Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Нақты (эмпириялық) әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы




1. Зерттеу бағдарламасының құрылымы

2. Ақпарат жинаудың негізгі әдістері, олардың түрлері

3. Іріктеу әдісі

4. Ақпаратты өңдеу және олардың нәтижелерін талдау

 

1. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс(метод), әдістеме(методика) міндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің «методос», яғни таным тәсілі және «логос», яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер методологияны әлеуметтікке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде қарастырады.

Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпириялық («эмпирия» - грек сөзі, «тәжірибе» деген мағына береді) типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі және қолданбалыболып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады.

Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді. Өйткені соның нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады. Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағытталады. Саясаттанушылар мен саясаткерлер, заңгерлер мен басқарушылар, экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандар эмпириялық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады. Сол ақпараттарды қолдана отырып, олар өздерінің практикалық және теориялық сипаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.

Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады, ол әлеуметтік шындықты (ақиқатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады.

Әлеуметтану зерттеуі ғылыми ізденістің күрделілігіне қарай: барлаушылық, суреттемелік, талдаушылықболып үшке бөлінеді. Бұлардың арасында талдаушылық (аналитикалық) зерттеу әдісі күрделісі болып есептеледі. Ол терең ойластырылған бағдарламаны және тексерістен өтіп сыналған құралдарды (анкета, т.б.) қажет етеді. Талдаушылық зерттеу әдісі кезінде зерттелетін құбылыс суреттелумен қатар оны тудырған басты-басты себептер де анықталуы керек. Суреттемелік зерттеу ізденістің өте қарапайым түрі болып есептеледі. Мұның басты мақсаты – зерттелетін құбылыс пен оның құрылымдық элементтері жөнінде мағлұмат алу. Зерттеудің кеңінен тараған түріне барлаушылық зерттеу жатады. Ол күрделі бағдарлама дайындауды талап етеді, алайда шамалы көлемдегі зерттеу құралдарын қолданып, шағын топтарда сауалнама жүргізу мүмкіндігін сақтайды. Зерттеудің бұл түрі жедел ақпарат алуға бағытталған. Оның артықшылығы да осында. Мұндай зерттеуде қайсыбір терең процестер және олардың пайда болу себептері қарастырылмайды, керісінше, көзге көрініп тұрған ақпараттар жинақталатын болады.

2. Әлеуметтану ақпараттарының қайнар көзі болып есептелетін құжаттардың алуан түрлі топтамалары бар. Сонымен, құжаттар мынандай топтарға бөлінеді: 1) ақпараттың техникалық құралдарда белгіленуіне орай ерекшеленетін құжаттар. Бұның өзі үш түрді қамтиды: а) жазба түріндегі құжаттар, оған қол жазба мен баспасөз басылымдары жатады; б) стенографиялық құжаттар, бұған кино, фото, бейнелеу, сурет түріндегі құжаттар саяды; в) фонетикалық құжаттар, яғни дыбыспен берілетін магнитофон, күйтабақ жазбалары жатады. Айта кететін бір жай, құжаттық ақпаратты сақтайтындардың жаңа түрлері мыналар: микрофильмдер, ЭВМ дискісі, т.б. Жазба құжаттардың кең тарағаны архив материалдары, статистикалық есептемелер, ғылыми жарияланымдар, баспасөз басылымдары, т.б.; 2) құжаттың түпнұсқасының статусына жатқызылғандар немесе авторына бөлініп берілгендер ресми және ресми емес құжаттарға ажыратылады. Ресми құжаттар деп лауазымды адамдардың, қызметкерлердің арнайы дайындаған құжаттарын айтады. Бұған мемлекеттік статистика мен мемлекеттік архив мәліметтері, жиналыс хаттамалары, т.б. жатады. Ал ресми емес құжаттарды жеке адамдар жасайды, яғни хаттар, күнделіктер, т.б. ресми емес деп атауға боладыы; 3) ақпараттың сақталу көзіне орай ол бастапқы және екінші рет жасалған құжаттар болып екіге бөлінеді. Бастапқы құжаттар – тікелей бақылаудың немесе сауалнама өткізудің негізінде алынған мәліметтер, ал екінші қатардағы құжаттар бастапқы құжаттарды сипаттаушы немесе қорытындылаушы болып саналады; 4) мақсат-міндетке қарай ажыраған құжаттар, бұған зерттеу бағдарламасына сәйкес ғалымдардың күшімен алынған материалдар, басқа да мақсаттар үшін жасалған қолдағы құжаттар жатады; 5) мазмұнына қарай бөлінген құжаттар. Бұлар экономикалық, құқықтық, тарихи, техникалық, т.б. болып топтасқан. Зерттеуші өз қызметкнде көбіне –көп жазба құжаттармен, әсіресе әдебиеттермен және машинкаға басылған материалдармен жұмыс істейді. Ол тұрақты түрде статистикалық түпнұсқалар, есеп беру баяндамалары, мақалалар, сондай-ақ қоғамдық пікірді білдіретін баспасөз және теледидар мәліметтеріне арқа сүйейді.

3. Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиынтықтың екі түрі бар: бас жиынтық және іріктелген жиынтық. Бас жиынтық деп проблемаға қатысты бақылауға алынған бүкіл бөліктің тұтастай жиынтығын айтады. Бас жиынтық аймақтық, мерзімдік, өндірістік салаларды немесе кәсіптік, қызметтік шеңберді қамтумен шектелген. Іріктелген жиынтық бас жиынтықтың бір бөлігі бола отырып, әзірленген немесе іріктеліп, таңдап алу бағдарламасына сәйкес зерттелетін объектінің есебіне жатқызылады. Әлеуметтануда бас жиынтықтан сауалнамаға қатынасатын адамдардың таңдап алудың әр түрлі әдістерін сұрыптау қалыптасқан. Ол әдістер бір ғана мақсатты көздейді: іріктелген жиынтық бас жиынтықты ұдайы дамытып, жетілдірумен, дәлірек айтсақ, репрезентативтілікпен (өкілдік) сипатталуы тиіс. Айталық, педагогикалық колледждің 20 топтан тұратын курсында сауалнама жүргізу қажет болды делік. Сол 20 топтан біз бәріне ортақ белгісі бар 3-4 топты ғана бөліп алып сауалнама жүргіземіз. Себебі бұларды зерттегеннен алынған ақпарат қалған топтарға да қатысты, жарамды болып шығады. Кейде зерттеудің жаппай жүргізілуі де ықтимал, бұл зерттеу объектісіне кіргендердің бәрімен сауалнама жүргізіледі деген сөз. Бұл әсіресе бас жиынтықтың көлемі шағын болған, да толыққанды тұрғыда жүзеге асады. Мәселен, педколледждің курсында небары 3 топ бар екен делік, бұдан олардан жауап алудың оншалықты қиыншылық туғызбайтынын көре аламыз. Сондықтан да 20 топтан сауалнамаға жауап алуға тура келеді. Қалай дегенмен де, сауалнамаға қатысушылардың саны 100 адамнан кем болмауын естен шығармаған жөн. Бұлай болмаған жағдайда анкетаға анық жауап алу, жауаптарды топтастырып бөлу және алынған ақпаратты талдау мүмкіндігі жойылады. Сондай-ақ бас жиынтық тым әркелкі болған жағдайда жаппай зерттеу жүргізудің қажеті жоқ. Оған нақты мысал етіп студенттердің әлгі аталмыш топтарын алалық. Түрлі мамандықтың иесі болғандықтан 20 топтан 3-4 топты іріктеп аламыз.

4. Әлеуметтану зерттеуінің нәтижесін өңдеу, талдау және қорыту бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде эмпирикалық міндеттерді жүйеге келтіру, диаграммалар, схемалар, кестелер, т.б. құрастыру жүзеге асырылады. Екінші кезеңде алынған ақпараттарды топтастыру, яғни оларды белгілі бір белгілеріне, проблемаларына, сұрақтарына, т.б. қарап жинақтау орындалады. Үшінші кезеңде құбылыстарды суреттеу негізінде алынған ақпараттарды топтастыру жүргізіледі. Төртінші кезеңде теориялық типологиялау ісі атқарылады.

Жиналған ақпараттарды талдап, қорытындылаудың нәтижесінде зерттеуге ғылыми баға беріліп, проблеманы шешуге ұсыныстар жасалынады, ғылыми есеп беріледі. Зерттеудің қорытындысы бойынша жасалатын есеп берудің құрылымы көбіне-көп негізгі ұғымдардың әрекетіне сәйкес келеді. Алайда, зерттеуші бұл құжатты дайындау кезінде индукцияға бой алдырады. Есептің тарауларының саны әдетте зерттеу бағдарламасында көрсетілген көземелдің санына дәл келеді, жауап ең алдымен басты көземелдіге беріледі. Әдетте есеп берудің бірінші тарауында зерттелетін әлеуметтік мәселенің өзектілігі, зерттеу параметрлерінің (сұрыптау, ақпарат жинау әдістері, зерттеуге қатысушылар саны, жұмысты жүргізу мерзімі және т.б.) сипаттамасы қысқаша баяндалады. Екінші тарауда зерттеу объектісіне әлеуметтік-демографиялық белгілері бойынша (жынысы, жасы, білімі, т.б.) сипаттама береді. Бұдан кейінгі тараулар бағдарламада ұсынылған көземелдерге жауаптар іздестіруді қамтиды. Есеп беру тараулары қажет болған жағдайда параграфтарға бөлінуі мүмкін. Әрбір тарау немесе тіптен әрбір параграфты түйінмен (қорытындымен) аяқтау өте орынды саналады. Жалпы қорытындыларға негізделген есептің қорытындысын практикалық ұсыныстар түрінде жазған дұрыс. Есеп беру 30-40 немесе 200-300 бетке жазылуы мүмкін. Ол материялдың көлеміне, зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Есеп берудің қосымшасы зерттеудің бүкіл методологиялық және әдістемелік құжаттарынан тұрады: бағдарлама, жоспар, құралдар, нұсқаулар және т.б. Сонымен қатар, қосымшаға көбіне-көп таблицалар, графиктер, жеке өз пікірлері, есепке кірмеген ашық сұрақтарға қайтарылған жауаптар енгізіледі. Себебі бұл құжаттың мәліметтері, жауаптары жаңа зерттеу бағдарламасын дайындауда пайдалануы мүмкін.

Содан кейін әлеуметтану зерттеуінің қорытындысын практикаға енгізу процесі басталады. Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізудің әр түрлі формалары мен әдістері бар, оларға: практикалық ұсыныстар жасау, зерттеудің қорытындысын жариялау, ғалымдардың радио меғн теледидардан сөйлеуі, зерттеушілердің басшылық органдары үшін құжаттар мен материалдардың жобаларын дайындауға қатысуы, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, симпозиумдар өткізу жатады.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1295. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.114 сек.) русская версия | украинская версия