Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бағдарламаланған өнім деңгейіне тыңайтқыш енгізу мөлшерін есептеу әдістемесін ілімдік (теориялық) негіздеу




 

Тыңыйтқыш мөлшерін есептеудегі негізгі бағыттар.Топырақ құнарлылығын есепке алып, тыңайтқыш жүйесін әзірлеу өнімді бағдарламалаудың негізгі бір ұстанымы болып табылады. Бағдарламаланған өнім деңгейін алумен тығыз байланысты мәселелерді шешуде, есептеу әдісін негіздеуде және тыңайтқыштың оңтайлы мөлшерін қолдануда төмендегідей жағдайларға көңіл аударған дұрыс:

1. Бағдарламаланған өнім деңгейіне қол жеткізу үшін өсімдіктердің қоректік заттарға қажетсінуін қамтамасыз ету.

2. Топырақтың құнарлылығын сақтауды және оны одан әрі жоғарылатуды қамтамасыз ету.

3. Жер асты суларының, су қоймаларының және т.б. тыңайтқыштармен ластануын қысқарту, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта тыңайтқыш мөлшерін есептеудің екі негізгі бағыты бар.

Бірінші бағыты – белгілі бір аймақтың нақты топырақ жағдайына тән, жүргізілген танаптық тәжірибелердің нәтижелеріне негізделген, яғни мұнда топырақтың агрохимиялық құрамы анықталған соң енгізілген тыңайтқыштар мөлшеріне сәйкес түзетулер енгізіледі. Бұл бағыттар Д.Н. Прянишников, А.В. Соколов, С.В. Щерба, П.Г. Найдин, А.Г. Дояренко және т.б. жұмыстарымен негізделген.

Тыңайтқыштарды енгізу мөлшеріне сәйкес түзетулер енгізу арқылы күрделі қателіктерден құтылуға болады, дегенмен көбінесе енгізілген тыңайтқыштардың жоғары тиімділігіне қол жеткізіле бермейді, себебі шектеуші факторлар – ылғалмен қамтамасыз етілуі, топырақтың тиімді құнарлылығы бойынша нақты мүмкін өнім деңгейі есепке алынбайды. Тыңайтқыштардың орташа мөлшері эмперикалық жолмен белгіленеді, себебі белгілі бір дақылға қажетті азоттың, фосфордың және калийдің оңтайлы санын анықтау үшін, топырақтың тиімді құнарлылығының және егістіктің ылғалмен қамтамасыз етілуінің және т.б. әртүрлі деңгейі есепке алынған, бірнеше варианттары бар тәжірибе жүргізуді талап етеді.

Екінші бағыт – бағдарламаланған өнімнің қоректік заттарға қажетсінуіне байланысты тыңайтқыш мөлшерін есептеуді қарастырады, мұнда негізгі және қосалқы өніммен қоректік заттардың шығындалуы, топырақтағы азоттың, фосфордың, калийдің мөлшері, олардың топырақтан және тыңайтқыштардан пайдалану коэффиценті, сонымен қатар тамыр және сабан қалдықтарында жинақталған минералды және органикалық тыңайтқыштардың соңғы әсерлері есепке алынады.

Қазіргі заманның ірі агрохимиктардың пікірінше тыңайтқыш мөлшерін есептегенде оңтайлы, тиімді және шегіне жеткен минералды тыңайтқыштар мөлшері деген түсініктерден шығу керек.

Оңтайлы – ауыспалы егіс айналымында топырақтың оңтайлы құнарлылық деңгейін бірте – бірте арттырып немесе сақтап қалу жағдайында 1 гектардан максималды таза пайда алу арқылы, сапалы жоғары өнімді алуды қамтамасыз ететін мөлшер.

Тиімді - өндірістік қалыптасқан ұйымдастыру – шаруашылық жағдайында 1га танаптан жақсы және қанағаттанарлық сапасы жоғары өнім шығуына мүмкіндік беретін және тыңайтқыш қолдану арқылы міндетті түрде эканомикалық тиімділік ала отырып топырақтың құнарлылығын қарқынды арттыру мөлшері.

Шегіне жеткен - қолданып отырған тыңайтқыш минималды өз шығынын өзі өтейтін жағдайда, ал ол шаруашылықта тыңайтқышты алуына және енгізуіне көп қаражат болған жағдайда ғана мүмкін, тиісті сапасы бар максималды мүмкін өнім деңгейін қамтамасыз ететін мөлшер.

Шаруашылықтар эканомикалық жағдайына байланысты сол немесе басқа тыңайтқыштардың енгізу деңгейін қолдана алады, бірақ алдынғы екеуінің – тиімді және оңтайлының артықшылығы бар, дегенмен экономикалық әсері және енгізілген мөлшердің сатылып алынуы жағынан алғанда тыңайтқыштардың тиімді енгізу мөлшерін қолданудың маңызы зор.

Ірі агрохимик Минеев В.Г. (1990) жазған: Өнімді бағдарламалаудың жеке бір бөлімдерінен тек қана егіншіліктің барлық кешенін жүзеге асырылуына белсенді ауысу өте қажет. Ол және тағы да басқа агрохимиктар, дақылдардың жоспарланған өнімге тыңайтқыш мөлшерін есептегенде барлық жоспарланған өніммен шығатын қоректік заттар бойынша жиі түрде баланстық есептеу әдісі қолданылады, деп сендіреді. Бұл әдіс өте кең тараған, өйткені барлық қоректік заттардың кіріс және шығыс бөлігін қамтиды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыш мөлшерін анықтау әдістемелері үш топқа ажыратылады:

1. Танаптық тәжірибе мен агрохимиялық картограммалардың көрсеткіштерін тікелей қолдануына негізделген.

2. Есеп айыратын (балансты немесе есеп айыратын балансты).

3. Кешенді әдіс, бірінші және екінші топ әдістерін үйелестіруіне негізделген.

Соңғы 40-50 жылда Батыс Европа және ТМД елдерінде екінші топ әдісі өте кең таралған.

Тыңайтқыш мөлшерін есептеу әдістері. Жоспарланған (бағдарламаланған) өнімге тыңайтқыш мөлшерін анықтайтын тепе-теңдік (баланстық) әдісі бірнеше модификациялардан тұрады, оның ішінде кең тарағандары:

а) элементар баланс әдісі;

б) жоспарланған қосымша өнімге;

в) нормативтік баланс әдісі;

Есеп айыратын балансты топтар әдісін қолданғанда (а және б модификациялары) баланстың шығыс бөлігінде жоспарланған (бағдарламаланған) өніммен бірге шығарылатын қоректік заттар, әрбір қосалқы өніммен (астық, құрғақ зат) нақты сан мөлшерінде қоректік заттар (N, P2O5, K2O) шығарылатынын еске ала отырып есептелінеді.

Баланстың кіріс бөлігінде топырақтағы сіңімді қоректік зат, енгізілген тыңайтқыш мөлшері және топырақ пен тыңайтқыштан қоректік заттарды пайдалану коэффиценттері, ал олардың мөлшері өсіп – жетілу кезеңіндегі топырақтың ылғалмен қамтамасыз етілу деңгейіне дақылдың өсіру технологиясына байланысты.

Сондықтан, қазіргі уақытта тыңайтқыш мөлшерін есептеудің бірнеше әдістері бар, дегенмен олардың негізінде қоректік заттардың шығарылуы және топырақ пен тыңайтқыштан пайдалану коэффиценттері туралы мәліметтер бар. Каюмов М.К. (1989) бұл классификацияларға қосымша мәліметтер енгізді және есептеу әдістерін төмендегідей белгілері бойынша 4 топқа бөлген:

1. Жоспарланған өнімге, топырақ құнарлылығын және енгізілген туктен қоректік элементтердің пайдаланылуы есепке алынған қоректік заттардың шығарылуы бойынша.

2. Жоспарланған қосымша өнімге, тыңайтқыш енгізбегенде өнім деңгейі белгілі болғанда және топырақ құнарлылығы тиімділігінің есебінен потенциалдық мүмкін өнім.

3. Бірінші және екінші топ көрсеткіштері бойынша, бірақ топырақ құнарлылығын ары қарай жоғарылату есебімен.

4. Топырақты баллдық әдіспен бағалау бойынша, анықталған дақыл өнімінің бір баллдық құндылығында және тыңайтқыштан қосылу мүмкіндігі.

Жоғарыда аталған әдістердің ішінен бірінші әдісті – элементарлық баланс әдісін толығырақ қарастырамыз, яғни ол өз ішінде қарқынды, экстенсивті және жетімсіздік (нөлдік) болып бөлінеді:

Қарқынды (жағымды) – егер қоректік заттардың топыраққа келіп түсуі олардың өніммен шығарылатын және топырақ пен тыңайтқыштан шығындалуы артып кетсе.

Экстенсивті (жағымсыз немесе жетімсіздік) – егер өніммен шығарылатын және шығындалған қоректік заттар мөлшері олардың топыраққа келіп түсуінен артып кетсе.

Жетімсіздік (нөлдік) – егер кіріс пен шығыс бөлімдері және қоректік заттар тең болса.

Нормативтік баланс әдісінің ерекшелігі қоректік заттардың кіріс және шығыс бөлігінің барлық бөлімдерін егжей – текжейлі тәтпіштеп есептейді.

Кіріс бөлігінде – топыраққа қоректік заттардың тыңайтқышпен, тұқымдармен келіп түсуі, бұршақ тұқымдас дақылдардың түйнек бактерияларының азоты мен екінші әрекеттегі бактериялар – азотфиксаторлардың жиналуы және сөзсіз топырақтың тиімді құнарлылығы есептеледі.

Шығыс бөлігі – танаптан өніммен бірге шығарылған қоректік заттар, жер бетінен сумен ағып кету арқылы топырақтан және тыңайтқыштан шығындалған қоректік заттар, инфильтрация (жауын, өзен, көл суларының тау жыныстарындағы жарықшалар мен кеуектер арқылы жерге сіңуі), газ тәрізді шығын (мысалы, азоттың денитрификациясы). Нормативтік баланс әдісі өте күрделі, оны шаруашылық жағдайында кең көлемде қолдану қиын, сондықтан, әдетте баланстық әдіс элементтерін ұзақ уақыт және тереңірек оқып білу үшін арнайы тәжірибелер жүргізу қажет.

Осыған байланысты нормативтік баланс әдісінің екі модификациясын қолдану ұсынылған: толық немесе экологиялық (биологиялық) және жеңілдетілген (шаруашылық).

Бұл әдістің бірінші модификациясында қоректік заттардың кіріс пен шығыс бөлігінің барлық бөлімдері есептелінеді, ал екінші модификациясында – кіріс бөлімдерінің қалдықтарымен, тұқымдарымен, азотфиксатор-бактерияларымен келіп түскен қоректік заттар есептелінбейді және шығыс бөлігінде топырақтан шығындалған қоректік заттар мөлшері, жинақтап келгенде бүл бөлімдер тең ретінде қабылданады.

Бағдарламаланған өнім деңгейіне тыңайтқыш мөлшерін есептеудің баланстық әдісі.Тыңайтқыш мөлшерін есептеудің баланстық әдісі, ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде дамыған әлемнің капиталистік елдерінде кеңінен қолданылады, ол баланс құруға негізделген, оның шығыс бөлігі - 1 га егістіктен өніммен бірге қоректік заттардың шығындалуынан тұрса, ал кіріс бөлігі – топырақтағы және енгізілген тыңайтқыштармен түсетін қоректік заттардың мөлшерінен тұрады, яғни оларды келесідей формуламен көрсетуге болады:

Шқө × 100 = Тқз * Ктқ + Тм * Ктш мұндағы:

 

Тқз – топырақтағы сіңімді қоректік зат, кг/га;

Ктқ – топырақтағы қоректік заттарды пайдалану коэффиценті, %;

Тм – тыңайтқыш мөлшері, ә.е.з. пен есептегенде, кг/га;

Ктш – тыңайтқыштан қоректік заттарды пайдалану коэффиценті, %;

Шқө - өніммен егістіктің бір гектарынан шығарылатын минералдық қоректік заттар элементтерінің жалпы мөлшері, кг;

Баланстың шығыс бөлігінде – шығыс (Шқө) астық өнімімен, құрғақ затпен немесе өсімдік шаруашылығының басқа да өнімдерімен (В1), 1 га жерден шығарылған жалпы қоректік заттар көрсеткіші – Шқө = Ө * Шқө1; ал кіріс бөлігінде – топырақтағы жалпы сіңімді қоректік заттардың көрсеткіші (Тқз1 – картограмма көрсеткіші мг/100 г топыраққа) және қоректік заттарды қайта есептеу коэффиценті мг/100 г топырақтан кг/га-на: Тқз = Тқз1 * Ка.

Жоғарыда берілген баланс теңдеуі толық түрінде төмендегідей өзгереді:

 

Ө * Шқө1 * 100 = Тқз1 * Ка * Ктқ + Тм * Ктш, мұнда:

Тқз1 – топырақтағы сіңімді қоректік элементтер, мг/100г, (картограмма көрсеткіші);

Ка – мг/100 г қоректік заттарды есептелген топырақ қабатына кг/га аудару коэффиценті, (орташа есеппен 25 см қабатына – 30);

Тқз1 * Ка = Тқз – 1 га топырақтың жыртылатын қабатындағы жалпы сіңімді қоректік зат, кг/га;

У – бағдарламаланған (берілген) өнім, ц/га;

Шқө1 – 1 ц негізгі және қосалқы өніммен шығарылатын қоректік зат, кг;

Ө * Шқө1 = Шқө – 1 гектардан өніммен шығарылатын жалпы қоректік зат элементі, кг/га;

Тм – берілген өнімге есептелінген қоректік зат (тыңайтқыштың) мөлшері, кг/га ә.е.з;

Ктқ және Ктш – топырақтан және тыңайтқыштан қоректік заттарды пайдалану коэффиценті.

Топырақтың сіңімді азот, фосфор және калий элементтерімен қамтамасыз етілуі туралы агрохимия картограмма көрсеткіштерін (мг/100 г топыраққа) кг/га мөлшеріне коэффицентке көбейту арқылы аударады және топырақтың әр түрлілігіне сәйкес жыртылатын қабаты есепке алынады. 1 га жердің жыртылатын қабатының орташа салмағы 3000 т деп алуға болады, бұл жағдайда топырақтың жыртылатын қабатының 0-22 см-нің коэффиценті 30-ға тең болады, егер жыртылатын қабат 30 см деп алынса, онда коэффицент 40- қа тең болады. Топырақтың жыртылатын қабатының салмағын дәл анықтау 1 гектардағы көлемі және көлемдік салмағы арқылы анықталады.

 

Жоғарыда келтірілген баланстан бағдарламаланған өнімге негізделген әр элемент бойынша тыңайтқыш мөлшерін есептеудің келесідей формуласын есептеп шығаруға болады:

Органикалық тыңайтқыштарды пайдаланғанда көңмен енгізілген азоттың, фосфордың және калийдің мөлшері есепке алынады, сонымен қатар енгізілген жылғы және кейінгі жылдардағы көңнен пайдаланылатын қоректік заттар есепке алынады. Баланстың кіріс бөлігіне Дн * Сн * Кн көрсеткіштері кіреді, ал есептеу формуласы келесідей түрде болады:

 

мұнда:

Дн – көң мөлшері, т/га;

Сн – көңдегі қоректік заттар мөлшері, кг/т;

Кн – көң құрамынан қоректік заттарды пайдалану коэффициенті, %.

 

Баланстық теңдікті және есептеу формулаларын қарап отырып, алға қойылған мәселені шешу үшін бұрынғы мәліметтерден басқа да мәліметтерге көз жеткізуге болады: өнім деңгейі (Ө, ц/га, т/га), мг/100т топырақтағы қоректік заттар мөлшері бойынша картограммалық көрсеткіштер (азот, фосфор, калий), мг/100 г – ды кг/га-ға айналдыру коэффиценті, сонымен қатар әрбір қоректік элементтердің өніммен бірге шығарылуы бойынша, топырақтан, тыңайтқыштан, көңнен қоректік заттардың шығарылу коэффиценттері бойынша және көңдегі қоректік заттардың мөлшері туралы қосымша анықтамалық мәліметтер қажет болады.

Бұл көрсеткіштерді пайдалану өсімдіктердің топырақтағы қоректік заттармен қамтамасыз етілуін есептеуге және бағдарламаланған өнімге жетіспейтін қоректік заттардың мөлшерін белгілеуге, оның орнын минералды және органикалық тыңайтқыштар енгізу арқылы толтыруға мүмкіндік береді.

Әр 1ц өніммен шығарылатын қоректік заттардың мөлшерін біле отырып, бағдарламаланған өніммен шығарылатын азоттың, фосфордың және калийдің жалпы мөлшерін есептеп шығаруға болады, себебі әр 1ц өніммен бірге азоттың, фосфордың және калийдің белгілі бір мөлшері шығындалады.

Аталған көрсеткіштер тұрақты және дақылдардың жоспарланған өніміне тыңайтқыш мөлшерін есептегенде оларды пайдалану қажет (Кесте 18).

 

Кесте 18. 1ц негізгі және қосалқы өніммен шығарылатын қоректік заттар мөлшері, кг

 

Дақылдар Негізгі өнім Шығарылған, кг/ц 1 ц негізгі өніммен шығарылатын NPK мөлшері, кг
N P2O5 K2O
Жаздық бидай Астық 4,27 1,24 2,05 7,56
Күздік бидай Астық 3,25 1,15 2,0 6,40
Қарақұмық Астық 3,40 1,86 3,31 8,57
Күздік бидай Астық 3,10 1,27 2,26 7,07
Арпа Астық 2,50 1,09 1,75 5,34
Сұлы Астық 2,99 1,31 2,58 6,84
Жүгері Астық 3,03 1,02 3,13 7,18
Тары Астық 3,30 1,02 3,26 7,58
Шай жүгері Астық 3,63 1,12 1,54 6,29
Асбұршақ Астық 6,00 1,25 2,00 10,12
Сиыржоңышқа Астық 6,23 1,31 1,56 9,10
Рапс Тұқым 4,90 2,30 3,30 10,2
Жоңышқа Пішен 2,60 0,65 1,50 4,75
Эспарцет Пішен 2,50 0,56 1,30 4,36
Сиыржоңышқа Пішен 2,27 0,62 1,00 3,89
Еркекшөп Пішен 1,30 0,51 1,05 2,86
Қылтықсыз арпабас Пішен 1,41 0,51 1,13 3,05
Судан шөбі Пішен 1,44 0,46 1,15 3,07
Тары Пішен 1,81 0,47 1,45 3,73
Итқонақ Пішен 1,50 0,46 1,20 3,16
Сұлы Пішен 1,76 0,42 1,55 3,75
Қара бидай Пішен 1,36 0,42 1,10 2,86
Асбұршақ Пішен 2,36 0,51 1,75 3,68
Жүгері Құрғақ зат 2,65 0,60 2,20 5,85
Қант қызылшасы Тамыржемістер 0,49 0,15 0,50 1,24
Мал азықтық қызылша Тамыржемістер 0,40 0,13 0,46 0,99
Турнепс Тамыржемістер 0,25 0,14 0,40 0,79
Картоп Түйнектер 0,62 0,30 1,45 2,37

 

Екпе дақылдары өсімдіктерінің кейбір топтарының ылғалмен қамтамасыз етілу деңгейіне байланысты топырақ пен тыңайтқыштан қоректік заттарды жобалы шығару коэффиценттері 19 – кестеде келтірілген (Каюмов М.К., 1989).

