Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ситуациялық есептер




1 .50 жастағы науқас дисфагиямен түсті,рентгенологиялық зерртеу нәтижесінде өңештің құрсақ бөлігінің асимметриялық тарылуы, өңеш қабырғасы тегіс емес , тістелген тәрізді ,өңештің тарылған бөлігінде қабырғасы қалыңдаған регидті , перисталтикасы жоқ, қатпары тегістелген тарылу аймағының үстінде өңештің супрастениялық астениялық кеңейген.Зақымданған аймақ жұтынғанда және дене қалпын өзгерткенде ығыспайды.Өңештің абдоминальді бөлігі ұзарған , асқазанда газдық (ауалық) көпіршік сақталған .Ацетилхолиндік және карбохолиндік тест сынағы теріс.

Болжама диагноз?

Диагнозды негіздеу мақсатында(жүргізу) қажетті зерттеу әдістері.

Жауабы:Өңеш рагы. Эзофагоскопия биопсиямен.

 

2. 47 жастағы науқас эмоциональді лобильді , қанғаттанарлық тамақтанады.Шағымы тағам өтуінің қиындауы ,тәулігіне 1-2 рет регургитация ,төс артында кезеңді ауру сезімі . Кейде сұйық тағам өтпецйді,ал дөрекі қатты зат өтеді. Қан анализі қалыпты , өңешті рентгенконтрасты зетпен зерттегенде патология жоқ.

Болжама диагноз?

Диагнозды қандай зерттеу әдістері дәлелдейді.

Жауабы:Кардидің ахалазиясы.Эзофаготонокимография.

 

3. 40 жастағы науқас төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Бірнеше жыл ЖИА-мен емделген бірақ ,медиаментозды ем нәтиже бермеген.ЖИА дәлелдейтін ЭКГ мәліметтері жоқ.Ауру сезімі тамақтан кейін мойын аймағындакейін төс артында пайда болады.Құсу және көп лоқсу жеңілдік әкелмейді.

Болжама диагноз?

Диагнозды (дәлелдейтін) толықтыратын зерттеу әдістері.

Жауабы: Дивертикул .Өңешті рентгеноконтрасты зерттеу.

 

4. 20 жастағы науқас суцидальді мақсатта сірке эссенций қышқылын 3 ай алдын ішкен . Қазіргі кезде жедел үдемелі дисфагия .Рентген нәтижесінде өңештің ортаңғы үштен-бірінде тыртықтық стриктура анықтвлды.Диаметрі 2-3 мм аспайды .

Диагноз. Емдік әдісіңіз.

Жауабы: Күйіктен кейінгі өңеш стриктурасы.Өңешті буждау.

 

5. 34 жастағы науқас сілекейдің көп бөлінуі, тамақта қырнау сезіміне , жұтынғанда қолайсыз жөтелге шағымданады. Тамақтан кейінгі кезеңді дисфагия не мойнының ісігі , кейде тағамды жұту үшін мәжбүрлі қалыпта болады.Осы кезде бүлкілдеген дыбыс естілуі , ол ісік жоғалады. Қан анализі қалыпты.

Диагнозыңыз. Зерттеу әдісіңіз.

Жауабы: Цинкер дивертикулы.Өңешті рентгеноконтрасты зерттеу.

 

6.30 жастағы науқас дисфагияға шағымданады(тамақтан кейінгі төс артындағы тұйық ауыру сезімі, кейде регургитация) 2 жылдан беі ауырады.Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, аз-аздан тамақтанады.ЖҚА-де өзгерістер жоқ.Рентгенологиялық көрінісінде ІІ дәрежелі ахалазия белгілері анықталады.

Емі?

Жауабы: кардиодилятация

7.44жастағы науқас төс артындағы ауыру сезіміне, енжарлыққа, ден қызуының 39⁰С-қа дейін жоғарылауына шағымданады. 3 күн бұрын ФЭГДС жүргізілген, содан кейін төс артындағы ауыру сезімінепайда болған.Жалпы жығдайы ауыр, тахикардия 110/мин,лейкоцитоз 23-ке дейін.Рентгенограммада көкірекаралық шекараларының кеңеюі мен контрасттың плевра қуысына құйылуы анықталған.

Диагнозы? Емдеу тактикасы?

Жауабы: медиастинитпен асқынған өңештің энтерогенді зақмдануы. Операция.

 

8. 65 жастағы науқас тамақтану кезінде балық қылтанағын жұтып қойған, төс артындағы ауыру сезімі, бөгде зат тұрғандай сезім мен гиперсаливация байқалған.2 сағаттан кейін хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілген.

Диагнозы? Емдеу тактикасы?

Жауабы:өңештегі бөгде зат. ЭФГДС, балық қылтанағын алу.

 

9.46 жастағы науқас төс артындағы ауыру сезіміне және жауырын аймағындағы көлемді құсудан кейінгі пайда болған күшті ауыру сезіміне шағымданып клиникаға жеткізілген.Науқас шок жағдайында, дене қызуы – 39,4⁰С, лейкоцитоз 20 сол жақ плевра қуысы мен көкірек аралығында ауа мен сұйықтық жиналған.

Алдын-ала қойылған диагноз?қосымша зерттеу, емі?

Жауабы:өңеш перфорациясы, эзофагоскопия,операция.

 

10.45 жастағы науқас тамақтан соң еңкейгенде , жатқан қалыптапта күшейе түсетін төс артындағы күйдіру сезімі мен қыжылдауға шағымданады. Жиі ас содасын қабылдайды, ол қиналғанын азайтады.

Алдын-ала қойылған диагноз?диагностикалық тәсілдері?

Жауабы:рефлюкс эзофагит. Эзофагоскопия.Трен-2 қалпында контрастты зерттеу.

 

11. Клиникаға 32 жастағы науқас ауыр жағдайда әкелінді. Жалобы на Әлсіздік пен тамақ жүрмеуіне шағымданады. 5 жыл бойында ауырады. Ауруханада кардия бөлігінің жиырылуы ауруымен дәрі дәрмекпен емделген. Арық, қоректенуі азайған. Қан қысымы - 100/60 мм. рт. ст. жүрек соғысы – 82. Қан құрамында қан аздық, протеин жетіспеушілігң. Рентгендік зерттеуде өңештің құрсақ бөлігі тарылуынан үстіңгі бөлігі S-тәрізді кеңейгені анықталды (төңкерілген май шам тәрізді).

Ауру түрі. Емдеуі.

Жауабы: Кардия бөлігі жиырылуының 4 сатысы. Өңешті алып тастап алмастыру.

 

12. 26 жастағы науқас ауруханаға аракідік тамақ жүрмей қалуымен шағымданды. 1 жыл бұрын бәстесемін деп бірден бір шөлмек арақты ішіп қойған. Содан кейін аракідік тамақ жүрмей қалатынын байқаған. Қан құрамы бір қалыпты. Рентген зерттеуі мен ФГДС-те бұзылыс жоқ.

Алдын - ала ауру түрі. Қосымша зерттеу қандай?

Жауабы: Кардия бөлігі жиырылуының 1 сатысы. Эзофаготонокимо-графия.

 

13. 17 жастағы науқас өлемін деп жарты сағат бұрын сірке қышқылы ерітіндісін ішкен.

Қандай алғашқы жәрдем көрсету керек? Қандай дәрігерлік көмек керек? Қандай арнайы көмек керек?

Жауабы: 1) Сұйықтық көп ішу керек (су, сүт), асқазанды жуу, қарсы дәрі ішуі керек.

2) шокқа қарсы ем.

3) уыттануға қарсы емдер, жіті бүйрек жетіспеушілігінің алдын алу.

14. 43 жастағы науқаста рентгендік зерттеу кезінде өңештің төменгі бөлігінде дивертикул анықталған, көлемі 2,5х1,5х2,0см. Шағымы жоқ. Қоректенуі біршама, қан құрамында бұзылыс жоқ.

Ауру түрі. Емдеуі.

Жауабы: Көкет үсті дивертикулі. Диета.

 

15. 43 жастағы науқас ауруханаға тамақ жүрмей қалуымен, әлсіздікке шағымданып түскен. Науқас бірнеше рет күйіктен кейінгі өңештің тарылуымен емделген. Өңешті түтікшемен кеңейтуден кейін тамақ ішуі жақсарып отырған. Өңешті соңғы кеңейту 3 ай бұрын жасалған. Рентгендік зерттеуде өңештің кеуде бөлігінде ұзындығы 15см. тыртықтан тарылуы бар.

Емдеу шарасы.

Жауабы: Өңешті алып тастап алмастыру.

 

16. 35 жастағы науқас ауруханаға тамақ жүрмей қалуымен, төс артындығы ауру сезімімен, тамақ қайтаруымен шағымданып түскен. 3 жыл бойында ауырады. Бұрын аракідік тамақ жүрмей қалуы болғанын айтады. Қою тамақ еркін өтетін, ал сұйық тамақ қиындықпен отеді. Рентгендік зерттеу кезінде кардия бөлігі жиырылуының 2 сатысы белгілері бар. Қан құрамында өзгеріс жоқ.

Емдеу шарасы.

Жауабы: Кардиодилятация.

 

17.Науқас 38 жаста. Ауруханаға әлсіздікке, бас айналуға, қара нәжіске шағымданып түсті. Соңғы 3 тәулікте әлсіздіктің өршуімен бас айналуы мазалады. Аспирпн қабылдаған. Бронхитпен ауырады, анамнезінде гастрит бар. Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт түсті. АҚ 100/60 мм.сб. Пульсі 94 рет мин. Hb-84 г/л.

Болжама диагноз. Диагностика.

Жауабы: Эрозивті гастрит, қан кетуімен асқыну. ФГДС.

 

18. Науқас 70 жаста,20 жылдан бері асқазанның ойық жара ауыруымен зардап шегеді. Бірнеше рет амбулаторлы және стационарда емделіп шыққан. Бір жыл бұрын асқазан-ішектен қан кетудің жеңіл дәрежесіне консевативті ем қабылдаған. Ауруханаға түскен кезде 5 сағ бұрын қою кофе түсті құсық, мелена және қысқа уақытқа есінен айырылу болған. Жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындысы бозғылт. АҚ70/40 мм.с.б.б . Пульсі 100 рет мин. Эритроциттері -2,4 мин.Hb-64г/л. ФГДС те асқазанның кіші иінінде каллезді жара қызыл тромбпен, астынан қан ағады. Қосымша аурулары: ЖИА, гипертониялық ауру, қант диабеті.

Диагноз. Емдеу тактикасы.

Жауабы;Қан кетумен асқынған, асқазанның ойық жара ауруы. Жедел операция.

 

19. Қабылдау бөліміне 32 жасар науқас, әлсіздікке бас айналуға, кофе тәрізді құсыққа, қара түсті нәжіске шағымданып түсті. Бұл шағымдар көп мөлшерде ішімдік ішкеннен соң пайда болды. Бұрын бұндай жағдай болмаған, дені сау болған. Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары бозғылт. Іші пальпация кезінде жұмсақ, эпигастральді аймақта ауру сезімі бар. Перитониальді симптпом бар. АҚ120/70 мм.сбб. Пульс-96 рет мин. Эритроциттер-3.2 мин, гемоглабин 82г/л.

Алдын ала диагнозының. Диагностика. Жауабы: қан ағумен асқынған, эрозивті гал. Трит.ФГДС.

 

20. Науқас 36 жаста ауруханаға жедел түрде ауру басталысымен 3 сағ соң түсті. 5 жылдан бері он екі ішектің ойық жара аурумен зардап шегеді. Ішіндегі қатты ауру сезіміне шағымданады. Оң жақ бүйірімен екі аяғы ішіне бүгілген күйінде мәжбүрлік қалыпта жатыр. Тері жабындылары бозғылт,пульсі-160 рет мин. АҚ 90/60 мм.сб. Іші демалу актісіне қатыспайды. Пальпация кезінде алдыңғы іш қабырғасында тақтай тәрізді кернелуі, барлық аймағында ауыру сезімі байқалады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Жалпы шолу ренгенографияда диафрагманың оң жақ күмбезі астында орақ симптомы бар.

Диагноз. Емдеу тактика.

Жауабы: он екі ішектің ойық жарасы. Перфорациямен асқынған. Жедел операция жасау.

 

21. Науқас 45 жаста. Ауруханаға эпигастральды аймақтағы ауру сезімімен, ауру басталған соң, 7 сағ соң түскен. Анамнезінде он екі елі ішектің ойық жарасымен тіркеуде тұрады. 2сағ бұрын қанжар сұққандай ауру сезімі байқала бастады, бірақ толығымен жоғалған жоқ. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Науқас оң жақ бүйірімен аяғын ішіне бүгіп, ыңғайлы мәжбүрлік қалыпта жатуға тырысады. АҚ -100/60мм.сбб. Пульс -96 рет мин. Іші керілмеген, симметриялы пальпацияда эпигастри аймағында ауру сезімі және осы жердегі бұлшықеттердің кернелуі байқалады. Тітіркену симптомы байқалмайды. Лейкоцитоз-10000.

Диагностика.

Жауабы:Жабық перфорациямен асқынған он екі елі ішектің ойық жара ауруы.

ФГДС және пневмо гастроскопия.

 

22. Науқас34 жаста ауруханаға іштегі қатты ауру сезімімен түсті. 5 сағ бұрын кенеттен ішінде қанжар сұққандай қатты ауру сезімі пайда болды. Ұзақ уақыт бойы периодтты түрде эпигастриде ауру сезімі, қыжыл байқалған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. АҚ-110/70 мм.сбб, пульсі-86рет мин.Тілі құрғақтау, ақ жабындымен жабылған. Іші кернелген, ішке тартылған, пальпация кезінде эпигастриде және Щеткин-Блюмберг симптомы байқалады. Лейкоцитоз-12мың.

Алдын ала диагноз.Диагностика.

Жауабы: перфорациямен асқынған, ойық жара ауруы. Іш қуысына жалпы ренгенография жасау.

 

23. Науқас 50 жаста ауруханаға эпигастрий аймағындағы, арқаға таралатын ауру сезіміне және құсуға шағымданып түсті. 6 күн бойы өзі емделген. 10 жыл бойы он екі елі ішек ойық жарасымен зардап шегеді. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тамақ ішуі азайған. Тері жабындаларының түсі қалыпты. АҚ-130/80 мм.сбб, пульс-82 рет мин. Іші кернелмеген, жұмсақ, эпигастриде ауру сезімі. Іш астардың тітіркену симптомы жоқ. Лейкоциттер-11000. Зәр диастазасы -1024 ед. Іштің жалпы шолу ренгенографиясында патология жоқ. Алдын ала диагноз. Зерттеу әдістері.

