Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

М. Вебердің әлеуметтануы




Әлеуметтанудың дамуына ХIХғ. соңы мен ХХғ. басында маңызды үлес қосқан неміс ойшылы Макс Вебер(1864-1920 ж.ж.) болды. Оның дайындаған әлеуметтік таным методологиясы, түсіну тұжырымдамасы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданылып отыр. Вебердің өзі көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардың ішінде «Протестанттық этика және капитализм рухы», « Шаруашылық және қоғам», «Әлеуметтік – ғылымилық және әлеуметтік саяси танымның объективтілігі», «Түсінуші әлеуметтанудың кейбір категориялары туралы» т.б.

М.Вебер көзқарасы бойынша әлеуметтану ең алдымен адамның немесе адамдар топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс. Әлеуметтік әрекетті М.Вебер типтерге бөледі: 1) ұтымды-мақсатты әрекет. Бұл әрекет субъектінің саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылуымен сипатталады; 2) құнды-ұтымды әрекет – белгілі бір абсолюттік құндылыққа ( этикалық, эстетикалық, діни т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет; 3) аффектілі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды ; 4) дәстүрлі әрекет, бұл қалыптасқан әдет-дағдымен іске асатын әрекеттің түрі.

М.Вебердің келесі маңызды тұжырымдамасы – идеалды типтер. Ол идеалды типке теориялық конструкция түрінде көрінген дәуірдің мүддесі ретінде қарады. Идеалды типтер ретінде моральдық, саяси, діни және сол сияқты басқа да құндылықтар және олардан туындайтын адамдардың мінез-құлық және қызмет көріністері, олардың мінез-құлық ережелері мен нормалары, сонымен қатар әлеуметтік қарым – қатынас дәстүрлері болуы мүмкін.

Идеалды типтер қоғамдық күйдің бүкіл мәнін - өкімет билігінің жағдайы, тұлға аралық қарым – қатынас, жеке адам және топтық сана және т.б. сипаттайды. Осының арқасында олар өзіндік ерекше критерилерге айналады, соған сәйкес адамдардың рухани, саяси және материалдық өміріне өзгерістер енгізу қажет болады. Идеалды тип қоғамда орын алған дүниемен толық сәйкес келе бермейді, кейде өмір шындығымен қарама-қайшылыққа да түседі, сондықтан мұнда қиялдың да белгілері орын алған. Қалай дегенмен де, идеалды типтер рухани және басқа да құндылықтар жүйесінің өзара байланысын көрсетумен қатар, маңызды әлеуметтік құбылыстар ретінде байқалады. Олар қоғамдық өмірде адамдардың ойлауы мен мінез-құлқына, ұйымдасушылығына мақсаттылықты енгізуге ықпал жасайды.

М.Вебер өз еңбектерінде өкімет билігі жөніндегі көзқарасын анықтап тұжырымдады, негіздеді. Сөйтіп, ол өкімет билігін үш түрге бөледі: 1) заңды өкімет билігі; 2) дәстүрлі билік ; 3) харизматикалық билік( гр. «харіома» - құдай берген қабілет). Заңдастырылған өкімет билігі – қоғамда қалыптасып, өмірде басшылыққа алынып отырған тәртіптің заңдылығын мойындау негізінде құрылған биліктің түрі. Дәстүрлі билік – ежелгі дәстүрлер, адамдардың заңды жәйттеріне,қасиетті деген сенімдерге сүйенген, сол дәстүрлердің негізінде іске асатын билік. Харизматикалық билік – тұлғаның, көсемнің барлық адамдарда болмайтын ерекше сапаларына сенуден туындаған биліктің түрі.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 942. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.006 сек.) русская версия | украинская версия