Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан




Ø ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

  1. ХХ ғасырдың басында Қазақстанда негізінен дамыған өндіріс: Кен өндірісі.
  2. 1893-1895 жылдары салынған, Қазақстан шекарасының біраз жерін басып өткен темір жол: Сібір темір жолы.
  3. 1893-1897 жылдары салынған, біраз жері Қазақстанның батыс аудандарын басып өткен темір жол: Рязань-Орал темір жолы.
  4. XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің шығыс аудандардағы ірі экономикалық шарасы: Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы.
  5. XX ғасырдың басында Ресей әкімшілігі Орта Азияны экономикалық орталықпен байланыстыру мақсатында салған шойын жол: Орынбор-Ташкент.
  6. Ұзындығы 1656 шақырым Орынбор-Ташкент темір жолы пайдалануға берілді: 1906 жылы қантар.
  7. 1902-1904 жылдары Орынбор-Ташкент шойын жолында жұмысқа тартылғандардың саны:30 мың.

8. ХХ ғасырдың басында бірнеше шойын жолдарының пайдалануға берілуі Ресейдің шаруашылық жүйесіне Қазақстанның белсене тартылуын тездетті.

  1. 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық революция қарсаңындағы 300-400 жұмысшы шоғырланған ірі кәсіпорындар: Успен кеніші, Қарағанды көмір шахтасы, Риддер түсті металлургия өнеркәсібі, Спасск мыс қорыту зауыты.
  2. 1905-1907 жылдардағы революцияға алғышарт болған мәселелердің бірі: патша үкіметінің аграрлық саясаты.
  3. ХХ ғасырдың басында қоныстану қоры айналысты: Қазақтардың жерін тартып алумен.
  4. 1853-1905 жылдар аралығында қазақтардан тартып алынып, қоныс аударған шаруаларға бөлініп берілген жер көлемі: 4 миллион десятина.
  5. 1906–1907 жылдар жылдар арасында қазақтардан тартып алынған жер көлемі: 17 млн десятина.
  6. ХХ ғасырдың басында 15 десятинаға дейін жері барлар жатқызылды: Ауқатты орта шаруаға.
  7. ХХ ғасырдың басында егістік жері 15 десятинадан асатын егістік жері бар топ: Кулак.

v 1 десятина егістік жері бар – батырақ, 4 десятинаға дейін – өте кедей шаруа, 5-8 десятина – кедей, 10 десятинаға дейін – шамалы орта шаруа.

  1. ХХ ғасырдың басында Жетісу өңіріндегі орыс шаруаларының арасындағы кулактардың үлесі: 25%.

 

Ø Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде

  1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы патша үкіметінің ұлттық езуі мен қанау саясатына қарсылықтың басталуы үшін алғышарттарды қалыптастырған оқиға: 1905-1907 жылдардағы революциялық оқиғалар.
  2. 1902 жылы тұңғыш маркстік құпия ұйым құрылған қала:Орынбор.

v М.В.Фрунзенің, В.В.Куйбышевтің революциялық қызметі Қазақстанда жалғасты.

  1. Отарлық ұлт аудандарының «сілкініп оянуына» әсер еткен оқиға: 1905 жылы 9 қаңтарда болған «Қанды жексенбі».
  2. 1905 жылы Қарқаралыда өткен халықтың бірлігін қуаттайтын саяси ереуілге белсене қатысқан ақын: Міржақып Дулатұлы.
  3. 1905 жылы 17 қазандағы патша манифесіне қазақтың ұлттық-демократиялық зиялы қауым өкілдерінің көзқарасы: Әшкереледі.
  4. 1905 жылы қазан айының 17-де жарияланған патша манифесін әшкереледі:Алаш қозғалысының өкілдері.
  5. 1905 жылы 18-19 қазанда саяси шеру өткен қала: Орынбор.

v Шеру «Демократиялық республика жасасын!», «Самодержавие жойылсын» деген айқын саяси ұрандарға ұласты.

  1. Батыс Сібір әкімшілігін қатты сескендірген Омбыдағы саяси бой көрсету өтті:1905 ж. 25 қазан.
  2. 1905 ж. қазан айында орыс және қазақ жұмысшыларының интернационалдық сипат алған саяси демонстрациясы (бірлескен қарсылығының көрінісі) болған қала:Перовск.
  3. 1905 жылы Семей облысы губернаторының Қарқаралыдан әскери күш шақыртуына себеп болған (қараша айының 16-18 аралығындағы) оқиға: Пошта-телеграф қызметкерлері ереуілі.
  4. 1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер: Жаркент.

v 1905 жылғы 6-7 қарашада " Верныйдағы Батыс Сібір батольоны.

  1. 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық революция кезіндегі қазақ-орыс еңбекшілерінің біріккен интернационалдық ірі бой көрсетуі болған жер: Успен (Нілді) кеніші.

v Кеніш француз президентінің жиені Карноның меншігі болып саналатын, іс басқарушысы – ағылшын Фелль. Жалақының тапшылығы, жұмыс істеу шарттарының аса ауырлығы, шетел капиталистерінің, әсіресе ағылшын инженерлері Мессен, Гиббердің қатыгездігі, т.б. жайттар ереуілге себеп болды.

  1. 1905 жылы Успен кенішінде өткен ереуілге басшылық еткен ұйым: «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы».
  2. 1905 жылы 2 желтоқсанда Успен кенішінде құрылған алғашқы жұмысшы ұйымының атауы: «Орыс-қырғыз одағы».

v Ұйымның қойған басты талаптары: азық-түлікке бағаны төмендету, жалақыны арттыру, жұмысшыларды су өтпейтін киіммен қамтамасыз ету, үш сыныптан тұратын орыс-қазақ училищесін ашу, кебір мекеме қызметкерлерін жұмыстан алыстату.

  1. Оралдағы жұмысшылар қозғалысына қатысып, пролетарлық сыннан өткен,Успен кенішіндегі ереуілді ұйымдастырушалардың бірі: П.Топорнин.
  2. Успен (Нілді) кенішіндегі ереуілдің нәтижесі: Кеніш иелері жұмысшылардың талаптарын ішінара қанағаттандыруға мәжбүр болды.

v Ереуіл 12 күнге созылды, 360 қазақ және орыс жұмысшылары қатысты.

  1. XX ғасырдың басындағы өлкедегі революциялық оқиғалардың ішінен ерекше көзге түскен интернационалдық бой көрсету: Успен (Нілді) кенішіндегі оқиға.
  2. 1905 жылы 13-желтоқсанда жұмысшылар ереуілі өткен жер: Павлодар.

v Батыс-Сібір серіктестігінің Ертіс бөлімінің жұмысшылары митинг өткізді.

  1. 1906 жылы қазақ шаруалары отаршыл жер саясатына ашық қарсылық көрсеткен Семей облысындағы уезд: Қарқаралы.

v Жетісу облысының Жаркент уезінде, Сырдария облысының Әулиеата мен Шымкент уездерінде.

  1. Ішкі істер министрі Дурнов қазақ өлкесіндегі қарсылықтарды жаншуға арнайы тапсырма берді: 1906 жылы қаңтар айының 10-ы.
  2. 1906 жылғы шілде айында болған, Қазақстандағы басты саяси оқиға ретінде саналған ереуіл өткен жер: Семей.

v Алғашында 300, кейіннен ереуілге қатысушылар саны 500-ге жеткен, бұл ереуілдің басты талаптары экономикалық мазмұнда болды. Жергілікті құпия большевиктік топ мүшелері Брудневский, Солодовников ереуілшілердің күшін топтастыруға күш салды.

  1. Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық қарасында ІІ Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған: Ш.Қосшығұлов.
  2. Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасынан ІІ Мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған федералист: М.Тынышпайұлы.

v Оралдан сайланған:кадет А.Бірімжанұлы.

v Семейден сайланған:Х.Д.Нұрекенұлы.

  1. «Түземдік халық» арасынан Патшалық Ресейдің Думасына мүше болған қазақтар: Ш.Қосшығұлов, А.Бірімжанұлы, М.Тынышпайұлы.
  2. Семей облысынан Мемлекеттік Думаға сайланған, кейіннен сайлаушылар мүддесінен ауытқып кеткен тұлға («Семипалатинский листок» газетінің редакторы): Н.Я.Коншин.

v Ақмола облысынан " большевик А.Виноградов; Торгай облысынан " Космодемьянский; Жетісу облысынан " М.Гаврилов.

 

Ø Қазақстан саяси реакция жылдарында

  1. 1906 жылғы қараша және 1910 жылы Столыпин үкіметі қабылдаған аграрлық саясат бағытталды: Революцияны тұншықтыруға.

v Қоныстанушылар арасынан жер саясатын тереңдету үшін кулак топтары арқылы тірек алуды ойластырды.

  1. XIX ғасырдың аяғы, XX басында Қазақстан жеріне қоныс аударған шаруалардың басым көпшілігі: Ресейден.
  2. 1917 жылғы Қазан революциясы қарсаңында жергілікті халықтан тартып алған жер көлемі: 45 миллион десятина.
  3. 1914 жылы Қазақстанда қоныстанған әр тілдес халықтар саны көтерілді: 211 есеге.
  4. 1914 жылы Қазақстанға қоныстанған әр тілдес халықтардың санының бірден 211 есеге көтерілуінің себебі: Ресейден қоныс аударған шаруалардың есебінен.
  5. Столыпин аграрлық саясаты нәтижесінде Ақмола облысындағы қазақтардың үлесі: 36,6% (1897 ж. – 61,1%).

v Семейде – 73% (87,9%), Сырдарияда – 62,3% (64,4), Жетісуда – 60,5% (80,4), Торғайда – 58,7 (90,6), Оралда – 56,9% (71,3).

  • Қазақстанда ереуілдің кең шарпуына әсер еткен («Туркестанский курьер», «Омский вестник» газеттері хабарлаған) Лена қырғыны.
  1. І дүние жүзілік соғыс қарсаңында Өскемендегі алтын өндіретін «Николай» және «Основательный» кеніштерінде болған жұмысшылардың ереуілінің қатты болғаны соншалықты, кеніш иелері мәжбүр болды: Талаптарды тақлылау үшін арнайы комиссия құруға.
  2. «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы өндіріс жұмыскерлерінің ереуілі өтті: 1911 жылы мамыр.
  3. Жалпыресейлік саяси қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылатын 1912 жылғы 2-6 қазанда болған ереуіл: Байқоңыр көмір өндірісінде.
  4. Табанды күресінің нәтижесінде жұмысшылар жалақыларын 26%-ға көбейтуге мүмкіндік алған ереуіл:Ембі мен Доссордағы ереуіл.
  5. 1915 жылғы мамыр айында кеншілер ереуілі болды:Екібастұз көмір кенішінде.

v Талаптары жағынан саяси ереуіл болды.

  1. 1916 жылғы тамыз айындағы саяси күрестің өрлеуінің көрінісі болған ереуіл:Қарсақбай мыс кенішіндегі ереуіл.

 

Ø Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында

  1. ХХ ғасырдың басында Қазақстанның шикі зат көзі ретіндегі маңызын арттырған: Бірінші дүниежүзілік соғысы.
  2. 1915 жылы маусым айының 25-інде үкімет бекіткен Ереже: «Бұратаналарды мемлекеттік қорғаныс ісіне пайдалану жөніндегі».
  3. Бірінші дүниежүзілік соғыстың бірінші жылында соғыс қажетіне отыз төрт миллион сомның өнімін жіберді: Жетісу облысы.
  4. 1914-1916 жылдары Түркістан өлкесінен майдан қажеттілігі үшін жиналып алынды: Мақта, ет, жылқы, түйе.
  5. Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі – шаңырақ салығының көбеюі.
  6. 1914 жылы қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының көлемі: 600 мың сом.
  7. 1917 жылға қарай қазақтардан жиналған шаңырақ салығының мөлшері: 1 млн 200 сом.
  8. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ауыр қара жұмысқа пайдаланылатын өндіріс орындарындағы жұмыс мерзімінің ұзақтығы: 12-14 сағат.
  9. ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарында жасөспірімдерге (12-14 жастағы балаларға) күніне төленетін еңбек ақысы: 20 тиын.
  10. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Семей, Ақмола облыстарынан майданға тартылған жұмысшылардың үлесі: 50%.
  11. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға әскери тұтқындардың алғашқы топтары әкеліне бастады: 1914 жылдың тамыз айынан бастап.
  12. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан жеріне әкелінген тұтқындар:Австрия-Венгрия тұтқындары.
  13. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға әкелінген әскери тұтқындардың арасында негізінен басым болды: Славян тектестер.
  14. 1914 жылдың тамыз айында тек қана Омбы облысына әкелінген соғыс тұтқындарының саны: 20 000
  15. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары әскери тұтқындар көптеп жіберілген өңір: Қазақстанның солтүстік-шығыс және оңтүстік аудандары.

v Ақмола облысында 14 мың тұтқын ауыл шаруашылығында пайдаланылды.

  1. 1915 жылы Автрия-Венгрия тұтқындарының ереуілі өткен жер: Риддер кен байыту орны.
  2. ХХ ғасырдың басында қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени және әдеби өміріне белсене араласқан өкілдерінің бірі: Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937).
  3. Ахмет Байтұрсынұлы 1909 жылға дейін: Қарқаралыда мұғалім болды.
  4. 1909 жылы шілді айында А. Байтұрсынұлыпатша үкіметінің қанау саясатына қарсылық білдіргені үшін: Семей түрмесіне қамалды.
  5. Ахмет Байтұрсынұлының Орынборда тұрған уақыты: 1910-1917 жылдары.

74. Ахмет Байтұрсынұлының өлеңі: «Қазақ салты», «Қазақ қалпы».

  1. 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа белсене қатысқан ақын: Міржақып Дулатұлы.
  2. 1913 жылы Орынборда жарық көрген М.Дулатұлының өлеңдер жинағы:«Азамат».
  3. Міржақып Дулатұлының 1915 жылы жарық көрген әдеби-публицистикалық туындысы: «Терме».

v 1910 жылы Қазанда «Бақытсыз Жамал».

v 1909 жылы Уфада, 1911 ж. Орынборда «Оян, қазақ!».







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 4036. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.006 сек.) русская версия | украинская версия