Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция 8,9. Әлеуметтік зерттеудегі әдістеме, әдіс және техника




Мақсаты:әлеуметтік мәлімдемені жинаудың қандай әдістері бар екенін қарастыру.

Міндеттері:білімгерлерге дұрыс анкета құруды үйрету, сұхбаттасу тәсілдерін көрсету, қалай контент-талдау жасауын түсіндіру.

 

1. Әлеуметтік мәліметтер жинаудың әдіс-тәсілдері.

2. Социологиялық мониторинг.

3. Жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіріп, ғылыми қорытынды жасау және тексеру әдістері.

 

1.Мәліметтер жинау социологиялық зерттеудегі ең негізгі кезеңі болып саналады, өйткені болашақтағы ғылыми қорытынды осы мәліметтердің негізінде жасалады. Сондықтан мәлімет жинаудың әдіс-тәсілдеріне айрықша көңіл бөлінуі тиіс.

Қоғам жайлы, әлеуметтік құбылыстар жайлы жиналған мәліметтер мүмкіндігінше шындыққа сәйкес, әділетті болуы үшін қазіргі әлеуметтануда мәліметтер жинаудың бірқатар жетпенен әдіс-тәсілдері қолданылады. Сондай әдіс-тәсілдерге бақылау, сұрау тәсілдері, салыстыру, математикалық-статистика әдістері жатады.

Бақылау – мәліметтер жинауда барлық ғылымдарда ежелден қолданылып келе жатқан кең тараған әдіс. Бақылау процесі белгілі бір қоғамдық құбылысты қабылдаудан, жазып қоюдан және түсіндірме жазудан тұрады.

Кез келген қабылдау бақылау бола бермейді. Ғылыми бақылау – белгілі бір мақсатқа сәйкес құбылысты мұқият қабылдау болады. Жай бақылауға қарағанда, ғылыми бақылау жоспарлы да жүйелі түрде, белгілі бір зерттеу мақсатында қабылдау болып табылады.

Ғылыми бақылаудың түрлері: еркін бақылау және тексерілетін бақылау, тікелей және жанама бақылау, өзі қатыса отырып бақылау және сырттай бақылау, жаппай бақылау және жеке-дара бақылау.

Сауаонама да мәліметтер жинауда өте жиі қолданылатын социологиялық әдіс болып табылады. Ол зерттеуші мен зерттелушінің ауызша сөйлесу түрінде жүргізіледі. Зерттеуші өзіне керекті құбылыстар жайлы сұрақтарды ауызша немесе жазбаша түрде қоюы мүмкін.

Алдын ала дайындалған сұрақтар жазылған анкеталар тарату әдісі жиі қолданылады. Анкета тарату жодары түрліше болады. Анкеталарды пошта арқылы жеткізуге болады немесе баспасөзде жарияланады.

Сұхбат дегеніміз белгілі бір мақсатпен бір немесе бірнеше адаммен әңгімелесу жолымен мәлімет жинау әдісі.

Тест. Алдағы уақытта болуға тиісті белгілі бір жағдайға байланысты жеке адамдардың қандай ой-пікірде екенін білу үшін мәліметтер жинаудың құралы ретінде тест қолданылады.

Математикалық-статистикалық әдіс қазіргі кезде социологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Кейде математикалық әдіспен статистикалық әдісті жеке дара атайды. Шынында да бұл екеуі көбінесе іс жүзінде бірге қолданылады, өйткені олар бір-бірімен іштей бөлікте – екеуі де қоғамдық құбылыстар жайлы дәл сан мәліметтерін жинаудың құралы. Бұл екеуін қолданудың арқасында көпшілік пен жеке дара, ерекше мен жекеше құбылыстардың сандық және сапалық жақтары өзара байланыста, бірлікте қаралып, сандық қатынастар арқылы сапалық жақтарын түсіндіруге мүмкіншілік туады.

Социологиялық зерттеуде сондай-ақ салыстыру әдісі де қолданылады. Бұл әдіс салыстыруға болатын ортақ белгілері бар құбылыстардың ұқсастығымен қатар айырмашылығын да табу үшін қолданылады. Бұл әдіс эксперименттің және басқа әдістердің қолданылу мүмкіндігі шектеулі болатын құбылыстарды зерттеуге қолданылады.

Құжаттардың мазмұнын талдау әдісі. Бұл зерттеу ғылыми зерттеу обьектісі болып отырған құбылыстар жалпы жазбаша құжаттардың мазмұнын талдау үшін қолданылады. Қазіргі заман адамзат қоғамында әлеуметті құбылыстар жайлы жазбаша мәліметтердің көлемі барған сайын артып келе жатқанын еске алсақ,қоғамдық құбылыстарды зерттеу үшін қажетті мәліметтер жинаудың әдісі ретінде құжаттардың мазмұнын талдауды қолданудың қаншалықты маңызды екендігі өзінен-өзі түсінікті болар.

2. Қоғамда кездесетін құбылыстар мен процестер туралы шұғыл мәліметтер алатын әлеуметтік мониторинг – келіп түскен мәліметтерді жазып алуға, ақтауға және алғашқы талдау жасап шығуға мүмкіндік беретін біртұтас жүйе. Ол берік методологиялық базаны және оны іске асыру үшін қажетті техникалық жабдықтарды қажет етеді.

Социологиялық мониторинг жүйесін екі салаға: әлеуметтік мониторинг және статистикалық мониторинг деп бөліп қарастыру қажет.

Әлеуметтік мониторинг қоғамда болып жатқан өзгерістерді қадағалап отырудың біртұтас жүйесі болып табылады. Оның басты міндеті – жаңа, қажетті және жүйеленген мәліметтерді бірден емес, белгілі бір уақыттарды жүйелі түрде алып тұру болып табылады.

Әдетте, аса зәру проблемалар бойынша әр айда, тоқсанда экспресс сауалнамалар өткізіліп тұрады.

Статистикалық мониторинг – сандық сипаттамалар, нақтырақ айтқанда қоғам өмірінің түрлі жақтары туралы статистикалық кқрсеткіштер мен коэффициенттер алу жүйесі. Оның басты мақсаты саяси, экономикалық , әлеуметтік т.б. құбылыстарды тиімді талдауға қажетті әлеуметтік және экономикалық статистика көрсеткіштерін жинап беру болып табылады.

Әлеуметтік мониторинг дегеніміз – қоғам өмірінің аса зәру проблемалары жайлы әлеуметтік және статистикалық, мәліметтер алу, өңдеу және сақтаудың тармақталған жүйесі. Әлеуметтік мониторингтің негізгі сипаты:

1) Елдегі аса елеулі құбылыстарды қамтып отыру;

2) Әлеуметтік және статистикалық көрсеткіштердің белгілі бір тұрақты түрлерінің болуы;

3) Пайдаланудың қажетсінуіне қарай өзгеріп отыратын, сөйтіп мониторингтің икемділігін қамтамасыз ететін көрсеткіштердің болуы.

 

 

Әдебиеттер:

1. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. М.,1997.

2. Садырова Г. Социология. А.,2003.

3. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

4. Тәжін М., Аяғанова К. Социология негіздері. А.,1996.

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1136. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия