Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Исатай – Махамбет» пьесасының тарихи негізі.




Ілияс драматургияға кеш келсе де, сан жағынан емес, сапалық жағынан өнімді еңбек сіңірген қаламгер. Драматургияға 1931 жылдан бастап қана кірісіп, бес-алты жылдың ішінде ірілі-уақты сегіз шығарма жазды. Оның жетеуі пьеса да, біреуі либретто.

Оның «Кек» (1931) атты пьесасымен Семейдегі Абай атындағы облыстық театр 1934 жылы өзінің тұңғыш шымылдығын ашты. «Турксиб», «Райхан», «Колхоз тойы», «Мектеп», «Мін де, шап!», «Исатай-Махамбет»пьесаларымен драматургия тарихына қолтаңбасын қалдырып үлгерді. «I.Жансүгіров алғашқыда драматургия саласында шағын формаларды игеру, жанр техникасына машықтанумен болса, «Кек» пьесасын жазу үстінде талант толысуына, қаламгерлік марқаюға, шеберлік шыңына көтерілді»,- деп жазады өз зерттеуінде профессор Р. Нұрғалиев («Өнердің эстетикалық нысанасы»).

«Кек» пьесасында I. Жансүгіров қазақ ауылының хал-ахуалын, әлеуметтік жағдайын көрсете отырып, тап тартысының негізгі себептерін, оның заңдылықтарын ашып көрсетуді мақсат етеді. Пьесаны «Кек» деп атауының өзінде драмалық негіз бар. Кек - яғни, бір адам мен екінші бір адамның арасындағы күрес, драмалық тартысқа құрылған іс-әрекет. «Кек» пьесасының «мылқау сахна» деп аталатын прологында автор кейіпкерлерін тек қимыл арқылы үнсіз бейнемен береді. Бұл - қазақ драматургтері қолданбаған көркем тәсіл. Драманың негізгі кейіпкерлері - өмірде болған адамдар. Қаламгер өз ауылында өткен, көзбен көрген дүниелерді қағазға түсіргендігі белгілі. Ақсу атырабының ревком председателі Бейсенбай Көдесовтің Қарағаш ауылдық мектебінде Ілияспен бірге оқуы, аталас ағайын болуы және қаза табуы оның «Кек» пьесасындағы Бейсенбай бейнесін жасауға себеп болды.

«Кек» - менің бірінші пьесам дейді автор 1931 жылы жазған «Мен қалай жаздым?» атты мақаласында. Бұл пьеса 1934 жылы 4 наурыз күні Семей театрында қойылып, ол туралы «Екпінді» газетінің 1934 жылы 10 наурыз күнгі санында «Кек» кетті деген пікір жарияланған. Пікір авторлары - «Бөлебай, Абдолда, Шаймердан».

«Кек» пьесасы ауылдағы тап тартысына арналып жазылған шығарма. Сол тұстағы жаңа өкіметтің ісіне қастандық жасап ілгерілеуге кедергі келтірген кайыршы кейіпіндегі Тәңірберген қажы, Есенғүл, Сейдахмет, Меделхан сынды кешегі билеушы таптың өкілдері мен колхоз бен жаңа өмір құрып жатқан Рақым, Мекенбек, Аятбай, Үндемес т.б. адамдардың арасындағы таптық тартыс пен күрес мейлінше нақты, реалистік бейнеде суреттелген. Сол кездегі драмалық шығармаға тән халық өкілдері мен екіншісі - халықты ғасырлар бойы билеп келген үстем тап өкілдерінің бұрынға тәртіпті қолдарынан жібергісі келмей тырысып бағуы, сол арада қарапайым халықтың билікті қолға алуы - екі лагердің қақтығысына, конфликт жағдайға әкеліп соқтырғаны, түбінде кісі өліміне әкеліп тіреледі. Осы арқылы шешімін тапқан эпизодпен драма желісі шарықтау шегіне жетеді.

Пьесадағы қатысқан кейіпкерлердің көбі тарихи адамдар, олардың әрқайсысының прототиптері өз тұсында Ақсу жерінде аса танымал болған тарихи бұрмалау мен қитұрқы саясаттың құрбандығына ұшыраған Маман әулетінің ұрпақтары. Өткен ғасырларда қазақ даласында алғашқылардың бірі болып оқу-тәрбие орнын ашқан, сондай-ақ өз ерекшелігімен білім жүйесін қалыптастырған Жетісудағы Қыдыралы бидің ұрпағы Қалқабайұлы Маманның ұлы Тәңірберген қажы, Есенғұл, Сейітбатталдың ұлы Сейдахмет, Бидахмет сынды адамдардың есімдері аталады. Шығарма кезең ыңғайымен жазылған. Ондағы билеушы таптар категориясындағы адамдардың жаулық іс-әрекеттері ойдан, творчестволық фантазиядан туындағанына күмән болмаса керек-ті. Қазақ театры тарихында Серке Қожамқұловтың алатын орны зор. Театрдың алғаш құрылған тұсынан бастап, өмірінің соңына дейін сахна төрінен түспей, үлкенді-кішілі рольдерді сомдап, халықтың зор қүрметіне бөленген актер өз тұсында Ілияс Жансүгіровтің осы аталмыш «Кек» пьсесасында Өкендау ролінде ойнап, драматург көңілінен шыға білген өнерпаз. 1933 жылы Ілияс Жансүгіров театр жөнінде жазған мақаласында: «Серке - арамза, атқамінер, бір ұрты май, бір ұрты қан, қу құйрық ханның уәзірі, бидің тоқпағы, жуанның тарпаңы - осы сықылды кейіпкерлердің рольдерін ойнаса жақсы шығады» - дейді.

Қазақстан өміріндегі елеулі кезеңді бейнелейтін «Турксиб» драмасыныңбірінші суретінен ықшам, жинақы, көркем, драматургиялық техника шеберлігін көруге болады. Кішкентай бір көріністе өнер заңдылықтарын жіті білетін қаламгердің қолтаңбасы сезіледі.

Түркістан - Сібір жолын салудағы жаулық, дүшпандық әрекет жасап баққан зиянкес элементтердің әркеттері мен пьеса соңында олардың әшкерленуіне арналған «Түрксиб» туындысы Ілиястың драмадағы алғашқы тәжірибесі. Пьесаға қатысушылар әр деңгейдегі адамдар - райком хатшысынан бастап, қарапайым еңбек адамдары мен жаңа өкіметке қарсы шыққан, астыртын жүріп зиян жасаушылар тобы.

Кеңес өкіметіне карсы жаулық әрекеттер жасаушылардың саны көбейіп, сол жөніндегі фактілер көтеріліп, осыған орай өкіметтің арнайы қаулысы да шығады. «Түрксиб» пьесасы қазақ әдебиетіндегі драматургия саласы бойынша өндіріс тақырыбына арналған тұңғыш туындылардың бірі. Драматург өзі онша таныс емес техникалық тетіктер мен материалдарды мейлінше әбден зерттеп, екшеп жинап алғаннан кейін шығармаға бет алғандығы айқын аңғарылып тұр. Темір жол салушылардың өмірін қиялдан шығару қанша күрделі болса да жазушы өзінің белгілеген мақсатына жете білген секілді. Орыс инженерлері мен жүмысшылары Гусаров, Мухин, Зонин, Гатс және т.б. өкілдердің қазақ даласының қыр-сырын өмір-тіршілігін жете сезініп, сол жердің тұрғылықты адамдарымен тіл табыса келе, оларға білген-түйгендерін ерінбей-жалықпай үйретеді. Ғасырлар бойы мүлгіген, меңіреу жатқан сайын даланы дүбірге, жан бітірер қимыл-қозғалысқа келтіреді. Қазақ жұмысшыларының талапкер, күрделі техниканы тез меңгеріп, іске қосқанын, бауырмал, қонақжай адамдар екенінің куәгері болады.

Табиғаттың сұрапылы мен еңбектің ауырлығы адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақындатса, арам пиғылдағы зиянкестер -Емельянов, Колька, Сыдық сияқтылар тек жүмыс ырғағын бүзып қана қоймай, қалыптасқан достық пейілді қараламақ әрекетке көшеді. Ауыртпалық, түсініспеу тағдыр тәлкегі, ар-намысқа тию, эмоциялық бедер және т.б. түрлі қатпар-белестерден түратын туындыда әр нәсіл мен ұлттан тұратын адамдардың берекелігі, тіл табысуы әрдайым өз мақсатына жететіндігін айғақтайтын идея осы пьесаның он-бойынан табылады.

Ілияс Жансүгіровтің «Райхан» атты бес суретті драмасы төңкерістен кейінгі кездегі қала өмірінен алынған қою сюжетті пьеса. Бай әкесі конфискаға ұшырап, шаңырағы ортаға түскен отбасының қызы Райхан қалаға оқу, жұмыс іздеп келіп, тағдыр тәлкегіне түседі. Азды-көпті таныстығы бар, Имаш мен Күләйдің шаңырағына келіп паналап, кейін қамқор бола білген, сергек ойлы Нұрайдың көмегімен акушерлік техникумға орналасқан Райхан қала өміріне бірден үйренісе алмай, талай ағат істерге ұрынады. Адамдардың сыртқы түс-әлпеті ішкі мінез-құлқына сәйкес келмейтініне, адалдық арамдықпен бірге жүретініне көзі жеткен бойжеткен, өз тағдырын осы күйге өзі жеткізгеніне нала болады.

Пьесадағы оқиға желісі мен кейіпкерлердің арасындағы қарым-қатынас, идеялық-көркемдік позициясы мен композициялық ерекшелігіне қарағанда шығарма моральдік-психологиялық драмаға жақын туынды.

Негізгі тартыс ыңғайы бірінші перденің соңғы көріністерінде, сахнаға Райханның шығуынан бастап айқындалады. Райхан қалаға тұңғыш рет келгенімен, оң мен солын ажырата алмайтын, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен салпы етек емес, сен тұр, мен атайын деген пысық қыз; бірден Имаштың әйелі Күләйді майлы ішекше айналдырып, іші-бауырына кіріп кетеді. Екінші суреттегі алғашқы диалогтар Имаш пен Райханның бірталай жерге барғандығын, әйелім бар деп еркек, оң жақтағы қызбын деп бойжеткен өздерін ұстай алмай, құмарлық жетегіне кеткенін көрсетеді. Сезім, сүйіспеншілік табыстырмай, қомағайлық, бақай есеп қауыштырғаннан, кімдер үшін болсын мұндай жалғасудың соңы кейіс, реніш, тіпті бір-бірімен жауласып, өштесіп, ат кекілін кесіп кету трагедия емес пе?

Драматург адамдар арасындағы жаңа қоғамдық қарым-қатынастар негізінде пайда болған кейбір психологиялық құбылыстарды дәл көре білген. Алдымен Имаш характеріне көңіл бөліп көрсек, Мұхтар Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі «оқыған азаматтарда жатыр» дегенге келеді. Ескі қазақ рәсіміндегі жігітшілік бұлар үшін жол болмай қалған. Имаштар мұндай сезім байлығынан жұрдай, олардікі үзіп-жұлқып оқыған Еуропа романдарынан тапқан «дон-жуандық» салқыны. Райхан-Имаштың қалай табысқаны көрсетілмейді, олардың енді бір-біріне оқ атқан, тартысқа түскен шағына куә боламыз. Имаш әйелі ауылға кеткен кездерде қыз құшағынан тартқан ұрлық ләзәттан тояттап, соны іштей үлкен олжа санап, енді ешкімге білдірмей, аман-есен құтылсам деген ниетте. Райхан абырой төгілуді өлімге балаған, халықтың тамаша дәстүрін ұстанған бойжеткен емес, бұрын бай болған, кәмпескеге іліккен жуан жердің бұлғақтап, шолжың өскен тәйтік қызы, әйелін тастаса да, әйтеуір күйеуге тиіп алуды мақсат еткен.

Тартыс Имаш-Райхан арасында. Осы конфликт үстінде екеуінің де рухани дүниесінің жұтаңдығы, сезім кедейлігі, моральдық тұрақсыздығы ашылады. Алғашқыда бауырмал, ақкөйлек көрінген Күләй алдағанға оп-оңай сенетін парықсыз, сезімі қорланғанын ұқпайтын түйсіксіз, топас, намысы күйгенде жігерленудің орнына, ашу шақыратын көк долы болып шығады.

Пьеса сюжетінде тарамдалған, салалы оқиға жоқ, психологиялық кернеу, ширақтық бар, барлық әрекет Райханның аяғының ауыр болып қалуына Имаш кінәлі ме, кінәлі емес пе – осыны айқындаудың сарабында отырады. Бар пәле күйеуінен екендігін сезген Күләй өзгені тастай салып, Райханға пышақ ала жүгіреді. Бұл көріністе сахналық эффект мол: бір жақта ақ безер де көк безер болып, бәрінен танып тұрған Имаш пен күйеуінен айрылып қаупі төнгенін сезген Күләй; екінші жақта – акушерка техникумында оқитын, көп нәрсені бүркемей, өз атымен айтатын ашық қыздар, беті ашылып алған соң, сөзді кесек-кесегімен шығарып жатқан Райхан. Шығармадағы авторлық мұрат, суреткерлік позиция әйелдер бөлімінің бастығы Нұрай образымен сабақтасып жатыр.

Айтылмыш пьесаның идеялық нысанасындағы айқын мақсатпен қоса, көркемдік-структуралық формасында бірталай сапалы сипаттар бар. Тақпақ, қара өлең үлгісіндегі диалог, монологтары мол, негізінен, эпос, тарих, аңыз материалдарын арқау еткен сюжет жүйесін, образдар тұрпатын фольклордан алған пьесалар көптеп жазылып жатқан кезде Ілияс Жансүгіровтің конфликтісі де, сюжеті де, бейнелері де тың, күнделікті өмірдің өзінен іріктеліп алынған құбылыстар бойынша реалистік туынды жасауы берекелі, өнімді қаламгерлік ізденістен туған сәтті қадам-тын.

Автор сұрақ-жауап, тәжіке-айтыс, дау-дода ретінде келетін диалогтар шеңберін әдейі, мақсатты түрде кеңейткен. Кейіпкерлердің өзімен-өзі іштей арпалысқан, ой толғағы қысқан сәттерін дәл бейнелейтін күрделі, ұлғайған, көлемді монологтар ұшырасады. Бұларда синтаксистік, интонациялық, ырғақтық тұрғыдан келгенде драматизм мол. Кейіпкерлер толғауын психологиялық, реалистік монолог қатарына қаймықпай қосуға болады. Кейіпкердің ішкі әлемін, сезім күйін, көзқарасын, бір сөзбен, тұтас тұлғасын танытатын сөз.

Тағы бір көркемдік ерекшелігі – негізгі сценалардағы жинақылық айқын, әрекет жан-жаққа шашырамай, негізінен, екі адамның арасында өтеді. Нұрай қыздар аузымен айтылып жатқан Имашты мансұқ еткен сөздер нақты көрсетілген.Обьективті өмірді ағысын жанды бейнелер арқылы көрсету мақсатындағы драматург әсіресе, Райхан образына қатысты сыншыл идеяны айқын аңғартады.Трагедияда айыпкер жалғыз Имаш емес, ең алдымен қыз намысын аяққа таптаған оның өзі екені ашық айқындалған.

Ілиястың коллективтендіру тақырыбына арналған шығармалар қатарында - бір перделі «Мін де шап» пен «Колхоз тойы» пьесалары бар. Басқа драмалық шығармалармен салыстырғанда, бұл туындыларында комизм мен сатира элементтері жиі ұшырасады, сонымен бірге пьеса өлең түрінде жазылған.

Ілияс колхоздастыру кезеңіндегі ауыл ішіндегі адамдардың енжарлық, керенаулық қасиеттерін сынай отыра, жаңа өмірдің екпіні мен лебін әлі де болса сезіне алмай қаңғалақтап жүрген белсенділердің істің мәнін білмегендіктен көпшілік қауымның наразылығын тудыруы, шаруаны ақсатуы-күлкі тудырар жеңіл сюжеттермен көмкеріп жазған.

Драматург өлең түрінде балаларға арнап бір перделі «Мектеп» атты пьесасын жазады. Жас жеткіншектерге оқу-білімнің маңызы мен мәнін, болашақтағы пайдасын, төрт-бес кейіпкерді қатыстырып көрсетпек болған.

1936 жылы Ілияс Жансүгіров драмалық шығармашылықта аса биікке көтерілгенінің бір белгісі ретінде «Исатай-Махамбет» пьесасынжазады. Бұл пьеса драматургтың ең соңғы туындысы.

«Исатай – Махамбет» қойылымын абақтыға қамалардан бір ай бұрын сахнаға даярлайды, бірақ Ілиястың тұтқындалуына байланысты ол сахнаға шықпай қалады. Қамауға алынудан бiр ай бұрын шамасында I. Жансүгiров өнер iстерi жөнiндегi Басқармамен шартқа отырып, үш актылы, 6 картиналы «Исатай – Махамбет» операсының либреттосын жазып бермекшi едi. Ұрпақтарының қолына жеткені – либреттосы. Бұл екеуі де аяқталмаған «Көбік шашқан» поэмасы материалдарының негізінде дүниеге келген.

Қазан мерекесінің жиырма жылдығына арналып жазылған пьеса 1937 жылдың зобалаңы мен қуғын-сүргін оқиғасына байланысты сахнаға шыға алмады. Ілияс театрда «Исатай-Махамбетті» оқыған тұста тыңдаушылардың бірі болған М.Қаратаев кейін «Қазақ совет әдебиеті» кітабында былай деп жазады: «...1936 жылы жазған, бірақ сахнаға қойылып үлгермеген «Исатай-Махамбет» пьесасы жазушының драматургиясындағы үлкен жеңісі еді. Мұнда ол өткен ғасырдың 30-жылдарында Россия патшасының отаршылдары мен Исатай-Махамбет секілді көтерілістің айбынды басшыларының образдарын жақсы жасаған, әрқайсысын өз ерекшеліктерімен айқын бейнелеген. Ілиястың бай ақындық тілі осы пьесада өзінің қуатын, әуенін, бояуын молынан танытты. Махамбеттің арынды поэзиясының сырын терең ұғыну және оны драмалық образды бере алу - «Исатай-Махамбет» пьесасының кісі таңданарлық қасиеті» , - дейді.

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1611. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия