттеумен айналысатын әлеуметтік ұйымдар бар.

Әлеуметтік зерттеуде әртүрлі операциялар, процедуралар, қабылдаулар, әлеуметтік зерттеу методикасын құрайды. Методикаға негізгі параметрлер болып зерттеу әдісі, техникасы, процедурасы табылады. Әдіс деп ғылымда және әлеуметтануда білімді құру және негіздеу тәсілі: тәсілдер, процедуралар және операциялар жиынтығы, объективті шындықты эмпирикалық және теориялық белгілерін айтамыз. Әлеуметтанудан философиялық, логикалық жалпы әдістер қолданады. Бізді соңғысы қызықтыру керек. Нақты әлеуметтік зерттеуде қолданылатын әдіс кейбір факторларға байланысты.. Қолданылатын әдістер адекватты болу керек, зерттеу міндетіне, пәніне және концепциясына сәйкес келуі керек.

Әлеуметтік зерттеулердің кезеңдері мен осы зерттеулердің пәнін құрайтын әлеуметтік шындық деңгейлерін еске ала отырып, олар бойынша әлеуметтанушылық білімді талқылау мен құрудың әртүрлі әдістер қолданылады: тарихи –салыстырмалы, генетикалық социометриялық, биографялық т.б.

Тарихи салыстырмалы әдіс- әлеуметтік құбылыстардағы жалпылық пен ерекшелікті көрсетеді: сонымен қатар бір құбылыстың әртүрлі тарихи даму сатыларын көрсетеді. Салыстырмалы және тарихи жолдарды біріктіру әлеуметтік құбылыстардың дамуындағы әртүрлі уақыт кезеңінде пайда болуын және оларды салыстыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар бұл әдіс әлеуметтік құбылыстағы болған өзгерістерді көруге, даму тенденцияларын ренонтруциялауға мүмкіндік туғызады.

Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуы осы әдісті қолданумне байланысты. Кант бұл әдісті әлеуметтанудың негізгі әдісі ретінде санаған. Тарихи салыстырмалы әдістің үш формасын ажыратуға болады:

Біріншісі-тарихи –технологиялық салыстыру. Мұнда генетикалық түрде өзара байланыссыз құбылыстардың ұқсастығы. Қоғамдық дамудың бірдей жағдайлары нәтижесә ретінде түсіндіріледі.

Екіншісі-тарихи –генетикалық салыстыру. Мұнда құбылыстың пайда болуы бойынша туыстығы нәтижесі ретінде.

Генетикалық әдіс-әлеуметтік құбылыстар мен процестерді, олардың пайда болуын талдау жасау жолымен зерттейді. Генетикалық әдіс құбылыстардың көп түрлі болуын алғашқы фундаменталды элементтерге немесе жағдайларға әкеліп тірейді және олардың бәрінен зерттелетін құбылысты алуды қарастырады. Генетикалық әдіс әртүрлі әлеуметтік институттардың (мемлекеттер, кластар т.б.) пайда болу процестерді талдау кезінде маңызды роль атқарады.

Социометриялық әдіс- кішігірім топтарды, ұжымдарды зерттегенде қолданылады және оның маңызды тұлғалар арасындағы қатынастар жүйесін байқау және сипаттау. Осы әдістің негізін қалаушысы- - американдық әлеметтік психолог Дженоб Морено (1892-1974). Алғашында бұл әдіс адамдар арасындағы эмоциялық «тартынушылықтар» мен «қарсы әсерлерді » анықтаумен ғана шектелген. Қазіргі кезде социометриялық әдістің қолдануы кеңейтілген. Ол әдіс түрлі мазмұнды тұлғалар арасындағы қатынастарды зерттегенде қолданылады – формалды және формалды емес, тек қана эмоциялық емес, сонымен қатар рационалды, іскерлік, рольдік. Бұл қатынастардың өз қатысушыларының қабылдауы мен бағалауы арқылы қолданылады. Социометриялық әдіс жеке алғанда, оқу топтарының құрылымын зерттегенде кең көлемде қолданылады. Әлеуметтанушылық зерттеулер әдісі ретінде социометрияның шектігі, біріншіден, бұндай жағдайда қоғамда объективті түрде өмір сүретін қатынастар көрсетілмейді, тек сол қатынастардың адамдар санасындағы (осы қатынастардың субъективтілері) субъективті қалыптасуы көрсетіледі.

Биографиялық әдістің орталығында индивидуалды өмірлік жолын зерттеу тұрады. Осы жағдайда индивид бүкіл ұрпақтың типтік өкілі ретінде қарастырылады. Биографилық әдіс тұлғаның ішкі дүниесі мен оның дамуының тарихи жағдайының біртұтастығына арқа сүйеді.

Әлеуметтанумен қатар биографиялық әдістің басты кемшілігі оның көмегімен алынатын нәтижелердің аз болуы, себебі берілген әдісті қолданатын зерттеушінің негізгі материалы болып жеке тұлғаның құжаттары саналады және де бұл құжаттарда сипатталатын құбылыстар субъективті түрде бояуланған.

Әлеуметтануда теоретикалық әдістермен қоса эмпирикалық әдістер қолданылады: бақылау, әр турлі сұраулар, анкета жүргізу, интервью, құжаттарды талдау. Осы әдістерге біз келешекте толығырақ тоқталамыз. Әлеуметтанушылық зерттеулерде математикалық әдістер үлкен роль атқарады: статискалық, факторлық, лотенттік – құрылымдық, коррелециялық талдау, школа бойынша бөлу. әрбір нақты әлеуметтанушылық зерттеуде бірқатар әдістер немесе методикалық комплексті құрайтын әдістер жүйесі қолданылады.

Әлеуметтанушылық әдістерді түрлі негіздер бойынша классификациялауға болады. әлеуметтанушылық зерттеуле кезеңдері бойынша эмпирикалық белгілерді жинау әдістері, гипотизаларды ұсыну мен тексеру әдістері, теорияларды құру әдістері (теоретикалық әдістері). Әртүрлі әдістер әлеуметтік шындықтың түрлі деңгейлерін және жақтарын зерттегенде қолданылады: әлеумет – мәдени жүйелерді, қоғамдық саналарды, тұлғалар арасындағы қатынастарды және т.б.

Кез келген әлеуметтанушылық зерттеуде алғашқы негіз, эмпирикалық база ретінде әлеуметтік факт болады.

Әлеуметтік факт- бұл бір ғана қоғамдық маңызды оқиға. Әлеуметтік факт ретінде белгілі қоғамдық өмір саласына немесе белгілі әлеуметтік процестерге сәйкес бірыңғай оқиғалардың жиынтығы бола алады. әлеуметтік фактілер болып нақты жасалған іс- әрекеттер, жеке тұлғалар (егер олардың әлеуметтік маңызы болса) мен әлеуметтік топтардың қылықтары, сонымен қатар сөздік (вербальдік)іс-әрекеттер (көзқарастар, пікірлер, бағалаулар)саналады.

Әлеуметтік факт жалпыланған сипатта болуы мүмкін, онда ол әлеуметтік статитикалық факт деп аталады.

Методика – ол өзінше әлеуметтанушылық зерттеулер тактикасы. Ол өз бейнесін әлеуметтанушылық зерттеулер техникасында алады. Бұл техника зерттеудің мақсаттары мен кезеңдеріне сәйкес әлеуметтік шындықты түрлі жолдармен зерттеудің жүйесі болып табылады.

Әлеуметтанушылық зерттеудің техникасы – деп әлеуметтік ақпаратты методикалық және көбінесе ұйымдық түрде жинаудың , өңдеу мен талдаудың жолдары мен тәсілдер жиынтығын айтамыз.

Әлеуметтанушылық зерттеулертехникасы деп- сұрақтарды құру өнері, эмпирикалық белгілерді өңдеу үшін әртүрлі шкалаларды құру өнері және тағы сол сияқты элементтерді айтады.

Алынған ақпаратты өңдеу мен талдау кезеңінде техникалық рөлі өте маңызды.

Бұл кезеңде техника статистикалық қолдана білуді қарастырады, сонымен қатар бұл техника логикалық талқылаудың дағдылармне (навыки) байланысты.

Әлеуметтанушылық зерттеудің «техникасы»терминіне жақын сөз «процедура» болып табылады. Олар бірдей болмастан, кейде оларды синонимдер ретінде қарастырады. Процедура деп қойылған мақсатқа жету үшін өз зерттеудің процесінде зерттеушінің жасайтын нақты іс-қимылдарын айтамыз.

 

 

Әдебиеттер:

1. Рахметов К., Булатова А., Исмағамбетова З. Социология. А.,2003.

2. Әбсатаров Р., Дакенов М. Социология. А., 2003.

3. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

4. Аитов Н., Бекенов К. Социология. А.,2002.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1137. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.023 сек.) русская версия | украинская версия