Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Тұлға әлеметтануы




1.Тұлға қоғамдық қатынастардың субьектісі мен объектісі ретінде.

2.Тұлғаның әлеуметтенуі, мазмұны, кезеңдері.

3.Әлеуметтік бақылау.

 

Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. Тұлға-әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады.

Адамдеген-адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам.

Индивидуалдық- бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.

Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін оның идеалды типтен қандай айырмашылығы, ерекшелігі барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырады:

1. Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесін араласап, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуы;

2. Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.

Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:

1. Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары;

2. Әлеуметтік ортаны болуы қажет өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста қатынаста болуы керек. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.

Адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі моделдерді жасауға ықпал етті. Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Осындай қызметтердің маңызды, мәнді жақтары «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус» ұғымдарын тудырады. Әлеуметтік рөл қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқаларымен қарым-қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері. Әлеуметтік рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты рөлін айтуға болады.

Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында XX ғасырдың 30-жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929), Мид Джордж Герберт(1863-1931), т.б. Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясына негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческая природа» и «Социальный порядок» (1902), «Социальная организация» (1909), «Социальный процесс» (1918), «Социологическая теория», «Социальное иследование» (1930) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындап жатыр. Ч.Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастармен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «Айнадағы мен» деген имиджін жасайды. Ол 3 элементтен тұрады:

1) Жұрт мені қалай қабылдайды;

2) Жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;

3) Мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.

Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.

Ал Мидтің, әлеуметтану теориясының пайда болу негізінде өткендегі болған әрекет, оқиға ұғымы жатыр. Бұл акт ұғымы әрекеттеуші субъектіні шынайы өмірді қабылдаудағы ерекшелігін анықтайды. Мидтің пікірінше әрекет етуші субъект кең мағынада физикалық «субъект», «тірі форма», әлеуметтік «мен» ретінде қарастырылады. Мид тұлға өзінің «менін» қалай алға дамытатынын түсіндіруде тіпті тереңдеп кетті. Кули сияқты Мид тұлға, яғни «мен» деген ұғым әлеуметтік дамудың жемісі, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі қарым-қатынас байланыстар негізінде қалыптасады деп санайды. Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі 3 түрлі сатыдан құрылады:

1. Иммитация. Бұл сатыда балалар үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде журеді.

2. Ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін – белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші, т.б. Ойын процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуыршақтармен ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің қылықтарын қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете бастайды.

3. Ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы, футбол ойнап жүрген бала ойынының барлық ережелерін біледі. Бұны команданың барлық ойыншылар да біледі. Балалардың футбол ойынының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелі қоғамда заң және ережелер түрінде көрінетінінде түсініп жақсы біледі.

Әлеуметтік статус дегеніміз- әрбір адам әлеуметтік жүйеде бірнеше қызмет атқаруын айтамыз. Әрбір адамның бірнеше статусы болуы мүмкін, бірақ, оның жағдайын бір ғана статус анықтайды. Бұл жалғыз статус басты немесе интегралды деп аталады. Мысалы, директор, профессор сияқты әлеуметтік статус адамның сыртқы мінез құлқы мен пішінінен және басқа әлеуметтік мамандық белгілер ең алдымен адамның алдына қойған өмірлік басты нысаналарынан, іс-әрекеттерінен, мақсаттарынан, т.б. байқалады. Әлеуметтанушылар статустардың екі түрін бөліп көрсетеді:

1. Қоғамнан берілген (предписание) статус – бұл тұлғаның этикалық шығу тегімен, туған жерімен, отбасымен, т.б. байланысты.

2. Адамның өз еңбегінің нәтижесінде қол жеткізген (приобретенный) статус. Мысалы, жазушы, ғалым, директор.

Адам мәнінің тек қоғамдык-әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарның маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі 3 түрлі болады:

1. Биологиялық өлшем – бұл адам организімінің түр бейнесімен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, организнің құрылысын және формаларын зерттейді. Оның атқаратын, орындайтын қызметі, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.

2. Психологиялық өлшем– адамның ішкі жан-дүниесі онда жүріп жататын саналы және санадан тсы құбылыстар мен процестер, сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық ойлау, т.б. адамның еркі мен сипатын, темпераментін қамтиды.

3. Әлеуметтік өлшем- адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршат тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыста, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.

Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі бірліктерімен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына, т.б. белсенді араласып, оларды терең игеруге, бойына сіңіруге, өңдеуге мәжбүр етеді. Бұларды игерудің нақты жолдары бар:

А) іс-әрекет, қызмет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады.

ә) қарым-қатынас, бұл-адамдардың бір-бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етеді.

Б)өзіндік сана-сезімді дамыту, бұған ми мен журектің өз бетінше қызмет, іс-әрекет ету жатады.

Адам тұлғаға айналуында екі үлкен кезеңнен өтеді.

a. Туғаннан ер жеткенге дейін. Жас өспірім бала сытқы дүние туралы белгілі бір деңгейде білім жиынтығының жуйесін, негізгі, бағалы, құнды бағыттар мен нұсқауларды меңгеріп және игереді.

b. Ер жеткеннен кемеліне келгеннен кейінгі кезең. Тұлғаның бүтін, біртұтас көзқарасы, идеологиясы және белсенділігі, өмірлік құбылыстарға байланысты бағытты қалыптасады. Осы кезеңде тұлға әлеуметтік сипатта болады, оның өмірлік стратегиясы және өзіндік ерекшелігі басым көрінеді.

Тұлға тек әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік іс-әрекеттердің маңызды субъектісі болып саналады. Бұл іс-әрекет, қызмет қоғамның барлық салаларында әрдайым көрініп отырады. Мысалы, экономикада, саясатта, рухани өмірде, т.б. Әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде тұлға мен қоғам арасындағы өзара қимыл-әрекеттер мен өзара байланыстар 3 элементтен құралады:

1. Тұлғаның іздену элементі;

2. Қоғамның ұсыну элементі;

3. Тұлғаның қоғам ұсыныстарын таңдау элементтері.

4. Әрбір адам, тұлға белгілі бір пайдалы міндеттерді орындай отырып, қоғамды дамыту ісінднгі әлеуметтік қатынастардың субъектісі рөлін атқарады.

Тұлғаныңобъектісі ретінде әлеуметтендірілуі дегеніміз, мәдениеттің және әлеуметтік ережелермен құндылықтардың элементтерін оның игеруі арқылы, әрі осылардың негізінде тұлғаның әлеуметтік мәнді белгілері қалыптасып, қоғаммен, әлеуметтік қауымдастықтардың әр түрлерімен бірігетін процесі. Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлға дамуының екінші процесінің әдетте үш түрі бар:

1. Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату;

2. Өзін белгілі бір бағалы әлеуметтік топқа кіргізу( жас шамалық, ұлттық, жыныстық, т.б.);

3. Нақтылы бір әлеуметтік топқа, ұжымға, шағын топқа жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу.

Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.

Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элеметтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады. Әлеуметтік бақылау- топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтылығын, бірлігін сақтайды.

М.Вебер атап көрсеткендей адамның мінез-құлқы деп, оның іс- әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі бар:

а) инстинктивті ; ә) қарапайым; б) әлеуметтік ;

Мінез-құлықтың бірінші және екінші түрі көбінесе саналы,ерікті емес түріне де жатады да, оның әлеуметтік мәні болмайды.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 727. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия