Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Курстық жұмыс құрылымы




Курстық жұмыстың көлемі 25-30 бетті құрауы керек.

Курстық жұмыс түсіндірме жазбасы келесі құрылымдық элементтерден құрылады:

- Титул парағы;

- Тапсырма;

- Аннотация;

- Мазмұны;

- Нормативті сілтемелер;

- Анықтама;

- Белгілер мен қысқартулар;

- Кіріспе;

- ГОСТ талаптары. Техникалық жағдайлар (Мысалы: ГОСТ 26633-91. Ауыр және майда дәнді бетондар. Техникалық жағдайлары);

- ГОСТ талаптары. Жұмысқа алынған шикізаттық материалдарды сынау әдістері (Мысалы: ГОСТ 8735-88. Құрылыс жұмыстары үшін құмды сынау әдістері);

- Ғылыми-зерттеу бөлімі;

- Эксперименттік жұмыстарды жүргізудегі техника қауіпсіздік ережелері және еңбекті қорғау;

- Жұмыс бойынша ұсыныстарды қолданудың экономикалық тиімділігі;

- Қорытынды (тұжырым);

- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- Қосымша (кестелар, схемалар, бағдарламалық құжаттар).

Түсіндірме жазбасы А4 формат парағында рәсімделеді.

5.1 Титул парағы

Титул парағы курстық жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

- ҚР білім және ғылым министрлігінің атауы,

- курстық жұмыс орындалған ұйымның атауы,

- факультет атауы,

- курстық жұмыс орындалған кафедра атауы,

- кафедра меңгерушісінің қолымен бекітілген,

- жұмыс түрі - курстық жұмыс ,

- «тақырыбы» деген сөздің көрсетілуімен, курстық жұмыстың тақырыбының атауы,

- мамандықтың атауы және коды,

- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,

- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,

- бір жол төмен «нормоконтроль» ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және тегі мен аты жөні,

- бір жол төмен «комиссия» ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және тегі мен аты жөні,

- қала және жыл көрсетіледі,

Титул парағын рәсімдеу үлгісі А қосымшасында келтірілген.

Титул парағы және атауларда сөзді тасымалдауға рұқсат етілмейді. Атаулардың соңында нүкте қойылмайды.

5.2 Тапсырма

Курстық жұмыс тақырыптары студенттерге оқу үрдісінің кестесіне сәйкес сабақ басталған уақыттан бастап бірінші аптасында беріледі.

Тапсырмада курстық жұмысты орындау үшін кафедра айқындаған негізгі бастапқы мәліметтер жазылады.

Тапсырмада мыналар көрсетіледі: жұмыс жасалатын пән; студенттің аты-жөні, оның тобы; жұмыс тақырыбы; құрастыру кезеңдері (бөлімдер) және оларды орындау мерзімдері; жұмысты қорғауға ұсыну мерзімі; жетекшінің аты-жөні, оның лауазымы, қолы және тапсырманының берілген күні.

Қажеттілер: жұмыстың нақты атауы мен бастапқы мәліметтер. Бастапқы мәлімет ретінде нормативті құжатты (мысалы, стандарт), құқықтық құжат, анықтамалық мәліметтер, статистикалық мәлімет, техникалық сипаттамаларды көрсету қажет, яғни мәліметтерді таңдау пәннің ерекшелігіне байланысты.

Тапсырма бөлімдерді орындауда еңбек көлемділігін, студенттің дайындық деңгейін, жұмысты орындауға бөлінетін уақыт көлемін есепке алуы керек.

Тапсырмалар жеке бланктерде Б қосымшасына сәйкес рәсімделеді.

Тапсырмада студенттің тапсырманы алған күні жазылады және студенттің қолы қойылады.

5.3 Аннотация

Аннотация жұмыстың қорытынды кезеңі болып табылады. Онда жобаның жалпы мәліметі мен қысқаша сипаттамасы, тақырып атауы, студенттің аты-жөні мен жұмыс жетекшісі, қорғау және жұмыстың нысаны, жұмыстың негізгі бөлімдерінде келтірілген маңызды материалдардың сипаттамасы, қондырғылар, конструкциялардың атаулары келтіріледі.

Аннотацияда жұмыстың жаңалығы мен өзектілігі сипатталған жұмыстың негізгі тізімдемесі қысқа хабарламалар арқылы берілуі міндетті.

Аннотацияда түсіндірме жазба мен жұмыстағы иллюстрациялық материалдардың (суреттер саны, графиктер, плакаттар және т.б.), кестелер саны, суреттер мен қосымшалардың қысқаша сипаттамалары беріледі.

5.4 Мазмұны

Курстық жұмыстың мазмұнында нормативті сілтемелер, анықтамалар, белгілер мен қысқартулар, кіріспе, бөлімдердің реттік номерлері және атаулары, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен бет нөмірі көрсетілген қосымша атауы қамтылады.

5.5 Нормативті сілтемелер

Мәтіндегі сілтемеде көрсетілген нормативті құжаттардың тізімі көрсетіледі. Негізгі құжаттар тізімі, мысалы «Курстық жұмыста келесі құжаттарға сілтемелер қолданылған» деген сөйлем арқылы басталуы қажет.

Тізімде нормативті құжаттың белгіленуі мен оның атауы тізімдеудің осы ретімен төмендегідей көрсетілуі қажет:

- техникалық регламенттер;

- мемлекеттік стандарттар (ҚР МС);

- мемлекетаралық стандарттар (МЕСТ);

- халықаралық стандарттар (ХС) және т.б.

5.6 Анықтамалар

Курстық жұмыста терминдерді қалыптастыру және нақтылау үшін қолданылған анықтамаларды қамтиды.

Анықтама тізіміндегі «Бұл курстық жұмыста сәйкес анықтамалармен келесі терминдер қолданылады» деген сөйлеммен басталуы тиіс.

5.7 Белгілеулер мен қысқартулар

Бұл құрылымдық бірлік жұмысты түсіну үшін қолданылған белгілеулер мен қысқартуларды қамтиды.

Курстық жұмыста белгілер мен қысқартулар қолданылған нормативті құжаттарға белгілер мен қысқартуларға сәйкес келуі қажет.

5.8 Кіріспе

Кіріспе курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін, ғылыми жаңалық және ғылыми жаңалықтардың жағдайын, практикалық қажеттілігін, сонымен қатар зерттеудің мақсаты, міндеті мен объектін айқындауы тиіс.

Кіріспе бөлімде «ҚР –ның 2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық», 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту, «2015 жылға дейінгі құрылыс индустриясын дамыту» мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес жергілікті шикізаттық материалдарды қолдана отырып берілген эксплуатация қасиеттері бар бетондарды алу үшін ғылыми эерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызы жайлы мәліметтерді келтіреді. Сонымен бірге курстық жұмыста қолданылған инновациялық шешімдер мен олардың өндірісте қолданылып жүрген шешімдерден артықшылықтары көрсетіледі (әдеби көздер, жеке кәсіпорындардың тәжірибесі негізінде және интернет мәліметтеріне сәйкес). Жұмыста қолданылған жаңа ашылулар мен стандартты емес технологиялар жайлы мәлімет беріледі.

Кіріспеде талаптар болмауы керек. Кіріспені нөмірлемейді және жеке парақта орналастырады.

5.9 ГОСТ талаптары

5.9.1 ГОСТ талаптары (Техникалық жағдайлар)

Бұл бөлімде нақты бетон немесе құрылыс материалдары түрлеріне қойылатын ГОСТ талаптарын көрсету қажет (Мысалы: Ауыр және майда дәнді бетондарға [15]);

5.9.2 ГОСТ талаптары. Жұмысқа алынған шикізаттық материалдарды сынау әдістері

Курстық жұмыстың тапсырмасында берілген тапсырмалар көлемінде есептік-эксперименттік жұмыстарды орындау үшін шикізатты материалдардың негізгі сипаттамаларын білу қажет (Мысалы: Бадам кен орнындағы құм және қиыршық тас). Сондықтан бұл бөлімде ГОСТ-қа сілтеме жасай отырып, оларды анықтау әдістері қысқаша жазып көрсетіледі.

5.10 Ғылыми-зерттеу бөлімі

Ғылыми-зерттеубөлімі, заңды түрде, 2-3 бөлімнен (тарау) және тармақшалардан тұрады.

Курстық жұмыстың ғылыми-зерттеу бөлімінде орындалған жұмыстың маңызын, мазмұнын, әдістемесін және негізгі нәтижелерінің мәліметтерін келтіреді.

Ғылыми-зерттеу бөлімітөмендегілерден тұрады:

а) зерттеу бағытын негіздеуге ала отырып, оның салыстырмалы бағасын және мәселелерді шешу әдістемесін, таңдап алынған жалпы зертттеу әдістемесінің жазбасын, зерттеу бағытын таңдау;

б) зерттеудің эксперименттік және (немесе) теориялық үрдісі, теориялық зерттеудің мазмұны және сипатын анықтау, заңдылықтар, нормативті құжаттарды оқып үйрену, оқу және ғылыми әдебиеттерді, яғни мерзімді басылымдар материалдары және мәселелер мәнін баяндау, оның мағынасы және ролі; зерттеу әдістері, есептеу әдістері, эксперименттік жұмысты жүргізудің қажеттілігін дәлелдеу; зерттелген объектінің жұмыс істеу принципі, оның сипаты; орындалған жұмыстардың материалдарында мекеме және кәсіпорынның қысқаша сипаты, өз позициясын баяндау және негіздеу енеді.

в) зерттеу нәтижелерін бағалау және талдап қорыту, оқып үйренген мәселені талдау, даму тенденциялары, кемшіліктер және себептері, оның алдын алу, оларды жою жолдарының мүмкіндігі; жұмыстың келесі бағыттарына ұсыныс, алынған нәтижелерді бағалау және оны шетел және отандық жұмыстар нәтижелерін ұқсас жұмыстармен салыстыру; есептеулермен дәлелденген және бекітілген зерттеу объектісін жетілдіру немесе тәжірибе жүзінде қолдану бойынша нақтылы ұсыныстар беру.

ГОСТ талаптары бөлімінде көрсетілген техникалық сипаттамаларды «Құрылыс материалдары», «Шикізат, материалдар және дайын өнімдер экспертизасы», «Бетон технологиясы» пәндерінен зертханалық жұмыстарды орындау кезінде жинақталған нәтижелер негізінде қалыптастырылған Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының технологиясы кафедрасының мәліметтер қорынан алуға болады. Егер ондай мәліметтер жоқ болған жағдайда студент өзі СӨЖ сағаттары есебінен Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының технологиясы кафедрасының зертханасында жұмысты жүргізіп, қажетті мәліметтерді жинақтауы қажет.

5.11 Эксперименттік жұмыстарды жүргізу кезіндегі техника

қауіпсіздік ережелері және еңбекті қорғау

Құралмалы темірбетон өндірісі кезіндегі және шикізат, матеріал, дайын өнімдер экспертизасы бойынша техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитария мәселелері [29] еңбекте көрсетілген.

5.12 Жұмыс бойынша ұсыныстарды қолданудың экономикалық

тиімділігі

Бұл өнімде инновациялық құрылыс материалдары мен олардың дәстүрлі түрлерінің арасындағы салыстырмалы техникалық және бағалық сипаттамалары келтіріледі [1-3, 12]

5.13 Қорытынды

Қорытындыда зерттеулер бойынша қысқаша тұжырымдары, қойылған міндеттердің толық шешімдерін бағалаулар, зерттеу объектілері және оларды қолайлы қолдану бойынша нақты ұсыныстары болуы тиіс.

5.14 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне түсіндірме жазбасы мәтінінде немесе әліпби келтірілген тәртіпте барлық әдебиеттер жазылады. Әрбір әдебиеттердің библиографиялық сипаттамасы МЖМБС 7.1-2003 талаптарына сәйкес беріледі.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 761. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия