Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

II. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі




Ø 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

  1. ХІХ ғасырдың 20-жылдарына қарай Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірінің бір жағында билік еткен: Қоқан бектері.
  2. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызған: Хиуа хандығы.
  3. Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліске себепші болған:Патша үкіметінің Жаңа Елек өзені бойында әскери шеп тұрғыза бастауы.
  4. Патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылық білдіріп қырық мың шаңырақ жақтастарымен Көкшетау бойынан Қоқан хандығының шекарасына қарай көшіп кеткен: Қасым төре.
  5. Кенесары Қасымұлының өмір сүрген жылдары: 1802-1847
  6. Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен: әкесі Қасым төре.
  7. Кенесары Қасымұлының атасы: Абылай хан.
  8. Кенесары туған ағасы Саржанның көтерілісіне қатынасты: 1824 жылдан бастап.
  9. Қоқандықтардың қолынан зұлымдықпен қаза тапқан Қасым сұлтанның ұлы:Саржан.
  10. Кенесарының ағасы Саржанды өлтіруге бұйрық берген: 1836 жылы Қоқан ханы.
  11. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар: 1837-1847 жылдар.
  12. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс созылды: 10 жылға.
  13. Кенесары Қасымұылының көтерілісі қамтыды: Бүкіл Қазақстанды. (Үш жүзді).
  14. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші: Қазақ шаруалары.
  15. Патша үкіметінің сот-жазалау мекемелерінің жинаған мәліметтеріне қарағанда, К.Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан сұлтан, би, старшындардың саны: 80-нен астам.

v Көтерілісшілердің саны кейбір жағдайдажетті:жиырма мыңға дейін жетті.

  1. Сұлтан Кенесары басқарған көтеріліске 80 сұлтан мен байлар қатысқан аймақтар мен аудандар: Құсмұрын, Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл, Ақмола.
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің негізгі мақсаты: Ресей империясының қазақ жерін отарлауды тежеу және округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
  3. Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған Амангелді Имановтың атасы: Иман батыр.
  4. Кенесары әскерінің жеке отрядтарын басқарған батырлар: Ағыбай, Бұхарбай, Бұғыбай, Аңғал, Жеке, Байсейіт.

R Кенесары Қасымұлының сенімді серігі, інісі, көтеріліске қатысушылардың бірі: Наурызбай батыр.

  1. Кенесары Қасымұлы көтерілісі кезіндегі Ресей императоры: І Николай.
  • Кенесары патша үкіметіне алғаш рет қарулы қарсылық білдірді: 1837 жылы қараша айында Петропавлдан шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісі казактарының тобына шабуыл жасады.
  1. 1838 жылы мамыр айында Кенесары сарбаздары: Ақмола бекінісін басып алып өртеп жіберді.
  2. Кенесары көтерілісі Кіші жүзге тарады: 1838 жылы.
  3. 1838 жылы Кенесары көтерілісіне өз жақтастарымен келіп қосылған Кіші жүздің белді биі, батыр: Жоламан Тіленшіұлы.
  4. 1841 жылы Ташкентке аттанған Кенесары жорығының жүзеге аспау себебі: Сарбаздар арасында жұқпалы аурудың тарауы.
  5. 1841 жылы Кенесары көтерілісшілері басып алған қоқан әскерлері орналасқан бекіністер: Жаңақорған, Созақ, Ақмешіт және Жүлек.
  6. Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған: Қоқан ханы.
  7. 1843 жылы І Николай патша келісім беріп, Кенесары көтерілісін жаншуға жіберді: Старшина Лебедев басқарған отрядті.
  8. 1844 жылы шілде айының 20-сынан 21-іне қараған түнде болған Кенесары отрядымен шайқаста Ахмет Жантөреұлы тобынан қаза тапқан сұлтандар саны: 44.
  9. Патша үкіметінің старшина Лебедевті Орынборда қызметінен алып, сотқа беру себебі: Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін.
  • Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр еткен жағдай: 1844 жылғы күрес нәтижелері көтерілісшілердің рухын көтерді, Кенесары туы астына жаңа қазақ ауылдарының тездеп шоғырлануы.
  1. 1838 жылы желтоқсан айында Ақбұлақ округтік приказы төңірегінде Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаковқа және І Николай патшаға арналған хаттарды тапсыруға жіберген Кенесарының бес өкілі: тұтқынға алынып, жазаға тартылды.
  2. 1844 жылдың аяғында Кенесарымен келіссөз жүргізген Орынбор шекаралық комиссияның өкілі би: Баймұханбет Жаманшин.
  3. 1845 жылы Кенесарының ауылына келген патша елшілері: Долгов, Герн елшілігі.
  4. Патша үкіметі мен Кенесары арасындағы келіссөздердің тоқтап қалу себебі: Екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмады.
  5. Кенесарыны Орта жүздің аумағынан ығыстыру үшін патша үкіметі: Ұлытау, Ырғыз және Торғай бойында бекіністер тұрғызды.
  6. Кенесары көтерілісі кезінде: Қытайдан көмек сұрау мәселесі талқыланды.
  7. 1845 жылы Кенесары Сарыарқадан бет алды: Ұлы жүзге.
  8. Кенесарының Сарыарқадан Ұлы жүзге бет алуының себебі: Қоқан езгісіндегі қазақ руларын көмек көрсетіп, өзіне тірек жасау.
  9. Кенесарының жер ауыстыруына байланысты құрылған одақ: Қоқан мен Бұқара.
  10. Кенесарының жағдайын қиындатқан: Бұхар мен Қоқан хандықтарының бірігіп күресу келісімі.
  11. Кенесарыны және оның Қоқан бектеріне қарсы күресін барынша қолдаған батырлар: Тайшыбек, Саурық, Сұраншы.
  12. Жетісу қазақтарының Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен оқиға: Кенесарының соңынан ермеген ауылдарды ойрандауы.
  13. Кенесарының қырғыз жеріне басып кіру себебі: Қоқандықтарға қарсы бірігіп күресу ұсынысын қырғыз манаптарының жауапсыз қалдыруы.
  14. Кенесары көтерілісінің отаршылдық езгіге қарсы бастапқы сипатын өзгерткен: Қырғыз жеріне басып кіруі.
  15. Кенесарының қырғыздардың қолынан қаза тапты: 1847 жылы Майтөбе.
  16. Кенесары хандық билікті қолына алды: 1841 жылы.
  17. Кенесары құрған хандық сипаты жағынан:феодалдық мемлекет.
  18. Кенесары құрған хандық кеңестің Әбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен өзгешелігі: Билік ханның өз қолында болды.
  19. Хандық билікті қолға алған Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді: Хандық сотты.
  20. Опасыздық жасағандарға қолданылған жаза:Өлім жазасы.
  21. Кенесары Қасымұлының шаруашылық саласында көңіл бөлді: Егіншілікке.

 

Ø 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі

  1. Ішкі Орда хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі: Патша үкіметінің саясатын қолдау мақсатында.
  2. Бөкей Ордасы құрылған жыл: 1801 жыл.
  3. Бөкей Ордасының территориясы: Еділ мен Жайық аралығы.
  4. ХІХ ғасырдағы Кіші жүздің алып жатқан территориясы: 850000 мың шақырым.
  5. 1801 жылы 11 наурызда Жайық пен Еділ өзенінің төменгі ағысында Кіші жүз қазақтарының көшіп-қонуына рұқсат берген император: І Павел.
  6. Патша үкіметінің Кіші жүз руларыныдағы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдеткен шешімі: Жайық пен Еділ арасында қайта қоныстануға рұқсат беруі.
  7. Бөкей Ордасының патша үкіметінің қаржысына хан сарайын салған жер: Жасқұс.
  8. Бөкей ордасында «Хандық кеңес» ұйымдастырылды: 1827 жылы.
  9. Бөкей Ордасында 1827 жылы ұйымдастырылған «Хандық кеңестің» құрамына кірген билер саны: 12 би.
  10. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісіне түрткі болған жағдай: 1833 жылы Жәңгір хан қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий өңіріне билеуші етіп тағайындауы.
  11. Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісі болды: 1836-1838 жылдары.
  12. Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісі болған кезең: ХІХ ғасырдың І жартысында.
  13. Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс созылды: екі жылға.
  14. 1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы көтеріліс: Үш кезеңге бөлінді.
  15. 1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші: Қазақ шаруалары.
  16. 1836 жылы Исатай Тайманұлының серіктері: Тінәлі Тайсойғанұлы, Ұса Төлегенұлы (Сарт Еділұлы, Иманбай Қандыбайұлы).
  17. Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді:Махамбеттің өлеңдерінде.
  18. Бөкей хан Исатай Тайманұлын беріш руының Жайық бөлімінің старшины етіп тағайындады: 1812 жылы.

v 1814 жылы Орынбор Шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітті.

  1. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы старшын болған ру: Беріш.
  2. Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша Исатайдың жала жабылып сотқа тартылған жылдары: 1817-1823 жылдар.
  3. Жәңгір хан Қарауылқожаға көтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды: 1836 жылы 17 наурыз.
  4. 1837 жылғы қазан айының 15-інде Исатай мен Махамбеттің қолы Теректіқұм деген жерде ауылын ойрандаған Жәңгірдің сыбайласы: Балқы Құдайбергенұлы.
  5. 1837 жылы қазан айының аяғында ханның резиденциясын қоршаған Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер саны: Екі мың.
  6. Исатай бастаған көтерілісшілердің жалпы саны екі мыңға жеткен уақыт: 1837 жылы қазан.
  7. Исатайдың подполковник Геке мен Жәңгірдің біріккен әскерімен Тастөбе түбіндегі қанды шайқасы болды:1837 жылы қараша.

v 700 казак әскерінен, 400-ден астам хан-сұлтан жасақтарынан құралған жазалаушылар тобы Исатай бастаған 3 мыңнан астам көтерілісшілерге қарсы тұрды.

  1. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы көтерілістің кейінгі барысына әсер еткен оқиға: Исатайлың Тастөбе түбіндегі жеңілісі.

v Көтерілісшілер қатары азайып, Исатайдың төңірегінде оңдаған өзіне берілген серіктері қалды. Гекенің жазалаушы топтарының қуғындауынан титықтаған қазақ шаруалары өз руларына тарап кетті.

  1. Патша үкіметінің Исатайды тірідей ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері: 1000 сом.

v Батырдың басын алғанға 500 сом тігілсе де, Ордада бірде-бір қазақ губернатордың ұсынысын қабылдамады.

  1. Исатай Тайманұлы Жаманқала бекінісіне жақын жерде жазалаушылардың тобын тобын бұзып, Жайықтан шығысқа қарай өтіп үлгерді: 1837 жылғы 13 желтоқсанда.
  2. Патша үкіметінің Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездеткен жағдай: Кенесары көтерілісінің Кіші жүз жерін шарпуы.

v Кіші жүздің батысында Хиуа ханымен байланыста болған Қайыпқали Есімұлы көтерілісінің етек алуы.

  1. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің жеңілген жер: Ақбұлақ.
  2. Исатай Тайманұлы қаза тапты: 1838 жылғы 12 шілдеде.

v 1838 жылы Ақбұлақ деген жерде шайқаста казактар қылышпен шауып, атып өлтірді: Исатайды.

  1. 1836-1838 жылдардағы көтеріліс кезінде көтерілісшілерден тартып алынған мал: Гекенің нұсқауымен Жәңгірге жақын феодалдар арасында таратылды.
  2. Махамбет Өтемісұлы өлтірілді: 1846 жылы.
  3. 1836-1838 жылдардағы Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару тапсырылды: Гекеге.
  4. 1836-1838 жылдардағы көтеріліс басшыларына И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына жаңашырлық білдірген орыс жазушысы: В.И.Даль.
  5. Исатай көтерілісінен кейін Ішкі Ордададағы 1842 жылғы шаруалар көтерілісін басқарды: Аббас Қошайұлы, Лаубай Мантайұлы.
  6. 1842 жылғы Аббас Қошайұлы, Лаубай Мантайұлы бастаған көтерілістің негізгі сипаты: Антифеодалдық.
  7. Сотник Бородин және Ішкі Орда сұлтандары Аббас пен Лаубайды тұтқынға алып, Орал қаласында әскери сотқа берді: 1844 жылы наурызда.
  8. Бөкей Ордасындағы 1842-1844 жылдарындағы көтерілістің басшыларының бірі Лаубай Мантайұлы түрмеде қайтыс болды: 1847 жылы.

v Аббас Қошайұлы сот үкімімен Лифляндия инженер корпусының қарамағына қара жұмысқа айдалды.

 

ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2469. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.006 сек.) русская версия | украинская версия