Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Науқастарды тасымалдау түрлері және әдістері




Науқастарды тасымалдау үшін арнайы құралдар қолданылады: каталкалар, орындық-каталкалар, зеңбілдер. Құралдарды қолданар алдында құрылымымен мұқият танысып, барлық бөліктерінің дұрыстығын тексеру қажет.

Жедел жәрдем автокөліктерінде науқасты зеңбілде (диагнозына сәйкес) бас жағын немесе аяқ жағын көтеріп жатқызып немесе отырғызып тасымалдайды. Балаларды қолда ұстап тасымалдайды. Фельдшер көліктің салонында науқаспен бірге болып, оның жағдайын бақылап, қажет жағдайда көмек көрсету керек. Науқас туыстарының немесе таныстарының науқаспен бірге еріп баруын шешу фельдшердің құзырында. Балаларды ата-анасының қатысуымен тасымалдайды. Жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды тасымалдаудан кейін жедел жәрдем автокөлігінде дезинфекция жүргізеді. Персонал халатын ауыстыруы қажет. Біреуден артық жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды бірге тасымалдау мына жағдайда, егер бір жұқпалы аурумен ауырса және жұқпалы кезеңінің дәрежесін есепке алған жағдайда жүргізіледі. Өте ауыр жағдайдағы науқастардың тасымалдануын тек реанимация бригадалары жүзеге асырады. Тасымалдау алдында жағдайын тұрақтандыру мақсатында емдік іс-шаралардың кешенін жүргізеді.

Жағдайы ауыр науқастарды алыс жолға тасымалдау кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:

• Науқас қызығушылықтарын қадағалау Жағдайы ауыр науқастарды тасымалдау кейбір қауіптермен байланысты, егер тасымалдау мақсаты (арнайы клиникада ем алу) науқасқа клиникадан алатын емнен пайда әкелсе науқас үшін тәуекелге баруға болады.

• Науқас жағдайын минимальді тұрақтандыру Науқастың өмірге қажетті жүйелерінің (тыныс алу, жүрек-қантамыр) тұрақты жағдайда болуымен байланысты жағдайы. Егер науқаста шоктық жағдай болса, басында гемотома болған жағдайда хирургиялық емге дейін және жедел инфаркт жағдайында, құрсақ қуысында қандай да бір патологияны хирургиялық емге дейін науқасты алыс жолға тасымалдауға кеңес берілмейді.

•Реанимобильдің қажет құралдармен жабдықталуы

Автомобиль реанимациялық палата ретінде құралдармен жабдықталуы қажет. Науқасқа барынша ыңғайлы және жайлы жағдай жасалуы керек. Ұзақ жол науқастың кушеткада ұзақ жатуына әкеледі, сондықтан кушеткада қосымша селкілді азайтатын тетік. Селкілдеуді және шайқалуды азайту мақсатында науқастың басын арнайы ұстағышпен бекітеді

Жедел жәрдемнің турбирленген реанимобильдің техникалық комплектациясы жылдамдықты жоғарлатқанда және бұлтарысты жолда вибрацияны және шайқалысты шақырмайды. Реанимобилде қажетті құралдың барлығы болады: өкпенің жасанды вентиляция құралы, науқас мониторы, дефибриллятор, өкпе мен тыныс алуды қамтамасыз ететін оттегінің қоры, дәрілік заттардың жиынтығы, дәрілік заттарды мөлшермен беретін, және тамшылатып енгізетін құралдар, ертінділер, сонымен қатар мұздатқыштармен, термоконтейнерлермен жабдықталған.

Реанимациялық топ құрамында науқас жағдайын үздіксіз бақылайтын дәрігер-реаниматолог және анестезист – мейірбике болады. Қажет жағдайда науқастың сырқытына байланысты арнайы маман дәрігер болады. Егер науқаста инсульт болса, невролог немесе нейрохирург маманы қосымша еріп жүреді. Көптеген жарақаты бар науқастардың қасында – травматолог немесе ортопед маманы, науқаста хирургиялық патология анықталса (дренажбен, операциядан кейінгі кезеңде) – дәрігер-хирург және т.б. болады. Ұзақ жолға науқасты тасымалдағанда көліктің жүргізушісін ауыстыратын қосымша жүргізуші қажет. Науқасты тасымалдауға қатысатын адамдар саны 5-ден кем болмауы керек.

Реанимобильмен тасымалдаудың арақашықтығы 600 км аспауы талап етіледі. Егер басқада тасымалдау әдістері мүмкін болмаса (авиатасымалдау, теміржол транспорты), науқастың сырқатының факторларына және тұрғылықты жеріне байланысты арақашықтығы 600 км асатын тасымалдау жөнінде шешім қабылданады.

Стационарда бөлімге (емдік, реанимациялық) науқасты жеткізу үшін, науқастың жағдайына және сырқат түріне байланысты тасымалдау түрін дәрігер шешеді. Үш әдісі бар — медицина қызметкерінің шығарып салуымен науқас өзі еркімен жүріп бара алады, отырған қалпында орындық-арбамен, жатқан қалпында—каталкамен тасымалдануы қажет. Өз бетінше жүре алатын науқастар қабылдау бөілімінен палатаға кіші медициналық қызметкер (кіші мейірбике, санитар) көмегімен келеді, өз бетінше қозғала алмайтын науқастарды бөлімге зеңбіл немесе орындық-арбамен тасымалдайды. Тасымалдаушы құрал (каталка, зеңбіл) арнайы клеенкамен қапталған матрацпен және таза жаймамен жабдықталады, басына арнайы жастық беріледі (клеенкалы қаппен, сыртынан маталы тыспен тысталған). АІИ алдын алу мақсатында жайманы әрбір науқастан кейін ауыстырып отырамыз және қолданылған жайманы арнайы қапқа саламыз, матрац пен жастықты екі рет дезинфицирлейтін ертіндіге малынған шүберекпен өңдейміз.

Зеңбілмен тасымалдау

Зеңбілмен тасымалдауда зақымдалу аз кездеседі. Стандартты санитарлы зеңбіл 2 бөренеден, серіппелі құлыптан және аяқшалардан 2 болат кернегіштен, ауыспалы брезентті матадан және қайыстан тұрады. Зеңбілдің ұзындығы 2,1-2,2 м, ені 55-60 см, салмағы 9,5-10 кг. Қазіргі уақытта жеңілденген зеңбілдер түрі жасалған салмағы 7,5 кг. Зеңбілді келесі әдіспен жазады: екі тасымалдаушы қайысты тартып, ұстағыштан керіп тізесімен тіреп кернегіш шертпек шыққанша зеңбілді ашады да түзулеп жазады. Әрбір тасымалдаушы кернегіш құлыптарының дұрыс жабылғандығын тексереді: тасымалдаушылар бір сәтте құлыпты ашып, кернегішті өздеріне қарай тартып зеңбілді ашады, аяқтарын үсіне қаратып аударады.

Зеңбілге мүмкіндігінше төсемше немесе мықты жапқыш салған жөн, тек жапқыштың бір шеті (ұзындығына) зеңбілдің үстін жауып, ал келесі шеті қасында тұруы қажет. Науқасты зеңбілге жатқызғаннан кейін келесі жарты жапқышпен жабамыз. Науқасты зеңбілден түсірген кезде жапқыш шеттерінен ұстап түсіруге ыңғайлы. Жылдың суық мезгілінде науқасқа бас киім кигізіп, аяқтарын жылы жабу керек. Шок жағдайындағы науқасты қосымша жылытуды ұмытпаған жөн.

Зеңбілде ессіз жатқан, шок жағдайындағы, басми қанайналымы бұзылған, жедел миокард инфарктісімен науқастарды, сонымен қатар жүктілік асқыныстары бар жүкті әйелдерді (эклампсия, түсік қаупі бар болған сәтте және т..б.), сан сүйегінің жарақаты кезінде (сынықтар, кең көлемді жарақаттар), құрсақ қуысының ауыр хирургиялық немесе гинекологиялық аурулармен, бас-ми жарақаттарымен, омыртқа жарақат зақымдалуларымен тасымалдайды

 

 


 

 

Науқастарды зеңбілмен тасымалдау:

Егер тасымалдау кезінде біреуі шаршағанды сезсе, тез арада келесі тасымалдаушыға хабарлауы керек, себебі шаршаған саусақтар кенеттен жазылып кетуі мүмкін. Тасымалдау уақытында артында келе жатқан тасымалдаушы науқастың жағдайын үнемі бақылап, халін сұрап отыруы керек.

Науқасты зеңбілге жатқызу үшін екі тасымалдаушы науқастың астына қолдарын қояды: біреуі басына және арқасына, келесісі – жамбас және тізе астына; бір сәтте көтеріп зеңбілге жатқызады. Баспалдақпен көтеріп және түсіргенде зеңбілдің бас және аяқ жағын көтеру арқылы горизонтальді деңгейін ұстап тұруы керек. Науқас қолдары тұлға бойымен орналасады. Баспалдақпен төмен түсіргенде науқас аяғымен бағытталып тасымалданады. Артқы тасымалдаушының қолы жазылған шынтақпен, ал алдыңғы тасымалдаушы иығына салып тасымалдайды.

Баспалдақпен жоғары көтергенденауқастыбас жағымен бағытталған күйінде горизонтальді қалыпта тасымалдаймыз. Алдыңғы келе жатқан тасымалдаушының қолы шынтықта жазылған, ал артқы тасымалдаушы иығында орналасқан. Жедел қан жорғалтқанда немесе АҚҚ өте төмен жағдайда керсінше тасымалдайды.

Әртүрлі жарақаттар науқасты тасымалдауда қажетті қалыпты талап етеді, себебі жарақаттану әсерін азайту мақсатында (кесте 5).

Кесте 5.

Жарақатына байланысты зардап шегушінің тасымалдау кезіндегі оптимальді қалпы

Жарақат түрлері Науқас қалпы
Ессіз жағдайда Тұрақты қырымен жатқан қалып (басын артқа)
Бастың алдыңғы бетінің және беттің жарақаттары Арқасына жатқан қалып (басын артқа)
Омыртқаның зақымдалуы Арқасына жатқан қалыпында (қатты төсеніште)
Жамбас сүйектерінің сынығы Арқасына жатқан қалыпында (тізе және жамбас-сан буындарында аяқтарын бүккен қалпында)
Аяқтарының сынығы Арқасына жатқан қалыпында
Құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаты және ішкі қан кетулер Арқасына жатқан қалыпында (тізе буыны жартылай бүгілген)
Бас сүйегінің қарақұс аймағының жарақаты Ішімен жатқан қалыпында
Арқаның, бөксенің және аяқтың сыртқы бетінің жарақаты Ішімен жатқан қалыпында
Бас сүйегінің бет бөлігінің жарақаты Отырған қалпында
Кеуде қуысының жарақаты Жартылай отырған қалпында
Қабырғалар сынығы Отырған немесе жартылай отырған қалпында
Қолдардың жарақатында Отырған қалпында
Соққылар, тырналулар және кесілген жаралар Отырған қалпында

 

Көптеген аймақтарда науқастарды тасымалдау үшін құралдармен жабдықтаудың стандартты хаттамасы бар, мұндай әдіспен қолдану науқастарды тасымалдауды ұйымдастыруды және көрсететін көмекті жақсартады.

Ессіз жатқан науқастарды құсық массасымен аспирациясының және тілінің артқа түсіп кетуінің алдын алу үшін тұрақты қырымен жатқан қалыпында тасымалдайды. Басын артқа шалқайтамыз. Науқасты оң жақ қырына жатқызған дұрыс, бұл жағдайда қанайналым және тыныс алу бұзылысы аз айқындалады (тек егер оның кеуде қуысының оң жағы зақымдалуы болмаса!) (сурет 13).

 
 
tlttimes.ru


Сурет 13.

Тұрақты қырымен жатқан қалып

Омыртқалары зақымдалған науқастарды қатты төсеніште горизонталді арқасына жатқан қалыпында тасымалдау қажет, егер қатты төсеніш болмаса – қарапайым жартылай жұмсақ зеңбілде ішімен жатқан қалпында. Омыртқаның мойын бөлігінің зақымдалуында — арқасында жатқан қалпында, иммобилизациядан кейін басын артқа шалқайтамыз. Омыртқалары зақымдалған науқастарды қырымен жатқызуға тыйым салынады!

Қабырғалар сынығымен науқастарды отырған немесе жартылай отырған қалпында тасымалдайды (жалпы жағдайына байланысты). Экссудативті плевритті, пневмоторакспен және кеуде қуысының енген жарақаттары кезінде науқастарды жартылай отырған қалпында немесе зеңбілдің бас жағын көтеріңкі қалыппен тасымалдайды.

Құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаты және ішкі қан кетулер кезінде – науқасты арқасына жатқызып, құрсақ прессін босату мақсатында тізе астына бүктелген көрпені қояды. Жамбас сүйектерінің сынығы кезінде науқастарды тізе және жамбас-сан буындарында аяқтарын бүгіп арқасында жатқан қалпында тасымалдаймыз; сан сүйектері екі жаққа ашылған; тізе астына жұмыр жастық қою міндетті. Аяқтарының сынығы кезінде – таңғыш қалаққа зақымдалған аяғының астына жастық немесе көрпе саламыз. Егер қан кеткен жағдай болса – аяқтарының қалпын жоғарлатамыз.

Қарақұс аймағында жарақат, сынық немесе басқада зақымдалу болса маақта-дәкелік айналым қоямыз. Бас сүйектерінің сынығы кезінде зеңбілдің бас жағын төмендетіп, жастықсыз арқасымен жатқан қалпында тасымалдаймыз. Бас жағына көрпеден, киімнен немесе ауамен үрілген жұмыр жастық саламыз. Бас сүйегінің бет сүйектерінің жарақаттарында және мұрыннан, ауыз қуысынан қан кетулер болса науқасты отырған қалпында тасымалдаймыз. Жақ сүйектері зақымдалса ішімен жатқызып, маңдайының және кеудесінің астына жұмыр жастық саламыз (киімнен немесе қолда бар заттан).

Күйік жарақатты науқастарды сау жағына жатқызып көрпемен, ал күйген жағына зарарсызданған жаймамен мұқият жабамыз. Өкпе ісінуі, бронх және жүрек демікпесі ұстамасы кезінде науқастарды горизонталді қалыпта жатқызуға тыйым салынады, тасымалдау отырған қалпында, ал балаларды вертикалді қалыпта қолымызға ұстап тасымалдаймыз.

Арнайы зеңбіл болмаса қолда бар затпен дайындауымыз қажет (сырық, қада, тақтай, пальто, көрпе, қап және т.б.). Жасалған зеңбілдер мықты болып науқас салмағын көтеруі қажет (сурет 14).

 

 
 
medarticle.moslek.ru

 


Сурет 14.

Медициналық (а) және қолдан жасалған зеңбілдер (б, в).

Қатты қолдан жасалған зеңбілдермен тасымалдағанда науқас астына жұмсақ зат салу қажет (киім, шөп және т.б.). Тасымалдайтын бауды 2—3 қайыстан, брезент кескіндерінен, жаймадан, орамалдан, жуан жіптен және т.б. заттардан жасауға болады (сурет 35).

Пәтерде, сатымен зеңбіл арқылы науқасты тасымалдау мүмкін болмаса, оны жұмсақ көрпеге салып тасымалдаймыз. Зеңбілді подъезд алдына қойып, науқасты қолмен көтеріп, лифтіде — орындыққа отырғызу арқылы тасымалдаймыз.

Аурухана ішілік тасымалдауға каталка қолданамыз – бұл дөңгелектері бар зеңбіл (сурет 36).

 
 
www.dealmed.ru


Сурет 15.

Науқасты тасымалдайтын каталка (зеңбіл)

Каталкада тасымалдау – ыңғайлы және аяу әдісі болып табылады. Науқасты каталкаға ыңғайлы қалыппен орналастырып, науқас қолдарын тасымалдау кезінде ығысып кетпеуі үшін кеудесіне немесе ішіне қойып тасымалдайды. Каталкадағы науқас қалпы дене бұлшықеттерінің толық босаңсуына әкеледі, науқастың күш жұмасауын талап етпейді. Артқы тасымалдаушы науқас жағдайын үздіксіз бақылауына алады.

Науқасты зеңбілден (каталкадан) төсекке ауыстыру

Науқасты зеңбілден (каталкадан) төсекке ауыстыру кезінде зеңбілді дұрыс қою қажет. Науқасты ауыстырушылар қысқа жолды таңдауы қажет. Бұл жағдайда палата көлемі және кереует қасындағы бос жер есепке алынады.

Ауыстыру кезінде ең бастысы – науқасты құлатып алмау, сондықтан физикалық күшті әйел адамдар немесе мүмкіндік болса ер адамдардың болғаны дұрыс. Осыған байланысты медициналық қызметкерлердің ауырлықты көтергенде дұрыс дене биомеханикасының шарттарын қолдануы қажет.

Жағдайы ауыр науқастарды ауыстыру әдістері:

· параллельді әдіс – кереуетке параллельді, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына 2-3 метр аралықта орналастыру

· бұрыш асты әдісі: зеңбілдің аяқ жағын кереуеттің бас жағына перпендикулярлы қояды немесе керсінше, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына перпендикулярлы қояды

· реттік әдіс: зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына қою (сурет 16).

 

 
 
m-sestra.ru


Сурет 16

Науқасты ауыстыру кезінде зеңбілдің және кереуеттің орналасуы

а – кереуеттің бас жағына перпендикулярлы зеңбілдің аяқ жағын қою; б – кереуетке параллельді, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына қою;

в - кереуеттің аяқ жағына перпендикулярлы зеңбілдің бас жағын қою.

 

Ауырлықты көтерер алдында табандарды бір-бірінен 30 см қашықтықта орналастырып және бір табанды аздап алдыға қою қажет. Мұндай қалып жақсы тірек береді, тепе-теңдікті дұрыс ұстап құлаудан сақтайды. Адамды немесе затты көтерер алдында, науқастың орналасуы алдыға еңкеймеуді талап етпейтініне көз жеткізу керек. Науқасты көтергенде өз денесіне жақын қысып ұстап, дененің жоғарғы бөлігінің вертикальді қалпын сақтай отырып, тек аяғын тізе буынында бүгу керек. Науқасты оқыс қимылсыз баяу көтеру керек. Бұрылу үшін алдымен науқасты көтеріп, содан кейін табанға тіреліп денені бүкпей баяу бұрыламыз.

Науқасты зеңбілден (каталкадан) кереуетке ауыстыру реттілігі:

1. Зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына перпендикулярлы қою. Егер палата көлемі кішірек болса зеңбілді кереуетке параллельді қоямыз.

2. Медициналық қызметкер каталка мен кереует арасында науқасқа бетін қаратып тұрады (параллельді әдісте).

3. Науқас астына қолды қою: бір санитар қолдарын бас жағына және науқастың жауырын астына салады, екіншісі – жамбас астына және санның жоғарғы жағына қойып, үшіншісі – сан ортасына және сирақ астына қолды қойып көтереді. Егер тасымалдауды екі санитар жүргізсе, біреуі науқастың қолдарын мойын және жауырын астына, ал екіншісі бел және тізе астына қойып көтереді (сурет 17).

       
   
www.medvyvod.ru
 
www.medvyvod.ru
 

а б

Сурет 17.

а – үш тасымалдаушының науқасты зеңбілден кереуетке ауыстыруы,

б – екі тасымалдаушының науқасты зеңбілден кереуетке ауыстыруы.

 

4. Бір сәтте келісілген қозғалыспен науқасты көтеру және онымен бірге 90 ° (егер зеңбіл параллельді орналасса - 180°-қа) кереуетке бұрылу және науқасты жатқызу.

5. Зеңбілді кереуетке тығыз орналастырып және оны кереует деңгейімен ұстап, екеулеп (үшеулеп) науқасты зеңбіл жиегіне жаймамен тартып, содан кейін жоғары көтеріп төсегіне ауыстыру.

Медициналық қызметкер күнделікті жұмысында науқасты ауыстыру кезінде жиі қолданатын әдісі, бұл науқасты каталкадан кереуетке бұрышпен ауыстыру. Кереуетке тығыз қойылған зеңбілден науқасты ауыстыру нақты күшті талап етеді және көбіне қолдана беруге рұқсат етілмейді (сурет 18).

 
 


Сурет 18.

Науқасты каталкадан кереуетке бұрышпен ауыстыру

6.6 Орындық - арбамен тасымалдау

Кейбір жағдайда науқасты бөлімге орындық-арбамен тасымалдау пайдалы. Науқасты бұл әдіспен тасымалдау – жайлы және ыңғайлы. Көбіне арнайы орындық-арбамен әлсіреген науқастарды, егде және қария жастағы науқастарды тасымалдайды. Мысалы, науқасты жатқан қалпында тасымалдау және өз бетінше жүру қарсы көрсеткіш болып табылса тасымалдауды орындық-арбамен жүзеге асырады (бронх демікпесі, өкпе ісінуі) (сурет 19).

 
 


Сурет 19.

Науқастарды тасымалдауға арналған орындық-арба

Қауіпсіздік мақсатында орындық-арбаның дұрыстығын тексеріп, науқасқа орындық-арбаға отырудың тәсілін түсіндіру керек.

Орындық-арбаға науқасты отырғызу реттілігі

Кереуетте науқасты отыруына көмектесу қажет. Науқастың халатын, шәркейін дайындап, киінуіне көмектесу.

· Орындық-арбаны науқастың физикалық күшінің көптеу жағына кереуетке аздаған бұрышпен қойяды. Орындық-арбаның шынтақ таянышын және аяқ тіреуішін алып тастап, тежеуіштерді бекіту керек.

· Науқас тасымалдауға дайын болғанда, оның бөксесі кереует жиегіне таянуы керек, себебі ауыстырғанды тепе-теңдікті сақтау мақсатында. Науқас аяқтары еденде тұрып, өкшелері қозғалыс жағына қарай бағытталуы керек. Бұл отыруға ыңғайланған науқас денесін бұрған кезде аяқтарының шатаспауына әкеледі.

· Медқызметкер орындықтан алыс тұрған аяғын науқас тізелері арасына, ал екіншісін қозғалыс бағыты бойынша қояды. Құрсақ және бөксе бұлшықеттерін күштеп, тізелерін бүгіп, арқаны тік ұстауы керек.

· Науқасқа жақын тұру қажет. Науқасты "3" реттік саны айтылғанда тұруы керектігін ескертеміз. Әрбір реттік санда науқас алдыға немесе артқа шайқалып тұруға серпін алады, "3" реттік саны айтылғанда тасымалдаушы науқасты өзіне қысып және арқасын тік ұстап науқасты көтеруі керек.

· Әрі қарай медқызметкер науқас денесімен бірге бұрылып, науқас санының артқы беткейі орындық жиегін сезінгенше ұстайды.

· Абайлап науқасты орындыққа отырғызады. Бұл үшін тізелерді бүгіп, арқаны тік ұстау керек. Науқас орындыққа отырған соң шынтақ таянышын және аяқ тіреуішін орнына қойып, науқас аяқтарын аяқ тіреуішке орналастырады.

· Тасымалдауды жүзеге асырамыз.

· Егер науқас қозғала алмаса, ауыстыруға екі немесе одан көп адам қатысады (сурет 20).

 
 


Сурет 20.

Науқасты кереуеттен орындық-арбаға отырғызу

6.7 Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері

Медициналық мекемелерде науқасты тасымалдауды жеңілдету үшін бірнеше тәсілдерді қолдануға болады: балдақтар, ит арба, таяқ және қолдаушы белдемелер.

Ит арба қозғалыс координациясын жақсартады, тепе-теңдікті сақтайды және аяқтарына жүктемені азайтады. Ит арбаның адымдаушы және адымдаушысыз моделдері бар. Адымдаушысыз модель - қатты конструкция болып келеді, бір бүтін әсер етеді. Адымдаушы моделдер түтікті, яғни ит арбаның оң жағымен сол жағын бекітеді, шарнирлері бар, ол арқылы науқас алдыға қарай қозғалғанда сүйенеді.

Ит арбаның биіктігі науқас бойымен түзетіледі. Науқас қолдары, ит арбаның ұстағышында жатады, шынтақ 20 дан 30°- қа дейін бүгіледі. Науқастар тұрақты, жақсы таңдалған аяқ киім киюі керек. Барлық ит арбалар сатымен көтеріліп немесе түскенде қауіпсіз емес. Сонымен қатар, ол абажадай және қолайсыз, есіктерге сыймай тіреліп қалуы мүмкін (сурет 21).

       
 
vitaly.in.ua
   
lit.convdocs.org
 


а б

Сурет 21.

Ит арба көмегімен қозғалу

а – дөңгелейтін, б – қозғайтын

Қозғалыстағы әлсіреген немесе координациясы бұзылған науқастарды құлап қалудан сақтау үшін сенімді бекіту мақсатында көмекші жалпақ мықты белдемені қолдана алады, ол науқасқа киім сыртынан киіледі және құлыппен бекітіледі (сурет 22).

Науқас қозғалғанда бір қолымен көмекшінің мойынынан ұстайды, ал көмекші науқасты бір немесе екі қолымен белдемеден ұстайды. Мұндай белдеме көмекшіге науқасты қозғалтқанда аз күш жұмсауға және дұрыс бақылауды жүзеге асырауға әсер етеді.

Науқастарды тасымалдайтын заттар болмаса, басқа да әдістерді қоладнуға болады. Науқасты тасымалдайтын әдіс жарақат сипатына және ауырлығына, зардап шегушінің салмағына, көмек көрсетуші адамдардың санына және олардың физикалық қабілеттіліктеріне, қолда бар заттардың барлығына сәйкес болады. Маман емес адамдардың зардап шегушілерді тасымалдауы, тек дәрігерлер мен құтқарушылардың келген уақытына дейін науқасқа төніп тұрған қауіпті алдын алу кезінде қолданылады.

 

 

 

 

       
   
www.pomocedlaseniora.pl
 
sklep.poradnia.pl
 

 


Сурет 22.

Қолдаушы белдемелер

Алыс қашықтыққа науқастарды тасымалдауы иықбауқолдану арқылы жеңілдетіледі, бұл қол басына жүктемені азайтады.

Науқасты иықбау көмегімен тасымалдау

Бір тасымалдаушы иықбау арқылы науқасты тасымалдай алады, иықбау сегіздік немесе соңымен қосылады. Тасымалдаушы иықбауды өз бойымен өлшеп, науқас аяғына кигізеді де оны сау бүйіріне жатқызады, науқасқа арқасымен тығыз қысып ұстайды да иықбауды өзіне кигізеді, иықбау кеуде қуысына айқасып келуі керек. Осыдан кейін төрт аяқтап тұрып, бірінші бір тізесін содан кейін бар бойына баяу көтеріледі. Науқас тасымалдаушының иығынан ұстайды. Доға болып бүктелген иықбауды өз бойына шақтау қажет. Иықбауды екі қолының бас бармағына іліп алып, шынтақ буынын тік бұрышпен бүгеміз (сурет 23).

 
 
dic.academic.ru


Сурет 23.

Иықбау көмегімен науқасты тасымалдау:

а — иықбауды дайындау; б — иықбауды кию; в — иықбаудың және алдыңғы тасымалдаушының қолының қалпы; г — иықбаудың және артқы тасымалдаушының қолының қалпы; д — бір тасымалдаушының тасымалдауы; е — екі тасымалдаушымен тасымалдау.

Науқас иықбауын дұрыстап, сау бүйіріне жатқызады, тасымалдаушы иықбаусоңымен қосылып, бір жақ жартысы бөксе астына, ал екінші жартысы қолтық астына беріледі — арқада; иықбаудың бос ұшы жерде жатуы қажет. Осылайша науқас бүйірлеріне тұзақ құрылып, оған тасымалдаушы өз қолдарын өткізеді де иықбауды өз иығына тартады, содан кейін науқасты арқасына салып баяу көтеріледі. Науқас тасымалдаушыға тартылған иықбауда отырады.

Екі тасымалдаушы болғанда науқасты иықбауды сегіздік ретінде қолданып тасымалдайды. Иықбауды айқастыра тағып, оның деңгейі жамбас-сан буынына сәйкес келуі керек, ал иықбау ұштары тұзақ ретінде біреуінің оң жақ, екіншінің сол жақ иығы арқылы өтуі керек. Тасымалдаушылар науқасқа артқы жағынан келіп, бір – біріне бетімен қарап бір тізелеріне отырады (біреуі оң жағына, екіншісі сол жағына), науқасты көтеріп, қосылған тізелеріне отырғызады да иықбауды науқас бөксе астына өткізіп, аяқтарына көтеріледі.

Бір тасымалдаушымен науқасты тасымалдау иықпен, қолмен немесе арқамен жүзеге асырылады. Алыс емес қашықтыққа науқасты тасымалдау үшін тасымалдаушы бір тізесіне отырып, бір қолымен науқастыңбөксе астынан, келесі қолымен жауырын астынан ұстайды; науқас тасымалдаушы мойынынан ұстап алады. Тасымалдаушытұрып, тасымалдайды. Бұл жағдайда күш қолға және кеуде қуысына түседі (сурет24 а).

 

 

 

 
 
dic.academic.ru  

 


Сурет24.

Бір тасымалдаушымен науқасты тасымалдау:

а — қолмен; б — арқада; в — иықта.

 

Алыс қашықтыққа науқасты тасымалдау арқаға салу арқылы жүргізіледі. Науқас биіктеу жерге орналасып, тасымалдаушы бір тізеге төмендеп арқасымен науқас аяқтарының арасына қарап тұрады да сандарынан ұстап көтеріледі, науқас тасымалдаушының кеудесінен ұстайды (сурет 24 б).

Ессіз жатқан науқасты қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда иыққа салу арқылы тасымалдайды (сурет 45).

Науқасты екі тасымалдаушының қолдары арқылы тасымалдауы

Тасымалдау екі әдіспен жүзеге асады:

1) Бір тасымалдаушы науқастың кеуде жағын көтеріп, білегін шынтақта бүгіп оның денесін құшақтап білектерінен «маймыл тәсілмен» ұстайды, ал екіншісі науқас аяқтарының арасына арқасымен тұрып тізе буынынан төмен көтереді. Осыдан кейін екеуі де тіктеліп науқасты тасымалдайды. Аяқ-қол сынықтарында және омыртқа зақымдалғанда бұл амалды қолданбайды (сурет 25 а).

 

 
 
dic.academic.ru  

 

 


а б в

Сурет 25







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 2926. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.029 сек.) русская версия | украинская версия