Жауабы: он екі елі ішектің ойық жара ауруы. Стеноз белгісімен. ФГДС, асқазан ренгенографиясы.

 

24. Науқас 44 жаста .Эпигастрий аймағында тамақ ішкен соң 3сағ кейін пайда болды. Аш қарында периодты ауру сезіміне шағымданып, дәрңгерге қаралды. Айына бірнеше асқазан аймағында айқын дискомфорт және жіңілдік әкелетін құсу байқалады. Диета сақтағанда жағдайының жақсаруы байқалады. Жарты жыл ішінде 6кг салмақ тастаған. 6 жылдан бері аурудың мезгілдік сипаты байқалады, түңгі және аш қарынға. Осы уақытқа дейін медициналық көмекке жүгінбеген.

Алдын ала диагноз. Диагностикалық әдістер.

Жауабы: Стеноз пайда болған, он екі елі ішектің ойық жара ауруы.

 

25. Науқас 56 жаста ауруханаға әлсіздікке, арықтауға, құсуға шағымданып түсті. Тамақтан соң құсу болатындықтан науқас бір ай бойы дұрыс тамақтанбаған. 14 жыл бойы он екі елі ішек ойық жара ауруымен зардап шегеді, бірнеше рет амбулаторлы және стационарлы ем қабылдаған. Бір жыл ішінде 20 кг салмақ тастаған . Жалпы жағдайы ауыр. Тері тургоры төмендеген, тәбеті төмендеген. Тері жабындылары бозғылт түсті. АҚ-100/60 мм.сб, пульс-74 рет мин.

Алдын ала диагноз.Диагностика.

Жауабы: Он екі елі ішектің декомпенсция сатысындағы ойық жара ауруы. Асқазанның ренгенографиясы.

 

26. Науқас 48 жаста ауруханаға жүрек айнуы, лоқсуға, оң жақ қабырға астының ауырсынуына және кернеуіне шағымданып түсті. Бұл жағдайды тамақ қабылдап болғаннан кейін пайда болатынын байқады. Қабылдаған тағамды бөлшектерімен лоқсуын айтады. Өтпен көп мөлшерде құсу болады, содан кейін жағдайы жақсарады. Жарты жыл бұрын асқазан жарасына Бильрот-2 бойынша резекция жасалған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, аз-аздап тамақ танумен. Қан талдауында патология жоқ. Іш қуысының УДЗ патология анықталған жоқ.

Болжама диагноз. Диагностика.

Жауабы: Ішектің әкелуші ішек синдромы. АІЖ рентгеноконтрасты зерттеу.

 

27. Науқас 34 жаста, ауруханаға эпигастрий аймағының ауырсынуға, қыжылдауға, кекіруге шағымданып түсті. Өткен жылы 12 елі ішектің ойық жара ауруына, тарылуымен асқынған, Бильрот-1 бойынша резекция жасалған. 5 айдан соң операциядан кейін ұзақ уақыт бойы мазалаған белгілер қайталаған. Үш айда 2рет қара түсті нәжіс болған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, аз тамақтанумен. Қан талдауында патология жоқ.

Болжама диагноз. Зерттеу әдістері.

Жауабы: анастамоздық пептикалық жарасы. ФГДС.

 

28. Науқас 36 ж, ауруханаға әлсіздікке, бас айналуына, ыстықтық сезіміне, ішінің толу сезіміне шағымданып түсті. Бұл жағдай сүт өнімдерін қабылдағаннан кейін көрініс береді. Тағам қабылдағаннан соң науқас горизонтальді қалыпқа келуге мәжбүр және 15мин соң ауру көріністері жоғалады. 1 ай бұрын асқазан жарасына Бильрот-2 бойынша операция болған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, аз тамақтанумен. Қан талдауы қалыпты мөлшерде.

Болжам диагноз. Емі.

Жауабы: Демпинг синдром жеңіл дәрежесі. Диета(Емдәм)

 

29. Науқас 42 ж, ауруханаға эпигастий аумағының ауруына, өтпен құсуға, немесе өтпен қосылған асқазан заты, лоқсуға шағымданып түсті. 2ай бұрын асқазанның пилорикалық бөлімінің жарасының тыртықты тарылуына Бильрот-1бойынша резекция жасалған. Ауру сезімі және құсудан науқас тамақ қабылдауды шектеген және салмағы азайған. Кейде қан аралас құсу және нәжіс болған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тамақтануы төмен АҚ 120/80 мм. с.б.б , пульс 86'. Эр 3,7 млн. Hb 90 г/л. ФГДС-те асқазанның культиясының шырышты қабатының эрозиясы, өттің асқазанға өтуі.

Диагноз. Емі.

Жауабы: Сілтілі рефлюкс-гастрит. Консервативті ем.

 

30. Науқас 56 жаста, әлсіздікке, шаршағыштыққа, салмағының азаюына шағымданады. Операциядан соң еш қалпына келе алмай жатыр. Жарты жыл бұрын асқазан жарасына Бильрот-2 бойынша резекция жасалған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тамақтануы төмен. Тері жабындылары бозғылт түсті. АҚ 120/80 мм. с.б.б, пульс 78' рет, Эр 2,8 млн. Hb-62 г/л. ФГДС-те, рентгенологиялық зерттеуде, УДЗ іш қуысы ағзаларының органикалық өзгерістер жоқ.

Диагноз. Емі.

Жауабы: резекциядан кейінгі анемия. Емі консервативті.

 

31. Науқас 48 ж, тамақтан соң күшейетін оң жақ қабырға асты ауырсынуына және кернеуіне шағымданады. Жиі өт аралас құсудан болады, құсудан соң жеңілдік сезінеді. Бір жыл бұрын асқазан жара ауруына Бильрот-2 бойынша резекция жасалған. Рентгеноконтрасты зерттеуде ішектің әкелуші ілмегі контрсты затпен тез толады және ұзақ ұсталады.

Диагноз. Емі.

Жауабы: әкелер ішектің ілмек синдромы. Консервативті емі тиімсіз болса операция.

 

32. Науқас 36 ж, ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Әлсіздік және арықтауға шағымданады. 3 жыл бұрын 12 елі ішектің жара ауруына Бильрот-2 бойынша резекция жасалған. Сүт өнімдерін қабылдағаннан соң ыстықтық сезім, діріл, жүрек соғуығ бас айналуын байқаған. Горизантальді қалыпқа келуге мәжбүр болған. 20 мин соң бұл көріністер жоғалған, бірақ соңғы айларда кез-келген тағамға бұл көріністер қайталана берген науқас тағамнан бас тартқан. Науқас арықтаған, тері жабындылары бозғылт түсті. АҚ 100/60 мм. с.б.б, пульс 78' рет. Эр-3,6 млн. Hb 86 г/л. Рентгенологиялық зерттеуде контрастың ішек ілмегіне тездетілген пассажы анықталды.

Диагноз. Емі.

Жауабы: Демпинг синдромы ауыр дәрежесі. Оперативті ем.

 

33. Науқас 54 ж, ауруханаға кофе тәрізді құсуға, нәжіске, әлсіздікке, бас айналуына шағымданып түсті. Өткен жылы қан кетумен асқынған асқазанның жара ауруына Бильрот-1 бойынша резекция жасалған . жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт түсті. АҚ 70/40 мм. с.б.б, пульс 120' рет, Эр 2,3 млн, Hb 54 г/л. ФГДС-те мөлшері 1,5˟1,0см жара анықталды.

Диагноз. Емі.

Жауабы: Анастамоздық пептикалық ойық жарасы. Операция.

 

34.Науқас 30 ж, жұқпалы аурулар ауруханасынан диареямен түскеннен соң ауыстырылған. Жұқпалы аурулар ауруханасында тексерілген, жұқпалы ауру анықталмаған. Жарты жыл бұрын Финней бойынша 12 елі ішектің пиязшығына пилоропластикамен селективті-проксимальді ваготомия операциясы жасалған. Операциядан соң тұрақсыз нәжіс, іш өту байқалған. Соңғы уақытта кез-келген тағам түрінен соң іш өту көп мазалайтын болды. Көп мөлшерде салмақ жоғалтты. ФГДС-те патология жоқ.

Диагноз. Емі.

Жауабы: Ваготомиядан кейінгі диария. Асқазан резекциясы.

 

35. 47 жастағы науқас ауруханаға іш қуысындағы қатты ауру сезіміне шағымданып түскен. 4 сағат бұрын шамасында бірден қатты ауру сезімі болған «пышақпен ұрғандай» тәрізді. Бір жыл бұрын асқазанның ойық жарасы ауруымен асқазанды Бильрот – 2 әдісімен кесу операциясы болған. Жалпы жағдайы ауыр. Іші қатты тірелген, ағаш тәрізді, Щеткин-Блюмберг белгісі іштің барлық бөлігінде оң. Іш қуысының шолу рентген зерттеуінде іш қуысында ауа бар.

Ауру түрі. Емдеуі.

Жауабы: Тесілумен асқынған пептикалық ойық жара. Операция.

36. Науқас В. 55 жаста. Анамнез: кешкі асты ішкеннен кейін 3-4сағат өткенде сау отырып кенеттен оң жақ қабырға астында қатты ауру сезімі пайда болып, оң жақ жауырынға берілген. Екі рет өт аралас құсық болған.
Қабылдау бөлімінің хирургі науқастың бетінен қиналғандығын және дене қызуының 38, 5°С болғандығын, тахикардия, тіліндегі ақ жабындысын анықтаған. Ішін тексеру барысында оң жақ қабырға астындағы қатты ауру сезімін, бұлшық етінің қатайғандығын және Ортнер симптомы мен френикус-симптомы оң болғандығын анықтаған. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, басқа аймақта ауру сезімі жоқ.

Алдын ала диагноз қойыңыз.

Жауабы: Жедел холецистит.

 

37. Науқас, М. 34 жаста ұзақ уақыт бойы созылмалы калькулезды холециститпен ауырады, бірнеше рет қысқа мерізімді аурудың өршуі болған. Екі рет терісінің сарғаю болған. Науқасқа бірнеше рет операция нұсқалған.
Өт тас ауруының қандай асқынулары болуы мүмкін? Операцияға дейін қандай зерттеулер жүргізілуі керек?

Жауабы: ӨТА. Созылмалы калькулезды холецистит. Холедохолитиаз.

РХПГ ,ЭПСТ.

38. Науқас, К. 45 жаста. Тексеру кезінде өт қалтасының үлкейгендігі, аздап ауру сезімі байқалуда. Үш апта бұрын оң жақ қабырға астында қысқа мерізімді ауру сезімі болған. Содан бері оқта-текте оң жақ қабырға астында тұйық ауру сезімі және ауырлық пайда болған. Сарғаю көрнісі жоқ. Пальпация барысында оң жақ қабырға астында тегіс және қозғалысы шектеулі, қатты түйін табылған. Перитонит белгілері жоқ. УДЗ –де өт қалтасының кенеттен үлкейгендігі, қуысында және мойнында тас анықталған. Жалпы өт өзегі қалыпты.
Алдын ала қойылатын диагноз. Емдік тактикаңыз қандай?
Жауабы:Жедел окклюзиялық холецистит. Науқасқа операциялық ем көрсетілген.

 

39. Науқас Т., 63 жаста. Науқас көп жылдар бойы ӨТА ауырған, қолында бірнеше рет жасалған УДЗ қортындысы бар. Екі күн бұрын сондай шаншу оң қабырға астында қайталаған, дене қызуы көтеріліп , құсқан.
Науқастың жалпы жағдайы ауыр, тері жабындысы бозарған. А/Д120/80, пульсі 120 рет минутына. Пальпация кезінде ішінің оң жақ жартысында қатты ауру сезімі бар және бұлшық етінің қатайғандығы анықталған. Перкусия: тұйықталған дыбыс анықталуда. Іштің оң жағында Щеткин –Блюмберг симптомы айқын. Қан құрамында - лейкоцитоз (19, 6х109/л), нейтрофильдердің сол жаққа ығысқан.


Алдын ала қойылатын диагноз.

Жауабы: Жедел деструктивті холецистит. Перитонит. Науқасқа шұғыл түрде операция көрсетілген.

40. Науқас Т., 80 жаста, соңғы кездері бауыр шаншуына жиі шалдығатын болған. УДЗ жасалған – ӨТА. Науқастың қосалқы аурулары
инфарктен кейінгі кардиосклероз, ЖИА, гипертония, жыпылықтау аритмиясына байланысты операция жасалмай , консервативтік ем жасалған. Сол жасалған емге ауру сезімі басылмаған. Оң жақ қабырға астында ауру сезімі жалғасуда және дене қызуы жоғары. УДЗ жасалған- жедел калькулездыхолецистит.Емдіктактикаңызқандай?
Жауабы:Науқасқа азинвазивті микрохолецистостомия жасалуы тиіс.

41. Науқас К., 62 жаста, алты күн бұрын тері жабындысы сарғайған, зәрі өзгерген және нәжіс түсі ақшыл. Ішінде ауру сезімі болмаған. Дене қызуы 36. 6°С . Тексеру барысында оң жақ қабырға астында кенеттен үлкейген өт қалтасы анықталған.

Аталған қандай симптом, алдын ала қойған диагноз.

Жауабы: Курвуазье симптомы. Ұйқы безінің басының қатерлі ісігі.

 

42. Науқас, А., 48 жаста, қабылдау бөліміне жедел флегманозды холецистит, жергілікті перитонит диагнозымен келіп түскен. Науқасқа консервативтік ем тағайындалған. Алты сағаттан кейін, ішінде қатты ауру сезімі пайда болып, денесінен мұздай тер шыққан. Пульс 120 минутына . Тексеру барысында іші қатты, бұлшық еті керілген, ішастардың тітіркендіру Щеткин—Блюмберг симптомы барлық аймақта оң.

Науқаста қандай асқыну пайда болды? Емдеу тактикаңыз қандай?

Жауабы: Өт қалтасының тесілуі. Науқасқа шұғыл операция жасалуы тиіс.

 

43. Науқас, У., 49 жаста. Науқасқа шұғыл түрде операция жасалуда, жедел флегманозды холецистит, механикалық сарғаю диагнозына байланысты. Жалпы өт өзегі кеңійген, көлемі 13 мм, өт қалтасы өзегінен тұнық емес өт және фибрин шөгіндісімен өт құмы шығуда. Интраоперациалық холангиография жасалған, холедохтың төмнгі бөлігінің өтімділігі жақсы, бұзылмаған.

Бауырдан тыс өт жолдарында қандай патологиялық процесс? Қандай шара қолданасыз?

Жауабы: Науқаста калькулезды холангит. Операцияны холедохты дренаждаумен аяқтау керек.

 

44. Науқас У.,57 жаста, операция жасалуда жедел флегмонозды холециститке байланысты. Тексеру кезінде өт қалтасының мойнында қатты қабыну инфильтраты және гепатодуоденальды байламдағы элементтер көрінбейді.

Қандай тәсілмен холецистэктомия жасалуы тиіс?
Жауабы: Өт қалтасының түбінен холецистэктомия жасалуы тиіс.

 

45. Науқас У ., 68жаста, 3 күн бұрын оң жақ қабырға астында қатты ауру сезімі пайда болып, өз бетінше басылған. 10 сағаттан кейін ауру сезімі қайтадан басталған. Бірнеше рет құсқан. Дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген. Бұрын УДЗ жасалып, өт қалтасында тас анықталған. Науқас жағдайы орташа дәрежеде, тілі құрғақ, пульс 98 минутына. Іш пішіні дұрыс, оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар, өт қалтасы анықталуда. Ортнер және Мюссе симптомдары оң. Щеткин— Блюмберг симптомы тек оң жақ қабырға астында байқалуда.

Диагнозы қандай және емдеу әдісіңіз?

Жауабы: Жедел калькулезды деструктивті холецистит. Науқасқа хирургиялық ем көрсетілген.

 

46. Науқас 48., жаста үшінші күні ауруханаға келіп түскен. Шағымы: оң жақ қабырға астында ауру сезімі, құсу, лоқсу, дене қызуы 38°С. Науқас бронх астмасымен ауырады. Науқастың жағдайы орташа, тыныс алуы минутына 30 рет, тілі құрғақ, пульс 110 минутына. Іші қатайған, оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар, өт қалтасының түбі анықталуда. Сол аймақта Щеткин Бюмберг симптомы және Ортнер, Мэрфи, Мюсси симптомдары байқалуда. Лейкоцитоз—18Х10^/л. 12 сағат жасалған консерватитік ем нәтижесі болмады, науқас жағдайы жақсармады, дене қызуы басылмаған.

Науқасқа қандай ауруға байланысты және қандай операция жасалуы керек?

Жауабы: Жедел деструктивті холецистит. Операция – холецистэктомия.

 

47. Науқасқа жедел холециститке байланысты операция жасалуда, хирург операция кезінде холедох—15 мм үлкейгендігін, пальпациялау кезінде 2 конкремент анықтаған. Интраоперациялық холангиографияда контрасттың он екі елі ішекке кедергісіз өткендігін көрсеткен. Өт қалтасын алғаннан кейін өт қалтасы өзегінен тұнық есес фибрин шөгіндісі бар өт аққан.

Холедохтағы өзгерісті қалай бағалайсыз? Осы өзгеріске байланысты не істелу керек?

Жауабы: Науқаста калькулезды холангит. Холедохолитотомия және сыртқа дренаж қалдыну керек.

48. Нуқас жедел флегмонозды холецистит клиникасымен ауруханаға келіп түскен. Шағымы: үшінші тәулікте дене қызуы 38°С дейін көтерілген, терісі сарғайа бастаған. Ауру сезімі өршімеген, перитонит көрнісі жоқ. Қандағы билирубин —80 мкм/л, лейкоциттер — 18Х 10"/л.

Қандай асқынулар болуы мүмкін? Емдеу тактикасы қандай?

Жауабы: Науқаста өт жолдарының бітелу салдарынан іріңді холангит дамыған. Шұғыл операция жасалуы тиіс.

 

49. Науқас Д., 65 жаста, ӨТА ауруымен ауырғанына он жыл болған. Соңғы рет қатты ауру сезімі болған. Науқас хирургия бөлімшесіне жатқызылған. УДЗ кезінде өт қалтасында 4 – 5 мм болатын гиперэхоструктурлы көлеңке табылған. Науқасқа жасалған консервативтік ем нәтижелі болған. Ауру сезімі басылып, жағдайы біршама жақсарған.

Диагнозы қандай? Қандай хирургиялық ем жасалуы тиіс?

Жауабы: ӨТА. Созылмалы қайталанған калькулезды холецистит. Лапароскопиялық холецистэктомия жасалуы керек.

 

50. Науқас Ю., 58 лет, жедел жәрдем көмегімен хирургия бөлімшесіне келіп түскен. Науқастың айтуынша екі тәулік болған ауырғанына. Ауру сезімі майлы тамақ ішкеннен кейін басталған, оң жақ қабырға астында қатты ауру сезімі, оң жақ иыққа және жауырынға берген. Дене қызуы 38,3° С дейін көтерілген. Бір рет құсқан. Оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар, бұлшық еті қатайған, Щеткин—Блюмберг симптомы оң. Анализінде лейкоциттер12,0×10 9/л. УДЗ кезінде өт қалтасы үлкейген, мойнында 10 мм болатын тас. Науқасқа спазмолитиктер, антибиотиктер мен новокаинды блокада істегеннен кейін ауру сезімі басылып, жағдайы жақсарған. Пальпация кезінде өт қалтасының түбі анық байқалады. Дене қызуы төмендеген.

Диагнозы қандай? Емдеу тактикасы?

Жауабы: Жедел калькулезды холецистит. Науқасқа операция жасалуы тиіс.

 

51. Науқас В.,56 жаста, ауырғанынан 12 сағаттан кейін хирургия бөлімшесіне жатқызылған. Оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі 5 жыл болған мазасын алғанына. Науқас әрбір ауру сезімінде өзі спазмолитиктер салғызып, дәрігерге қаралмаған. Ауруханаға түскендегі шағымы: оң қабырға астындағы ауру сезімі, құсу, қалтырау мен дене қызуы 38,5° С. болған. Науқас жағдайы орташа дәрежеде, көзінің сарғаюы байқалуда, тілі құрғақ, таза. Іш пішіні өзгермеген, жұмсақ, пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар, бұлшық еті аздап қатайған, Мэрфи, Ортнер симптомдары оң. Щеткин — Блюмберг симптомы оң жақ қабырға астында жоқ. Өт қалтасы байқалмайды. УДЗ өт қалтасы үлкейген, қабырғасы қалың, қуысында 4 - 5 мм көлемінде тас анықталған. Жалпы өт жолы 11 мм, бауырда, ұйқы безінде, бүйректе, көк бауырда патология жоқ. Лейкоциттер 18,0×10 9 /л, СОЭ 26 мм/сағ. Вольгемут әдісімен диастаза 64 ед .
Диагноз және тактика қандай?

Жауабы: Жедел деструктивті калькулезды холецистит. Шұғыл операция жасалуы тиіс.

 

52. Нақас З., 60 жаста, анамнезінде : ӨТА, созылмалы калькулезды холециститпен, қант диабетімен, кардиосклероз қан айналымының II А дәрежесі жетіспеушілдігімен, толығудың III дәрежесімен ауратын болып шықты. Бауыр шаншуы жылына 3—4 рет қайталайтын болған. Жағдайының ауырлығына байланысты хирургтар операцияға алмаған. Бір апта бұрын бауыр шаншуы қайталаған. Ауру сезімімен қатар сарғаю пайда болған, билирубин 126,7 мкмоль/л. УДЗ өт қалтасында тас және билиарлы гипертензия анықталған.

Диагноз және емдеу тактикасы қандай?

Жауабы: Холедохолитиаз. Науқасқа РХПГ жасалуы тиіс, мүмкін эндоскопиялық папиллосфинктеротомия жасап, тастарды алу қажет.

 

53. Науқас , 78 жаста, жедел холециститпен ауырғаннан кейін үшінші тәулікте ауруханаға келіп түскен. ӨТА ауырғанына 20 жыл болған. Аурудың қозуы жиі. Науқастың жасына, өкпе жетіспеушілдігіне, қан айналымының жетіспеушілдігіне, созылмалы бүйрек жетіспеушілдігіне және толығуына байланысты операция жасалмаған. Жасалған консервативтік емнің ешқандай әсері болмаған, дене қызуы жоғары, лейкоцитоз, тахикардия, өт қалтасы айқын үлкейген.
Хирургтың тактикасы қандай болуы керек?

Жауабы: науқасқа миниинвазивті микрохолецистостомия жасалуы тиіс.

 

54. Науқас Е., 72 жаста, жедел флегмонозды холециститке байланысты операция холецистостомия жасалды. Операциядан кейін науқас жағдайы жақсарған, 5—7 тәулікте өзін жақсы сезінген. Тек науқас қалдырылған түтікпен өтке мазасызданады.
Тактикасын анықтаңыз.

Жауабы: Дайындықтан кейін операция – холецистэктомия жасалуы тиіс.

 

55. Науқас, 60 жаста, жедел деструктивті калькулезды холециститке байланысты операция холецистэктомия жасалған. Өт жолдары қалыпты. Операциядан кейін бауырасты кеңістіке қалдырылған түтіктен 50,0-100,0 өт аққан. Перитонит белгілері жоқ.
Өт ағудың себебі ?

Жауабы: Люшке өзегі.

 

56. Науқас А., 38 жаста, Жедел холецистит клиникасымен соңғы жылы 2 рет ауруханаға түскен. Түскен кезде іш астарының тітіркендіруі бар. Терісінің сарғаюы байқалуда, билирубин 64,7 мкмоль/л (тіке). Нәжісі ақшыл түсті. Консервативтік ем нәтижесіз.

Диагнозы қандай? Қандай тәсілмен анықтауға болады? Қандай операция жасалуы мүмкін?

Жауабы: Жедел деструктивті холецистит. Перитонит. УДЗ. Операция – холецистэктомия және өт жолдарын тексеру қажет.

 

57. Науқасқа жедел калькулезды холецистит диагнозымен операция жасалуда. Холецистэктомиядан кейін, өт қалтасының өзегі арқылы холангиография жасалған. Рентгенограммада жалпы өт жолы үлкейген 13 мм. Төменгі бөлігінде контраст сұйықтығының шектелгенін аңғаруға болады, яғни он екі елі ішеке түспейді.

Холангиограмманы қалай бағалайсыз? Тактика қандай?

Жауабы: Науқаста холедохолитиаз өт өзегінің бітелуіне байланысты. Холедохолитотомия.

 

58. Науқас У., 48 жаста, жедел холециститке байланысты операция жасалуда. Операция барысында өт қалтасы үлкен, флегмонозды өзгерген, алынып тасталды. Жалпы өт өзегі 2 см. Холедохотомия жасалып қуысынан 4 тас. (конкременттер 1,0×0,8 см и два 5×5 мм) алынды және балшық тәрізді қоймалжың сұйықтық бар.

Қандайқосымшазерттеулержасалуытиіс?
Жауабы: Интраоперациялық холангиография жасау керек.

 

59. 43 жастағы науқасқа жедел калькулезды холециститке байланысты операция жасалуда. Өт қалтасын алғаннан кейін тексеру барысында жалпы өт жолы 2,5 см дейін кеңейген. Интраоперациялық холангиографияда Одди сфинктеріне жақын контрастың толу дефектісі, тас байқалады. Контраст он екі елі ішекке еркін өтуде. Науқаста сарғаю болмаған.
Хирургнеістеуітиіс?
Жауабы: холедохолитотомия жасап, тасты алуы тиіс.

 

60. Науқас, 64 жаста, жалпы өт жолының бітелуі, механикалық сарғаюға байланысты операция жасалуда. Операция барысында белгілі болғаны фатеров емізікшесінің қатерлі ісігі жалпы өт жолына өсуі анықталды. Өт қалтасының өзегінің өтімділігі бұзылмаған, бірақ өт қалтасы үлкен, созылған.
Қандай операция жасалуы тиіс?

Жауабы: браун соустьясымен холецистоеюноанастомоз жасалған жөн .

 

61. Науқас И., 76 жаста, жедел холецистит клиникасымен үшінші тәулікте келіп түскен. Науқастың жалпы жағдайы орташа, дене қызуы 38,1° С. Пульс 92 минутына. Ішінде тек оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар, сол аймақта бұлшық етінің қатайғанын және өт қалтасының түбі анықталуда. Мэрф, Ортнер симптомдары оң. Басқа аймақта ауру сезімі жоқ. Науқас консервативтік ем қабылдауда. Кенеттен науқас жағдайы нашарлаған, ішінде қатты ауру сезімі пайда болған, терісі бозарған, құсық және ентігу байқалған. Пульсы 120 минутына. Іші кебіңкі, ауру сезімі барлық аймақта, Щеткин - Блюмберг симптомы оң.
Қандай асқыну болуы мүмкін? Емдеу тактикасын анықтаңыз?

Жауабы: Науқаста өт қалтасының тесілуі, перитонит. Шұғыл операция жасалуы тиіс.

 

62. Сіз амбулаториялық қабылдауда отырсыз. Сізге 20 жастағы әйел қабылдауыңызға келеді. Қолында УДЗ қортындысы бар, өт қалтасының ½ бөлігінде көптеген майда тастар бар. Науқаста қандайда бір шағымы жоқ. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты медициналық тексеру кезінде табылған.
Емдеу тактикасын анықтаңыз.

Жауабы: лапароскопиялық холецистэктомия жоспарлы түрде жасалуы тиіс.

 

63. Сізді ақыл кеңес беруге шақырған. 32 жастағы науқасқа 10 күн бұрын операция ЛХЭ іш қуысына дренаж қалдырған, созылмалы калькулезды холециститке байланысты. Анамнезінде жедел шаншулар, сарғаю болмаған. Операция істеген хирургтың айтуынша операция ешқандай техникалық қиындықсыз өткен. Операциядан кейін үшінші тәулікте терісі, склерасы сарғайған. Нәжісі ақшыл түске айналған. Ауруханада жатқаннан бері билирубин деңгейі 244,5 мкмоль/л өскен. Науқасты инфекционист тексерген, гепатит белгілері жоқ.

Қандай асқыну болуы мүмкін? Қандай зерттеу әдістерін пайдаланған жөн?

Жауабы: Бұл жағдайда холедохты қысып қалуы мүмкін, салған түйін.ЭРХПГ жасалуы керек.

64. Хирургиялық бөлімшеге 56 жастағы науқас келіп түскен. Шағымы: оң жақ қабырға астында қатты ауру сезімі. Анамнезінде: бір жыл бұрын калькулезды холециститке байланысты лапароскопиялық холецистоэктомия жасалған. Тексеру барысында терісі сарғайған. Жалпы билирубин – 118,4 мкмоль/л.

Қандай ауру болуы мүмкін? Қандай зерттеу әдісін қолдану керек?

Жауабы: ПХЭС. Холедохолитиаз. ЭРХПГ жасалуы керек.

65. 45 жастағы науқас келіп түскен. Шағымы: терісінің сарғаюы, жалпы әлсіздік. 3 жыл бұрын калькулезды холециститке байланысты операция жасалған. Операция барысында холедохты көлденең кескендігін байқап, кейін оған тігіс салып, дренаж қалдырған. Дренажы үш айдан кейін алынған.

Қандай асқыну болуы мүмкін?

Жауабы: ПХЭС: холедохтың тыртықтанып тарылуы, механикалық сарғаю.

66. 78 жастағы науқас ауруханаға ішінің оң жақ жартысындағы қатты ауру сезіміне, ағзаның улануымен денесінің сарғаюына (жалпы билирубин – 223,6 мкмоль/л, тіке – 198,6 мкмоль/л, АЛТ – 1,6, АСТ – 1,4) шағымданып клиникаға келіп түскен. Анамнезінде 6 жыл бұрын жедел калькулезды холециститке байланысты операция жасалған. ЭРХПГ қортындысы: холедохтың төменгі бөлігінде көлемі 0,3×0,5см болатын тас айқындалған.

Науқасқа қандай шара қолдануын анықтаңыз.

Жауабы: Эндоскопиялық папиллотомия және тасты төмен он екі елі ішекке түсіру қажет.

67. Науқас С.,52 жаста, клиникаға келіп түскен. Шағымы: оң жақ қабырға астында және эпигастри аймағындағы ауру сезіміне, нәжістің ағаруына, зәрінің қошқыл сарылығына шағымдануда. Науқаста осындай сарғаю алты-жеті рет байқалған. Бірнеше күннен кейін өздігінен кеткен. Науқас өздігінен спазмолитиктер қабылдап, емделген. Он жыл бұрын калькулезды холециститке байланысты операция жасалған.

Қандай патологияны ойлаған жөн?

Жауабы: ПХЭС: холедохолитиаз, вентильді тас.

68. Науқас Ю., 65 жаста, жедел деструктивті холецистит, перитонит клиникасымен ауруханаға келіп түскен. Науқасқа жасалған консервативтік емнен ешқандай нәтиже болмаған. Перитонит клиникасы үдеуде. Сол себептен науқас операцияға алынған. Іш қуысындағы ағзаларға ревизия жасау барысында, өт қалтасы үлкейген, қуысындағы өт босамайды, беті инфекцияланған. Бауыр астында, оң жақ бүйір каналында мөлшері 300 мл болатын геморрагиялық сұйықтық бар. Ішпердемен асқазан көлденең тоқ ішек байламында стеарин тамшылары байқалуда. Ұйқы безінің басы үлкейген, қатты.

Диагноз қандай? емдеу тактикасын анықтаңыз.

Жауабы: Науқаста жедел аралас панкреонекроз, екіншілік ферментативтік холецистит ( диагнозды пысықтау үшін ұйқы безін көру қажет, сұйықтықтағы амилазаны тексеру қажет). Операция кіші май қалташасын дренаждау, холецистэктомия және холедохты сыртқа дренаждау қажет.

 

69. Науқас М., 75жаста. Науқасқа деструктивті холецистит, механикалық сарғаю, перитонит клиникасымен операция жасау барысында холедохтың 2,5 см дейін кеңейгендігі анықталған. Холецистэктомиядан кейін өт қалтасының өзегінен тұнық емес өттің аққаны байқалады. Науқастың жағдайының нашарлауына байланысты холедохты сыртқа дренаждаумен операция аяқталды.

Қандай мақсатта сыртқы дренаж қойылды?

Жауабы: абсолютты көрсеткіш холангит көрінісін жою мақсатында, өт жолдарын декомпрессиялау мақсатында және операциядан кейін фистулохолангиографиялық зерттеу мақсатында.

 

70. Науқас К.,54жаста. Ауруханаға қатты ауру сезімі және сарғаю көрнісімен (билирубин – 86,7 мкмоль/л, тіке – 74,2 мкмоль/л) келіп түскен. УДЗ барысында өт қалтасының көлемі (3,5×2,5 см) қуысында 1,0 см дейін ұсақ тастар, холедохта екі айқын емес көлеңке табылған. Науқасқа қосымша РХПГ жасалған, холедохтың супрадуоденальды бөлігінің кеңейгендігі және бірінің үстіне бірі міңгескен екі қалта тәрізді кеңістік байқалуда.

Қандай ауру туралы ойланған жөн.

Жауабы: Кароли ауруы.

 

71.Науқас С., 45 жаста. Өт қалтасында көлемі 2,5 см, болатын тасқа ультрадыбысты литотрипсия жасалған. УДЗ барысында тастың ұнталғаны белгілі болған. Науқас екі тәуліктен кейін ауруханаға қатты ауру сезімімен және механикалық сарғаю көрнісімен келіп түскен.

Қандай асқыну болуы мүмкін?

Жауабы: ұнтақ тастың холедохты бітеуі. механикалық сарғаю.

72: 45 жастағы науқас клиникаға түскеннен 10 күннен кейін гектикалық температура,

қалтьфау, қан формуласының солға жылжуы пайда болды, эпигастрийде инфильтрат пальпацияланады. Сіздің диагнозыңыз?

Жауабы: Шарбы қалтасының абсцесі.

 

73: АІА мен ауыратьш 65 жастағы науқасқа келесі диагноз қойылды: Панкреонекроз. Науқасқа лапороскопия жасалды. Диагноз дәлелденді. Емнің тиімді әдісін таңдаңыз.

Жауабы: Лапороскопиялық санация, шарбы қалтасын дренаждау, реанимация бөлімшесінде консервативті ем жүргізу.

 

74: АІА мен ауыратын 65 жастағы науқас асыра сақтаған емдәмнен кейін іштің жоғарғы бөлігінің белдемелі ауыру сезімі,көп ретті құсу пайда болған. Жағдайы ауыр. Склерасы субэктерильді. ЖСЖ -120 рет минутына. АҚ-90/60 мм.сын.б.б. Тілі құрғақ, ақ жабынмен қапталған. Іші кепкен, жоғарғы аймақтарында ауыру сезімі, бұлшықеттердің ригидтілігі және Щеткин- Блюмберг симптомы анықталады. Іштің төменгі бөлімінде-перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Өт қабы пальпацияланбайды. Ортнер симптомы теріс. Ішек шуылдары әлсіз. «Шалпыл шуы» анықталмайды. Сіздің болжама диагнозыңыз?

Жауабы: Панкреонекроз.

 

75: Стационарға 35 жастағы науқас жатқызылды, шағымдары іштің жоғарғы бөлігінде жедел белдемелі ауыру сезімі, көп ретті тоқтаусыз өтпен құсу. Ауру сезімі 6 сағат алдын қабылдаған көп мөлшердегі алкоголь мен майлы тамақтан кейін пайда болған. Жағдайы орташа ауырлықта, тері түсі қалыпты,ылғалды. ЖСЖ -94 рет минутына.АҚ-110/80 мм.сын.б.б. Іші ісінбеген, эпигастрий аймағы және сол жақ қабырға астында жедел ауыру сезімі,алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Щеткин- Блюмберг симптомы теріс. Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс. Іштің төменгі аймақтарында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы анықталмайды. Перистальтика әлсіз. Стул болмады, газдары кетпеген. Несеп шығару бұзылмаған. Сіздің диагнозьщыз?

Жауабы: Жедел панкреатит.

 

76: Науқаста ұлтабардың ойық жарасы, диареямен бірге. Асқазанды рентгенологиялық тексеруде бұзылмаған эвакуация жағдайында көп мөлшердегі сұйықтық табылған. Перфорацияға байланысты асқазан резекциясынан кейін бір жылдан соң, асқазаннан қан кету дамыған. Қайта операция жасау қажет болған. Алып кетуші ілмектің жарасының гастроэнтероанастомозынан басқа, ұйқы безінің құйрығында диаметрі Зсм ісік анықталған. Бұл ісік:

Жауабы: Ұйқы безінің қатерсіз ісігі.

 

77: Айқын алкогольді мас болу жағдайында 34 жастағы науқас ауруханаға келіп түсті,

шағымдары: іштің жоғарғы бөлігіндегі өткір, тұрақты ауыру сезімі,өт қосылыстарымен аз мөлшердегі көп ретті құсу. Тахикардия, іштің жоғарғы бөлігі қатайған, өткір ауыру сезімі. Щеткин- Блюмберг симптомы анық емес, «шалпыл шуы» анықталмайды. Қорытынды диагноз: «Жедел панкреатит ».Науқаста оперативті емес емнің көрінісінде құрсақ қуысьшда пішіні дөңгелек, ауру сезімімен ісік дамыды, қалтырау 38.5 град- тан жоғары. Юкүннің аралығындағы қажет тексеріс?

Жауабы: Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ- сы.

 

78: Деструктивті панкреатитпен 30 жастағы науқаста ауруының 14-ші күні гектикалық температура,қалтырау,тахикардия, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, эпигастриийде инфильтрат анықталды. Бүл:

Жауабы: Ұйқыбезінің іріңдеген псевдокистасы.

 

79: Алиментарлы этиологиялы деструктивті панкреотитпен 45 жастағы науқаста ауруханаға жатқызылғаннан кейін 25 күннен соң консервативті терапия көрінісінде гектикалық дене температурасы, тахикардия, қалтырау, лейкоцитарлы формуланың нейтрофильді жылжуы. Тексеріп қарағанда тері жамылғысы қалыпты түсті, ылғалды. Өкпесінде қатты тыныс естіледі, сырыл жоқ. Тілі қү_рғақ, түбірі ақ жабынмен жабылған. Іші ісінбеген, жұмсақ, сол жақ қабырға астында ауыру сезімі,сол жерде тығыз көлемі 10x15 араласпаған инфильтрат анықталады. Перитонеальды симптомдары жоқ. Стулы күнделікті. Диурез қальшты. Сіздің диагнозыңыз?

Жауабы: Құрсақ артылық кеңістіктің абсцесі.

 

80: Алиментарлы этиологиялы деструктивті панкреотитпен 45 жастағы науқаста құрсақ артьшық кеңістіктің абсцесі анықталған. Сіздің емдік тактикаңыз?

Жауабы: Хирургиялық араласу.

 

81: 67 жастағы науқас әйел оң жақ қабырға астындағы ацру сезіміне, әлсіздікке, жүрек айнуына шағымданып түсті. Анамнезінен: тәбетінің төмендеуін, салмақ тастағанын айтады. Соңғы 3 күнде тері жабындысының сарғайғандығын, склерасы эктерикаланғандығын байқаған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындысы сарғайған, эктерикаланған, тілі құрғақ, негізі қоңыр жабындымен қапталған. Іші қалыпты, тыныс алу актісіне қатысады. Пальпациялағанда оң жақ қабырға астында және эпигастрий аймағында ауыру сезімі, және де уланған, ауру сезімінсіз өт қапшығында Курвуазье сипмтомы оң. Бауыр үлғайған, қабырға доғасының астынан екі көлденең саусақ көлеміндей шығьш тұрады. Ішперденің тітіркену симптомы анықталмайды. Соңғы 3 күнде ахолиялы нәжіс болған. Сіздің болжамалы диагнозыңыз?

Жауабы: Ұйқы безінің рагы.

 

82-Есеп: Клиникаға 35 жастағы науқас құрсақтың жоғарғы бөлімінде кенеттен болатын белдемелі ауыру сезіміне, көп реттік құсуға шағымданып түсті. Ауьфу сезімі алкогольді қабылдағаннан кейін пайда болған. Жағдайы ауыр. Пульсі 120 рет минутына, АҚ- 90/60 мм.сын.б.б. Іштің жоғарғы аймағында күшті ауыру сезімі, төменгі аймақтарында перкуторлы дыбыс тұйықталған. Перистальтика әлсіреген. Сіздің болжамалы диагнозыңыз?

Жауабы: Деструктивті панкреатит.

 

83-Есеп: Операция кезінде хирург майлы панкреонекрозды анықтаған. Хирургтың операция жасау тактикасы?

Жауабы: Лапоротомия. Шалимов бойынша шарбы қалталарын дренирлеу.

 

84-Есеп: Жедел жәрдемдегі жас дәрігер науқасқа ауыры сезімін басу мақсатында морфинді иньекция түрінде жасаған. Анамнезінде науқаста ұлтабардың ойық жара ауруы бар. Науқас майлы тағамды қабылдағаннан кейін асқазандағы ауыру сезіміне шағымданады. Науқастың жағдайы нашарлады. Көп ретті құсу, тахикардия, коллапс, іште белдемелі ауыру сезімі пайда болды. Морфин қандай жанама әсер шақырған.

Жауабы: Одди сфинктерінің стенозын шақьфған.

 

85-Есеп: Дәрігерлер бөлмесінде дәрігерлік қкркудан кейін 38 жастағы науқастың ауруы

туралы пікірталас болды. Емдеуші дәрігер науқастың кеуде қуысы ағзаларының рентгенологиялық суреті мен рентгеноскопиялық жазбасындағы бөліктік ателектаздарды диафрагма қозғалысының шектелуін сол жақтық плеврит жайлы жариялады. Шағымдары: бел аймағына иррадиацияланатын эпигастральді аймақтағы ауру сезімі. Әлсіздік, лоқсу, құсу. Ауыру сезімін ауыр физикалық күшпен байланыстырады (жүк артқыш болып жұмыс істейді). Алкоголь қолданбайды. Қандай ауру туралы ойлануға болады?

Жауабы: Жедел панкреатит.

 

86-Есеп: Қабылдау бөліміне науқас ес-түссізөте ауыр жағдайда жеткізілді. Жедел жәрдем дәрігерінің айтуынша, көшеден табылған. Обьективті: денесінде көзге көрінетін зақымданулар жоқ. Аузынан алкогольдің иісі шығады. АҚ-60/20 мм.сын.б.б, пульсі 122 рет минутына. Өкпесінде әлсіреген везмкулярлы тыныс естіледі. Іші қатайған, эпигастральді аймағы ауыру сезімді. Перкуссияда төменгі жақта тұйықталу, Мейо-Робсон, Воскресенский симптомдары және ішті тітіркендіру симптомы да оң. Құрсақ қуысы ағзаларының шолу рентгенограммасы және пневморгастрографияда құрсақ қуысында бос газ анықталмады. Қандай ауру туралы ойлануға болады және дәрігер -хурургтың іс- әрекеті.

Жауабы: Деструктивті панкреатит, лапоротомия, шарбьшық қапшыққа дренаж жасау.

 

87-Есеп: Операция кезінде хирург шашыранды перитонитті, құрсақ қуысындағы

геморрагиялық сұйықтықты іштің париетальды бөлігіндегі стеаринді табақшаларды, шарбылық қапшықтық абсцесін анықтады. Бірінші кезекте қай ауру жайлы ойлауға болады?

Жауабы: Геморрагиялық панкреонекроз.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 10693. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.079 сек.) русская версия | украинская версия