Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Отбасы және неке әлеуметтануы




1. Отбасының мәні, қызметтері, құрылымы

2. Неке отбасының негізі ретінде

3. ХХ ғ. отбасы даму мәселелері

Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

Отбасы - кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен, қаны бір туыстығымен, тұрмыстық ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізіболып табылады.

Ер мен әйел - отбасының екі іргетасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі.

Отбасы тарихы өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға, оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық (бір некелік ) отбасымен ауысады.

Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді.

Отбасы - тұрақты жүйе болады. Олардың тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі. Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасу қажет.

Неке - әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке - отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі. Себебі жыныстық қатынас биологиялық - жыныстық сүйіспеншілік ғана емес, сонымен қатар адамгершілік-эстетикалық қатынас. Некенің мазмұны мен ерекшелігі жыныстық қатынаспен ғана шектелмейді. Некенің негізі - сүйіспеншілік (махаббат). Махаббат өмір көркі. (Абай).

Махаббат туралы Гомер де, Лев Толстой мен Стендаль да, Пушкин мен Гете де, Абай да, Горький мен Шолохов та жазған. Адамзаттың данышпан ойшылдары махаббаттың болмыс-бітімі, міндеті, әр адамның және тұтас қоғамның өміріндегі рөлі жөнінде толғанған.

Вильям Шекспир«Махаббат - жаңбырдан кейінгі күн нұрындай, Махаббат қашанда жаңа ашылған гүлдей жайнап тұрады» деп жазған.

Некедегеніміз – махаббаттың іс жүзінде жүзеге асуы. Отбасының тұрақтылығы да, бақыты да некеге дейінгі жағдайларға байланысты. Жақсы отбасы құрудың елеулі шарттары некенің адамгершілік, құқықтық негіздерін түсіну, отбасын құруға деген психологиялық даярлықтың болуы, үй шаруашылығымен айналысудың белгілі дағдыларын игеру болып табылады.

Некеге тұруға ешкім ықтиярсыз көндірілмейді, бірақ некеге тұрған адам неке заңдарына бағынуға тиіс. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқығы бар. Неке ерлі-зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқық теңдігіне негізделеді » деп көрсетілген. Отбасының негізін қалайтын неке - ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әр түрлі жыныстар арасындағы жұбайылық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық-эстетикалық қатынасқа негізделуі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен қанағат алуы материалдық есепке негізделмеуі тиіс. Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеге негізделмеуі қажет, ол жеке адамдардың рухани қалыптасу, дамуына байланысты болуы қажет. Сондықтан да қоғам некелік-отбасылық қатынастың нығайуына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата-аналардың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек.

Отбасының өмір сүріп дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, олар сақтайтын әдет-ғұрыптар.

Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Отбасының қызметі қоғамдық-тарихи жағдайларға, оның мүшелерінің жігерлілігі мен еңбек сүйгіштігіне де тәуелді.

Отбасының біріншіміндеті - ұрпақ жалғастыру қызметі.Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметі болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отыраған, қазір де солай. Мысалы, дәстүрлі (патриархалдық) отбасы – шаруашылық-экономикалық қажеттіліктен туындаған. Отбасының қызметі ерлі-зайыптылардың неше баламыз болуы керек деген ерік бостандығына тікелей байланысты емес, оның санына шек қойылуына таң қалуға болмайды. 1936 жылы КСРО-да аборт жасуға тыйым салынды, яғни ерлі-зайыптылардың неше балалы болуымыз керек деген бостандығына тыйым салынды.

Отбасының екінші маңыздыққызметі - материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылықмәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынға көтерілді, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Ана ерінің-күйеуінің, туысқандарының көмегінсіз өмір сүре алмайтын дәрежеге түсті. Сонымен отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты, әсіресе көп балалы отбасында.

Отбасында тұрмыстық мәселелерді шешумен қатар әдет-ғұрыптарды сақтау іске асырылады. Отбасы мүшелерінің, туған-туысқанының туған күні, оқуға бару, оқу бітіру, жұмысқа орналасу т.б. мерекелік күндер өткізіледі, оларды да ортақтасып өткізу қажет.

Отбасының ең маңыздықызметінің бірі- тәрбиелеушілік міндеті;оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі - баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Балалардың үздіксіз дамуы, творчестволық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Бұл іс отбасының естияр мүшелерінің тікелей міндетіне жатады: әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Отбасының құрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатынасы да жатады.

Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдің, болмаса күйеуінің бірге тұратын туыстары, немере-шөберелерден тұрады.

Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады: демократиялық және дәстүрлі немесе авторитарлық.

Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады: көп балалы(үш бала, оданкөп), орташа(екі балалы), бір баласы бар, баласыз отбасылар.

Отбасының өмір сүру сипатына қарай үш түрі болады: дәстүрліотбасы, бұл ерлі-зайыптылардың, жалпы отбасының құндылығына байланысты. Мұнда бүкіл отбасы мүшелері бос уақытты бірігіп өткізеді, теледидарды бірігіп қарайды, отбасы басшысы формалды болса да ер адам, әйел үй жұмысын істейді, бала тәрбиелейді;

Ер мен әйел қатынасы кәсіби жетістікке, жеке адамның дамуына бағытталады. Негізінен бір бала болады, үй жұмысын бөліп атқарады, мүмкін болғанынша ата-ана көмегі пайдаланылады. Театрға, концертке, киноға, спортқа бірге барады. Басшылық демократиялық сипатта болады; жас отбасы, мұнда бос уақытты бірігіп те, бөлек те өткізеді. Бағыты екі балалы болу. Шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер тең іске асырылады.

Отбасында қайшылықтардың тууының негізгі екі себебі бар: ішкіжәне сыртқысебептер. Сыртқы себептерге тұрғын үй, табыс, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшеліктер т.б. жатса, ішкі себептерге махаббат, эмоциялық-сезімдік, қамқорлық ауызбірлік, т.б. Себептердің екеуі де жас отбасы үшін дағдарыс жағдайын тудыруы мүмкін.

Отбасының тұрақсыздығы ажырасуға апарады. КСРО бойынша, 1991 жылғы есепке қарағанда, 2,7-2,8 млн. неке тіркелген, содан 930-980-ні ажырасқан. Біздің республикамызда 1994-1996 жылдар аралығында, 100 мың тұрғынға шаққанда, ажырасу орта есеппен 40 мың болды, ал 1997 жылы 32,8 мыңға жеткен.

Ажырасудың негізгі себептері: жұбайлардың мінез-құлқының, көзқарастарының сәйкеспеуі; арақ ішу, әсіресе ерлер тарапынан; үй жағдайының, әсіресе жастарда, қолайсыздығы; жұбайлық опасыздығы; балалы болғысы келмеушілік; жыныстық кемшілік.

Осы аталған себептер әр аймақтарда әртүрлі көріністе болады. Ресейде - арақ ішу, мінездің сәйкессіздігі, Эстонияда - жұбайлардың опасыздығы. Арменияда, Грузияда, Өзбекстанда - ата-анаға дұрыс қарамаушылық т.б.

Некеге тұру ер мен әйелдің жауапкершілігін арттырады. Соған байланысты өмірге жаңа адам келеді. Қоғамның материалдық негізі - экономика, өндіріс, ал өндіріс адамның іс-әрекеті арқылы дамиды. Ол үшін ұрпақ жалғасы үнемі дамып отыруы керек. Демек, некелесіп отбасын құру адамзат ұрпағын дамытудың бірден-бір негізі болып табылады. Зерттеулердің көрсетуіне қарағанда, некенің бұзылу себептері некеге тұрғанға дейінгі жағдайларға да байланысты. Олар әлеуметік-экономика білім ерекшеліктері, мәдени дәрежесі, жас ерекшеліктері, күйеудің, қыздың ата-аналарының теріс әсерлері т.б. Қорыта айтқанда, осы күнгі неке-отбасы мәселесінде үш негізгі, басты проблеманы атап көрсетуге болады: отбасының беріктік, тұрақтылық проблемасы; бала табу, ұрпақ өсіру проблемасы және отбасының тұрмыс жағдайындағы қиыншылықтар проблемасы. Дегенмен, ажырасудың жоғары деңгейі некенің қоғамдық институт ретіндегі маңызын жоймайды, отбасы дағдарысының жалпы көрсеткіші бола алмайды. Керісінше, отбасы адамзат қоғамының әлеуметтік негізі болып қала беретінін үлкенді-кішілі адамдардың бәрі мойындайды.

 

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1.Әбсаттаров Р. Ә. Әлеуметтану [Мәтін]: Оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов.- Толықтырылып, жаңартылған екінші басылымы.- Алматы: Қарасай, 2009.- 384б.

2. Әлеуметтану негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / Ш. Қ. Қарабаев.- Алматы: Экономика, 2008.- 640 б.

3. Рахметов, Қ. Ж. Социология [Мәтін]: Оқу құралы / Қ. Ж. Рахметов, А. Н. Болатова, З. Н. Исмағамбетова.- Алматы: Өлке, 2005.- 256б.

4. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2004.-208 б.

5. Социология (лекциялар курсы) жалпы ред. басқарған Тұрғымбаев Ә.Х. Алматы. 2005.-160 б.

 

Қосымша:

6. Конт О. Дух позитивной философии: Слово о положительном мышлении. СПб, 1910.

7.Дюркгейм Э. О разделении общественного труда. Метод социологии. М. 1991.

8.Арон Р. Этапы развития социологической мысли. М.,1992.

9.Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. М. 1992.

10.Вебер М. Избранные произведения. М.1990.

11.Структурно-функциональный анализ в современной социологии. М. 1968.

12.Большой толковый социологический словарь. Дэвид Джери, Джули Джери. Т. 1.2. 1999.

13. Краткий словарь русско-казахских терминов по социологии. Алматы,1995

14. Аберкромби Н. Социологический словарь / Н. Аберкромби , С. Хилл , Б.С. Тернер; Пер. с англ. И.Ясавеева, под ред. С.Ерофеева.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Экономика, 2004.- 620 с.

15. Аванесов В.С. Тесты в социологическом исследовании / В.С. Аванесов.- М.: Наука,1982.- 200 с.

16. Аженов М.С., Садырова М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2004.

17. Абсаттаров Р.Б. Тесты по социологии: вопросы и ответы / Р.Б. Абсаттаров, В. Бобырь, М. Дакенов.- Алматы: Ғылым, 1999.- 208 с.

18. Садырова М.С. Социально-профессиональная мобильность интеллигенции. Алматы, 2001.

19. Жаназарова З.Ж. Социология семьи. Алматы, 2001.

20.Садвакасова А. Институционализация социологии в Казахстане.Алматы, 2003.

21. Экономическая социология. Курс лекций (рук. авт. колл. Л.Я. Гуревич). Алматы, 2002.

22. Касымова Л.Н. Практикум по экономической социологии. Алматы, 2002.

23. Дарменова Б.К. Социология управления. Алматы, 2002.

24. Габдуллина К.Г. Общество прогресс и регресс. Алматы, 2003.

25. Биекенов К.У., Жаназарова З,Ж., Нурбекова Ж.А. Социология общественного мнения. Алматы, 2001.

26. Аженов М.С. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы 1997.

27. Авсыдыкова Қ. А. Техникалық жоо студенттерінің кәсіби мотивациясына социологиялық талдау [Мәтін]: Автореферат / Қ. А. Авсыдыкова.- Алматы, 2010.

28. Сүлеймен, Л. Ж. Қазақстан жастарының электоралдық мінез - құлқы: даму үрдісі мен болашағы [Мәтін]: Автореферат /Л. Ж. Сүлеймен.Алматы, 2010.3

29. Адам және қоғам: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық / Ә.Нысанбаев, Қ.Жүкешев, М.Изотов т.б.- Алматы: Мектеп, 2007.- 288 б: суретті.

30. Сқақова А. Ж. Отбасы жас ұрпақты әлеуметтендіру институты ретінде [Мәтін] / А. Ж. Сқақова.- Астана, 2010.

31. Асылханова Г. Ж. Стратификационная сисема современного общества Казахстана [Текст]: Автореферат / Г. Ж. Асылханова.- Астана, 2010.- 40с.

32. Аитов Н.А. Основы социологии: Учебник / Н.А. Аитов.- Алматы: РИК, 1997.- 169 с.

33. Кылышбаева Б. Н. Социокультурные факторы формирования гендерной идентичности [Текст]: Автореферат / Б. Н. Кылышбаева.- Алматы, 2010.- 42с.

34. Аитов Н. А., Биекенов К.У. Социология. Алматы: Қазақ университеті, 2002.

35. Тажин М., Аяганов Б. Социология негіздері. Алматы, 1993.

 


 

 

Әлеуметтану пәнінен емтихан сұрақтары

1. Социологияның объектісі мен пәні.

2. Социологияның ғылымдар жүйесіндегі орны, байланысы.

3. Социологиялық зерттеулердің әдістемелік негіздері. Социологиялық зерттеулердің бағдарламасы.

4. Ақпарат жинау әдістері.

5. Бақылау және оның ерекшеліктері.

6. Сұрақ-жауап әдісінің жалпы сипаттамасы.

7. Социологиядағы сұрау тәсілі (анкеталық).

8. Социологиялық зерттеудегі сұхбаттасу әдісі, оның ерекшелігі.

9. Эксперименттің ерекшеліктері.

10. Құжаттар анализі.

11. Қоғам және адам.

12. Тұлғаның әлеуметтену процессі.

13. Әлеуметтік стратификация.

14. Қазіргі Қазақстандағы жаңа таптар мен страталар.

15. Отбасының мәні, құрылымы және қызметі.

16. Нарықтық қарым-қатынастар жайындағы отбасы.

17. Білім социологиясы.

18. Жастарды әлеуметтік топ ретінде анықтаудың сапалы-сандық өлшемдері.

19. Студенттер жастардың бір бөлігі ретінде.

20. О. Конт-социологияның негізін салушы. Әлеуметтік статика және динамика туралы ілімі.

21. Э.Дюркгеймнің социологиялық тәсіл туралы ілімі.

22. Т.Спенсер социологияның “негіздері” туралы.

23. М.Вебер социологиясы.

24. Т.Парсонстың, Р.Мертонның социологиясы.

25. П.Сорокинның әлеуметтік стратификация теориясы.

26. К. Маркстың әлеуметтік көзқарасы.

27. Ежелгі дәуірдегі әлеуметтік көзқарастар. Платон, Аристотель.

28. Орта ғасырлар және Жаңа Заман кезеңінің әлеуметтік көзқарастары.

29. Әлеуметтік теңдік пен теңсіздік.

30. Социологиялық зерттеудің кезеңдері.

31. Отбасы және неке социологиясы.

32. Еркектің және әйелдің отбасындағы тарихи рөлі.

33. Қазіргі студенттік отбасының мәселелері.

34. Еңбек социологиясы. Экономикалық қатынастардың әсері.

35. Кеңестік жүйенің ескі әлеуметтік таптары.

36. Білім жүйесінің болашағы.

37. Отбасы типологиясы.

38. Социологияның деңгейлері.

39. Бағдарламаның құрылымы.

40. Қоғамдағы тұлғаның әлеуметтік тәртібі.

41. Отбасының түрлері.

42. Девиандтық іс-әрекет.

43. Қала социологиясы.

44. Ауыл социологиясы.

45. Гендер социологиясы.

46. Социологияның қызметі.

47. ХХ ғасыр отбасының дамуы.

48. Құжаттардың классификациясы.

49. Анкеталық сауал мен интервьюдің түрлері, ерекшелігі.

50. Әлеуметтік институттар.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Социологияның нысаны дегеніміз деген не?

2. Социологияның пәнін қалай анықтауға болады?

3. "Әлеуметтік" термині нені білдіреді?

4. Жалпы әлеуметтік категориялар мен заңдарды атаңдар.

5. Социология ғылымының құрылымы қандай?

6. Социологияның негізгі қызметтері қандай?

7. Социологияның басқа әлеуметтік ғылымдармен арақатынасы қандай?

8. Социология ғылымының негізін кім қалаған?

9. Спенсердің социологиясы қандай бағытқа жатады?

10. Э Дюркгеймнің әлеуметтік факт теориясы нені білдіреді?

11. М Вебердің әлеуметтік әрекет туралы ойы қандай?

12. Табиғат пен қоғамның өзара ықпалдастығы қандай?

13. Азаматтық қоғамның негізгі өлшемдерін атаңыз.

14. Тұлғаның әлеуметтену процесі дегеніміз не?

15. Тұлғаны қалыптастырудың қазіргі заманғы ғылыми тұжырымдамасы қандай?

16. "Адам", «Индивид", «Тұлға" ұғымдарының арақатынасы қандай?

17. Девианттық қылық дегеніміз не?

18. Қазіргі қоғам дамуының негізгі бағыттыры мен болашақтарын атаңыз

19. Отбасы неліктен әлеуметтік институт болып саналады?

20. Отбасының әлеуметтік мәні неде?

21. Отбасының негізгі ұйымдық формалары мен маңызды қызметтерін атаңыз?

22. "Отбасы" мен «неке" ұғымдарының мағынасы ашыңыз?

23. Еркектің отбасындағы тарихи рөлі өзгере ме?

24. Қазіргі отбасының ерекшеліктерін атап өтіңіз?

25. Қазіргі студенттік отбасының мәселелері қандай?

26.Әлеуметтік стратификация дегеніміз не?

27. "Тап" пен «страт" ұғымдарының айырмашылығы қандай?

28. Анкета дегеніміз не, оның зерттеу принциптері қандай?

29. Қазіргі Қазақстан қоғамының стратификациялық құрылымына сипаттама беріңіз?

30. Қазіргі Қазақстанда қандай негізгі таптар бар?

31. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы стратификациялық құрылымның даму бағытттарын атаңыз.

32. Билік дегеніміз не?

33. Социологиялық зерттеу жүргізгенде қандай құжаттар қажет, оның қорытындысы қалай шығарылады?

34. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтерін атаңыз?

35. Құқықтық мемлекет дегеніміз не?

36. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында қандай байланыстар бар?

37. Басқару құрылымын атаңыз?

38. Басшылық пен басқарудың негізгі стильдері қандай?

39. Қазіргі басшы қандай болуы керек.

40. Қоғамды танып білуде социологилық зерттеудің рөлі қандай?

41. Зерттеулердің негізгі түрлері.

42. Қолданбалы социологиялық зертеу дегеніміз не?

43. Социологиялық зерттеудің кезеңдерін атаңыз?

44. Социологиялық зерттеудің әдістемесі деген не?

45. Жаппай сұрау салу.

46. Бақылау дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

47. Тәжірибе деген не?

48. Сұхбаттасу әдісі.

49. Құжаттар анализі

50. Қоғамда байқалатын әлеуметтік ауыткушылықтың түрлері қандай?

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2009 1 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Ф.4.09-09
01.02.2009 ж.

 

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

әлеуметтану

(пәнің атауы)

 

Кафедра философия және саясаттану

Тьютор_Берикова А.К.

Мамандық барлық

Кредит саны 2

Пән циклі міндетті

Студенттер саны 250

Әдебиет түрі Шифр Әдебиет атауы Бар болуы Ескерту
Кітапханада және кафедрада %
    Негізгі   С5я73 Ә18     Әбсаттаров Р. Ә. Әлеуметтану [Мәтін]: Оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов.- Толықтырылып, жаңартылған екінші басылымы.- Алматы: Қарасай, 2009.- 384б.      
  С5я73 Қ41 Қарабаев, Ш. Қ. Әлеуметтану негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / Ш. Қ. Қарабаев.- Алматы: Экономика, 2008.- 640б.  
  Ф01 А43   Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2004.-208 б.  
  Ф01 А45   Социология (лекциялар курсы) жалпы ред. басқарған Тұрғымбаев Ә.Х. Алматы. 2005.-160 б.  
  С5я73 Р24 Рахметов, Қ. Ж. Социология [Мәтін]: Оқу құралы / Қ. Ж. Рахметов, А. Н. Болатова, З. Н. Исмағамбетова.- Алматы: Өлке, 2005.- 256б.  
  С53 С43 Сқақова А. Ж. Отбасы жас ұрпақты әлеуметтендіру институты ретінде [Мәтін] / А. Ж. Сқақова.- Астана, 2010.     2,5  
  С55.325.1 С90 Алматы: Ғылым, 1999.- 208 Сүлеймен, Л. Ж. Қазақстан жастарының электоралдық мінез - құлқы: даму үрдісі мен болашағы [Мәтін]: Автореферат / Л. Ж. Сүлеймен.- Алматы, 2010.- 30б.   2,5  
  Қосымша   С55.55 А22 Авсыдыкова, Қ. А. Техникалық жоо студенттерінің кәсіби мотивациясына социологиялық талдау [Мәтін]: Автореферат / Қ. А. Авсыдыкова.- Алматы, 2010. 2,5  
  С55.325.2 Т93 Тынышбаева А.А.Социальная поддержка детей в Казахстане: Социологический анализ [Текст]: Автореферат / А. А. Тынышбаева.- Астана, 2010. 2,5  
  С55.325.1(2К) Ш78 Шонбаева, А. Н. Социализация молодых государственных служащих Республики Казахстан в современных условиях [Текст] / А. Н. Шонбаева.- Астана, 2010. 2,5  
  С55.32 К97 Кылышбаева Б. Н. Социокультурные факторы формирования гендерной идентичности [Текст]: Автореферат / Б. Н. Кылышбаева.- Алматы, 2010.- 42с. 2,5  
  С55.32 А91 Асылханова Г. Ж. Стратификационная сисема современного общества Казахстана [Текст]: Автореферат / Г. Ж. Асылханова.- Астана, 2010.- 40с.   2,5  
      Ф01(2К) Аберкромби Н. Социологический словарь / Н. Аберкромби, С. Хилл, Б.С. Тернер; Пер. с англ. И.Ясавеева, под ред. С.Ерофеева.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Экономика, 2004.- 620 с.  
анықтамалық            
             
             
           
           
           
                 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1437. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.02 сек.) русская версия | украинская версия