Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Популяция, бірлестік, экожүйе (биогеоценоздар).




Популяция дегеніміз — белгілі бір аумақта тіршілік ететін және өзара шағылысып ұрпақ беретін бір түр дараларының жиынтығы. Түрлі факторлардың әсерінен популяциядағы даралар саны, құрамы, таралуы өзгеріп тұруы мүмкін. Популяция латынша роpulus — халық, ел дегенді білдіреді.

Табиғатта популяцияның әр алуан түрлерінің өте жоғары жүйесінің дәрежесі — қауымдастыққа бірігеді. Қауымдастық (биотикалық) — бұл белгілі аумақты мекендеуші популяцияның жиынтығы. Қауымдастық организмдері органикалық емес ортамен энергетикалық байланыста. Мысалы, өсімдік, минералды тұздар, оттегі, су, көмір қышқыл газының үнемі беріліп тұру есебінен тіршілік жасай алады. Мұндай жағдайда «қауымдастық» (бірлестік) терминінің қолданылуы мүмкін ең кіші бірлікті биоценоз деп атайды (1877 ж. К. Мебиус енгізген).

Биогеоценоз- «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта) тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. Биогеоценоз – тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген, динамикалық, өзара байланысты, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол – ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі.

Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады.

Кез-келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе – биогеоценозды түзеді. «Биогеоценоз» ұғымын 1942 жылы В. Н. Сукачев ұсынған. В. Н. Сукачев (1880-1967) биогеоценозға мынадай анықтама берген – «жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі, микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жағдайлар) бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама-қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық.

Биогеоценоз екі блоктан тұрады:

1)«биоценоз»- организмдердің әртүрлі түрлерінің (популяцияның) өзара байланысы;

2)«биотоп» немесе «экотоп»- мекен ету ортасы.

Экологияда жиі «бірлестік» терминін пайдаланады.

Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Экожүйе – тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Функциялы тұрақтылығы аз уақытқа созылса да, қарым-қатынаста болатын құрауыштары бар кез-келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе дегеніміз – тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе.

Экожүйенің құрылымы: Экожүйе = биоценоз + биотоп

Экожүйе бір-бірімен қарым-қатынастағы екі негізгі құрауыштан экотоптан немесе биотоптан (жансыз бөлігі) және биоценоздан (жанды бөлігі) тұрады.

Экожүйенің негізгі қасиеттері:

1)зат айналымына қатысу қабілеттілігі;

2)сыртқы әсерлерге қарсы тұруы;

3)биологиялық көбеюі.

Экожүйенің деңгейлері:

1)микроэкожүйе – кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі оларда тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге аквариум, жайылым , су тамшысы т.б.

2)мезоэкожүйе – орман, өзен, тоған, т.б.

3)макроэкожүйе – мұхит, континент, табиғи зона, т.б.

4)ғаламдық экожүйе – биосфера.

Табиғатта бейорганикалық химиялық элементтер айналымынан басқа, биогендік химиялық элементтер миграциясы немесе биогеохимиялық айналым жүзеге асырылады.

Сонымен, экожүйе мен биогеоценоз- тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы.

2. Қоректену тізбегі.Биогеоценозда барлық тіршілік иелері қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа(3-4 буыннан тұрады). Мысалы, ағаш – құрт – құс – жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- адам.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1657. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия