Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жылдардағы Қазақстанның мәдениеті




Ø Білім және ғылым

  1. ХХ ғасырдың 20-жылдарында халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында жүргізілген шара: Сауатсыздықты жою.
  2. Халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында 1924 жылы ұйымдастырылған қоғам: «Сауатсыздықты жою» қоғамы.
  3. Республиканың Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біріңғай еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады: 1926 жылы мамырда.

v Мектеп құрылысында бір жылдық және екі жылдық мектептердің үлес салмағын кеміту мен үш жылдық және төртжылдық мектептердің үлес салмағын көбейту бағыты ұстаоды.

  1. Республиканың 15 жастан 50 жасқа дейінгі жалпыға бірдей міндетті сауат ашу енгізілді: 1931 жылғы желтоқсанда.
  2. Қазақстанда көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді: 1931 жылдың көктемінде.
  3. ХХ ғасырдың 30-жылдары сауатсыздықты жою, білім беру ісіне қамқорлық жасауды мойынына алған: Қазақстан комсомолы.

v 1928 жылы комсомолдар бастамасымен Бүкілқазақстандық мәдени жорық бастылды.

  • Мәдени құрылыс үрдісін жеделдетуге ұлттық зиялы қауымның көптеген қайраткерлері елеулі ықпал жасады.

v Суретті әліппені жазған: А.Байтұрсынов; қостілдік және ана тілін оқыту әдістемесін жазған: Ж.Аймауытов; география оқулығын жазған: Ә.Бөкейханов; алгебра оқулығын жазған: Қ.Сәтбаев.

  1. 1931-1932 жылдары балалар үйіне орналастырған бала санының көп болуының басты себебі:1931-1932 жылдардағы аштық.
  2. 1932 жылдың күзінде балалар үйілеріне орналастырылған балалар саны: 68 мың.
  3. Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдарындағы Қазақстанда маңызды мәдени өзгерістердің бірі Халықты жаппай сауаттандыру.
  4. Соғыс қарсаңында «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» атағына ие болған халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері: С.Көбеев, Л.И.Добранская, Н.В.Волков, С.Ақышев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев.
  5. Қазақстанда ашылған тұңғыш жоғары оқу орны: Қазақ педагогикалық институты.
  6. Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны-педагогикалық институт ашылды: 1928 жылы.
  7. Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны-педагогикалық институт 1928 ашылып, оған кейін: Абайдың есімі берілді.
  8. 1931 жылы наурызда ашылған жоғарғы оқу орны: Алматы медицина институты.

v Алматы зоотехникалық – малдәрігерлік институты ашылды: 1929 жылы.

v Алматы ауылшаруашылық институты ашылды: 1930 жылы.

  1. 1929-1931 жылдары Алматыда ашылған жоғары оқу орындары: Ауылшаруашылық және медициналық.
  2. 1931-1932 жылдары педагогикалық институттар ашылған Қазақстан қалалары: Орал, Қызылорда.
  3. С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті) Қазақ мемлекеттік университеті ашылды: 1934 жылы.
  4. Республикада инженер-техник кадрларын даярлауға негіз болған, 30-жылдары негізі қаланған жоғары оқу орны: Қазақ кен-металлургия институты.
  5. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының (ЖОО) саны: 20.
  6. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстандағы орта арнаулы оқу орындарының саны: 118.

v Жалпы оқу орындардағы білім алушылар саны: 40 мыңдай адам.

  1. 1930 жылдары өзге республикалардың жоғары оқу орындары мен техникумдарында білім алған қазақстандық жастардың саны: 20 мыңдай.

R 1939 жылы республикада жалпы халықтың сауаттылығы – 65%, қазақтар арасында – 40%.

v Жаппай сауатты қалалар: Риддер, Шымкент, Алма-Аты, Орал, Қарағанды, Әулиеата, Степняк.

F ЖОО және орта арнаулы оқу орындарындағы оқыту барысы республиканың шикізат қоры сипатын анық аңғартты.

  1. Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі: 1920–1930 жылдар.
  2. 1920-1930 жылдары Қазақстанды ғылыми тұрғыда зерттеу үшін құрылған қоғам: Қазақстанды зерттеу қоғамы.

v Қазақстанның тарихын, этнологиясын, экономикасын зерттеудің және жаратылыстану ғылымының ірі орталығына айналды.

  1. 1926 жылы ежелгі Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ғалым: М.Е.Массон.
  2. КСРО Ғылым академиясының кешенді экспедициясы бүкіл Қазақстан аумағында статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіді: 1926-1927 жылдары.
  3. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылды: 1932 жылы.
  4. 1932 жылы құрылған КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасындағы алғашқы ғылыми секторлар: Зоология және ботаника.
  5. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасына геология және тарих секторлары және құрамында қазақ тілі мен әдебиеті, халық шаруашылығы секторлары бар Қазақ ұлттық өнер ғылыми зерттеу институты қосылды: 1935 жылы.
  6. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог, академик: А.Н.Самойлович.
  7. Қазақстандағы ғылыми дамудың негізі бағыттарын белгілеуге белсене қатысқан КСРО Ғылым академиясының президентіболған: С.Н.Вавилов, В.Л.Комаров.

v Қазақстандағы ғылыми дамудың негізі бағыттарын белгілеуге белсене қатысқан аса көрнекті геолог-ғалым, академик: А.Д.Архангельсикий.

  1. 1935 жылы бірінші бөлімі жарық көрген «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» еңбегінің авторы: Санжар Асфендияров.
  2. Соғыс қарсаңында Қазақстанның 57 ғылыми мекемесінде еңбек еткен ғалым саны: 1700-ден астам.

 

Ø Әдебиет пен өнер

  1. 1913 жылы «Шолпан» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрген белгілі ақын: Мағжан Жұмабаев.
  2. Мағжан Жұмабаевтың эпостық құлашпен жазылған, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі тарихи оқиғаны суреттейтін дастаны: «Батыр Баян».

v Мағжан Жұмабаевтың дастандары: «Ертегі», «Қолыбайдың қобызы», «Жүсіпхан».

  1. 1920-1930 жылдары қазақ әдебиетінің туын ұстап, Абай дәстүрін жалғастырған, шығармалары арқылы поэзияға серпін берген ақын-жазушы: Сәкен Сейфуллин.
  2. Сәкен Сейфуллиннің қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына, Ақпан және Қазан төңкерістеріне, Азамат соғысына қатысуын шынайы тұрғыда бейнелеген тарихи романы: «Тар жол, тайғақ кешу».
  3. Сәкен Сейфуллиннің 1927 жылы жарық көрген «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романында қазақтардың қатысуын суреттеген тарихи оқиғалардың бірі: Азамат соғысы.
  4. 1920-1930 жылдары қазақ кеңестік әдебиетіне қосылған С.Сейфулиннің үздік шығармасы: «Көкшетау».

v С.Мұқанов " «Сұлушаш», «Жұмбақ жалау»; І.Жансүгіров " «Құлагер»; И.Байзақов " «Құралай сұлу»; Б.Майлин " «Азамат Азаматыч»; Ж.Аймауытов " «Қартқожа»; С.Ерубаев " «Менің құрдастарым»; Ғ.Мұстафин " «Өмір мен өлім».

  1. 1920-1930 жылдары қазақ әдебиетшілерінің қатарына қосылған дарынды жастар: Ж.Саин, Қ.Аманжолов, А.Сәрсенбаев, Т.Жароков, А.Жұмағалиев, Ә.Тәжібаев, Қ.Бекхожин, Ж.Сыздықов, Д.Әбілев.
  2. ХХ ғасырдың бірінші жартысында төңкеріс, кеңестік Отан, бостандық, адамгершілік, махаббат туралы жан тебірентерлік өлеңдер мен дастандар жазған көрнекті қазақ ақыны: Иса Байзақов, Нүрпейіс Байғанин, Жамбыл Жабаев, Шашубай Қошқарбайұлы.
  3. ХХ ғасырдың бірінші жартысында кеңінен мәлім болған «Ащы өзек» және «Өшпенділік» романдарының авторы: И.П.Шухов.
  4. Гетенің, Гейненің, М.Горькийдің, В.Ивановтың, Д.Мамин-Сибиряктың шығармаларын қазақ тіліне аударған:М.Жұмабаев.
  5. И.А.Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударған:А.Байтұрсынов.
  6. М.Ю.Лермонтовтың, А.С.Пушкиннің, Ф.Шиллердің, Ғ.Тоқайдың шығармаларын және пролетарлық әнұран «Интернационалды» қазақ тіліне аударған белгілі ақын: Ж.Аймауытов.
  7. Революцияға дейінгі қазақ зиялылар өкілдерінің бірі, шебер аудармашы: Ә.Бөкейханов.
  8. 1930 жылдары қазақ әдебиетінің дамуына орасан зор зиянын тигізген қасіретті оқиға: Сталиндік жазалау.
  9. «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтар жариялаған этнограф, сазгер: А.В.Затаевич.
  10. А.В.Затаевичке Қазақстанның халық әртісі атағы берілді: 1932 жылы.
  11. Мыңжылдық мәдениетінің аса құнды ескерткіші деп бағаланған «Қазақтың 1000 әні» атты еңбектің авторы кеңестік музыкатанушы ғалым: Б.В.Асафьев.
  12. 1922 жылы халық жыршылары бәйгесі өткізілген қала: Қарқаралы.
  13. 1925 жылы Париж қаласында өткен дүниежүзілік қолданбалы өнер көрмесінің және 1927 жылы Майндағы Франкфуртте өткен дүниежүзілік музыка көрмесінінің концерттеріне қатысып, ән салған қазақ халқының әйгілі әншісі: Әміре Қашаубаев.
  14. 1926 жылы қаңтарда Қызылорда қаласында ашылған мәдени мекеме: Ұлттық қазақ театры.
  15. 1926 жылы Қызылорда қаласында ашылған тұңғыш қазақ театрының алғашқы басшысы, дарынды режиссер: Жұмат Шанин.
  16. 1926 жылы Қызылордада ашылған ұлттық қазақ театрында алғаш қойылған пьеса: «Еңлік-Кебек» (М.Әуезов).
  17. Ұлттық қазақ театрына көптеген шығармашылық жетістіктері үшін 1937 жылы үкімет тарапынан берілген атақ: Қазақ академиялық драма театры.
  18. 1930 жылдары театрлар ашылған Қазақстан қалалары: Семей, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Петропавл.
  19. Алматы қаласында ұйғыр музыкалық-драма театры ашылды:1933 жылы.
  20. 1937 жылы корей театры ұйымдастырылған қала: Қызылорда.
  21. Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды: 1934 жылы қантарда.
  22. 1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрған белгілі сазгер: Ахмет Жұбанов.
  23. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды: 1936 жылы.
  24. 1936 жылғы мамыр айында Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде көрсетілген опера: «Қыз Жібек», «Жалбыр».
  25. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде КСРО халық әртісі құрметті атағына ие болған әйгілі әнші:Күляш Байсейітова.
  26. Қазақстан кино өнері бастау алатын кезең: 1930 жылдары.
  27. Қазақстанда хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды: 1934 жылы.
  28. 1938 жылы қазақтың алғашқы дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасын жасаған киностудия: «Ленфильм».
  29. 1930 жылы республикадағы бұқаралық кітапханалардың саны: 290.

v 1939 жылы бұқаралық кітапханалардың саны 3 304-ке жетті.

  1. А.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхана (қазіргі Ұлттық кітапхана) ашылды:1939 жылы.
  2. П.Г.Хлудовтың талантты шәкірттерінің бірі, қазақтың белгілі суретшісі: Әбілхан Қастеев.

F 1920-1930 жылдары мәдениет саласында күрделі, қайшылықтарға толы құбылыстар орын алды. Мәдениетті жасау мен мәдениетке залал келтіру бір мезгілде қатар жүрді. Жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұқсан келтірді.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2039. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия