Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДӘРІС




Дүниеге келгенге дейінгі (эмбриондық, антенаталдық) кезең

Эмбриондык кезең зиготаның бөлшектенуінен басталады.

Зигота - ұрықтану нәтижесінде түзілетін ұрықтың бір жасушалы, диплоидты фазасы болып табылады. Зигота жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтың өзара қосылуы нәтижесінде пайда болғандықтан онда екі жұп хромосома саны (2п) кездеседі. Олардың бір жартысы (п) аналық дарадан, ал екінші жартысы (п) аталық дарадан келіп түседі.

Ұрыктанғаннан кейін жұмыртқа жасушасының ооплазмалық сегрегациялануы әрі қарай күшейе түседі.

Зиготаның бөлшектенуі дегеніміз оның ядросының 2, 4, 8, 16, 32, 64 т.б. жасушаларға (бластомерлерге) бөлінуі болып та­былады. Зигота бөлшектенуінің жай митоздық бөлінуден ерекшілігі бөлшектену нәтижесінде түзілген бластомералар өспей әрі қарай бөліне береді.

Бөлшектенудің биологиялық маңызы: 1) бөлшектену нәтижесінде бір жасушалы зиготадан көп жасушалы ұрық түзіледі;

2) бөлшектену кезінде ДНҚ молекуласының қайта-қайта екі еселенуі (репликациялануы) салдарынан зигота генотипі көбейеді; 3) зигота цитоплазмасының әр түрлі учаскелерінің құрылысы мен жіктелуі түрліше болып, ақырында бір-бірінен күрамы және даму бағыттары ерекше болып келетін бластомерлер жиынтығы түзіледі.

Жұмыртқа жасушасының түріне қарай зигота бөлшектенуінің 2 түрін ажыратады: 1) толық бөлшектену; 2) толық емес бөлшектену.

Зиготаның толық бөлшектенуінде оның тірі заты түгелдей, қалдықсыз бластомерлерге таралады, ал толық емес бөлшектенуде зиготаның тек ақуызы ғана бөлініп, сары уызы бөлінбейді.

Толық бөлшектенудің біркелкі толық бөлшектену, әркелкі толық бөлшектену, ал толық емес бөлшектенудің дискі тәрізді бөлшектену, үстіңгі бетінің бөлшектенуі деген түрлері белгілі.

Сол сиякты, бөлшектенудің спиральді, сәулелі (радиальді), синхронды және асинхронды бөлшектену деген түрлері де болады.

Бөлшектену - бір қабатты ұрық бластуланың пайда болуымен аяқталады. Бластула іші сүйықтыққа толтырылған көпіршік. Оның қабырғасын бластодерма, ал сұйықтыққа толтырылған қуысын бластоцель деп атайды.

Бөлшектену типіне қарай бластуланың - кәдімгі бластула немесе целобластула, амфибластула, дискобластула және морула деген түрлері белгілі.

Кәдімгі бластула немесе целобластула толык, біркелкі бөлшектену нәтижесінде түзіледі. Ол бластомерлердің бірдей болуымен сипатталады. Амфибластула толық, әркелкі бөлшектену нәтижесінде түзіледі. Оның бластомерлері әркелкі болып келеді: анимальді полюстің бластомерлері ұсақ микромерлер, ал вегетативтік полюстің бластомерлері ірі макромерлер. Дискобластула — толық емес, диск тәрізді бөлшектену нөтижесінде түзіледі. Морула - бластомерлері тығыз орналасқан, бластоцелі болмайтын бластула. Онын сырт пішіні тұт ағашының жемісіне ұқсас болады.

Жоғары сатылы сүтқоректілердің, соның ішінде адамдардың зиготасында сарыуыз тапшы болып, толық, сәулелі не спиральді жолмен бөлшектеніп бластоциста түзіледі. Оның кабырғасының бір бөлігінде бластомерлер тығыз орналасып ұрық дискі -эмбриобласт пайда болады, ал қалған бөлігінен қорғаныстык, корек, бекіну қызметтерін атқаратын трофобласт түзіледі.

Гаструляция. Гаструляция дегеніміз - 2 не 3 қабатты ұрық -гаструланың пайда болу құбылысы. Гаструла пішіні кен, жалпак құмыраға ұқсас болып келеді. Оның қабырғасы алғаш 2 қабаттан (эктодерма, энтодерма), кейінірек үшінші кабат - мезодермадан құрылған. Оның ішкі қуысын - гастроцель немесе алғашқы ішек қуысы деп атайды. Гастроцель сыртқы ортамен кішкене тесік - бластопор немесе алғашқы ауыз аркылы байланысады. Бластопордың жиектерін еріндер деп атайды. Эктодерма және энтодерма алғашқы, ал мезодерма соңғы ұрық жапырақшасы (қабаты) деп аталады. Мезодерманы пайда ететін бастама құрылымдар алғаш не эктодерманың не энтодерманың құрамына кіреді.

Гаструланың пайда болуының бірнеше жолдары белгілі:

1) инвагинация немесе ішке қарай қайрылу — бір полюстің, әдет-

те вегетативтік полюстің бластомерлері ішке карай тартылып

ішкі қабат - энтодерма пайда етеді;

а ә б в

Гаструла түрлері:

а) инвагинация, ә) эпиболия, б) иммиграция, в) деляминация

1-эктодерма, 2-энтодерма, 3-бластоцель

 

2) эпиболия немесе қапталу — вегетативтік полюстің ірі, сарыуызға бай жасушалары козғала алмағандықтан анимальдық полюстің микромерлері тез бөлініп, көбейіп оларды қоршап қаптайды да эктодермаға айналады.

3) иммиграция - бластодерманың бір полюсінің бластомерлері, әдетте вегетативтік полюстің, бір-бірінен ажырасып ұрық ішіне шөгіп үстіңгі қабаттың астына орналасып энтодермаға айналады.

4) деляминация - морула типті бластулаларға тән. Бұл ұрықтарда моруланың сыртқы бластомерлері эктодермаға, ішкі бластомерлері ығысып энтодермаға айналады.

Екі қабатты гаструла тек ішекқуыстыларға ғана тән, ал қалған көп жасушалы жануарлардың ұрығында үшінші ұрық жапырақшасы (қабаты) — мезодерма қалыптасады. Соңдықтан да оларды 3 қабатты жануарлар деп атайды.

Мезодерма негізінен 3 түрлі әдіс арқылы қалыптасады:

1) телобласттық әдіс - бұл көптеген омыртқасыздарға тән. Бұл әдісте мезодерма ұрықтың артқы жағында эктодерма мен энтодерма арасында орналасқан ірі жасушалар - телобласттардан пайда болады.

2) энтероцельдік әдіс - бұл инетерілілерге, колаяқтыларға, қылтанаяқтыларға, бассүйексіздерге, дөңгелекауыздыларға, балықтарға, қосмекенділерге тән. Бұл әдіс бойынша мезодерма бастамасы гаструляциясының алғашқы сатысында энтодерма құрамына кіреді, сосын гаструляцияның соңғы сатыларында, яғни мезодерманың калыптасу сатысында, энтодермадан бөлініп шығып мезодерманы калыптастырады.

3) жоғары сатылы хордалыларда - жорғалаушылар, кұстар және сүтқоректілер, бластула сатысында мезодерма бастамалары алғаш эктодерма кұрамында болып, гаструляцияның соңғы сатысында олар эктодермадан бөлініп мезодерма кабатын қал ыптастырады.

Көптеген омыртқалы жануарлардың мезодермасының дамуы ұқсас

Гистогенез және органогенез. Гистогенез (гр. һistos — ұлпа, genesis — даму) — ағза ұлпаларының пайда болуын, дамуын, тіршілігін және қалпына келуін қамтамасыз ететін құбылыстар жиынтығы болып табылады. Гистогенез негізі болып эмбриогенездің ең алғашкы сатыларында басталатын жасушалар жіктеуі (дифференцировка), яғни маманданушы жасушалар арасындағы үдемелі морфофизиологиялық ерекшеліктер саналады. Бұл жасушалар әр түрлі гендердің активтенуін не активсізденуін

камтамасыз ететін күрделі молекулалық генетикалық құбылыстар болып табылады. Жасушалардың көбеюі, олардың орын алмастырып қозғалып жылжулары (миграция) және басқа да құбылыстар эмбриондық бастамалардың қалыптасуына алып келеді. Эмбриондық бастамалардың ұлпалық жіктелуі нәтижесінде әр түрлі мүшелердің ұлпалары дамиды.

Органогенез - жануарлар мүшелері мен мүшелер жүйесінің пайда болу және даму сатысы болып табылады. Органогенез сатысы 2 кезеңге бөлінеді: 1) нейруляция - бұл фазада нерв түтігі және хорда қалыптасады; 2) екінші фазада ұрықтың қалған мүше-лері пайда болып, олардың өздеріне тән пішіңдері мен құрылысының өзара үйлесімділігі қалыптасады.

Сонымен гисто-органогенез сатысында ұрық жапырақшаларынан (қабаттарынан) төмендегідей ұлпалар мен мүшелер түзіледі.

Эктодермадан— жүйке жүйесі, тері эпидермесі және оның туыңдылары (тырнақ, шаш, түктер, май және тері бездері), есту, көру, сезу мүшелері дамиды. Хордалыларда жүйке жүйесі өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғаш эктодермадан хорда үстінде жүйке тақтасы пайда болады. Әрі қарай оның жиектері қайрылып астауша түзіледі. Астауша жиектерінің қайрылуы әрі қарай жалғасып акырында олар бір-бірімен бітісіп жүйке түтігін пайда етеді.

Энтодермадан- хорда, ас қорыту жолдарының, бауыр. өкпе эпителийлері, гипофиз, ұйқы безі, ішек-қарын бездері дамиды.

Мезодермадан — терінің дәнекер ұлпалы қабаты (дерма), қаңқа бұлшық еттері, дәнекер ұлпалар, зәр шығару, жыныс, жүрек қантамыр жүйелері т.б. дамиды.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2190. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия