Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция 14. Әлеуметтік өмірдегі тұлға субъект және объект ретінде




 

Мақсаты: тұлғаға деген социологиялық жақындаудың ерекшеліктерін анықтау, тұлғаның құрылымын қарастыру, әлеуметтендірудің негізгі концепцияларымен таныстыру, әлеуметтендірудің агенттері мен этаптарын қарастыру.

Міндеттері:«индивид», «тұлға», «адам» түсініктерінің айырмашылығы неде, әлеуметтік роль түсініктемесі.

 

1. Социологияда тұлға объект ретінде

2. Тұлғаның биологиялық күрылымы

 

«Тұлға» түсінігіне адамдардың бір-бірінен түрлерімен ерекшеленуі емес, абстрактілік физикалық табиғатын емес, әлеуметтік сапасын жатқызамыз. Сондықтан әлеуметтік теорияда тұлғаны қарастырсақ, ол бірден біріктіру ретінде нақты айтсақ әлеуметтік мағыналы сапаның жүйесін, қоғам дамуындағы әр түрлі құрамды жеке мінездейді. Жеке тұлғаның қайталанбайтындығын, дербестігін мойындай отырып, әлеуметтік акцент әлеуметтік типтік жүріс-тұрысы мен қызметіне де оқытады. Тура жекелік емес әлеуметтік, қоғамдық мағыналық сапа көптеген адамдарда кездеседі. Әрине әр адамда жеке құнды бейімделушілік, жүріс-тұрыс мотиві, әлеуметтік құрылымы және қызығушылығы қалыптасады. Осылардың ішінен көп адамға тиісті тенденциялардың анықталған әрекетінен байқауға болады. Тұлғаның әлеуметтік анализ пунктінің көзі болып адам ерекшеліктерінің жекелігі емес, әлеуметтік функциялар жатады. Тұлғаның құрылымдық анализі әлеуметтану, әлеуметтанулық психология сияқты қиын мәселелерді қарастырады. Тұлғаны бүтінді биогендік, социогендік, психогендік қосылыстар ретінде қарастырады, бұларды биология, социология, психология оқытады. Тұлғаның биологиялық құрылымы әлеуметтанусыз іске аспайды, өйткені адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас бұзылады. Дені сау адамға қатысты барлық әлеуметтік функцияларды ауру адам орындай алмайды. Әлеуметтанумен тұлғаның құрылым психологиясы тығыз байланысты, өйткені бірігу эмоциялары, уайымдау жан қабілеттіліктері жатады.

Бұл жерде тек қана әр түрлі жетіспеушіліктер ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның қалыпты әрекеті өте маңызды. Бірақ субъектілік сапасы бойынша психикалық бірігулер тұлғаның әлеуметтік құрылымымен сәйкес келмейді. Өйткені жеке тұлғада ең бастысы – бұл әлеуметтік сапа.

Жеке тұлға мен қоғам арасындағы өзара карым қатынас әлеуметтанымдық сұрақтын ең негізгісі. Жеке тұлғаның қызметін не анықтайды? Жеке тұлға мен қоғам арасындағы қатынасты қалай анықтайды?

Бұл сұрақтарға Марксизм қарапайым түрде жауап берген әлеуметтік құндылық деп.

Жеке адам мен қоғамнын байланысы ен алдымен отбасы, оқу, еңбек коллективтері арқылы жүзеге асады. Адамзат тарихының бастамасы коллективтік ic-әрекет, бірлескен еңбек болғаны белгілі. Содан бері коллективтік ic-әрекет жеке адамдардын әлеуметтік қатынастарының қайнар көзі болып келеді.

Адам - белсенді, іс-әрекетшіл жан. Оның өзіне тон аса маңызды 6ip қасиеті - жасампаздык ic-әрекет. шығармашылық.

Адамзат қоғамы - тірі жан дүниесінін ұйымдасуынын ең жоғары деңгейі. Ол ұжымдардың ұжымы бола отырып, ең жоғары әлеуметтік бедел иeci болып табылады. Бастапқы ұжым - өте кішкентай қоғам десе де болады: адам мен қоғамның тікелей өзара әрекеттесуі дел осында болып жатады. Қоғам жеке тұлға үшін 6ip мезгілде әpi оның бүкіл әлеуметтік жағдайларынын жиынтығы және барлық бастапқы ұжымдардың, олай болса, жеке тұлғаның өзінің де дамуынын нәтижесі болып табылады.

Алайда жеке тұлға қоғам ішінде із-тұзсіз сініп, жоғалып кетпейді өзінін қайталанбас дара келбеттерін сақтай отырып, ол біртұтас қоғам өміріне өз үлесін қосады.

Адам факторынын тарихтағы pөлі барған сайын арта түсуде. Бұл әбден орынды. занды процесс, өйткені қоғамдық-тарихи практикада саналы іс-әрекеттін үлесі үздіксіз өсуде. Мүнын басты ce6e6i мынада адамнын іс-әрекетінін түрлері мен формалары барған сайын күрделіленіп қолданыу шеқарасы кенейе түcyi және сондай-ак адамның, табиғаттың және қоғамның дүниежүзілік өзара тәуелділігінің арта түсу жағдаларында адам өз ic-әрекетін кең көлемде саналы ұйымдастыру арқылы ғана әлеуметтік процеске кете алады.

Адамзат тарихы адамның еркіндігі мен бостандығыны қалыптасу және өсу npoцeci, яғни оның адамдық күш-қуатын барған сайын жетілдіру npoцeci. Адам шындық дүниенің, оның ішінде тарихтың да даму заңдарын терең білсе ғана кім керінгеннін ой-пікірінің жетегенде кетпей, 6ipeyдін күштеуіне көнбей, өз ой-пікірінің ақиқаттығына берік-сенімді болады, өз өмip жолын өзі таңдай біледі. Сонда ғана ол шың еркіндік пен бостандыққа жетеді. Бірақ адамның еркіндігі мен бостандығы ол өмip cүpiп отырған қоғамдық болмыс мумкіндіктерінен acа алмайды, жалпы алғанда соған сәйкес болады.

Өте кең қарастырылған типологияға, анықталған қоғамдық, әлеуметтік топтарға – жұмысшылар, студенттер, әскери қызметкерлер жатады.

Тұлғаның ұлттық типтерінің мінездемелері аз кездеспейді. Айталық, біз Н.А.Бердяевтан мынаны табамыз: «орыс адамның типінде әрқашан мынадай екі элемент түйіседі – ертедегі, табиғи тұтқа табынушылық, шексіз орыс жерінің апаттылығы және православиелік, Византиядан алынған аскетизм, арғы жақтағы әлемге ұмтылу». Қазіргі жағдайда мінездемені даусыз деп айту қиын, алайда оның да бар болуға құқығы бар.

Адам» түсінігі – бұл адамзат тобының шығу тегіне байланысты айтылады. «Адам» - бұл физиологиялық және рухани бірліктен, сонымен қатар социалды және табиғи бірліктерден тұратын тірі жүйе. Адамның мұндай жүйеде болуы, оның екі табиғи және қоғамдық дүниеде өмір әрекетіне өткізуіне байланысты. Осыған байланысты ол өзінде биологиялық және социологиялық бастамаларды біріктіреді.

Бір жағынан, адам – бұл жоғарғы даму сатысындағы материя, бұл тірі организм (ағза). Бұл дегеніміз түр ретінде ол жоғарғы даму сатысында тұрған жер бетіндегі тірі организмдердің табиғи байланысына енгізілген және тірі организмдер даму заңдарына бағынады. Екінші жағынан – адам социалды түр. Оның қоғамдағы және адамдар арасындағы қарым-қатынасында, социалды қызмет процесінде. Әр бір адамның социалды мәнінің дамуы, оның туылуынан басталады.

Адамныњ биологиялық және социологиялық жақтары бірігіп, біртұтастықты құрайды. Олар бір-бірінен бөлек, және дербес өмір сүре алмайды. Социология адамды социологиялық түр ретінде зерттейді.

«Адамдық индивид» түсінігі «адам» түсінігі сияқты биосоциалды, бірақ бір нәрсе емес. Бұл түсінік адамзат тегінің, социалды қоғам, тап, топтардың бөлек өкілі деп алынады. Социалды бүтінге сай мінездерін бойына жинақтай отырып, индивид жеке, өзіне тән қасиеттерге бөлінген. Социалды бүтінге сай индивид индивидуалдық қасиеттерді бүтін бір бөлшек ретінде мінездейді. «Индивид», «индивидуалды» терминдері бір мағынаны бермейді.

Индивидуальность (ерекшелік) – бұл белгілі бір адамның табиғи және социалды қасиеттерінің қайталанбайтын жиынтығы.

Жеке тұлға да индивид сияқты арнайы мінездемелермен белгіленеді. Бірақ бұл дегеніміз «индивид» және «жеке тұлға» түсініктері бір мағына береді деген сөз емес.

«Жеке тұлға» түсінігі не деген сұраққа ғылыми және оқыту әдебиеттерінде әр түрлі жауаптар берілгені кездейсоқ жағдай емес. Жеке тұлға антропология, психология, социология, философия ғылымдарымен зерттеледі.

«Жеке тұлға» түсінігіне ғылыми әдебиеттерде көптеген анықтамалар берілген, көбіне «жеке тұлға» - социалды ма жоқ биосоциалды ма деген сұрақ қойылады. Көптеген ғалымдар жеке тұлға – бұл қоғамдық өнім дейді, яғни социалды құбылыс. Басқа ғалымдар «жеке тұлға» адамның биологиялық және социологиялық қасиеттерінің қайталанбас қосындысы, тек қоғамның емес, табиғаттың да өнімі дейді.

 

Әдебиеттер:

1. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

2. Рахметов К., Булатова А., Исмағамбетова З. Социология. А.,2003.

3. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. М.,1997.

4. Габдуллина К.Г. Социология. Тараз, 1999.

5. Кравченко А.И. Социология. М.,2002.

6. Энциклопедический социологический словарь. М.,1995.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 761. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия