Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сақтар




Ø Сақтар туралы алғашқы мәліметтер

19. Ерте темір дәуіріндегі ірі одақ: Сақтар.

20. Сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі:

1. Парсы деректері (Авеста, Бехистун)

2. Грек – рим авторларының шығармалары.

21. Сақтар туралы мәлімет беретін жазба мәтіндері сақталған елдер: Грек, Парсы.

22. «Сақ» сөзінің парсы жазбаларындағы мағынасы құдіретті еркектер.

23. «Сақ» сөзінің иран жазбаларындағы мағынасы жүйрік атты турлар.

? Сақтар туралы «Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді» деп жазған: Геродот.

24. Ежелгі грек тарихшысы және географы Страбонның айтуынша барлық сақ тайпалары: Көшпелілер.

v «Скифтерді Каспий теңізінен бастап, көбінесе «дайлар» деп атайды. Олардың шығысында орналасқан тайпалар массагеттер мен сақтар, басқаларын ортақ атпен скифтер дейді, бірақ әрбір тайпаның өз атауы бар. Олардың барлығы – көшпелілер. Массагеттер Кирге қарсы соғыста өздерінің ержүректілігін көрсетті, оларды көпшілік мақтайды...Жазық жерде тұрғанмен, олар егіншілікпен айналыспайды, көшпелілер. Скифтер сияқты малшылықпен және балық аулаумен күн көреді».

25. Ежелгі грек авторларының сақтарға берген атауы: «азиялық скифтер».

26. Грек деректеріндегі көшпелілердің тағы да бір атауы: Дайлар.

27. Сақтар туралы дерек қалдырған грек авторы Геродот.

28. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың (б.з.б. 484 – 425 жж.) сақтарды атауы: Массагет.

29. Геродотты «тарихтың атасы» деп атаған: Цицерон.

? Сақтар туралы «дұшпанға – қатал, досқа – адал» деп баяндайтын: грек авторлары.

? Сақтарды «Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп есептегендер: гректер.

? «Сақ әйелдері ер жүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмектеседі» деп баяндаған грек авторы: Ктесий.

?

Тиграхауда сақтары парсыларға салық төлеуде. Персопольдағы Ксеркс сарайынан көрініс
Олар «садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген» деп сақтарды сипаттаған: Страбон.

? Сақтар туралы «олардың бәрі ақкөңіл және уәдеге берік» деп құрметпен жазған ертедегі грек географы: Страбон.

? Парсы сарайында тұрып сақтардың тәрбиелілігін жазған ғалым: Ксенофонт.

Ø Сақ тайпаларының қоныстануы

30. Сақтардың негізгі үш (3) тобы (парсы деректері бойынша):

1. Сақ-тиграхауда (шошақ бөріктілер): Жетісу, Тянь-Шань, Сырдарияның орта ағысы.

2. Сақ-парадарайа (теңіздің арғы жағындағы сақтар): Арал бойы, Сырдарияның төменгі ағысы.

3. Сақ-хаумаваргалар (хаома сусынын дайындайтын сақтар): Мургаб аңғары.

31. Сақ-парадарайаларының оңтүстігінде қоныстанған сақтар атауы Сақ-хаумаваргалар.

32. АримаспыларШығыс Қазақстан аумағы.

33. ИссендондарСарыарқаның орталығы (Орталық Қазақстан).

34. АргиппейлерСарыарқаның солтүстік-батысы.

v «Аргиппей» латын тіліндегі мағынасы: «ақ жалды жүйрік аттардың иегерлері».

35. Сарматтар (б.з.б. 8- б.з. 5 ғ.ғ.) – Батыс Қазақстан.

36. Дах (дай), сақ-массагет тайпаларыАрал-Каспий теңіздері аралығы.

37. Сақтар құрамына кірген тайпалар: Аримаспы, аргиппей, исседон.

 

Ø Сақ қоғамы

38. Темір дәуірінде мүлік теңсіздігі түпкілікті орнықты.

39. Сақ қоғамында алғашқы қауымдық құрлыстың ыдырауынан кейін пайда болған: Әскери демократия.

40. Сақ қоғамы тұрды:

1. Жауынгерлер.

2. Абыздар.

3. Қауым мүшлері (малшылар мен егіншілер).

41. Жауынгерлер тобына тән дәстүрлі түс:

Қызыл және сары-қызыл.

42. Сақ жауынгерлерінің ежелгі үнді-иран тіліндегі атауы:Арбада тұрғандар (ратайштар).

43. Абыздарға тән дәстүрлі түс: Ақ.

44. Сақ қоғамындағы абыздардың танымал белгісі: Тостаған мен ерекше бас киім.

45. Сақ малшылары мен егіншілері киген киімдерінің түсі: Сары мен көк.

46. Сақ қоғамындағы «Сегіз аяқтылар» дегеніміз: Соқаға жегетін екі өгіздері барлар.

47. Рулар арасындағы даулы мәселелерді шешкен: Тайпа көсемі.

48. Сақ тайпа көсемін сайлады: тайпа мүшелері.

49. Тайпалық бірлестіктің (одақтың) билеушісі: патша.

 

Ø Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

50. Сақтардың негізгі шаруашылығы: Көшпелі мал шаруашылығы.

51. Сақтар аз өсірген мал түрі: Ірі қара.

? «Сақтар құдай деп күнді есептеген және оған жылқыны құрбандыққа шалды» – деп жазған: Страбон.

52. Геродоттың жазуынша сақтар қыста тұрды: Ағаш үйде.

R Түйе өсіру кең тараған Қазақстанның далалық және шөлейт аймақтары: Батыс және Оңтүстік Қазақстан.

53. Сақтардың (б.з.б. 3-2 ғғ. қазылған)суару каналдарының іздері кездесетін жерлер: Шірік-Рабат және Талғар қаласы маңы (Жамбыл облысының аумағы).

54. Ертеде темір қарапайым тәсілмен өндірілді: Пеш-көрікпен.

v Ерте темір дәуірінде қарапайым көрікпен пештің ең жоғарғы температурасы 1200 градусқа жетті.

55. Қазақстан жерінде түсті металл қорыту, өндіру ісі өте жақсы дамыған кезең: Ерте темір дәуірі.

v Шығыс Еуропа жерінен, Кавказдан Қазақстан жерінде өндірілген металдан жасалған заттар табылды. Олар б.з. ІІ-ІІІ ғғ. аралығын жатады.

 

 

Ø Саяси тарихы

56. Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді: Б.з.б. 530 жылы.

57. Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін басқарған: Томирис.

58. Сақ патшайымы Томиристің өмір сүрген мерзімі: Б.з.б. 570 – 520 жж.

? Томирис туралы «Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» деп жазған Рим тарихшысы: Помпей Трог.

59. Жазба деректерде жаудың тұзағына түсіп, қаза тапқан сақ патшасының (Томирис патшайымның) баласы:Спаргапис.

60. Томирис пен Кир шайқасы туралы жазған Рим тарихшысы: Помпей Трог.

61. Cақ жеріне келіп ажал құшқан парсы патшасы: Кир.

62. Сақ жерінде Кирдің өлтірілгендігін жазған: Геродот.

63. «Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым» деген Дарийдің сөздері айтылатын жазба: Бехистун жазбаларында.

64. Дарий бастаған парсы әскерлері жорығының мерзімі: Б.з.б. 519 жылы.

65. Дарий бастаған парсыларға қарсы ұрыста жеңіліске ұшыраған сақ көсемі:Скунха.

66. Сақ малшысы Шырақтың ерлігі туралы жазған грек тарихшысы: Полиэн.

67. Ұзақ жылғы соғыста сақтардың біраз жері парсылардың қол астына қарады. Сақтар мәжбүр болды: алым-салық төлеп, парсылармен бірігіп соғысуға.

68. Марафон шайқасы болған жыл: Б.з.б. 490 жыл.

69. Б.з.б. 490 жылы болған Марафон шайқасында сақтар парсылармен бірігіп соғысты:Гректерге қарсы.

70. Б.з.б. ІV ғасырда (б.з.б. 330-327 жж.) сақ жеріне қауіп төндірген: Александр Македонский.

71. А.Македонскийдің Сырдариядан өтіп сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазған: Арриан.

72. Грек-македон басқыншыларына қарсы 3 жыл бойы күрес жүргізген сақ жауынгері: Спитамен.

? «Скифтер өздерін және аттарын берік сауытпен мұқият қорғаған» деп көшпелілердің әскери қару-жарақтарының ерекшелігін жазған А.Македонскийдің тарихшысы: Арриан.

73. Сақтардың қысқа сапты қылышы (қанжар): ақинақ.

74. Сақтардың А.Македонскийге қарсы ерлік күресі туралы жазған: Арриан.

75. А. Македонский бұйрығы бойынша Сыр бойында салынған қала: Александрия-Эсхата.

v А. Македонскийдің бұл қаланы салғызудағы мақсаты: Мемлекеттің шекаралық тірегі.

Ø Cақтардың мәдениеті

76. Қызылорда қаласынан 300 шақырым жерде орналасқан, б.з.б. ІV–б.з. ХІІІ ғасырларына жататын сақ қалашығы: Шірік – Рабат.

77. Шірік-Рабат қаласының күзет мұнаралары бар орталығы: Цитадель.

v Қала орталығынан табылған заттар

(жебенің қола ұштары, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар) б.з.б. 4-2 ғғ. жатады.

78. Шірік-Рабат қаласының орнынан табылды: сақ жауынгерлерінің темір қару жарағы мен сауыт сайманы.

79. Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған сақ қаласы: Бәбіш-Молда.

v Археологиялық деректерге қарағанда Бәбіш-Молда тұрғындары егіншілікпен айналысқан.

80. Ерте темір дәуірінде арнаулы рулық зираттар орналасқан жер: Қыстау маңы.

· Сақтарда қолөнер ісі өте жақсы дамыды. Қолөнер шеберлері қауым мүшелеріне қажетті бұйымдарды жасады. Сақтарда ағаш оюмен қатар ілгек, таға, түйме сияқты заттарды жасайтын сүйек өңдеу қолөнері де дамыды.

81. Б.з.б. VІІ-VI ғасырлардан бастап далалы аймақтарда пайда болған бейнелеу өнері: «Аң стилі».

v «Аң стилінің» негізгі тақырыбы – аңдар және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аң стилі» өнері сәндік сипатта қолданылды.

82. «Аң стилі» пайда болған ғасыр: б.з.б. VII ғасыр.

83. Сақ дәуіріндегі өнер стилі: «Аң стилі».

84. «Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты.

85. Сақтарға Ираннан тараған «өмір ағашы» дейтін аңдық стильдегі бейне: Арыстан бейнесі.

v Сақтарда әрбір ру, тайпа өзінің шыққан тегін әр түрлі аңдармен байланыстырған және оларды өздерінің қасиетті тұмары санаған.

 

86. Ерте темір дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген нәсілдер (сақтар): Еуропеоид.

v Сақтар еуропеоидтік нәсілге жатқанымен, олардың бет әлпетінде біртіндеп монғолоидтық белгілер пайда болды.

87. Қазақстан жеріндегі сақтарда моңғолоидтық белгілер басым болған өңір: Солтүстік және Шығыс Қазақстан.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 3824. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия