Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жалпыхалықтық тіл және оның нормалары




Жалпыхалықтық тіл— белгілі бір халықтың (этностың) ауызекі сөйлеу тілінде кен қолданылатын, жұмсалу өрісінде стильдік шек қойылмайтын тіл. Жалпыхалықтық тіл бір тектес тілдік ұжымның тілі ретінде қалыптасады, тіл құрылысы жағынан ол ұлттық тілдің негізі болып табылады.

Тіл нормалары- белгілі бір лингвистік ұғымның тіл дербестігін айқындаушы барлық сөйлес тәжірибелері мен дағдыларының, ерекшелік белгілерінің жиынтығы. Табиғи болмысы тұрақтылыққа, бір қалыпты орнықтылыққа негізделе тұрып, ол әр түрлі себептіліктерге сай ішкі өзгерістерді дебатынан кешіреді. Өйткені, бұның өзі әлеуметтік құбылыс болып табылатын тілдің әрі жасаушысы, әрі тұтынушысы - адамзат қоғамының үздіксіз өзгеріп, өсіп дамып отыру заңдылығымен тікелей байланысты. Тіл нормаларының осы біршама икемшілдігі нәтижесінде сөйленіс машықтарының қайсыбір тәсілдері белгілі бір замана сәттерінде ез Убіреге илігінен айрылып, жарыспалы жаңа мүмкіндіктермен молығады. Басқаша айтқанда, ежелгі норма әлі өз күшін жоймай тұрып-ақ, жаңа норманың нышандары «сөз жұмсау» қажеттілігіне айнала бастайды. Сөйтіп, тілде жарыстас сөздер, мәндес тіркестер, әртүрлі нұсқадағы қолданыстар пайда болады. Олардың өміршең, ұтымды түрлері уақыт талабына ілесіп, тіл ағымын бойлап кете береді, ал белсенділік таныта алмағандары бірте-бірте бәсеңсіп, тіл қазынасының бұйығы қорын жасаушы тарихаят дүниеліктерге айналады. Бірақ, кезеңі келгенде олардың қайта серпіліп, қарым-қатынастың өткір де өтімді кұрамына айналып кетуі әбден ықтимал.

Абай қаламгерлігі

Нормалы тілдің ерістеріне қатысты Абай қаламгерлігін сөз еткенде ең алдымен оның жалпыхалықтық сөйлеу құралдарын әдебилендіру жолындағы ұлан-ғайыр еңбегін атап өтуіміз қажет. Түркі жұрттарының өзі тұстас қалам иелері сез енерін шағатай әдебиетінің дайын үлгісімен өрбітіп, өз ана тіліне қомсына қарап, оның көркемдік қауқарын жоққа шығарып жатқанда, Абай қазақтың халықтық тілін ұстартып, ұлттық әдеби тіл дәрежесіне көтерді. Басқалар тіл тазалығын мансұқ етіп, «қара тілді» менсінбей, сәнқойлық қуып, «төре тіл» жасаймын деп жүріп, «шұбар тілге» ұрынып жатқанда, «Қазаққа қара сөзден дес бермеген».

Шағатай стилі

Шағатай ақындарына еліктеген шәкірттік бала кездерін айтпағанда ол кемел шағындағы өлеңдерін қазақтың құнарлы тілімен жазып кетті. «Кітапшылдық» дәстүріндегі әредік сөз қолданысты оның кейбір айрықша күйініш, не сүйініш үстіндегі ақындық шалықтауларынан ғана ұшыратуға болады.

Ал, сөйлеу ағымында бір-бірімен тіркесу, жалғасу, бірігу нәтижесінде сөздер байырғы дыбыстық құрамын өзгертіп, сөйленіс ыңғайына икемделеді. Бұл - орфоэпиялық заңдылық. Жазба тексте тарихи төркіні ескеріліп таңбаланғанмен, дұрыс сөйлеудің ілгерінді-кейінді ықпалдарға түсіп сингармонияланған, яки іштей үндескен сөздердің тізбегін оқырман орфографиялық берілімінде емес, орфоэпиялық норма бойынша айтып саптауы тиіс. Жазу емлесін бұзбай қолданатын ақын-жазушы үндестік заңдарын, буындардың жылысу, кірігу қажеттіліктерін елемей кете алмайды, қайта оларды толық игеру арқылы ғана сөздердің оқылуына қойылатын орфоэпиялық талаптарды түсініп, дұрыс ұйқас құрайды.

Өлеңді байыптау

Абайдың ақындық даналығы сол тіл құбылыстарын әріден байыптаған. Оның өлеңдерінің барлығы дерлік әрі орфографиялық, әрі орфоэпиялық жағынан мейлінше нормаға сай болып келеді. «Айттым сәлем, қалам қас, Саған құрбан мал мен бас», «Мен сәлем жазамын, қарағым қалқама...», «Көзімнің қарасы, Қөңлімнің санасы...», «Барымта мен партия, - Бәрі мастық, жұрт құмар...», «Бойы бұлғаң, Сөзі жылмаң, Кімді көрсем мен сонан...», «Жүрегім менің қырық жамау, Қиянатшыл дүниеден...» , «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен, Менмен, кердең, қайғысыз, еркеңіліңмен...», «Бір кісі - мыңға, Жүз кісі - сұмға әлі жетер заман жоқ, Қадірлі басым, Қайратты жасым Айғаймен өтті, -амал жоқ» тағы басқа Міне, буын құрамы жағынан әр түрлі ұйқасқан осы өлеңдер қалай жазылса, солай оқылады. Өйткені, бұларда айту нормасы мен жазу нормасы етене қабысқан. Абай өлеңдерінің әуезділігі, музыкалылығы да осыдан. Морфологиялық норма тұрғысынан келгенде де Абай қолданған сөздер әдеби дұрыс тұлғасын тапқан. Түбірге қосымша жалғап сөзді түрлендіру тәсілдері ұстамды грамматикалық заңдылықтарға қайшы келмейді.

Абайдың сөз қолданысындағы жазба әдеби тілдің нормасынан ауытқушылықтың кейбір көріністері ауызекі айтылымдағы фономорфологиялық қысқарымдарды сақтап жазуы деуге болады. Мысалы, қазақ тіліндегі сусымалы сонар дыбыстардың ауызша сөйлеу үстінде кейде түсіп те қалатын заңдылығына сай ақын болып, келіп тағы басқа көсемше тұлғаларды боп, кеп түрінде қолданатыны тәрізді, аяғы -л дыбысына бітетін ол, сол түріндегі сілтеу есімдіктерін де «о», «со» деп келте қайыра береді. Жазу нормасы бойынша сөйленісте «жұтылып» кететін ауыз жолды сонар -л дыбысы хатқа түскенде сақталып таңбалануы шарт. Ал, Абай оларды естілуінше хаттағы «Бір қыс сақта, тас болма сен де о(л) ғұрлы...», «Бір жағынан қысқанда о(л) да азынап...» деген тармақтардағы «ол» есімдігі естілуінше емес, түпкі түбірін бұзбай жазылуы тиіс. Сонар -л дыбысының «сусымалы» болып аталуы ауызша айтқанда «жұтылып» кететіндігінен ғана емес, сондай-ақ оның «ойнамалы» болуына да байланысты. Мысалы , ол - сөйлеу машығында бүтін сөз құрамынан сусып түсіп қалмай-ақ, өзіне табиғаты жақын мұрын жолды сонар -н дыбысымен орын ауыстырып жібере алады. Сондықтан жалпыхалықтық тілде айнал етістігі айлан болып та айтыла береді және сол үлгідегі поэтикалық өрнек те жасайды. Осы құбылысты Абай да пайдаланған.

Әдеби тіл және оның нормасы. Шешендік өнердің тарихы.

Сөйлеу де, жазу да сөз қолдану заңдылығына сүйенеді. Жалпы халықтық тілді жұмсаудын. дәстүрлі үлгісі болады.

Сөйлей білмес жаманның,

Сөзі өтпес бір пышақ:

Сөз білетін адамның

Әр сөзіне бір тұзақ.

Осы мақалдын, қай кезде, қай ғасырда қалыптасып нақыл сөзге айналғанын білу қиын. Бірақ оның мазмұнын біркелкі түсінеміз. Өйткені мақалда сөз қолдану туралы айтылады. Сонымен тіл нормасы деп адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтиже-сінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз.

Тіл нормасы — тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып, адамдардың санасында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, дамып, жетіліп отырады. Соған орай, әр кезде тіл колдану заңдылықтарын білдіретін үғымдар да өзгеше болады. Мысалы, белгілі бір тарихи кезең үшін “дәстүр” деп қолдану орынды болса, қазір “тіл нормасы”, “әдеби норма”, “әдеби тіл” терминдері қалыптасты.

Әдебиет ұғымына әлеуметтік мәні бар жазу үлгілерінің бәрі енеді, мысалы, саяси әдебиет, ғылыми әдебиет, медициналық әде-биет және көркем әдебиет (поэзия, проза драма т. б.). Ал бұлардың барлығы да жалпы халықтық тілдің жазбаша түріне жатады да ә д е б и т і л д е (жазба тілге қойылатын талапқа сай) жазылады. Сонымен бірге, сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары бір-бірімен ара қатынаста болады.

Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты , болды. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар — Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті формаларын ғана шығармаларында қолданған. Фольклорлық бай мұраны шебер пайдалана білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығар-малары жалпы халықтық тіл қорының бай қазынасының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да, ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жасамақ.

3-сабақ

Тақырыбы:

Шешендік өнер тарихы

Египет пен Ассирияда, Вавильон мен Үндістанда шешендік өнер ежелден-ақ жоғары бағаланғанымен, Эллада шешендіктің отаны ретінде саналады. Ежелгі Грецияда ол жүйелі дамып,теориясы тұңғыш рет қалыптасқан.

Ежелгі Грецияда қоғамдық өмірде саясаткер халыққа, әскербасы әскерлеріне, жеке адам- сотта, басқа да толып жатқан жиындарда , кездесулерде топ алдында сөйлеу қажет болды. Көркем тілдің жүйесін, заңдылықтарын ақылы түрде үйрететін софистер пайда болды. Олар шешендік сөздің қай түрін де қатар меңгерген, логиканың заңдарын, айтысу өнерін, тыңдарманға әсер ету тәсілдерін білетін адамдар. Олар сөздің қасиетін жоғары бағалап, сөзді тіршіліктің тұтқасы деп білген. Олар шешендік өнердің негізін қалады, шешендіктің ғылыми теориясынр жасады. Софистердің мақсаты – шындықты ашу емес, тыңдаушыны өз сөзіне сендіру.Олар софизмді- ойластырылған жалған тұжырымды негіз етіп ұстады.

Сократ пен Платон - шынайы сөздің теориясын жасаушылар. Сөздің шындықпен арақатынасы жөнінде софистерге қарсы бағыт ұстаған да ежелгі грек философы Сократ болды ( б.э.д. 470- 399). Ол софистердің сөздің күшімен жаулап алу саясатына қарсы шықты. Ол софистердің сөзді үйретудегі ақылы қызметін де сынады.

Сократтың ойларын оның шәкірті Платон ( б.э.д. 4257- 347) жалғастырды. Ол шындыққа негізделген шыайы сөзді ұстанды.

Аристотель- ( б.ээ.д. 384- 322) Платонның ойларын жан- жақты дамытқан шәкірті.Македонскийдің бала кезіндегі тәрбиешісі болды. “Риторика” атты еңбегі бар.

Цицерон- ( б.э.д. 106- 43) Римде шешендік өнер басында тұрды. Терең білімді, мағынаны бағалады. “Шешендік өнердің үш трактаты” атты еңбегі бар.

Квинтилиан Марк Фабий ( б.э.д. 35- 100) “Шешендік тәлім”атты екі кітаптан тұратын еңбек жазған.

Ежелгі Грецияда шешендіктегі басты нәрсе сөзді мойындату деп есептелсе, ежелгі Римде ең бастысы жақсы сөйлеу болып саналған. Орта ғасырларда шешендік тек ауызша тілге ғана емес, жазбаша тілге қатысты да айтылған.

Бізге жеткен деректерге сүйене отырып, қазақтың шешендік өнерінің атасы- Жиренше деп айтуғ,а болады. (ХІУ-ХУ ғ.)Әз Жәнібек хан мен Асан қайғыныің тұстасы ретінде айтылады.Майқы би, Аяз би (ХІІ-ХІІІ ғ.)

Қазақ шешендік өнерінің биіктеген кезеңі ХУІІ-ХУІІІ ғасырлар. Демосфен, Цицерон адвокат әрі парламент мүшесі болған. Ал қазақтың аты аңызға айналған шешендері – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер. Би- халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы.Би- табиғи дарын, асылтекті ақыл, алыстан болжайтын көсем, тілінен бал тамған шешен.

Шешендік сөздің дамуына үлес қосқан Бұқар, Мұрат, Дулат,Шөже,Шернияз, Шал, Қазтуған сынды ақын- жыраулардың шығармаларында кестелі сөз, оралымды ой мол кездеседі.

 

Қазақ шешендік өнерін үш кезеңге бөліп қарауға болады:

1. ХІ-ХІІІ ғ.-Майқы, Аяз би.

2. ХІУ-ХУІ ғ.- Асан қайғы, Жиренше.

3. ХУІІІ ғ.- Төле, Қазыбек, Әйтеке билер.Қазақтың шешендік өнері туралы пікір айтқандар – Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаевтар. Шешендік сөздің табиғаты турыл еңбек жазғандар- А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин,

М. Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Ә.Мәметова, Х.Досмағамбетовтер.

Ал соңғы кезде шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқандар- Б.Адамбаев, С.Садырбаев, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев, С.Негімовтер.

 

4-сабақ

Тақырыбы:Стилистика және оның жалпы халықтық тілге қатысы.

Стилистика міндетін жалпы халықтық тіл мен әдеби тілден бөліп қарауға болмайды. Жалпы халықтық тіл негізгі қатынас құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Осы негізгі қатынас құралы жалпы халықтық тілді белгілі бір жүйелілікке, нормаға салатын әдеби тіл.

Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің, ауызша және жазбаша түр-лерінің негізінде қалыптасады. Стилистика жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формалары мен оның стильдерінде тілдік белгілерді (сөз, сөз тіркес, сөйлем) қалай қолдану қажет екендігін көрсетеді. Стилистика тілдің қолдану заңдылықтарын зерттейтін ғылым болғандықтан, тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көз-дейді. Тілдік құралдарды дұрыс, ұтымды қолдана білудің қоғамдық үлкен мәні бар. Тілдік белгілерді сұраптап қолдану заңдылықтары әдетте ай-тылатын ойдың мазмұнына байланысты. Ойлау жұмысының нә-тижелерін тіл сөз арқылы бейнелейді. Ал сөз арқылы жеткізілетін ой мен оның мазмұнының арасында тығыз байланыстылық болады. Егер ой түсініксіз болса, онда сөз де түсніксіз шығады. Мысалы: “Палеонтолог — мамандар бұл теңіз корольдары планетамыздың дамуындағы тас көмір дэуірінде болған деп топшылайды, бұдан үш жуз миллион жылдай бұрынғы ол кезде “дүние шатырының” қазіргі алып таулы аймағы орнында ұшы-қиырына көз жетпейтін мұхит шалқып жатқан”. Хат қысқа жазылған. Бірақ мұнда автордың ойы түсініксіз, жас келіншектерді нендей игілікті, жақсы іске шақыратынын айқын, нақтылы жеткізе алмаған.“…Күйеуінің бір мезгіл орынсыз ашуына киліксе үндемейді”, “тұрмысқа шыққасын тоңырау керек пе?”—дегендерді қалай түсінуге болады? Тілді бұлайша қолдану логикалық қате болып есептеледі. Сонымен бірге, хатта кейбір сөздердің стильдік бояуы ескерілмей қолданыла салынған: (Айт-пағым, әріптестерім). “Айтпағым” деп қолдану қарапайым сөйлеу тілінде орынды: әріптестерім — кітаби лексика (орысша коллеги деген сөздің аудармасы), жалпы қолдануға болады, бірақ дәл осы тексте “замандастарым” десе, дұрыс болатын еді. Баяндау түрінде жазылған материалдарда қарапайым және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздерді қолдануға болмайды. Бірақ, стилистикалық бұл талап ескеріле бермейді: “…Өсу, өрлеу жылдарының ә п е р г е н жеңістерін көз алдыңнан тағы өткергің келеді” (газеттен). Немесе, “Совхоздың мал өсірушілер коллективі мал семіртуде жақсы көрсеткіштерге ж е ті с і п, мемлекетке малды қоңдылықпен, жоғары салмақпен тапсыруга ж е т і с т і (газеттен).

Сөз қолданудың бұл үлгісінен ресми документтер мен кеңсе іс қағаздарының ықпалы баса сезіледі. Қалыптасқан сөздердің бірқатары кез келген жерде орынсыз колданылатындығы байқалады. Мысалы, өндіру сөзі мынадай тір-кестерде жұмсалып жүр, астық ө н д і р у; сүт ө н д і р у; жүн ө н д і р у; қаракөл ө н д і р у; жұмыртка ө н д і р у; қоян ө н д і р у; торай өндіру.т.б. Стилистика әдеби нормадан ауытқымай, тілді тек дұрыс қол-дануды, үйретеді, әдеби тілдің стильдік сапасын, мәнерлегіштік касиетін арттыру жолын көрсетеді. Стилистика жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формаларын, оның әр түрлі стильдерін зерттеп, олардың бір-бірінен айырмашылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін қарастырады. Стилистика тілдік құралдардың стильдік белгілерін анықтап, оған сипаттама береді. Стилистиканың объектісі болатын негізгі мәселелер — осылар.

 

Әдеби тілдің стильдері. Сөйлеу стильі мен кітаби-жазба стиль.

Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында пайдаланылады. Сондықтан, онда тілдің коммуникативтік функ-циясы баса сезіледі.

Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан, ол сөйлеудщ ауызша формасымен тығыз бай-ланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді. Яғни үйреншікті жағдайда адамдар қысылмай еркін сөйлейді. Өйткені онда күнделікті өмірге байланысты мәселе сөз болады. Сондықтан сөй-леу тақырыбына сай түрмыста көп жүмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Бұл сөйлеу — тіліне тұрмыстық сипат беріп, оны қарапайымдандырады. Жоғарыдағы мысалдардың тақырыбы да, сөйлеу жағдайы да әр басқа. Соған орай, олардың лексикалық құрамы да өзгеше болып сұрыпталған (қарапайым және тұрпайы сөздер). Тек лексикасы ғана емес, сонымен бірге, ол сөз үлгілерінің сөйлем құрылысына, ондагы сөздердің орын тәртібіне қарай эрқайсысының өзіне тән әуезділігін және мәнерлік қасиетін аңғару онша қиынға соқпайды. Сөйтіп, сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін жасайтын айрыкша белгісі — жағдайға (ситуация) байланысты сөйлеу мәнері. Сөйлеу мәнеріне қарай тілдік единицаларды қолдану өзгешелігі болады. Ол ерекшелік ең алдымен, ондағы лексика-фразеологиядан байқалады.

 

Қітаби-жазба стильдер, осының алдында талдау жасалған сөйлеу стилі сияқты, өмірдің белгілі салаларында пайдаланылып танылған ұлт тілінің нақтылы түрі болып саналады. Олар әр саладағы атқаратын қызметіне (функциясына) қарай іс қағаздар мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль және көркем сөз стиліне бөлініп жіктеледі. Қітаби-жазба стильдердің былайша бір-бірінен ажыратыльш бөліне бастауы қоғамдық ой сананың жо-ғарылығынан болады. Неғұрлым қоғамдық ой жоғары болса, сол-ғұрлым ұлт тілінің маңызы артады. Бұл тұста, күнделікті сөйлеу мен кітаби-жазба стильдерінің бір-бірінен ерекшеліктері айқындала түседі. Әдеби тілде сөйлеу, жазу талабы артады. Өйткені, “тек сөйлеу тілінің үлгісімен жазу — ол тілді білмегендік болып сана-лады”1. Сөйлеу тілі өзінің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, белгілі бір шеңберде пайдаланылуы қажет. Қітаби-жазба стиль-дерде де, әсіресе көркем шығарма мен публицистикада сөйлеу тілі-нің элементтері тек стильдік мақсатта жұмсалса ғана орынды.

Кітаби-жазба стильдер жалпы халықтық тілдің жазбаша фор-масының негізінде қалыптасады да, кітаби сипатта болады.^ Бұл стильдер қатынастың жазбаша формасында жиі жұмсалатындықтан мұнда тілдік құралдар сұрыпталып қолданылады, кітаби-жазба стильдер сөйлеу стиліндей тікелей қатынас жасауда көрінбейді. Сондықтан, онда қаралатын ғылым, заң жобалары, іс қағаздары, ресми документтер және басқа да осылар сияқты қоғамдық маңызды мәселелер жан-жақты толық қамтылып, логикалық жүйелілікті бұзатын қажетсіз детальдар болмай, нақтылы, дәл жазылуы керек, мұндай талап кітаби-жазба стильдердің бәріне бірдей қойылады. Бірақ ол стильдердің өмірдің қай саласында жұмсалатыны, қандай қызмет атқаратыны қатал ескеріліп, өздеріне тән сөз қолдану заңдылықтары сақталады. Мысалы, ғылымда терминдердің қолданылуы басым болса, публицистикада саяси, әлеуметтік мәнді сөздердің жиі пайдаланылуы заңды қүбылыс. “Әр стильдің өзіне тән тілдік құралдарды қолданудағы осындай ерекшеліктерімен бірге, олардың ортақ белгілері де болады. Мұндай ортақ белгілер ресми, ғылыми және публицистикалык стильдерден байқалады. Ол стильдерде жалпы халықтық тіл құралдары әдеби нормаға сай қолданылады. Ал, сөйлеу тілі мен көркем шығармада бұлай емес, оларда жалпы халықтың тіл байлығы сарқа пайдаланылады.

Сөйлеу стилі мен кітаби-жазба стильдер өз ара тығыз байланыста болады. Мысалы, жоғарыда сөйлеу стилінің ауызша жәнеБұлайша іс қағаздары мен ресми стильдің және публицистикалық, ғылыми, көркем сөз стильдерінің жинақталып “кітаби-жазба стильдер” деп аталуы, біріншіден, олардың “шығу тегі”, қалыптасу негізін көрсетсе, екіншіден, ол стильдердің кітабилығын (книжность) аңғартады. Ал кітабилық — стильдік белгі орыс тілі стилчстикасы туралы жазылған еңбектерде “функциональды стильдер” делініп жүр. Мұнда “функциональды” сөзі стильдердіқ қай салада кандай қызмет атқаратынын аңғартады. Мысалы іс кағаздар стилі — кеңседе, ғылыми стиль — ғылым саласында т. б. Сондай-ақ орыс тілінде “стильдер жүйесі” (“система стилей”), “әдеби тіл стильдері” (“стили литературного языка”) деген терминдер де қолданылады.жазбаша формада болып келетіндігі айтылды. Сол сияқты кіта-би-жазба стильдердің де ауызша, жазбаша формалары бар, мәселен, “халықаралық жағдай туралы” жазылған мақаланы немесе, осы тақырыпта жасалған баяндаманы алатын болсақ; мақала — жазбаша, баяндама ауызша кұрылады. Солай болғанымен де бұл екі форма да публицистикалық стильге жатады. Ғылыми стиль де осындай екі формада жұмсалады. Бірақ ол кейбір жағдайда ғана байқалады. Өйткені, ғылыми стильдің де өзінің даму, қалыптасу заңдылығы бар. Ол даму заңдылығы әр кезде, әр түрлі болды. Бұрын Октябрь революциясына дейін ана тілімізде ғылыми еңбектер жазылмағаны белгілі. Ал қазіргі социалистік қоғамда, аз уақаттың ішінде ғылым жедел каркынмен дами түсті. Енді қазақтан шыққан ғалымдар көбейіп, ана тілімізде мақала, оқулық және монографиялық еңбектер жазатын дәрежеге жетті. Осындай жазба еңбектердің негізінде қазір қазақ тілінде ғ ы л ы-м и с т и л ь қалыптасып дами бастады. Бірак, қазақ тіліндегі ғылыми стильдің өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік — қазақ ғалымдары өздерінің зерттеу еңбектерін екі тілде; қазақша және орысша жазатындығы. Мысалы, қоғамдык ғылымдар, оның ішінде әсіресе филология ғылымдарының: әдебиет, әдебиет тану және тіл білімі сияқты салаларыньщ зерттеулері қазақ тілінде жазылады. Ал математика, физика, химия, биология тағы басқа да, осылар тәрізді дәл ғылымдар саласы орыс тілінде зерттеледі. Бұл фактілер ғылыми стильдің әлі де жетіліп дами түсетінін көрсетеді.

 

5-сабақ

Тақырыбы:Шешендікке машықтанудың жолдары.

Шешендік сөз немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдау­шы­ның еркі мен сезімін билейді, толғандырады. Шешендік сөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы. Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл сақталған. Шешенге қойылатын талаптар. Шешендік- ұлы күш. Шешен- ділмар, тапқыр, ресми жиындарда шығып сөйлеуші. Қойылатын талаптар:

1. Тілдік қабілеті мол, сөздің табиғатын түсіне білуі.

2. Білімді, үнемі ізденіп, жан-жақты жетілуі.

3. Шыншыл, шындық негіздеріне сүйену.

4. Нақты, деректі сөйлеуі.Білмейтін нәрсені айтпауы.

5. Жинақылық, киімі, өзін ұстауы, қол қимылдары сөз мазмұнымен үйлесуі.

6. Аңғарымпаздық, тыңдаушысын бақылап, көңіл күйді ажырата білуі, адамгершілігінің жоғары болуы.

Шещендікке машықтанудың жолдары :

- психологиялық дайындық;

- нақты сөзге дайындық;

- күнделікті дайындық.

Шешен өзіне сенетіндей жағдайға жетуі тиіс.Тапқырлық сабырлылық, батылдық қажет.

Психологиялық дайындық тыңдарман жөніндегі мәліметтерге сай жүргізіледі, онда тыңдаушы орта, жастары, мамандықтары ескеріледі.Сөйлеуші минутына 100-200 сөз айтуға әзірленуі тиіс.Сөйлеу техникасын, дауыс мәнерін меңгеруі қажет. Бет- жүз құбылысын анықтау үшін айнаға қарап тұрып сөйлеу керек. Алға- артқа жүріп те жаттығу керек.

Жылы жүзбен, жұмсақ дауыспен сөйлеуге дайындалып, дағдылану қажет. Сұрақ- жауап ретінде қатынасты дамытуды үйренуі керек. Үйретуші ретінде баруға болмайды, тым білгіш болу да қауіпті, көптің көңілінен шықпай қалуы мүмкін.

6-сабақ

Тақырыбы:Іс қағаздары мен ресми стиль.

Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Кеңсе іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенім хат, қол хат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, протокол, қатынас қағазы, акт, рапорт, шарт, мін-деттеме, бұйрық, есеп т. б. жатады. Іс қағаздарыньщ әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыдғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе, сол үлгі бойынша жазылады. Мұндай кағаздарды жазу онша қиынға соқпайды. Ол алдын ала танысып жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі.

Ресми стильдің көлем, мазмұн және жазылу формасы жағынан іс кағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми қағаз белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбінесе заң, устав, үкімет органдарының қаулылары, Жоғарғы Совет Указы, халықаралық шарт, келісім, нота, үкімет хабарлары жазылады.

Ресми стнльге жататын мемлекеттік документтер жанр және мазмұн жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың, барлығына ортақ жалпы сипаты болады:

1. Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады.

2. Лексика-фразеологияның құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдер мен күрделі терминдер, кысқарған сөздер) өзгеше болып келеді.

3. Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.

Сонымен қатар, экспрессивті, бояулы тілдік құралдар қолданылатын кейбір текстер де бар. Мәселен, халықаралық ұйымдарды, даңқты қалаларды және жеке мекемелер мен белгілі қоғам қайраткерлерінің мүшелі тойына арналған құттықтаулар болады. Құттықтау текстерінің қайсысы болса да жігер, қуатқа толы, жақсы тілектер’ айтылып, жылы сезіммен жазылады. Сондықтан онда эмоциональды бояулы сөздердің колданылуы заңды кұбылыс.

7-сабақ

Тақырыбы:Публицистикалық стиль, ғылыми стиль.

Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады. Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. Үндеудің, үгіттеудің мақсаты - жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету.

Ғылыми-стиль – стильдің ғылым саласында қолданылатын бір түрі. Ғылыми-стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет. Ғылыми-стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Ғылыми-стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.

Ғылыми стильдің мақсаты — заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы, тіл білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т. Б. Физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т. Б. Сонымен бірге белгілі бір ғылымнын саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады.

 

8-сабақ

Тақырыбы:Көркем әдебиет стилі. Пікірталас мәдениеті.

Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармапарда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда Көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады. Көркем әдебиет стилінің функциональдық стильдер жүйесінде апатын орнына қатысты әр қилы пікірлер айтылып жүр. Стилистердің бір тобы (Л. Н. Максимов, Н. М. Шанский, Н. А. Мещерский, К. А. Панфилов т. б.) көркем әдебиет тілін функциональдық стильдерден тыс, мүлдем бөлек тілдік құралдар жүйесі деп қараса, P. А. Будагов, А. И. Ефимов, И. Р. Гальперин, Э. Г. Ризель, М. Н. Кожина, Б. Н. Головин, A. Н. Васильева, Д. Э. Розенталь, A. Н. Гвоздев сияқты ғалымдар Көркем әдебиет стилін басқа стильдермен "терезесі тең", себебі көркем әдебиет те тіл қолданудың аясы болып табылады әрі әлеуметтік қызмет атқаруға қатынасады, ал эстетикалық қызметі сол әлеуметтік қызметтің бірі деп санайды.

ікір деген – қарапайым тілмен айтқанда, көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой.

 

Мұғалімнің әрбір сабақта пікірталас ұйымдастыруы – оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі. Себебі, оқушы пікірталас кезінде еркін қарым-қатынаста болып, өз позицияларын қалыптастыру және қорғау, оларды өзге пікірлермен салыстыру әрекетін жасайды. Пікірталас оқушылар өміріне шынайы проблемаларды әкеліп, оларды әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырады, ең тиімді шешімдерін табуға бағыттайды.

Сабақты пікірталас форматында дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Мәселен, тақырыпты алдын ала беруі қажет. Және кез келген тақырыпты емес, бағдарламаға сәйкес дау туғызатын мәселелерді берсе, оқушылар дайындық кезінде біршама ақпаратқа кез болады. Мен былтыр педагогикалық практикада болған кезде, өзім сабақ берген 9-10 сыныптар арасында бірнеше пікірсайыс өткіздім. Байқағаным, басында ұяңдықтары басым болған оқушыларым, соңында шаршы топта сөйлеп, шешендік өнерге машықтанды. Өз ойларын анық жеткізуге тырысып, көп ізденді. Пікірталаста тек екі топ болады, ал үшінші топтағы оқушылар көрермендер қатарын толықтыратыны белгілі. Осы орайда, ойынға қатыспаған оқушыларды блиц-сұрақтар қойып, қысқаша ғана олардың да пікірін білген жөн. Сонымен қатар, олардан пікірсайыстың барысы туралы өз көзқарастарын біліп, қатысушылардың жіберген қателіктері мен кемшіліктерін таба білуге үйрету керек.

Пікірталас кезінде оқушылармен бірлесіп ұстанатын ережелерді анықтап алған дұрыс. Пікірталас кезінде әрбір қатысушының өз мүмкіндігін айту мүмкіншілігі болу керек; қарсыласын тыңдай білуге дағдылану; біреудің сөзін бөлмеу; үйренушілерге ой шақыру немесе дәлелдерді жинақтау үшін уақыт беріп отыру.

Пікірсайысшыда болуға тиісті қасиеттердің негізгілері: харизмалық қасиет, яғни шешендік, импровизаторлық қасиет, яғни кез келген жағдайдан сүрінбей өту, дер кезінде шешім шығара білу, риторикалық қасиет, яғни сұрақты жүйелі қоя білу, эмоциялық қасиет, яғни өз эмоциясын басқара алу. Ең бастысы, мықты пікірсайысшыға логика мен білім қажет екені белгілі. Пікірсайыс кезінде дауыстың тембрі де белгілі бір дәрежеде қызмет атқаратынын да оқушы білуі тиіс.

Ұтымды ой айту, құнды сөз арқылы ойындағысын жеткізу – ата-бабадан қалған игі дәстүр. «Шешендік – көп сөздікте емес, тапқырлықта» деп Ғабиден Мұстафин айтқандай шешендік өнердің қыр-сырын жетік меңгеріп, саналы да ұтымды ойды тапқырлықпен ұштастыра білген жастарымыз ел үмітін ақтар ертеңгі болашағымыз. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды» деп баса атап көрсеткен болатын. Сондықтан да еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстар болашақ жастарымыз саналы да сапалы білім игеріп, тәлім-тәрбие алып, қандай жерде болмасын өз ойын еркін түрде жеткізе алатындай тұлға болып қалыптасуы қажет.

 

8-сабақ

Тақырыбы:Қазақ тілі лексикасы туралы жалпы түсінік. Бейтарап лексика.

Лексика, лексикология және стилистика — бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстар. Лексика деп — әдетте тілдегі барық сөз қорын айтады. Лексикология сол сөздік құрамды тексеретін ғылым; яғни тіл білімінің сөз мағынасын, онын, шығу тегін зерттейтін саласы. Ал стилистика әр түрлі стильдерді, мысалы, әдеби тілдің стильдерін, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерін зерттейді, әр алуан тілдік құралдардың экспрессивтік-эмоционалдық қасиеттерін талдайды. Қазақ тілінің сөз қоры лексикология тұрғысынан мынадай бірнеше негізгі салаға бөлінеді: байырғы сөздер (бұл әдеби тіліміздегі ең үлкен, басты арна), араб, парсы тілдерінен ауысқан, монғол тілінен, туыстас кейбір түркі тілдерінен келген, орыс тілінен және сол арқылы шетелдер тілінен енген терминдер мен түрлі жана сөздер. Ал лексиканы тілдегі жалпы стильдер тұрғысынан жіктейтін болсақ, әлгі санап өткен салаларды енді мүлдем басқаша топтауға тура келеді. Өйткені осы аталған әр алуан тіл қабаттарыньщ қай-қайсысы да стилистикамен тығыз байланысты. Бір де бірі одан сырт емес. Рас, сала-сала бұл сөздердің әдеби тіл, сөйлеу, көркем әдебиет стильдеріндегі қолданылу дәрежесі біркелкі емес, түрлі-түрлі болып келеді. Олардың белгілі бір қолданылу аясы, өзді-өзіне лайық стильдік қызметі бар.

Әдеби, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінде сөздердің өз-ді-өзіне тән жұмсалу қабілеті аңғарылады. Мұндай өзгешелік әсі-ресе көркем әдебиет стилі мен кеңсе, ғылыми, публицистикалық стильдердің арасында айқынырақ сезіледі. Қөркем шығарма тілінің дені қазақ тілінің байырғы сөздері болып келеді. Онда әдетте ‘ тілде бар сөздін, қолданылмайтыны аз байқалады. Стильдік мақсатта керегіне карай, мұнда байырғы құбылыстар да термин де, көне сөздер де, диалектизм де кездесіп отырады. Бірақ солардың ішінен көбінесе көркем әдебиет стилінде жұмсалатындары да бар. Мысалы:

Қайта жолдастары осыны айтқалы көңіліне амалсыздықтың бір жадаулығы да келіп еді (М. Әуезов). Күңгірт, сұрғылт қыс аспа-нында көшпе бүлттар өркеш-өркеш боп, терістікке қарай маңып, ауып барады (сонда). Мен малыма өзім иемін — деп, Нуржан шірене түсті (Б. Майлин). Самаурынынбыжылдатып, мына саба-лақ сары баланы күтіп бұл эйел отырады да қояды. Отасқандарына жыл да толмаған. Ойын-күлкіге батып жайраңдайтын кезі ғой шыны (сонда).

Бұл келтірілген мысалдарда жадаулық, күңгірт, сұрғылт, ману, шірену быжылдау, сабалақ,, отасу, жайраңдау деген сөздер өзге стиль түрлеріне қарағанда, әсіресе көркем әдебиетте жиі байқа-лады. Жеке сөздерден байқалатын осы ерекшелікке байланысты, яғни олардың әр түрлі стильдік бояуына қарай, лексиканы жалпы бірнеше салара топтастыруға болады.

Бейтарап лексика.

Бейтарап лексикаға жататын сөздер қай тілде де сан жағынан біраз бар. Оған ең алдымен жоғарыда аталған аспан, жер, су, ауа, жел, өзен, тау тәрізді табиғат құбылыстары жатады. Осы сөздер көркем әдебиет стилінде де; ғылыми, ресми-кеңсе, публицистика-лық стильде де қолданыла береді. Олардың әр түрлі стильдерде жұмсалуына бірер мысал келтіре кетейік. Тау басында жел тұрды білем (М. Әуезов). Ең қызығы Шолпандағы жел ылғи бір-ақ жаққа, яғни планетаның айналуымен бағыттас соғады екен (Физика). Денеге жерден шығып кетуге мүмкіндік беретін жылдамдық осын-дай болады (сонда). Бұнда қалың боп көпсіп жататын құм мен боз топырақтан аяқ алып жүру бір жүк (М. Әуезов). Фосфорит, құм жэне көмірдің ұсақталған қоспаларын электр пешіндеауа жібермей жоғары температурада қыздырады (Химия).

Сондай-ақ абстракт мағыналы сөздер де бейтарап лексикаға жатады. Өйткені олар да белгілі бір ғана стильде емес, әр түрлі стильде жұмсалып отырады. Мысалға қасиет деген сөзді алып көрейік. Бұл ресми-кеңсе стилінде де, ғылыми және публицисти-калық стильде де қолданылады. Дәл осындай ерекшелік анықтау деген етістіктен де аңғарылады. Ол да ресми-кеңсе және ғылыми стильдің екеуінде бірдей келе береді.

 

8-сабақ

Тақырыбы:Сөйлеу тілінің лексикасы. Қарапайым сөздер. Диалектизм және кәсіби сөздер.

Сөйлеу тілінің лексикасы.

Лексика(грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Адамдардың күнделікті қарым-қатынасында, қызмет бабында (баяндамада, лекцияда, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стильдік бояуы әр түрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Бірақ оның бәрі сөйлеу тілі лексикасына жат-пайды. Мысалы қай тілде де ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен қолданылмайтын,»тіпті көркем әдебиет пен публицисти-калық стильдердін, өздерінде де онша көп кездеспейтін, қайта бұ-ларға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады.

Сөйлеу тілі лексикасы міне осындай сөздерді қамтиды. Алайда мына жағдай есте болуы керек. Сөйлеу стиліне тән бұл сөздер басқа стильдерде қолданылады деуге болмайды. Бірақ сөйлеу стиліндегідей дәрежеде емес. Олардың өз алдына сөйлеу тілі лексикасы деп аталуы міне осы жағдайға — қолданылу аясына байланысты. Қөбіне-көп сөйлеу стиліне, яғни сөйлеу тілі лексикасына тән ондай сөздерге қ а р а п а й ы м с ө з д е р, т а б у , э в ф е м и з м , д и а л е к т и з м д е р және к ә с і б и с ө з д е р жатады.

Қарапайым сөздер.

Қарапайым сөз, Қарапайым тіл – күнделікті тұрмыста қолданылатын жалпы халықтық қара дүрсін сөздер. Тіл тұтынудың бәсең стиліне жататын мұндай қарым-қатынас дәстүрлі немесе классикалық жазба әдеби нормаларымен сыйыспайтын сөз тұлғаларына, дөрекі сөз орамдарына, грамматикалық байланысы тосын әр қилы сөйлемдерге шек қоймайды, кең-молынан өз қажетіне жарата береді. Халықтық тілдің тілдік стилі тұрғысынан қолдау тапқан бұндай үлгілері әр түрлі мақсат үшін әдеби тіл аясында, әсіресе, көркем әдебиет шығ-рмаларында кәдеге асады. Ақындық тезіне түсіп қырналған қарапайым сөз саптау тәсілдерінің көріністерін Абай шығармаларынанда кездестіруге болады. Мысалы, ол жалпы халықтық тіл ішіндегі шектеулі аяда қолданылатын жергілікті (диалект) ыра, мұқым сөздерін жыра, бүкіл деген көпшілікке мәлім сөздердің орнына қолданады. Сондай-ақ кірме сөздерді қолдануда ақынның өзіндік ерекшеліктері бар. Егер: «Ғаділетті жүректің, Әділетін бұзыппын»,- деген жолдарда бір сөздің өзін әуелі арабша нұсқада, одан кейін оның қазақ тіліндегі дыбысталуы бойынша екі ұдай мағына теліп қолданған болса, «Әлің білмес шіркінді Құдай әбден қарғады» мен «Қанденге бір ит кездей боп, Деді: «Әліңді білсеңші» сияқты жолдарда қазақтың «Әліңді біл!» деген дағдылы тіркесін арабтың сол мағынадағы «әдді» сөзін енгізу арқылы өзгерткен. Абай әдеби нормаға енбеген, бірақ қарапайым халық арасында айтыла беретін орыс сөздерін де реті келгенде өз поэзиясына қатыстырып отырған. Мысалы:

«Еннатайына кәлкәусар,

Пошал, дереу, күнәкар»,-

дейтін тармақтардағы намаздың сабағына араласып жүрген пошал сөзі орыс тілінің қара дүрсін қолданысы. Сондай-ақ

Көгалды қуып гөләйттап,

Қызықпен жүріп жазды алған,-

дегендегі гөләйттап сөзі, «Сомалап ақшасынасо- нан алар» дегендегі сомалап сөзі орыстың «гу- лять», «сумма» сөздерінің қазақ тіліне сіңіп, қара- пайым қолданысқа тұскен үлгілері. Әдеби тілдің нормасынан ауытқудың тағы бір көрінісі - сөздің грамматикалық тұрғыдан тұлғалану заңдылығын бұзып, қарапайым тіл қалыбына салуға да байланысты. Мысалы, Абай өлеңінің ұйқас жүйесін, буын өлшемін сақтау үшін кей реттерде сөз тұлғасының грамматикалық тәсілдерін өзінше құрып, өлең тармағын қажетті буын өлшеміне сыйыстырып та жібереді. Әрине, мұндай сәтте ол өз тарапынан тіл заңын тәртіптеуді мақсат тұтпаған, тек эстетикалық мұрат көздеп, жаппы халықтық айырым сөйленістерді өзінің поэтикалық талғамына таяныш еткен.

9-сабақ

Тақырыбы:Диалектизм және кәсіби сөздер.

Диалект—белгілі бір аймақ, облыс тұрғындары қолданатын тіл ерекшеліктері бар халық тілінің бөлігі. Диалект халық тілінің құрамына кіре отырып, өзіне тән лексикалық, дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктерге ие болады. Ұлттардың қалыптасу кезенінде ұлт тілдерінің негізіне жатуы мүмкін. Адамдардың аз ғана тобы қолданатын, жеке тіл дәрежесінде дами алмайтын жаргондардан Диалектті айыра білу қажет. Әдеби тіл мен Диалекттің өзара қарым-қатынасы өте күрделі. Әдеби тіл Диалектке эсер ете отырып, өзі де олардың есебінен байып отырады.

Негізгі тілдік ерекшеліктері бірынғай говорлардың жиынтығы. "Диалект" термині "говор", "говорлар тобы" және "наречие" мағыналарында да қолданылады.

Кәсіби сөздер– белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер. Қазақ тілі кәсіби сөздерге бай.

Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді.

Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары:морда, тоспай, итерқұл, аламан); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза, көсек, құлақ, шит), тағы басқа салаларға қатысты болады.

Шағын кәсіпшілікке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, аталғы – ойық жүзді шот, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқакәсіп түрлеріне байланысты болады. Кәсіби сөздердің диалектілерден басты айырмашылығы – оның әдеби тілде баламасы болмайды. Сондықтан да кейбір кәсіби сөздер әдеби тілімізді байытып, жалпы халықтық қолданысқа еніп кетеді. Мысалы, мәйек, қоза, терім, мұрап, бағбан, дақыл, беде, танап, көшет, атыз, тағы басқа.

 

10-сабақ

Тақырыбы:Кітаби лексика. Көнерген сөздер мен

неологизмдердің қолданылуы.

Кітаби лексика дегеніміз көне жазба нүсқаларда қолданылатын бүкіл түркі халықтарына ортақ сөздер. Кітаби лексиканың өзіне тән нормасы бар, белгілі бір дәстүрге байланысты қалыптасып, көне түркі тілінің ізі бойынша жазылып, қолданыс тапқан. Көне дәуір ecкерткіштері мен жазба әдеби нұсқалардың тілі қазақ тілінен мүлде басқаша, халыққа түсініксіз тіл емес. Өйткені, кітаби тілдің негізі — көне түркі, тілі, ол қазақ халқына жат тіл емес, етена жақын тіл. Кітаби тілдің үлгілеріне қиссалар тілі де жатады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қиссалар мазмұны мен сюжетіне қарай екі түрлі болып келеді. Бірінші — шығыстың классикалык әдеби үлгілері негізінде жырланған кисса — дастандар: («Жүсіп-Зылиха», «Мұңлық-зарлық», «Боз жігіт» T.6.). Бүл поэмалардың тақырыбы — жеке адамның бас азаттығы, махаббат, адамгершілік жайлары. Екінші — ислам діні пайғамбарлары мен сахабаларын марапаттайтын поэмалар («Сал-сал», «Жұм-жұма», «Мәликаждар», «Кер-баланың шөлінде» т.б.).

Кітаби тілдің дәстүрі көне дәуірлерге қарай шегіне береді. XIX ғасырда жазба тілдің кеңейіп, етек алуына қарап кітаби тілді тек осы ғасырдың екінші жартысының жемісі деп қарауға болмайды.

Кітаби тілдің елеулі белгілері: a) — ертедегі әдебиеттің тұрақты дәстүрінің болуында, ә) — көркем баяндаудың стандартты формасының болуында, б) — кітаби лексикадағы сөздердін әуел баста тіл бүзарлық (варваризм) жолымен еніп, кейіннен бүл стильде тұрақты болып қолданылуында.

Кітаби тілдің элементтері ұлы Абай шығармаларында да кездеседі, мұны Абай жазба тіл дәстүріне бір табан жақындауды, оны берік сақтауды терең сезінгендігінен деп білу керек.

Көнерген сөздер мен неологизмдердің қолданылуы.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1512. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.018 сек.) русская версия | украинская версия