Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Грамматикалық мағына, оның берілу тәсілдері мен жолдары.




Грамматика (гректің grammatike оқи алу, әріп жаза білу деген сөзінен қалыптасқан) болса, ол сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындағы байланыс пен қарым – қатынастарды, сөйтіп, сөздердің тұлғалану ерекшеліктерін, сздердің бір –бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау сияқты қасиеттерін қарастырады.Грамматикалық мағына – сөздің жалпы мағынасы. Лексикалық мағынаға қарағанда грамматикалық мағына арқылы олардың әрі жалпылық, әрі ортақтық қасиеті негізінде сөздер грамматикалық топтарға топтасады. Осыдан грамматикалық мағынаның мынадай ерекшеліктері байқалады.Біріншіден,лексикалық мағынанға қарағанда, грамматикалық мағына одан кейін пайда болады, атап айтқанда, грамматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылану арқылы, солан кейін сөйлеу процесінде сөздердің бір –бірімен әртүрлі қарым – қатынасқа түсуі арқылы және сөздің сөйлемде жұмсалу мақсатына қарай оған әр түрлі тұлғалардың қосылуы арқылы үстеледі. Екіншіден, лексикалық мағынаның мәні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір – бірінен саралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы болады,жеке сөзге ғана емес, солардың белгілі топтарына тән болғандықтан, сөздерді грамматикалық сипаты жағынан топтауға негіз болады.Үшіншіден, сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе, грамматикалық мағына сөзде біреу де,бірнешеуде де болуы мүмкін. Грамматикалық мағына белгілі жолдар арқылы беріледі. Соның бірі – грамматикалық форма.Грамматикалық форма, бір жағынан сөздің сөйлеу процесінде түрлену жүйесінің тұлғалық көрінісі болып есептелсе, екінші жағынан, белгілі мәндегі грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі болып табылады. Яғни белгілі бір грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формалар жүйесі, оның бір түрі арқылы берілп отырады.Граматикалық форма белгілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар арқылы белгілі жүйелі парадигма бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық грамматикалық мағына беріледі.

 

 

3. Тапсырма.Сөздердің қандай тұлғада тұрғанын анықтап, түбір мен қосымшаға ажыратыңыз. Түбір қандай мағына береді? Қосымшалар қандай мағына береді?

Қазақ тілінде «таза адам» деген сөз үсті-басының тазалығымен бірге, ар-ұятының тазалығын да көрсетіп тұрады (Ғ.Мүсірепов).

Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады. (Б.Бұлқышев)







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 860. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (1.908 сек.) русская версия | украинская версия