 

Кесте 19. Екпе дақылдарының кейбір топтарының топырақ пен тыңайтқыштан қоректік заттарды жобалы шығару коэффиценттері, %

 

Көрсеткіштер Жобалы шығару (пайдалану) коэффиценттері, %
азот фосфор калий
Суарылмағанда
Топырақтың қоректік заттарынан 20-25 5-10 10-12
Минералды тыңайтқыштан
1. Дәнді дақылдар, жүгер сүрлемге, сұлы-сиыржоңышқа қоспасы 50-60 20-25 60-70
2. Көпжылдық шөптер, картоп 60-70 25-30 70-75
Суарылғанда
Топырақтың қоректік заттарынан 30-35 25-30 10-15
Минералды тыңайтқыштан 80-95 30-35 90-95

 

Қоректік заттардың мөлшері шаруашылықтың картограммасынан алынады немесе олардың Қазақстан Республикасының аймақтары мен облыстарының әр түрлі топырақтарындағы жобалы орташа мөлшері бойынша алынады (тиісті анықтамалықтардан).

Бұл анықтамалық мәліметтерді пайдаланған кезде есте ұстайтын бір жәйт, яғни егістік ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгенде қоректік заттарды пайдалану коэффиценті жоғарылайды, сондықтан бұл көрсеткіштердің ішінен ең жоғарғы көрсеткіштерді таңдап алған дұрыс, ал ылғалмен қамтамасыз етілуі төмен болған жағдайда – керісінше төмен.

Бұл көрсеткіштерге тыңайтқыш енгізу технологиясы әсер ететідігі есте ұстаған жөн. Мәселен, тыңайтқыштарды ленталық, локальді, тамырдың жанынан енгізу әдістерімен енгізгенде тыңайтқыштың қоректік заттарын пайдалану шұғыл түрде жоғарылайды, яғни азот 85-90%, фосфор 40-45%, калий 90-95%, мұның өзі енгізілген тыңайтқыштың өзін-өзі ақтауына мүмкіндік береді.

Континенталды аудандарда астық тұқымдас дақылдар және картоп топырақтан азоттың 15—50%-ін, фосфордың 30—50%-ін, калийдің 15—35%-ін, ал көпжылдық шөптер фосфордың 45—60%-ін, калийдің 60—80%-ін шығындайтыны тәжірибелерден белгілі болды, (Каюмов М.К., 1989).

Топырақ ерітіндісіндегі және енгізілетін тыңайтқыштағы NРК қатынастарын бұзғанда, өсімдіктердің негізгі және қосалқы өнім қалыптастыру үшін қоректік заттарды шығындауында ерекшелік байқалады, ол оптимум заңын бұзумен және тыңайтқыш енгізуде басқа да факторларды ескермеумен байланысты (ылғалмен қамтамасыз етілуі, белсенді температура жиынтығы).

Топырақ құнарлылығының жоғарылау және сақталуы міндетті түрде органикалық тыңайтқыштарды, әсіресе көңді пайдаланумен байланысты.

Органикалық тыңайтқыштарды енгізбес бұрын, өсімдіктердің топырақтан және енгізілген көңнен қоректік заттардың қанша мөлшерін пайдалана алатынын ескеру қажет, ал бағдарламаланған өнім деңгейін алу үшін қоректік заттардың жеткіліксіз мөлшерін минералды тыңайтқыштарды енгізу арқылы қамтамасыз етуге болады.

Көң құрамындағы қоректік заттардың орташа мөлшері және тыңайтқыш енгізілген жылдағы және кейінгі жылдардағы пайдалану коэффиценттері туралы мәліметтер 20 – кестеде келтірілген.

 

Кесте 20. Көңнің химиялық құрамы және ондағы қоректік заттардың өсімдіктермен сіңірілуі

 

Көрсеткіштер N P2O5 K2O
1 т көңдегі қоректік заттардың жалпы мөлшері 4,6 2,0 6,0
Бірінші жылы NPK өсімдіктермен сіңірілуі
Бірінші жылы сіңірілу коэффиценті, %
1 тоннаға есептегенде, кг 1,2 0,6 3,0
3-4 жылда сіңірілу коэффициенті, % 50-65 50-70 65-90
1 тоннаға есептегендегі (тікелей және соңғы әсерлері),кг 2,3-3,0 1,0-1,4 3,5-5,4

 

Бірінші дақылдың өніміне органикалық заттардың соңғы әсерін есептегенде келесідей пайдалану коэффиценттері алынады: азот 25%, фосфор 30% және калий 50%, ал 3-4 жылғы соңғы әсерлерімен есептегенде – тиісінше 50-65%, 50-70% и 65-90%.

Ылғал жетіспеген жағдайда дақылдардың потенциалдық мүмкіндігі төмен болады, осыған байланысты тыңайтқыштарды өнім деңгейіне және ылғалмен қамтамасыз етілуіне сай енгізу қажет, себебі енгізілген әр 1кг тыңайтқыштың қайтарымы төмендей береді, ал бұл алынған өнімнің қымбаттауына әкеледі.

Ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгенде, сонымен қатар суармалы жағдайда, енгізілген тыңайтқыш мөлшері өсімдіктерді қоректік заттармен оңтайлы қамтамасыз етеді және минералды заттардың жекелеген элементтерінің жетіспеушілігін (ең төменгі дәрежеде тұрған) шектейді.

Дақылдарды суармасыз жағдайда өсіргенмен салыстырғанда, суармалы жағдайда өсіргенде 6—10 есе жоғары өнім қалыптастырады және суармалы жағдайда 6—10 есе жоғары тыңайтқыш мөлшерін енгізу суармасыз жағдайға қарағанда тиімді, себебі әр 1 ц өнім қалыптастыру үшін белгілі бір мөлшерде су және минералдық қоректік элементтер қажет.

Негізгі өнімді жинап алған соң құрамында органикалық қосылыстар түрінде қоректік заттар болатын сабан және тамыр қалдықтары қалады, олар минерализация үрдісі негізінде топыраққа қайта сіңіріліп, кейін өсімдіктермен қайтадан пайдаланылады. Есептеулер жүргізген кезде астық тұқымдас біржылдық шөптердің тамырларының құрғақ – ауа массасы жер асты массасының 28—30%-ін, көпжылдық шөптерде 60—80%-ін құрайтынын ескеру керек, ал құрғақ далалы және шөлейт аймақтарда тамырлардың құрғақ – ауа массасы тіпті жер асты массасынан да асып түседі. Азоттың көп мөлшері бұршақ тұқымдастардың тамырлары мен сабан қалдықтарында болады, мәселен, жоңышқада 300 кг/га, астық-бұршақ тұқымдастарда 30— 50 кг/га (Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., 2001).

Қарқынды технологияны енгізгенде және аталған жағдайларда жоғарғы мүмкін өнімге қол жеткізгенде, жылдан – жылға топырақтың құнарлылығын арттыра беру керек, сонымен қатар өніммен шығарылған қоректік заттардың орнын толтырып қана қоймай, топырақтың тиімді құнарлылығын да арттыру керек, ал танаптық дақылдарды қарқынды өсірудегі ауыспалы егісте қоректік заттардың балансы барлық минералды және органикалық заттар бойынша тең болуы тиіс.

Қарастырылып отырған тыңайтқыш мөлшерін біржылдық дақылдар егістігіне қолданудың маңызы зор, ал тыңайтқыш мөлшерін көпжылдық шөптер егістігіне есептегенде олардың шөп оттылығымен (жылдар саны, шабу саны) пайдаланылу мерзімінің ұзақтығын ескерген жөн, себебі ол топырақты негізгі өңдеу кезінде тыңайтқыш мөлшерін, әсіресе фосфордың және калийдің, алынатын барлық өнім көлеміне есептеп енгізу үшін қажет, ал азот тыңайтқыштарын үстеп қоректендіру ретінде жылда енгізіп отыру керек, сонымен қатар азот тыңайтқыштарын әрбір шабыстан кейін және тіршілік кезеңінде 2-3 рет енгізеді.

Қоректік заттардың өніммен бірге шығарылуын, топырақ құнарлылығын және қоректік заттардың топырақ пен тыңайтқыштан пайдалану коэффицентін ескере отырып тыңайтқыш мөлшерін есептеуді формула қолданбай-ақ – логикалық ойлау әдісі арқылы да жүргізуге болады.

21 кестеде мысал ретінде тыңайтқыштарды енгізу мөлшерін есептеудің қосымша әдістемесі келтірілген, ол бұрынғы Целиноград ауданының «Октябрь», 40 лет Казахстана» совхоздарында агроном Можаевпен А.Н. (1983) шаруашылық жағдайында, ірі аумақтарда тексерілген.

 

 

Кесте 21. Бағдарламаланған өнімге тыңайтқыш мөлшерін есептеу әдісіне мысал (жүгері, көк балауса 200 ц/га, құрғақ масса 40 ц/га)

 

Көрсеткіштер Азот Фосфор Калий
1 ц құрғақ массамен шығарылуы, кг 2,65 0,60 2,20
Берілген өнімге шығарылуы, кг/га 106,0 24,0 88,0
Топырақтағы мөлшері, мг/100 г 7,5 1,5 35,0
Топырақтағы қоректік заттарды мг/100 г-ды кг/га-ға айналдыру коэффиценті
Топырақтағы өсімдікке сіңімді қоректік заттардың мөлшері, кг
Топырақтан қоректік заттарды сіңіру коэффициенті, %
Топырақтан шығарылуы мүмкін қоректік заттар, кг/га 45,0 4,5
Қоректік заттардың жетіспеушілігі, кг/га (п2-п7) 19,5 +17,0 жеткілікті
Жобаланған көң мөлшерімен 35 т/га қоректік заттардың енгізілуі, кг/га
Енгізілген көңнен қоректік заттардың пайдаланылуы, кг/га
Минералды тыңайтқыштармен енгізу қажет, кг/га (п8-п10) 1,5 Қажет емес
Тыңайтқыштан қоректік заттарды пайдалану коэффициенті, % - -
Берілген өнімге минералды тыңайтқыштарды енгізу мөлшері ә.е.з., кг/га Қажет емес -
Енгізілген тыңайтқыштағы әсер етуші заттардың тук мөлшері, % - -
Тыңайтқыштардың тук мөлшері, ц/га 1,2 - -

 

Топырақтан және тыңайтқыштан сіңімді қоректік заттарды пайдалану коэфиценттерін есептеу әдістемесі. Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде өсімдіктер топырақтағы сіңімді қоректік заттарды орта есеппен жылына – фосфорды 5-10%, калийді 10-12%, ал жеңіл еритін азотты 20-25% пайдаланатындығы дәлелденген. Ылғалмен жоғары қамтамасыз етілгенде және суармалы жағдайда топырақтан да, тыңайтқыштан да қоректік заттарды пайдалану коэффиценті жоғары болады.

Қоректік заттардың шығындалуын нақты анықтау үшін, нақты бір аймақта, шаруашылықтарда, топырақта, белгілі бір дақыл түріне танаптық тәжірибелер жүргізу қажет.

Шаруашылық жағдайында және танаптық тәжірибелерде өсімдіктермен, топырақ пен тыңайтқыштан NPK-ны пайдалану коэффицентін анықтау үшін, белгілі бір дақыл учаскесінде өніммен бірге қоректік заттардың шығарылуын есептеп шығарып, тыңайтқыш енгізіп және енгізбеу арқылы табуға болады.

Есептеу, жоғарыда келтірілген тепе-теңдік теңдеуінен шығарылған формуламен жүргізіледі:

мұнда:

Кп – топырақтан қоректік элементті пайдалану коэффициенті, %;

В1 * У – тыңайтқыш енгізілген учаскеден алынған өніммен қоректік заттың шығындалуы, кг/га;

П1 * Км – топырақтағы қоректік заттың мөлшері (картограмма көрсеткішін 30-ға көбейткенде), кг/га;

Ку – тыңайтқыштан қоректік затты пайдалану коэффициенті, %;

В1 * У – қосымша өніммен шығындалған қоректік зат, мұнда У – тәжірибеде енгізілген тыңайтқыштан алынған өнім (Ку мөлшерін есептегенде), кг/га;

Д – тыңайтқыштармен енгізілген қоректік элементтің әсер етуші зат мөлшері, кг/га.

Топырақтан қоректік заттарды шығындау коэффициенті (Кп) өніммен шығарылған қоректік заттар элементінің (кг/га) топырақтың жыртынды қабатындағы сіңімді қоректік зат мөлшеріне (кг/га) қатынасын көрсетеді және ол пайызбен белгіленеді.

Тыңайтқыштардан қоректік заттарды шығындау коэффициенті (Ку) – енгізілген әсер етуші зат мөлшеріндегі тыңайтқыштан (кг/га) қосымша өнімнен шығарылған қоректік элемент (кг/га) қатынасы және ол пайызбен көрсетіледі.

Анықтамалық әдебиеттерден жекелеген шаруашылық, танап және дақылдар үшін дайын рецепт алу мүмкін емес, жоғарыдағы аталған есептеулер қоректік заттарды шығындау коэффициенттерін нақтылауға мүмкіндік береді және осыған негіздей отырып шаруашылық жағдайында нақтырақ тыңайтқыш мөлшерін анықтауға болады.

Өсімдіктердің қоршаған орта факторларымен қамтамасыз етілуін бағалауда және тыңайтқыштар мөлшерін есептеуде ескерілетін егіншілік пен өсімдік шаруашылығының негізгі зандары.Бағдарламаланған өнімдерді қамтамасыз ететін агротехникалық шаралар жүйесін жасағанда егіншілік пен өсімдік шаруашылығының негізгі заңдарын қаперге алған дұрыс.

Өсімдік тіршілігі факторларының тепе – теңдігі және алмастыруға болмайтындығы заңы, қайтарым заңы, минимум заңы, өсімдік тіршілігі факторларының бірлескен өзара үйелесімді, оқшауланбаған әрекетінің заңы және т.б. заңдардың маңызы зор.

Қоректік заттарды қайтару заңы – ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімімен шығарылған қоректік заттардың мөлшерінен, кем емес мөлшерде, қоректік заттардың топыраққа жыл сайын немесе кезеңімен қайтарылып отырылуын қарастырады. Астық тұқымдастары және картоп ауыспалы егістігінде органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолданбаған жағдайда азот, фосфор және калий бойынша қарама-қайшы баланс қалыптасады.

Көпжылдық шөптер ауыспалы егістігінде ұсынылған минералды және органикалық тыңайтқыш мөлшерін қолданғанда азот, фосфор бойынша оң баланс байқалады. Аталған ауыспалы егістерде, соның ішінде мамандандырылған мал азықтық ауыспалы егістерінде, бағдарламаланған өнімге есептелген органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізгенде оң баланс байқалады.

Сондықтан, қоректік заттардың қайтарылым заңын сақтап қана қоймай, сонымен қатар танаптық дақылдардан жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін және топырақ құрамындағы азот, фосфор, калий сияқты қоректік заттардың мөлшерін жоғарылататын органикалық және минералды тыңайтқыштардың қажетті мөлшерін қолдану қажет.

Өсімдік тіршілігі факторларының тепе – теңдігі және алмастыруға болмайтындығы туралы заң - өсімдік тіршілігінің бірден – бір факторын толығымен алып тастауға немесе басқасымен айырбастауға болмайтындығын (мысалы, су қоректік заттың орнын алмастыра алмайды немесе жылумен және керісінше) көрсетеді. Бұл жағдайлардың екеуі де өсімдіктің өліміне алып келеді.

Минимум заңы. Бұл заңды Ю. Либих тұжырымдаған болатын. Ол былай деп жазды: «Әр танапта бір немесе бірнеше зат минимумда және бір немесе бірнеше қоректік зат максимум жағдайда болуы мүмкін. Алынатын өнім осы минимум жағдайдағы қоректік затқа байланысты болады, өнімнің мөлшері мен тұрақтылығын минимум жағдайдағы зат билейді». Бірақ, Ю.Либих бұл заңды қоректік заттарға байланысты тұжырымдады. Кейіннен Г.Гельригельдің өсімдіктердің сумен, Ю. Сакстың – жылумен, Э. Вольнидің жарық, су және қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне арналған тәжірибелерді минимум заңының өсімдік тіршілігінің барлық факторларына қатысты екенін көрсетті.

Максимум заңы – органикалық және минералды тыңайтқыштарды кең көлемде қолданғанда пайда болады, яғни ол максимум дәрежедегі фактордың әсер етуінің шектелуіне әкеледі, ал оңтайлы қажеттілікке фактордың көп қарама – қайшылығы өнімнің өсуін шектейді. Бұл заңның пайда болуы салдарынан, топырақ құрамындағы қоректік заттардың мөлшерін және олардың өніммен бірге қанша мөлшері шығындалғаны есептелмей, негізделмеген тыңайтқыш мөлшерін енгізуге әкеледі. Максимум заңы негізделмеген тұқымның жоғары мөлшерін себу кезінде, сонымен қатар суармалы жерлерде суару режимін бұзғанда және өімдіктердің суға қажетсінуіне қатысты қиын – қыстау кезеңімен байланыс болмаған жағдайларда пайда болады.

Оптимум заңы – жоспарланған өнімге есептелген тыңайтқыш мөлшерін енгізгенде және суару номаларын сақтағанда пайда болады, сонымен қатар мұнда өсімдіктердің бұл факторларға қажетсінуін есепке алу қажет, яғни реттелетін факторлады оңтайландыру керек.

Жеміс алмастыру заңы – дақылдарды кеңістікте және мерзіміне байланысты кезектестіріп орналастыру дақылдар арасына тыңайтқышты тиімді таратуға, сонымен қатар топырақ өңдеу жүйесінің тиімділігін арттыруға және арамшөптермен күресуге мүмкіндік береді, ал ауыспалы егіс айналымына енгізілген, әртүрлі биологиялық топқа жататын көпжылдық шөптерді кезектестіріп орналастыру өнімді арттыруға және топырақ құнарлылығын сақтауға мүмкіндік туғызады. Ауыспалы егістің әр танабында арамшөптермен, зиянкестермен және аурулармен күресудің шаралар жүйесін (агротехникалық, химиялық, биологиялық) жасап шығарудың маңызы зор.

Өнімнің жоғарылауына әсер ететін факторлар ретінде тұқымдық материалдың себу сапасының төмендігін атауға болады, сонымен қатар егістіктің сиректігі, топырақ өңдеу сапасының төмендігі, күтіп – баптау жұмыстарының оңтайлы мерзімде жүргізілмеу және т.б.

Өсімдік шаруашылығында биологиялық заң ретінде, өсімдіктердің тіршілік факторларына байланысты қиын – қыстау кезеңдерін ескерген жөн, ол өсімдіктердің тіршілік ету кезеңінде агротехникалық шараларға, яғни себу мерзімін жоспарлауға, суаруға, минералды тыңайтқыштармен қоректендірілуіне, күтіп – бапталуына және т.б. байланысты қажетті мөлшерде тіршілік факторларымен қамтамасыз етілуін қарастырады.

Қиын – қыстау кезеңі көптеген танаптық дақылдарда көктеп шыққаннан соң фосфор қоректік затына қажетсінуіне байланысты туындайды, өсімдіктерге бұл кезеңде фосфордың жетіспеушілігі (жүгеріде және т.б. ауыл шаруашылық дақыдарында) болашақ өнімнің төмендеуіне әкеледі және ол басқа өсу кезеңдерінде фосфор тыңайтқышымен қанша қоректендірілсе де түзетілмейді; астық тұқымдас дақылдарда органогенездің үшінші – төртінші сатыларында азотқа қажетсінуі туындайды, бұл кезде азоттың жетіспеушілігі масақтағы немесе сіпсебастағы масақша білігі санының қалыптасуына теріс әсер етеді, ал кейінгі азотпен қоректендірілуін жақсарту, мұны түзете алмайды.

Барлық дақылдардың ылғалға байланысты қиын – қыстау кезеңдері тіршілік ету кезеңдерінің әртүрлі фазаларында туындайды, мәселен, астық тұқымдас дақылдар масақтануына немесе шашақтануына 10—15 күн қалғанда құрғақшылыққа тап болса, онда олардың өнімі төмендейді, ал бұршақ тұқымдас дақылдардың ылғалға байланысты қиын – қыстау кезеңдері бүрлену – гүлдену кезеңдеріне сәйкес келеді. Сондықтан да аталған қиын – қыстау кезеңдерінде өсімдіктерді әртүрлі агротехникалық шаралар арқылы сумен және қоректік заттармен қамтамасыз етіп отыру керек, сөйтіп мүмкіндігінше, өнімнің төмендеуіне кері әсер ететін факторлардың әсерін төмендетуге болады.

Аталған заңды Қазақстанның далалық аймақтары жағдайында, дақылдардың, әсіресе бидайдың, арпаның, сұлының және т.б. дақылдардың себу мөлшерін анықтағанда ескерген жөн, себебі дақылдарды сепкенде олардың ылғалға байланысты қиын – қыстау кезеңдері жауын-шашынның орташа көпжылдық мөлшерімен сәйкес келуі қажет, ал жауын-шашынның көп түсетін кезеңі көбінесе шілде – тамыз айының басына сәйкес келеді.

Өсімдік шаруашылығы салаларын, егіншілікпен айналысуға қиын аймақтарда тиімді жүргізу үшін, дақылдарды өсіргенде жазда түсетін жауын – шашынды өсімдіктермен тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін технологияны қолдануды және күзгі-қысқы кезеңдерде топыраққа жеткілікті түрде ылғал жинауды, сонымен қатар егістікте нақты жағдайларда қолайлы сабақ жиілігін қалыптастыруды талап етеді.

Қарқынды технология толықтай бағдарламаланған өнімге негізделеді, ал бұл технологиялардың толықтай немесе жекелеген элементтерінің дақылдарды өсіруге қолданылмауының мәні жоқ.

Топырақтың тиімді құнарлылығы бойынша танаптық дақылдардың өнім деңгейін есептеу әдістемесі. Жоғарыда келтірілген мәліметтерді пайдалана отырып, топырақтың тиімді құнарлылығының деңгейі бойынша, тыңайтқыш енгізбеген жағдайда нақты мүмкін өнім деңгейінің потенциалдық мүмкіндігін есептеп шығаруа болады.

Есептеу жұмыстарын тепе – теңдік формуласынан шығарылған және көрсетілген формула бойынша жүргізуге болады, бұл формуланың бөлімінде топырақтың жыртылатын қабатындағы өсімдіктерге сіңімді қоректік заттардың мөлшері П1 * Км * Кп, кг/га, ал алымында әр бір өлшем өніммен шығарылған қоректік заттардың мөлшері В1, кг/ц келтірілген.

мұнда:

У (НМӨ) – потенциалдық өнім немесе сіңімді минералдық элементтер бойынша нақты мүмкін өнім, ц/га.

Осы әдістемені қолдана отырып, енгізілген тыңайтқыштардан қоректік заттарды пайдалану коэффиценттерін және 1 ц өнімге шығындалған қоректік заттардың мөлшерін есепке алғанда, енгізілген минералды және органикалық тыңайтқыштардан қанша қосымша өнім жиналатынына болжам жасауға болады.

Арпа өнімін есептеуге мысал. Картограмма мәліметтеріне сай топырақтағы қоректік заттардың мөлшері (мг/100г топырақта): азот – 5, фосфор – 2, калий – 40. Бұл көрсеткіштерді 1 га жердегі топырақтың жыртылатын қабатында кг-ға айналдыру үшін 30-ға (коэффицент) көбейтеміз, сонда : гектарына азот 150, фосфор 60, калий 1200 кг, осылардан өсімдіктермен (20-кесте): азот 25%, фосфор 10%, калий 12% пайдаланылады, немесе тиісінше 37,5; 6,0 және 144 кг. Арпаның 1 ц астық өнімі және сәйкесінше қосалқы өнім қалыптасуы үшін: азот 2,50 кг, фосфор 1,09, калий 1,75кг мөлшерлері қажет. Қоректік заттардың топырақтан шығарылған мөлшерін бұл көрсеткіштерге бөлу арқылы азот бйынша – 37,5:2,50=15,0 ц/га, фосфор бойынша – 6:1,09=5,5 ц/га және калий бойынша – 144:1,75=82,2 ц/га өнім деңгейіне ие боламыз. Минимум заңына сәйкес осы жағдайда өнім деңгейі 5,5 ц/га болуы мүмкін.

Топырақ құнарлылығын оңтайландыру жолдары. Стационарлы тәжірибедегі ғылыми-зерттеу мекемесінің тәжірибелік материалдарының негізінде, топырақ құнарлылығын оңтайландыру оның жоғары өнімділігіне жоспарланған, агрофизикалық және агрохимиялық көрсеткіштері бойынша жүргізілуі тиіс ұсыныстар берілген. Ауыпалы егіс айналымының барлық дақылдарының жоғары және сапалы өнімін қамтамасыз ететін топырақ құнарлылығының көрсеткіштері, оңтайлы деп есептелінеді, ал оңтайлы көрсеткіштер ауыспалы егіс дақылдарының биологиялық талаптарымен сәйкес болуы керек және олар дақылдардың потенциялдық өнімділігінің жүзеге асуына мүмкіндік туғызуы қажет.

Топырақ құнарлылығының оңтайлылығы, топырақтың агрофизикалық, агрохимиялық және физико-химиялық қасиеттерін қарастырады.

Агрофизикалық қасиеті: топырақтың жыртылатын қабаты есептелінеді, см, сонымен қатар топырақ тығыздығы, г/см3, жалпы кеуектілігі, %, ылғалдылығы, % , суға төзімді (берік) агрегаттар 0,25мм, %.

Агрохимиялық және физико-химиялық – қарашірінді қабаты есептелінеді, % және т/га; азот, % және т/га; жылжымалы фосфор, мг/100 г топырақта; айырбасталатын калий, мг/100 г топырақта.

Минеева В.Г. (1990) бойынша, кәдімгі қаратопырақтар үшін бұл көрсеткіштер келесідей параметрлермен сәйкес келуілері қажет:

1. Топырақтың агрофизикалық қасиеттері

а) жыртылатын қабаты, см – 35

б) тығыздығы, г/см3 – 1,10

в) жалпы кеуектілігі, % - 59

г) ылғалсиымдылығы, % массадан – 30

д) суға төзімді (берік) агрегаттар 0,25 мм, % - 60

2. Топырақтың агрохимиялық және физико-химиялық қасиеттері

а) қарашірінді, % - 7,0, т/га – 270

б) азот, % - 0,30, т/га – 12,0

в) жылжымалы фосфор, мг/100 г почвы – 20

г) айырбасталатын калий мг/100 г топырақта - 35

Егер топырақтар бұл көрсеткіштер бойынша сәйкес келсе, онда агрохимиктардың есептеуінше күздік бидайдың 60 ц/га-на дейінгі өнім деңгейіне қол жеткізуге болады, ал көпжылдық шөптердің (пішен) – 120 ц/га өнімін алуға болады.

Қазақстан топырақтары құрамындағы қарашірінді мөлшері бойынша келесідей ажыратылатынын есте ұстаған жөн %: кәдімгі қара топырақтар – 6-8, оңтүстік қара топырақтар – 4,5-6,0, қара – қоңыр топырақтар – 3,0-4,5.

Топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіштерінің оңтайлы параметрлеріне қол жеткізу үшін агротехникалық және агрохимиялық шараларды қолдану қажет, ал ол ірі материалдық және қаржылық шығындарды талап етеді.

Топырақ құнарлылығын оңтайландыру әдісінің едәуір жеңіл, қол жетімді және шығындары аз жолдарының бірі – ол топырақ құрамындағы жылжымалы фосфордың мөлшері арқылы, себебі жылжымалы фосфордың мөлшері топырақтың жалпы мәдениленгендігінің негізгі көрсеткіші ретінде қызмет етеді, яғни сол арқылы өсіріліп отырған дақылдың жоғарғы өніміне қол жеткізуге болады және қосымша енгізілген фосфор тыңайтқыштарының тиімділігін талап етілмейді. Сонымен қатар нақты топырақ-климат жағдайында ауыспалы егіс дақылдарының фосфор тыңайтқыштарымен қоректендірілу деңгейіне баса көңіл аударған дұрыс.

Топырақ құрамындағы фосфордың 2О5) оңтайлы мөлшері ретінде, ең жоғарғы өнімнен 90-95%-тен төмен емес деңгейге жеткенде деп есептелінеді, ал қалған 5-10%-тің орны фосфор тыңайтқыштарымен толтырылады.

Солтүстік Қазақстанның қара – қоңыр топырақтарындағы фосфордың орташа мөлшері 1,0-1,5 мг/100 г, кәдімгі қара топырақтарда – 1,5-2,5 мг/100 г, топырақ құрамындағы фосфордың оңтайлы мөлшерінің төменгі шегіне (3,1-4,5 мг/100 г) қол жеткізу үшін, 100 г топырақтағы фосфордың мөлшерін 2-3 мг-ға арттыру қажет, бұл көрсеткішке 180-500 кг Р2О5 немесе қос суперфосфаттың 4 - 11 ц/га мөлшерін енгізу арқылы жетуге болады, сонымен қатар жыл сайын өніммен шығарылатын фосфор қоректік затының орнын толықтырып отыру қажет.

Топырақ құрамындағы жылжымалы фосфордың мөлшерін оңтайлы мөлшерге дейін жеткізу үлкен қаражаттың жұмсалуын талап етеді, себебі оның өзін-өзі ақтауы ұзақ уақытты қажет етеді, сондықтан әрбір жекелеген жағдайларда, нақты шаруашылық жағдайында және оның эканомикалық жағдайын есепке алғанда, «оңтайландыру» әдісін қолданудың шаруашылық үшін пайдалылығына жан-жақты бағалаулар жүргізу қажет.

Ауыл шаруашылығының минералды тыңайтқыштармен төмен деңгейде қамтамасыз етілуін және шаруашылықтардың экономикалық жағдайын есепке ала отырып, қазіргі уақытта топырақ құнарлылығы деңгейінің оңтайлалдырылуы туралы айтуға негіз жоқ. Сондықтан соңғы жылдарда негізгі күш тыңайтқыш енгізудің баланстық әдісін қолдануға бағытталуы тиіс және шаруашылықтар бірінші орында экстенсивті (теріс) баланстан өтуі қажет, яғни қоректік заттардың өніммен бірге шығарылуы және жоғалуы олардың топыраққа түсуін жоғарылатады,ал қоректік элементтер жеткілікті болғанда тепе-теңдіктің кіріс және шығыс бөліктері бір-бірімен тең болады. Бұл дақылдардың өнім деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді және енгізілген тыңайтқыштардың өзін-өзі жоғары дәрежеде ақтауының арқасында топырақ құнарлылығының төмендеуіне жол бермейді.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1348. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.026 сек.) русская версия | украинская версия