Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. Тақырыбы: Табиғаты микробтық тамақтан уланулар және олардың алдын алу.




Тақырыбы: Табиғаты микробтық тамақтан уланулар және олардың алдын алу.

 

Курс:2

 

 

Қарағанды – 2005ж.

 

Кафедра отырысында талқыланды.

 

«___»_________2005 ж. Хаттама № ____

 

Кафедра меңгерушісі __________ Калишев М.Г.

 

1.Тақырыбы:Табиғаты микробтық тамақтан уланулар және олардың алдын алу.

 

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі):Асты пайдаланумен байланысты денсаулық жағдайын бұзатын әртүрлі сырқаттар пайда болуы мүмкін. Ол астың құрамына зиянды және улы заттардың түсуімен байланысты болады. Мұның салдарынан халықтың арасында табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар тарайды.

4.Сабақтың мақсаты: Тамақтан улану түрін, себептерін анықтау және алдын алу шараларын ұйымдастыру, тамақтан улану анықталған жағдайда жүргізілетін санитарлық зерттеу жұмыстары.

Студент білуге тиіс:

- Тамақтан уланулардың жіктелуін

- Тамақтан уланулардың алдын алу шараларын ұйымдастыруды

Студент істей білуі керек:

- Токсикоинфекция және токсикоздың айырмашылығын анықтауды

- Аралас этиологиялы тамақтан улануды диагностикалауды

- Алдын алу шараларын өткізуді

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

Негізгі білім бойынша:

1. Сүт және сүт өнімдері, олардың тағамдық және биологиялық құндылығы

2. Сүттің эпидемиологиялық маңызы. Сүт арқылы берілетін инфекциялар және олардың алдын алу.

3. Ет және ет өнімдері, олардың тағамдық және биологиялық құндылығы.

4. Еттің эпидемиологиялық маңызы. Ет арқылы берілетін инфекциялық және инвазивті аурулар, олардың алдын алу.

5. Банкідегі консервілер, батулизмнің дамуындағы маңызы.

 

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

  1. Тамақтан уланулар және олардың жіктелуі.
  2. Бактериалды токсикоинфекция және токсикоздар.
  3. Қоздырғыштардың көзі, берілу механизмі және жолдары.
  4. Бактериалды тамақтан уланулардың алдын алу шараларының негізгі принциптері.
  5. Табиғаты микробсыз тамақтан уланулардың түрлері, олардың сипаттамасы, алдын алу шаралары.
  6. Этиологиясы анықталмаған тамақтан улану. Оның гигиеналық сипаттамасы.
  7. Тамақтан улануды санитарлық зерттеу әдістемесі.

6.Ақпараттық – дидактикалық блок.

ТАМАҚТАН ҰШЫНУ (улану)

 

Тамақтан ұшынулар - өршіген (созылмалы болуы сирек) жұқпалы емес, тек тамақты пайдаланғаннан таралатын аурулар. Бұлардың негізгі пайда болу себебі: асқа залалды әсері бар, не кесапатты микроорганизмдер көбейіп өскен, не оларды ң улары көп жиналған азықты пайдаланғаннан.

Көп жағдайларда бұл аурулардың нышансыз дәуірі (инкубационный период) қысқа және қарқыны қауіпті уланудың нышандарыныңанық артықшылығымен кенеттен басталып, көптеген адамдарды қамтып, өте тез жоғалады.

Негізінде астан ұшынғандар мәлтек аудандағы белгілі бір тамақ кәсіпорынның төңірегінде шоғырланады. Бұл аурулардың аңдаусызда, бір уақытта, кенеттен және қауіпті нышандарменпайда болуы оларды сәтсіз оқиғамен не аптаттармен салыстыруғаболады. Сондықтан, өте көп күйзеліске ұшырағандарға дәрігерлік көмек көрсету, жылдам диагноз қою және оның тез себептерін анықтап, кешеуілдеусіз оны жоюға шаралар қолданудәрігерлердің ерекше көңіл бөлуін талап етеді.

Астан ұшынуға артық тамақтық заттарды пайдаланып ауырғандар (гипервитаминоздар, флюороздар, т.б.), өзін-өзі өлтіру үшін, не өлтірмекші болғанда тамақпен қоса улы заттарды немесе оларды байқаусызда ішкендер және азық алларгиясы жатпайды.

Қазіргі кезеңде астан ұшыну пайда болу белгілеріне байланысты (этиологиялық) үш топқа бөлінеді:

1. микробтық

2. микробсыз

3. этиологиясы (себебі) белгісіз

 

1. Микробтық астан ұшыну науқастық (патогенетикалық) белгілеріне қарай үшке бөлінеді:

a. токсикоинфекциялар (улы жұқпалылар)

b. токсикозы (уланушылар)

c. араластар (миксты)

Токсикоинфекциялар науқас тудыруға жарамды (потенциально-патогендік) микроорганизмдердің себебінен пайда болуы мүмкін. Олар: Protens mirabilis және Vnlgaris, b.coli (энтеропатогендік серотиптер) bac cerens, Step.faecalis және де басқа аз зерттелгендер, бактерии (litr-obacter, Hafnta, jersinae Klelstells Pseudomonas), с.с., тағы да Cl perfringens типа АVibriu parahaemoliticus Aeromonas.

Токсикоздар мынадай үш топқа бөлінеді:

· бактериялық токсикоздар Staplrylococcus aurus және Clostridim botulinum бактериялары шығаратын токсиндер (улары)

· микротоксикоздар. Aspergibinus Fusarium, Peniccilinum, Claviceps purrurea.

· Араластар осы екі баптағы микроорганизмдердің араласып, тамақты ластаса пайда болады.

 

МИКРОБСЫЗ АСТАН ҰШЫНУ

 

Микробсыз астан ұшынудың мынадай түрлері болады: Табиғи улы заттар:

А) улы өсімдіктермен (саңырауқұлақтар, мендуана, аю бадам, аконит, сасық мендуана, сафора, триходесма, гелиотроп)

Б)жәндіктер мен жануарлардың бездері, өті сияқтымүшелері (кейбір теңіз балықтары мен жәндіктері т.б.)

Белгілі жағдайда улы азықтармен улану:

А) өсімдіктер: жемістердің амигдалин бар (өрік, шие, бадам) сүйектері, жаңғақтар (бүк, түнги, рицинии, т.б.) ашық жерде тұрып өскен картофельдің соланині, фазині бар бұршақ тәріздес (фасоль, ірі бұршақ, т.б.)

Б) жануарлардың кейбір мүшелері мен олардан алынатын азықтар (налим, шортан, скумбрия сияқты балықтардың уылдырық шашар уақытындағы бауыры, уылдырығы, улы өсімдіктердің гүлдерінен жинаған араның балы, т.б.)

Химиялық қоспалармен улану нитраттар, пестицидтер, мышьяк, қорғасын, мыс, мырыш, т.б ыдыстарын еріп, асқа түсетін қосындылар.

 

ЭТИОЛОГИЯСЫ АНЫҚТАЛМАҒАН

 

Азық-түлікке байланысты ет пен қанның қызыл түйіршіктерінің уыздары зәрмен шығатын ұстамалы ауру (алиментарная параксизмальнотоксическая многлобунируя – гаффская, юксовая, сартландская болезнь). Бұл ауру кей жылдары әр жердегі көлдердің балығынан ұшынғаннан болған науқас.

Микробтық астан ұшыну, басқа тамақтаннауқастанулардан әлдеқайда (90 пайыз) көп кездеседі. Күйзелгендердің ішінен қайтыс болғандар 0,3-0,6 пайыздан аспайды.

Микробсыз астан ұшыну аз кездескенмен (10 пайызға дейін), көбінде күйзелгендердің қайтыс болуымен аяқталады. Бұл уланудың себептері: саңырауқұлақтар, әр түрлі өсімдіктер, ауыл шаруашылығының улы химикаттары

 

ТОКСИКОИНФЕКЦИЯЛАР

 

Токсикоинфекиялар – арнайы тірі қоздырғыштармен және олардың өлгенде не көбейгенде шығаратын токсиндарымен ластанған азық-түлікпен тамақтанғанда пайда болатын аурулар.

Токсикоинфекциялардың пайда болуы жыл мезгілдерінебайланысты. Бұлар, азық-түлікті жыл мезгілдерінде жасанды суықсыз сақтағанда не тасығанда олардың тез бүлініп, бактериялардың көбейіп өсуіне мүмкіндік болғандықтан Қазақстан Республикасында жаз айларында көп кездеседі.

Микробтық ішек таяқшаларының табының әсерінен аурулар жаппай топтық және жанұялық болып лап етіп таралады. Қазір ішек таяқшаларының астық токсикоинфекция тудыратын бірнеше (026, 028, 011 және басқалар) серотиптері бар екені анықталды. Науқастық ішек таяқшаларының серотиптерінің қорымы ауру балалар мен ересектер (колиэнтериттер, колибактериялық септициямен т.б. ауырғандар) және ауру малдар, әсіресе, олардың колибациллезбен ауырған төлдері. Толық қайнатылып піспеген не қайтадан дұрыс қайнатылмаған тамақтарды пайдаланса, осы аурулардың пайда болуы мүмкін. Осы микроорганизмдердің тұқымдары тамақ бөлімдерінің қызметкерлерінің қолдары арқылы, не жуылмаған кір ыдыстар, су, жабдықтар, насекомдар (жәндіктер) арқылы санитарлық, өндірістік және өзіндік гигиена кәсіпорындар мен тұрмыстық қағидаларды орындамаса таралады. Осы аурудың пайда болуының негізгі шартты жағдайы азық-түліктердің өте көп жаппай айтылған микробтармен ластануы.

Токсикоинфекциялардың Ешерихия коли түрінің ерекшелігі өте қысқы (4-8 сағ.) нышансыз дәуірі, жылдам басталған жедел гастроэнтериттің айқындалуы іштің өтууімен, іш ауруының кейде түйіліп шаншуының басымдылығы. Осы құбылыстар тез өтіп, 2-3 күннен кейін сауығу басталады.

Токсикоинфекциялардың Pr.anlgaris, Pr.mirabilis бактерияларымен пайда болатын түрінің ерекшелігі өте созылғыштығы. Егер де тамақ объектілерінің жағдайы санитарлық ережелерге сай келмесе, азық-түліктердің ластануынан аурудың қайталануы да мүмкін. Бұл аурулар көбінде жылдың жылы мезгілінде болады. Бұл протеялық токсикоинфекцияның негізгі себебі, дайын тамақтармен кейбір азық-түліктердің (ет, балық, т.б.) осы микроорганизмдермен жаппай тұқымдануында.

Осы аурудың клиникалық бүлінуі ұзақ нышансыз дәуірмен (20сағатқа дейін) және өте ауыр басталуымен сипатталады. Негізгі нышандары: бірнеше рет құсу, іштің өтуі, қатты кесілгендей түйіліп іштің ауруы. Ауыр жағдайларда «өлім» қауіпі да тууы мүмкін. Жайда сауығу 2-5 тәуліктен кейін басталады.

Энтерококктар не нәжістік стрептококктар (Str.faecalis, Str.faecinum) сыртқы ортада ұзақ сақталады, әсіресе азық-түлікте. Энтерококктар сілікпеде, винегретте, салатта көп табылады. Энтерококктарға байланысты астан ұшыну, айрықша нышандармен өзгешеленбейді, көбінде жедел гастроэнтерит сияқты басталады. Нышансыз дәуірі 5-18 сағат, науқастанудың ұзақтылығы 2-3 тәулік.

Сыртқы ортада көп таралған Cl.per feringens шіріген заттардың ішінде өскендіктен оның кейбір штаммы науқастық болып, химиялық құрамы күрделі және қауіпті токсиндерді (өлік уы, гелютоксин, некрототоксин, т.б.) шығарады. Сыртқы ортадағы Cl.feringens-тің қорымына ауру және бацилтасығыш малдар жатады. Сондықтан, осы токсикоинфекцияның пайда. Ауыр металдардың тұздарымен (мыс, мырыш, қорғасын) улану, осы залануға байланысты.

Балалар арасында осы токсикоинфекцияның таралуына қайнатылмай ішілген сүт себеп болады. Сүзбе мен балықты жегендердің арасында осы науқастың болғаны да белгілі.

Клиникалық нышандары толық зерттелмеген және сипаттамалары шамалы. Нышансыз дәуірі көпке (5-22 сағат) созылады. Ауру бірнеше рет іш өтуден, лоқсудан, іштің қысылып ауырсынуынан басталады. Дене қызуы көбінде көтерілмейді, сауығу 1-3 тәуліктен кейін басталады.

B.Cerensmi көп уақытқа дейін залалсыз шіріген заттардың ішінде өсетін бактерия деп есептеген. Алпысыншы жылдардан бастап бұл бактерияның токсикоинфекциялық ауруды тудыратыны анықталды. B.Serens сыртқы ортада көп таралған, сондықтан азық-түліктер тез және көп көлемде онымен тұқымдананды,әсіресе, шұжық және аспаздық азықтар сүт және сүттен жасалған тағамдар тез тұқымданады. Бұл микробтардың таңдалуы тағамдары жоқ. Сондықтан, барлық азық-түліктерде дәмін өзгертпей тұқымданады. Бұл науқастың клиникалық нышаны жедел токсикоздың сипаттамасындай: іштің ауыруы, лоқсу, іштің тәулігіне 10-20 рет өтуі. Құсу мен дене қызуының көтерілуі сирек болады. Нышансыз дәуірі 4-16 сағат, сауығу 1-2 тәулікке созылады.

Профилактикалық шаралар токсикоинфекциялардың пайда болу себептеріне байланысты:

1. Азық-түліктерді микробтардың шығуынан, өзіндік гигиена мен санитарлық ережелерді тамақ пен тамақтану кәсіпорындарынынң қызметкерлерінің толық орындалуына байланыты.

2. Жасанды азықты азық-түлікті дайындау, сақтау, өңдеу технологиясының барлық кезеңдеріне пайдалану.

3. Тамақты аспаздық тәсілдің барлық ережелерін орындап, ұқыпты қайнатып түсіру.

4. Тез бүлінетін азық-түліктерді және дайын тағамдарды пайдалану уақыттарын қатал сақтау.

 

ТОКСИКОЗДАР

 

Токсикоздар-арнайы қоздырғыштардыың (микробтан) тіршілік әрекеттерімен даму нәтижесінде азық-түлікте жиналған, бірақ тірі қоздырғыштың өзі жоқ, не өте сирек кездеседі, токсині бар асты пайдаланғанда болатын жедел және созылмалы аурулар.

Кейінгі жылдары азық-түлікті үйде бұзылмайтын етіп (консервілеу) сақтау етек жайғандықтан ботулизммен ұшыну өте көп кездеседі. Бұл өте зілді, көбінде (20 пайыз) адамның қайтыс болуымен аяқталатын науқас.

Ботулизмнің қоздырғышы – клостридиум тек анаэроб (оттексіз). Анаэробиоз (оттегісіз өмір) азық-түлікті консервілегенде ғана тез бүлінетін азық-түліктердің аэроб оттегін пайдаланы, анаэробтарға жағдай туғызғанда пайда болады.

Ботулизмнің нышандары: дімкәстік, әлсіздік, бастың ауруы, кейде құсудан басталады.

Кейінгі аурудың клиникалық суреті үштік жікпен сипатталады.

Бірінші-көздің көрінуінің бұзылуы – шала көру, қос көріну (диплопия), тұман және тор көз алдында болуы, кейде қараңғылық, аккомодацияның бұзылуы, қабықтың түсуі және көздің еріксіз жыпылықтауы (нистагм).

Екінішісі – жұтынудың, сөйлеудің бұзылуы – қою тамақты жұта алмау, дауыстың қарлығуы (афония) – тілдің, жұтқыншақтың, тамақтың, жұмсақ таңдайдың жансыздануы (паралич).

Үшінші – мойын мен аяқ-қолдың бұлшық еттерінің қарқынды (прогресстік) әлсізденуі – бастың бір жаққа қисаюы, қисаңдап жүру (атаксия).

Дене қызуы бір қалыпты, не тоңазытады, кейде зәрдің де шығуы қиындайды. Іштің кебуі мен қаталуы (запор) да байқалады. Науқастың есі қайтыс болғнша сақталады.

Ерте диагноз қойып және арнайы емдеу ботулизмге қарсы сарысу құю – аурудың сәтті аяқталуының ең маңызды кепілі. Осылай тағамдарды жегендерге де осы сарысуды профилактика үшін құю керек.

Ботулизмді тудыратын азық-түлікті әртүрлі. АҚШ-та 77 проценттік жағдайда ұшыну консервіленген көкөніс пен жемістерден. Германияда 92 процент – үйде дайындалға шұжық пен сан етінен. Біздің Республикамызда ботулизм үйде дайндалған көкөніс пен жемістердің консервілерінен, ет пен балықтан.

Осы азық-түліктерді дұрыс дайындамаса, не пісіріп не косервілемесе 90 процент жағдайда ботулизм пайда болады. Өндіріс орнында дайындалған консервілерден 4 процент жағдайда бұл ауру пайда болады.

Ботулизмді алдын-алу санитарлы-технологиялық және санитарлы ағарту шараларынан құрылады. Бұл азық-түлікті тұқымданудан және ботулизм таяқшасының көбеюіне жол бермеуге бағытталған.

 

СТАФИЛАКОККТЫҚ ТОКСИКОЗДАР

 

Стафилакоккты токсикоздардың науқасын стафилакокктардың энтеротоксин өндіруге дағдыланған түрлері тудырады. Аста ұшындыратын стафилакокктардың төрт (А, Б, С және Д) түрлері бар.

Нышансыз дәуірі – 1-6 сағат. Науқастанғандарда лоқсу, тез қайталанатын құсу байқалады.

Кейбір науқастардың іші өтіп, дене қызуы 38 С дейін көтеріліп, тамыр соғуы жиіленеді, балтыр еттері құрысады, кілегей жабылғылары (ерні) өзгереді. Сауығу келесі тәулікте басталады.

Тамақтың азық-түліктерге жұғудың негізгі қоры – желіні қабынған (мастит) сүт беретін мал мен ана. Сау адамның 50 проценті науқастық, не науқассыз стафилакокктардың сақтаушысы (тамақ пен мұрынның кілегей қабығында, іріңдеп ауырған қолдарында, т.б.).

Стафилакокктық токсикоздар көбінде мынадай азық-түліктерді пайдалануға байланысты: сүт және ст өнімдері (ірімшік жасауға дайындалған іріген сүт, ірімшік), ет және еттен жасалған тағамдар (ет салаты, шұжық), винегрет, торттар, кондитерлік тағамдар, балық консервілері, т.б.

Алдың-алу шараларына күнделікті азық-түлікпен айналысып жүрген жұмыскерлердің арасынан стафилакокктарды тудыратын науқастарды (қолдарында іріңдеген жарасы бар адамдар,т.б.) анықтап, оларды жазылғанша жұмысқа жібермеу.

Азық-түлікті сақтағанда, не тасығанда стафилакокктардың көбеймейтін жағдайын қарастыру, яғни оларды салқында ұстау профилактикаға жатады.

 

МИКОТОКСИКОЗДАР

 

Микотоксикоздар ылғалдылық көп болған жағдайда дамитын, микроскоппен ғана көрінетін саңырауқұлақтармен бүлінетін дәнді астықты тағамға жаратқанда пайда болады.

Физариотоксикоз «мас» нанды жегенде пайда болады. Клиникалық көрінісі жедел токсикоздардың нышандарымен сипатталады: бас ауруы, айналуы, анық қозу (орынсыз күлу, өлең айту, т.б.), кейін кенеттен күштің құруы. Осы науқастың негізгі себебі:Fusarium саңырауқұлақтық түрі дәнді астыққа жұғып, ылғалдылық жағдайда дамуы.

Уланған азықтың ақ қан түйіршіктерініңазаюы (алиментарно-токсическая алейнемия) да физариотоксикоздарға жатады. Бұл науқасқа адамдар қардың астында қыстап шыққан дәнді дақылдарды тамақ үшін пайдаланғанда шалдығады.бұл өте сирек кездеседі және оның «аштық жаздың ауруы» деп те атайды. Клиникалық көрінісі қанжасайтын органдардың бөлінуінен дамыған ақ қан түйіршіктерінің азаюы (алейкемия).

Эрготизм – қыстауыштан улану. Қыстауыштан бөлінген арпаны не бидайды жегенде пайда болатын науқас. Екі түрі бар: қарысулық (конвульсивтік) және өлі етенушілік (гангрендік).

Құрысулық түрінің саусақтардың түйілуі мен жансыздануынан басталып, ұйқышылдық, дененің қарысуы, кейде асқазанмен ішектік бүлінуі мен құсу сияқты клиникалық көріністері болады.

Гангрендік түрі қолмен аяқты трофикалық бұзылуынан еттерінің құрғақ өлуі (сухая гангрена).

Профилактикасы: азықты құрғақ және таза сақтау, оның көгеруіне жол бермеу. әрбір күдіктенген астық бақылау талдауынан өтуге тиісті. Қар астында қалып, қыстаған астықты ең алдымен зертханалық зерттеуден өткізу керек.

 

МИКРОБТЫҚ АСТАН ҰШЫНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ НҰСҚАЛАРЫ

 

Қоздырғышты қорымын айыру (изоляция)

 

Азық-түлікті жаппай тұқымдардыратын ең қауіпті қорымы малдар (ірі қара мал, қой, ешкі) мен шошқа.

Малды сояр алдындағы баптау, оның денсаулығын бақылау, бацил жұқтырушыларды емдеу сияқты алдын алу шараларын іске асыру жауапкершілігі ветеринарлы-санитарлық қызметіне жүктеледі. Малды сою, оның әртүрлі тағамдар жасау кезеңдерінің бәрі қатал дәрігерлік бақылауда болуға тиісті.

Ауру малды сою арнайы орындалады. Ауру жануарлардың етін, сүтін, жұмыртқасын және дайындауға арналған ерекше санитарлық ережелер бар.

Адамға байланысты шаралар.

Жұмысқа орналаспақшы, жұмыс істеп жүрген кәсіпорындар адамдарды міндетті түрде белгіленген уақытта профилақтикалық бақылаудан өткізуге тиісті.

Іш сүзегімен, қылаумен, жедел және созылалы дезентериямен (қанды іріңді іш өту), жұқпалы сары аурумен (гепатит) ауырғандарды не бацил жұқтырушыларды толық емделіп біткенше тамақ кәсіпорындарында жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Осы рұқсат мына науқастарға да жоқ: сифилис, гонорея, алапес, ұшық, қотыр, таз, туберкулез, ірің аурулары, т.б.

Азық-түліктерді астан ұшынудың қоздырғышымен тұқымдануын тоқтату жолдары

 

Тамақ дайындау кәсіпорындармен объектілеріне, азық-түлікті сақтауына, баптауына, тамақты дайындауына және оны пайдалануды ұйымдастыруына қатал санитарлы-гигиеналық және санитарлы эпилемиялық бақылау орындау.

 

Микроорганизмдердің дамуын және олардың токсин шығаруын болдырмау

 

Азық – түлікті дайындаудың, баптаудың, сақтаудың, тасудың санитарлық ережелерін бұлжыипай орындау, яғни тоңазытқыштарды пайдалану, т.б.

 

Эпидемиялық жағынан қауіпті деген азық-түлікті залалсыздандыру

 

Тамақты дайындағанда оны қайнатудың, пісірудің, қуырудың, бұқтырудың, дәмдеудің т.б. аспаздық тәсілдерімен басқа санитарлық ережелерді орындау, яғни микробтардың тұқымдары мен токсиндерін толық құрту.

Астан ұшынудың алдын алуда азық-түлік пен тағамдарды дайындада механизация мен автоматизацияның маңызы зор. Өйткені, бұл шара адамның азық түлік пен тағамдарға тікелей қатысты болуын азайтады.

 

МИКРОБСЫЗ АШТАН ҰШЫНУ

 

Улыф өсімдіктермен улану

 

Саңырауқұлақтармен улану. Бұл улану жеуге жарауға ұқсас саңырауқұлақты пайдаланғанда болады. Науқастанғандардың қайтыс болуы 14 пайызға дейін жетеді. Улану көбінде жазғытұрым, жаздың аяғында және күзде кездеседі.

Жазғытұра сморчки деген саңырауқұлаққа ұқсас, строчки деген саңырауқұлақты жегенде уланады. Строчкидің гельветтік улы қықшылы бар. Бұл удың қанның қызыл түйіршіктерін ерітіп жіберетін және бауырдың жұмысына әсер ететін қасиеттері бар. Улану саңырауқұлақты алдын-ала қайнатпай қуырып жегенде болады, өйткені, гельветтік қышқыл қайнатқанда саңырауқұлақтан тез айырылады және көп уақыт кептірсе бұл удың күші жойылады.

«Бледная поганкамен» улану жаздың ортасында, көбінде тамыз айында болады. Қайтыс болушылар уланғандардығ 50 пайызына жетеді. Уланудың себебі: бұл саңырауқұлақты жеуге жарайтын жас шампиньондармен шатастырып пайдаланғандықтан. Уының аттары: амонитогемолизин және аминототоксин. Уланғанда адамның ішкі органдары майдаланып өзгереді, әсіресе бауыр майдан бөлінеді.

Мухомор деген саңырауқұлақпен жас өспірімдер көп уланады, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар. Мұның улар: муксин, мускаридин және «шыбын уы» деп аталаынатын зат.

Мухомормен уланудың көріністері былай сипатталады: өте қысқа нышансыз дәуірден кейін, ағыл-тегіл терлеу, сілекей мен көздің жасының көп ағуы.

Саңырауқұлақтармен уланудың профилактикасына жататындар

1. Халық арасында, әсіресе балалар мекемелерінде, демалыс үйлерінде, санаторияларда, турбазаларда санитарлы ағарту жұмыстарын жүргізу.

2. саңырауқұлақтарды түр түрге бөліп сараптай білу.

3. Базарда және дүкендерде сатылатын аңырауқұлақтарға қатал бақылау қою.

 

Улы өсімдіктермен улану

 

Бұл уланудың себебі: құрамында алколоидтар, глюкозидтар және сапониндер бар өсімдіктерді пайдалану. Мұндай өсімдіктерді байқамай жейтін балалар болғандықтан, олардың арасында уланудан қайтыс болғандар да көп кездеседі.мендуаналар мен ит жидекпен улану, олардың құрамында атропин, скополамин, гиосциалин сияқты улы заттардың болуы. Нышансыз дәуірі 1 сағаттан аспайды. Клиникалық көріністері жүйкемен психиканың әрекеттерінің бұзылуы, қозу, елестілік (галюцинация, есінен айрылу сияқты нышандармен сипатталады).

Петрушка мен сельдерейге ұқсас тамыры бар қарақшы жидегімен улану оларды бір-бірімен шатастырып пайдаланғаннан болады. Оның уы- цикутотоксин. Бұл у адамның денесін құрыстырып, дірілдетіп, жүрек пен демнің жұмысын бұзады, қанның қысымын жоғарылатады.

 

Дәнді дақылдардың арам шөптерінің тұқымымен улану

 

Қара бидай (куколь) барлық дақылдардың арасында өседі. Екі түрлі уы бар: сапонин және аргостема-сапотоксин. Бұл екі уда қанның екі қызыл түйіршіктерін ерітеді (гемолиз) және кілегей қабықшаны ісіндіріп қызартады. Айта кету керек бұл улану кездейсоқ жағдайда, яғни дақыл тағамдарын дұрыс пісірмегенде болады. Өйткені, сапониндер ыстықтан бүлінеді.

Майкене немесе үлпілмәлік – мұның тұқымы майсанатмайын (касторовое масло) алуға қолданылады. Құрамында рицин деген улы заты бар. Майға рицин шықпай күнжарасында қалып қояды. Күнжараны жеген мал уланады.

Жемістердің (шие, өрік, шабдалы, бадам, т.б.) ащы дәнінде амигдалин деген улы глюкозид бар. Амигдалиннің өзі улы емес, бірақ асқазан мен ішекте эмульсин ферменті арқылы бөлшектеніп, көрсеткіш қышқылын шығарады. Бұл умен шарап жасағанда болады. Жемістерден қайнатпа, компот жасағанда бұл у күшін жояды.

Соланин картофельдердің көгеріп өскен сүйектерінде болады. Бұл у сапонин сияқты гликоалкалоид. Бұл у картофельді қабығымен пісіргенде сақталып, оны жегендерді уландырады. Сондықтан, жазғытұрым мезгілде картофельді қабығын аршып пісіріп, не қуырып пайдаланған жөн.

 

Жануарлардың алынған азық-түліктермен белгілі жағдайларда улану

 

Кейбір балықтарда уылдырық шашатын езгілінде улы заттар пайда болады. Бұл балықтарға лақа, шортан, қара балық, қаяз, скумбрия, севан кромулясы, шабақ т.б. жатады. Осы балықтардың уылдырығын, бауырын жесе уланады. Кейбір балықтардың басы (треска, кромуля, маринка), іші, уылдырығы жаратылысынан улы болады.

«Мас бал» өзінің дәмдік қасиеттері әдеттегі балдан айырмашылығы жоқ, бірақ онымен ұшыну араның улы өсімдіктерінің гүлінен (мендуана, азалия т.б.) бал жинағандықтан болады. «Мас бал» қар кеш кетіп, жазғытурының жылуы болмаған жылдары болады.

 

Химиялық қоспа заттармен улану

 

Химиялық қосындылардың ішінде аспен араласатын, күшті әсер ететін және денсаулыққа өте қауіптісі өте көп. Кейінгі кезде ауыл шаруашылығы үшін химиялық заттарды көп өолданылғандықтан, бұлармен улану да көбейді. Халық шаруашылығы үшін қолданылатын химиялық амалдың пайдасымен қоса, залалдары да көп. әсіресе, химиялық қосындыларды дұрыс тасып, сақтап және қолданбаса, олармен улану жиілей түседі.

Ауыр металдардың тұздарымен (мыс, мырыш, қорғасын) улану, осы заттардан жасалған ыдыстарды дұрыс пайдалана білмегендіктен болады.

Қалайланған, мырыштанған ыдыстардың ішіне органикалық қышқылдары көп азық түлікті (көкөніс, квас, т.б.) сақатса, металлдар еріп, тамақпен араласады.

Қорғасын тұздары, барлық металдармен уланудан ауыр, өйткені, өте аз өлшемде организмге түсіп, оның ішінде жинала береді. Кейін созылмалы астан ұшынудың науқасына айналады.

Арнайы нышандары: қызыл иектің қорғасын қимасы (свинцовая кайма), терінің кіршік ақ түске боялуы, эритроциттің азаюы (эритропения), шала сему (парезі), қорғасындай шаншу т.б.

Тұрмыста мұндай улану қыш құмыраға асты сақатағанда юолады. Өйткені мұндай құмыраны қорғасын аралас затпен жылтыратады (глазурь). Сондықтан құмыра санитарлы тексерістің бақылауында болуға тиісті.

 

НИТРИТТЕР МЕН НИТРАТТАР

 

Көкөністің азоты көп тыңайтқыштармен өңдеген жерде әсіресе, нитриттер мен нитраттар пайда болады. Бұл улармен көбінде жасөспірімдер мен балалар уланады. Себебі, нитриттер ішектің ішінде нитраттарға айналып, қанмен араласып, метгемоглобинемияны тудырады. Бұл уланудың негізгі нышандары кілегей қабықшаның, терінің өзгеруі, оттегінің жетіспеуі. Профилактикасы көкөністердегі нитриттер мен нитраттардың шамасын өте сезгіш (индикатор) қағаздармен анықтап отыру. Балаларды экологиялық таза көкөністермен қамтамассыз ету.

 

ПЕСТИЦИДЫ (ауыл шаруашылығының улы химикаттары)

 

Ең қауіптісі дәріленген тұқымды қателесіп, азық-түлік орнына пайдалану. Өйткені тұқымды дәрілегенде сынапты органикалық меркуран және граназан сияқты құрамында этилмеркулхлорид (2процент) бар дәрілер қолданылады. Этилмеркулхлоридтің камулятивтік (жиналу) қасиеті бар және улық әсері өте басым. Ең көріністі нышандары: жалпы әлсіздік, қимылсыздық (адинамия), жүдеу, бастың ауыруы, ұйқы бұзылуы, бүйрек пен бауыр қызметтерінің әлсіреуі т.б. улану үшін бірнеше тәулік бойы үзбей дәріленген астықтан жасалынған нанды (0,5) жесе болды.

Профилактикасы – дәріленген астықты бөлек сақтау, оның кездейсоқ астық дақылдармен араласпауын бақылау. Дәріленген астықты толық және қатаң есепке алу. Оны егу үшін тез қолдану.

ТАМАҚТЫҚ ҚОСЫМШАЛАР, азық-түлікті консервілеуге, иісін және дәсін жақсартуға қолданылады. Тамқатық қосымшалардың денсаулыққа залалы болуы мүмкін, сондықтан оларды қолдану, дайындай және пайдалану санэпидстанцияның қатаң бақылауында болуға тиісті.

БЕЛГІСІЗ СЕБЕПТЕРМЕН АСТАН ҰШЫНУ – азық-түлікке байланысты ет пен қанның қызыл түйіршіктерінің уыздарының зәрмен шығатын ұстамалы ауруы (алиментарная параксизмальная миоглобинурия – гафская, юковская, сортланская болезнь) кейбір көлдердің балықтарын (алабұға, таутан) ас үшін пайдаланғанда болады.

Мұндай аурулар алғаш рет 1924 ж Германияда Фритгаф көлінің жағалауындағы балықшылар арасында байқалған. Сондықтан бұл ауруды Гафф ауруы деп атайды. Науқастық,, кенеттен бұлшық еттердің қатты түйіліп ауыруынан басталады, кейде асқазан мен ішектің қабынуына ұқсайды, дененің қарысуы да мүмкін, бүйректе бүлінеді. Бірақ, осы күнге дейін, кейбір балықтардың қай жылдары улы болатыны белгісіз.

Сонымен астан ұшынудың әр түрлі себептері (этиологиясы) болғанмен, олар кенеттен пайда болуымен және ауыр зардаптарымен сипатталады. Осы науқастанудың себептерін организмге қатерлі микроорганизмдердің, олардың токсиндерінің және улы заттардың тамаққа түсу жағдайларын білу, қатал санитарлы-эпидемиялық бақылау, халықтың жоғарғы дәрежелі мәдениеттілігі көп жағдайда астан ұшынудың алдын алуға пайдасын тигізеді.

Микробсыз астан ұшынудың негізгі профилактикасының қағидалары мыналар:

1. әр түрлі залады қоспаларды аспен араластыруды болдырмау

2. белгілі бір жағдайда улы болатын азық-түлікті ас үшін пайдаланбау

3. саңырақұлақтармен және улы өсімдіктермен уланбас үшін, халық арасында олардың түрлерін, улану себептерін айқындап, үгіт жүргізу. Базарда сатылатын аңырауқұлақтар мен өсімдіктерге азық-түлікті бақылау станциясы қатал тексеру жүргізуге тиісті.

Арамшөптермен уланудың (токсикоз) профилактикасы мынада:

1. арамшөптерді құртуға арналған барлық агротехникалық шараларды қолдану, егін-жайдың тазалығын сақтау

2. егінді уақытында жинап алу

a. азықтық астықты арамшөптердің тұқымынан толық тазалау

b. халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу т.б.

уылдырық шашатын балықтарды, көгерген және сүйектері өскен фартофельдерді, қыста қардың астында қалған астықты азық-түлік ретінде пайдаланбау.

7. Сабақтың мазмұны:

1. Негізгі білім деңгейін бағалау (Қосымша 1).

  1. Студенттердің өздік жұмысы:

- Тамақтан уланған науқасты зерттеу әдістемесі (Қосымша 2).

  1. Оқытушымен жұмыс.

- жүргізілген әдістер бойынша мәліметтерді талдау

- тақырып бойынша қорытынды жасау

  1. Қорытынды білім деңгейін бағалау (Қосымша 3).

 

8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі:1. Г.И.Румянцев «Общая гигиена» - М.:Медицина, 1990.

  1. Г.И.Румянцев Руководство к лабораторным занятиям по общей гигиене.- М.:Медицина, 1980.
  2. Дәріс материалдар.

Қосымша:1. К.А. Буштуева. Коммунальная гигиена. – М.:Медицина, 1986.

6. Е.И. Гончарук. Изучения влияния факторов окружающей среды на состояние здоровья населения. – М.:Медицина,1989.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1346. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.018 сек.) русская версия | украинская версия