Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция 12.Қоғамның әлеуметтік түсініктемесі, құрылымы, типологиясы




Мақсаты:қоғамды жүйе ретінде қарастыру.Әлеуметтік қоғамдастықтар мен әлеуметтік институттардың байланысын анықтау.

Міндеттері:қоғамның құрылымын білу,әлеуметтік қоғамдастықтардың түрлерімен таныстыру.Маргиналдар түсініктемесін білу.

 

1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы

2. Әлеуметтік қоғамдастықтар

3. Әлеуметтік қоғамдастықтар типтері

1.Қоғам дегеніміз-түрлі байланыстар арқылы бірігетін элементтер көптігінен құралатын күрделі жүйе.Бұл байланыстар әртүрлі қоғамдық құрылымдар құрайды:экономикалық саяси-әкімшілік және т.б. Әлеуметтану қоғамныңәлеуметтік құрылымын зерттейді.Қоғамның әлеуметтік құрылымы дегеніміз-өзара байланысты және өзара әсер етуші әлеуметтік қоғамдастықтар мен әлеуметтік институттар жиынтығы және сонымен қатар олардың арасындағы қарым-қатынастар(ұлттар,класстар,территория т.б.).Қоғамның әлеуметтік құрылымының механизмі адамдар іс-қимылдарның жүйесінде жасырылған.Адам қоғадық жан ретінде басқа адамдардан бөлек өмір сүріп және әрекет жасай алмайды.Өмір сүру үшін адмдар белгілі бір қоғамдық қатынастарға араласады,топтарға бірігеді,кооперацияланады,функцияларды бөлістіреді.Топтардың пайда болу процесінде өзінше ұқсас белгілері бар адамдар жиынтығы құралады.Бұл процесс үшін әлеуметтік айырмашылықтарның терең қайнар көзі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісі өте маңызыды.Еңбек бөлінісі түрлі мақсатты әлеуметтік топтардың құрылуына әкеледі.

Әлеуметтік өзгерістер динамикасын зерттеу кезінде стратификация теориясының жақтаушылары вертикальды және горизантальды стратификация формуласын жиі қолданады,себебі адамның өз өмірінде бір әлеуметтік деңгейден екінші әлеуметтік деңгейге өтуіне болады(көтеріліп немесе түсіп),немесе бір деңгейде қала отырып, бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа өтуіне болады.

Адамның вертикальды стратегиясындағы мүмкін өтулерін қарастырайық.Мұнда 7 деңгей бар:

1. мамандар мен әкімшілік жоғарғы табы

2. орта деңгейдің техникалық мамандықтары

3. коммерциялық тап

4. басшылық қызмет атқаратын техниктер мен жұмысшылар

5. ұсақ буржуазия

6. мамандандырылған жұмысшылар

7. мамандандырылмаған жұмысшылар

Мысалы:квалификациясы бар жұмысшының отбасынан шыққан адам,жеткілікті қаржыларды әкесінен алып ресторан сатып алады,яғни вертикальды стратификация бойынша ұқса буржуазия қабатына көтерілді. Уақыт өткеннен кейін ресторанды сатқаннан және пайдадан түскен табыстар арқылы фермерлік шаруашылықты алды,және осылайша ол қалалық буржуазия әлеуметтік тобынан ауылдық буржуазия әлеуметтік тобына өтті.Және де осы адам әлеуметтік өозғалыстарға деген мүмкіндігі болмауы да мүмкін еді және де сол топта (әкесі жатқан топ)қалатын еді.

2.Әлеуметтік қоғамдастықтар. Адамдар арасындағы қарым-қатынастар күрделі болып келеді.Осы қатынастардың көп түрлерінің арасында тұрақты әлеуметтік қоғамдастықтар, топтар арасындағы құралатын қатынастарды бөлейік.Әр адам әр түрлі әлеуметтік қоғамдастықтарға жатады,және де олардың әрқайсысы қоғамның әлеуметтік құрамында белгілі орын алады.

Әлеуметтік қоғамдастықтар дегеніміз деген не?

Әлеуметтік қоғамдастық деп белгілі бір бірыңғай,қоғам өмірімен сипатталған нақты өмір сүретін адамдар жиынтығы.

Әлеуметтік қоғамдастық бірнеше адамдардан немесе ондаған адамдардан құрыла алады,қысқа мерзімді болуы мүмкін(мысалы,автобустағы пассажирлер,театрдпғы көрермендер),немес ғасырлар бойы тұрақты болуы мүмкін(мысалы,топтар,ұлттар).

Бүгін ірі тұрақты әлеуметтік қоғамдастықтартуралы туралы әңгіме жүргізіледі:әлеуметтік-таптық(таптар,әлеуметтік топтар және қабаттар),әлеуметтік-демографиялық (жастар,әйелдер,кәрілер) әлеуметтік-этникалық (ұлттар,халықтар).

Әлеуметтік қоғамдастықтардың түрлерін әртүрлі көрсеткіштер бойынша классификациалауға болады.

Қоғамдастық ішіндегі байланыстардың дәрежесіне байланысты 3 негізгі деңгейді ажыратуға болады:ұжым,әлеуметтік топ,халық.

Ұжым дегеніміз-қоғамдастық мүшелері әрекеттерінің бір мақсаты бар және бір-бірімен үздіксіз тұрақты араласатын әлеуметтік қоғамдастық.Соңғы талап ұжым өлшемін бірнеше ондыққа дейін,болмаса 200-300 адаммен шектейді.Егер кәсіпорын ұжымы туралы әңгіме болса,мұнда ұжым туралы емес ұжымдар суммасы туралы әңгіме жүргізіледі (цехтардың ауысулардың,бөлімшелердің, және т.б. суммасы).Себебі кәсіпорында бірнеше мың жұмысшылар бар (мысалы,метталургиялық комбинат).

Адамдарды біріктіретін мақсаттарға байланысты ұжымдар:өндірістік,әскери,оқу,спорт,мәдени,тұрмыстық және т.б. болып бөлінеді.Ерекше,спецификалық ұжым ретінде отбасы болады-саны бойынша ең кішкентай,бірақ бүкіл қоғам өмірінде өте маңызды орын алатын қуыстардың бірі.

Әлеуметтік топтарға-адамдарды біріктіретін,қоғамдық жүйеде бірдей орын алатын және осыған байланысты ұқсас негіз құрайтын мүдделері бар қоғамдастықтарды және территориялық қоғамдастықтарды жатқызады.Қазіргі кездегі қоғамда негізгі әлеуметтік топтарға:ұлттарды,таптарды,профессиялық қоғамдастықтарды және территориялық қоғамдастықтарды жатқызады.Қоғамдық ғылымда қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы айтқанда,ол-қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуі деген сөз.

«Халық» түсінігі әлеуметтануда белгілі территорияда тұратын адамдарды біріктіреді. Қазіргі кездегі қоғамның негізгі әлеуметтік тобының типі ретінде қоғамда топ болып табылады.Тап материалды өндірістің белгілі бір даму деңгейінде пайда болды(қосымша өнім пайда болғаннан бастап,алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының нәтижесінде).Қоғамның таптық ашық анықтамасын Ленин өзінің статьясында берді:(статьяның аты-«Великийпочин»).Таптар деп қоғамдық өндірістің тарихи белгіленген жүйедегі өзінің орны бойынша ерекшеленетін құралдарына көзқарасы бойынша (көбінесе заңдарда),қоғамдық еңбекті ұйыдастырудағы рөлдері бойынша ерекшеленетін адамдардың үлкен тобы.Топтар дегеніміз-адамдар топтары,және мұнда бір топ екіншісінің еңбегін тартып ала алады.

Осы «Қоғамдық шаруашылықтағы орын»жүйе құрайтын фактор болып табылады және ол таптарды құрайтын фактор юолып табылады.

Таптармен қатар қоғамда әлеуметтік қабаттар (слои)бар.Қабаттардың үш түрін ажыратады:ішкі таптық,тап аралық және маргиналды қабаттар.Біріншіге:мысалы,ірі және ұсақ буржуазия,өнеркәсіп және ауыл-шаруашылықтық пролетариат,жұмысшы аристократия және т.б.кіреді.

Тап аралық әлеуметтік қабаттар,қоғамдық өндіріс жүйесінде белгілі орын алмай отырып,бірыңғай әлеуметтік-таптық құрылымды құрай отырып қоғамның таптық бөлінуін толықтырады.Ең белгілі тап аралық әлеуметтік қабат ретінде интеллигенция болып табылады.Оның тұрақты тұрысы қоғамдық өмірде рухани өндірістің рөлінің артуымен байланысты.

Интеллигенция деп-жоғары квалификацияланған,ақыл еңбегімен шұғылданатын адамдар,олардың ішінен интелектуалды элита құралады.

Интеллигенциядан басқа тап аралық қабаттарға қолөнершілік, қалалық мещанство(дворяндықтар). Тап аралық қабаттарға маргиналды қабаттар немесе маргиналдылар кіреді. Маргиналдылар деп- әлеуметтік мәртебесі анықталмаған, яғни белгілі бір қоғамдастыққа жатпайтын адамдар кіреді. Маргиналадарға сонымен қатар мүмкін деклассталған(детапталған) элементтер жатады: кедейлер, үйсіздер, қылмыскерлер.

Мысалы: әлемнің барлық жерлерінде белгілі тұрмыс жері жоқ адамдардың топтары бар, олар кездейсоқ ақылар арқылы өмір сүруде. Олардың көбісі туылғаннан басбайларысты сондай болды:

1.кедейлену

2.білім алудың объективті мүмкін болмауы

3. қызық және жақсы төленетін жұмысқа тұру үшін квалификациялар және т.б.

Сонымен қатар: қоғамдық құндылықтарды, өкіметті (власть) қабылдамау және т.б.

 

3. Әлеуметтік қоғамдастықтың типі - әлеуметтік-салалық қоғамдастық: бұл қоғамдастық адамдарды әлеуметтік эканомикалық функциялары бойынша, олардың еңбек әрекеттерінің мазмұны мен әлеуметтік маңыздылығы бойынша біріктіреді. Алғашқы тарихи профессионалды еңбек бөлінісіболып саналы еңбектің күш еңбектен бөлінуі болды.

Белгілі профессионалды-салалық қоғамдастыққа жататын адамдар өмір сүруінің ұқсас белгілерімен,қажеттіліктерімен,әлеуметтік нормаларымен сипатталады.

Профессия жиі адамның сырт келбетіне және жүріс-тұрысына әсер етеді.(мысалы:мұғалім)

Кейбір профессиялар өте күшті әсерін тигізеді(адамның жүріс-тұрысына)және олар қоғамның басқа мүшелерінен қатты ерекшеленіп әлеуметтік-корпоративтік қоғамдастықтарды құрайды.Мысалы:офицерліктер(военный).

Әлеуметтік-корпаративтік қоғамдастық жабығырақ және оқшауланған (профессионалдық қоғамдастыққа қарағанда).Оның құрамына кіру үшін жай мәселе емес.Оған кіру үшін белгілі бір ерекше шарттар орындалуы қажет,жүріс-тұрысындабелгілі нормалар сақталу қажет және корпарацияның басқа мүшелері жағынан қолдау болу қажет.

Әлеуметтік-территориялық қоғамдастықтар адамдарды күнделікті өмірдің бірдей жағдайлары мен қарым-қатынастар белгісі бойынша біріктіреді.Тұрғындардың келесі түрелерін ажыратады:қалалық,ауылдық,үлкен агламерациялар (қосу,толтыру)тұрғындары,яғни тұрғындар тұрып жатқан пунктердің жиналуы.Территориялықтарға сонымен қатар аймақтық қоғамдастықтар кіреді-жабық территорияда тұрақты тұратын немесе біржерден шығатын («жерлестер») адамдар топтары.

Кейбір биологиялық белгілер (жынысы,жасы),әлеуметтік сипатта болғанда, әлеуметтік қоғамдастықтарды құрайды.Оларды әлеуметтік-демографиялық қоғамдастықтар деп атайды .Оларға:жастар, әйелдер, зейнеткерлер кіреді.

Әлеуметтік-этникалық қоғамдастықтар,немесе этностар ерекше қызығушылық туғызады.Этностар деп-адамдардың тарихи құрылған тұрақты жиынтықтары.Мұнда адамдардың жалпы қасиеттері мен мәдени және психологиялық ерекшеліктері бар.Әр этностың өз тілі бар,дәстүрлер мен салттардың белгілі жиынтығы бар.Этникалық қоғамдастықтың көрсеткіші болып табылатын қоғамдастық мүшелерінің өз біртұтастығын және басқа да ұқсас қоғамдастықтардан айырмашылығын білу-этникалық өзіндік сана болып табылады.

Этностар белгілі бірыңғай (біртұтас) территорияда пайда болып құралады, бірақ келешеті дамуында бұл қоғамдастықты (территориялық) этнос жоғалту мүмкін.Этносты ұлттан ажырата білу керек.Ұлт үшін бірыңғай территория жүйе құраушы фактор ретінде болып келеді.Мысалы:Қазақ ұлты Қазақстан Республикасында тұратын қазақтардан тұрады,ал қазақ этносы-Қытайда,Ресей Федерациясында,Моңғолияда ,Иранда және т.б. тұратын қазақтарданқұралады,бірақ олар басқа елдерде тұрғанымен өз мәдени дәстүрлерін сақтайды.

Этникалық өзіндік сапаның маңызды компоненті болып табылады.Пайда болу қоғамдастығы деп бабалардың біріккен тарихи тәжірибесі.

Қоғамның әлеуметтік зерттеудің методологиялық мәселелері.Қоғамның құрылымы және оның қалыптасу процесі.Таптар,әлеуметтік страталар,қабаттар және топтар,қоғамның стратарларға бөлінуі белгілері.Әлеуметтік қабат және зерттеу ерекшеліктері Қазақстандық қоғамның өзгеруі жағдайындағы әлеуметтік топтардың типологиясы.

Әлеуметтік құрылым туралы әлеуметтануда әртүрлі концепциялар аз емес.Оларды топтастырғанда екі бағытты ажыратуға болады.Социологтардың бір тобы әлеуметтік құрылымды,оның элементтерін,яғни құрастырушы заттарын,процестері нақты өмірде объективтік түрде бар деп түсіндірсе , ал екінші бір бағыттары таптарды,әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды тек қана сананың,адамның ойының нәтижесі деп түсіндіріледі.Бірінші бағыттағы социологтар құрылымдық функционализм деп аталатын топқа,ал екінші бағыт тағылар символдың интеракционизм деген көзқарасты қолдайтындар тобына жатады.

Әлеуметтік құрылым деген ұғымды,өте кең мазмұнда пайдалануға болады.Қоғамның әлеуметтік құрылымы дегенде,кейде бір қоғамның барлық жақтарын қамтимыз. Мысалы,қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани және т.б.жақтары,элементтері бар.Біз бұл мағынада қоғамды біртұтас құбылыс ретінде қарасақ,осы айтылған оның элементтерінің бөлшектерін құрылымды жасайтын,құрастырушылар деп түсінеміз

Әлеуметтік құрылым дегеніміз-әлеуметтік топтардан, страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы,олардың байланыстары,ара қатынастары.Сонымен, әлеуметтік құрылым біріншіден,белгілі бір элементтерден,нақты топтардан тұрады,солардың қосындысы, жиынтығы. Екіншіден, айтылған топтар өзара қатынастарда түр лі байланыстарда болады. Осы қатынастар, байланыстар әлеуметтік құрылым әлеуметтануының негізгі проблемалары, мәселелері

 

Әдебиеттер:

1. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

2. Рахметов К., Булатова А., Исмағамбетова З. Социология. А.,2003.

3. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. М.,1997.

4. Кравченко А.И. Социология. М.,2002.

5. Аитов Н., Бекенов К. Социология. А.,2002.

6. Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество. М., 1992







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1460. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия