Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

III. Экологиялық дағдарыс және оның салдары




 

Ø Қоғамдық-саяси дамудың қайшылықтары

  1. 1960 жылдардың ортасынан бастап 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы: «Тоқырау жылдары».
  2. Тоқырау жылдары КСРО-дан іргесін аулақтатып әкеткен мемлекеттің бірі: Югославия, КХДР, Египет.
  3. «Чехословакия – Прага көктемі» оқиғасы болған жыл: 1968 ж.

v Бұл елдегі оқиғалар партияны жаңартуға, қатып-семіп бара жатқан қоғамдық жүйені өзгертуге, нарықтық қатынастар жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған шаралар үлгісін көрсетті.

  1. 1970 жылдардың соңына қарай экономикасында түбегейлі өзгерістер басталған мемлекет: Қытай Халық Республикасы.
  2. 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығында арналған салтанатты мәжілісте Л.И.Брежнев КСРО-да төмендегідей қоғам орнады деп мәлімдеді: Кемелденген социализм.
  3. 1960 жылы қаңтарда болған пленумда республика партиясының бірінші хатшысы болып сайланған: Д.А Қонаев.

v 1962 жылдан бастап екі жыл Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарды.

  1. 1964-1986 жылдары Қазақстанды басқарған: Д.А.Қонаев.
  2. КСРО-ның соңғы жаңа Конституциясы қабылданды: 1977 жылы.
  3. 1977 жылғы Конституция бойынша «Кеңес қоғамының басты және бағыт беруші күші, оның саяси жүйесінің ұйытқысы»: КОКП.
  4. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл: 1978 жылғы наурыз.

v Қазақстан КП мақұлдауымен, Конституция 1978 жылы 20 сәуірде Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс сессиясында қабылдану рәсімінен өтті.

  • Сталиннің тұсындағы басқару аппараты ұлтына қарамай көзін жою әдісі арқылы билік басында қалуды көздеген болса, хрущевтік-брежневтік әкімшілік «тарихи жаңа қауымдастық – кеңес халқын» жасау ниетін көздеді.
  1. Алғашқыда 800 студентті біріктірген «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйым құрылды: 1960 жылдардың ішінде.
  2. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымын құрған осы қалада оқитын жастар: Мәскеу.
  3. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымының идеялық дем берушісі және басты ұйымдастырушысы: Мұрат Әуезов.
  4. 1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» ұйымының ұйымдастырушылары: А.Қадыржанов, Б.Тайжанов.
  5. 1960 жылдары қазақ жастары Семейде құрған ұйым: «Тайшұбар».
  6. 1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым: «Жас қазақ».
  7. 1970 жылдары әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер:«Дос-Мұқасан», «Гүлдер», «Айгүл».

F «Жас тұлпар» ұйымы қазақ жастарының ұлттық санасының өрлеуіне, республикадажәне одан тыс жерлерде де қоғамдық-саяси ойдың өркендеуіне белгілі дәрежеде әсер етті.

  1. Олжас Сүлейменовтың «АЗ и Я»тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді: 1975 жылы.
  2. 1975 жылы жарық көрген ақын О.Сүлейменовтың «АЗ и Я» тарихи-лингвистикалық кітабында талқыланған жыр:«Игорь жасағы туралы жыр».

v «Бұл шығарма славяндық және түркілік этностық әлем шекарасында дүниеге келген және онда екі көрші мәдениеттің шындықтары көрініс тапқан», - деген О.Сүлейменовтың тұжырымы шовинистік өзімшілдік рухта тәрбиеленген (М.Суслов) кейбір орыс зиялыларына ұнамады.

  1. О.Сүлейменовтың тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталған кітабы: «Аз и Я».
  2. 1970 жылдары кітабы тауар айналымынан алынып тасталған әйгілі қазақ ақыны: О.Сүлейменов.
  3. 1979 жылы 16 маусымда жастардың Неміс автономиясын құруға наразылық шеруі болған қала: Целиноград.

v Целиноград оқиғасы болған жыл: 1979 жылдың 16-19 маусым.

  1. 1979 жылғы Целиноград қаласындағы оқиғаның себебі: Неміс автономиясын құруға қарсылық.
  2. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық еткен: А.Коркин.
  3. 1979 жылғы Қазақстан аумағында құрылуға тиіс неміс автономиясының құрамына аудандары кіруге тиіс облыстар:Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Ақмола.
  4. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша автономияның әкімшілік орталығы: Ерейментау.
  5. 1979 жылы ұлтаралық қатынастарда келеңсіз құбылыстардың орын алғандығының бір көрінісі: Неміс автономиялық облысын құру туралы шешімнің қабылдануы.

 

Ø Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай. Ауыл шаруашылығы

  1. Жеке адамның ырқымен кету: Волюнтаристік.
  2. КОКП-ның 1965 жылғы қыркүйек пленумы өнеркәсіпті басқарудың тиімсіз деп жариялаған ұстанымы: Аумақтық ұстаным бойынша басқару.
  3. 1965 жылғы КОКП-ң қыркүйек пленумында өнеркәсіпті басқару жүйесі өзгертілді: Республикалық және одақтық министрліктер құрылды.
  4. 1967 жылдың аяғына қарай жаңаша жұмыс істей бастаған өнеркәсіп орындарының саны: 193.
  5. 1970 жылдары жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеуге көшкен кәсіпорындар пайызы: 80%.
  6. 1960 жылдардың екінші жартысында салынған электр станциясы: Жамбыл.
  7. 1972 жылы салынған электр станциясы: Қапшағай.

v 1984 жылы республикада өндірілген электр қуаты:74,6 млрд кВт. Сағат (1970 жылы 34,7 млрд кВт. сағат).

  1. 1970 жылдар ішінде ашық әдіспен, өзіндік құны арзан көмір өндірілетін кәсіпорын орналасқан: Екібастұзда.

v 1984 жылы Қазақстанда өндірілген көмір көлемі: 125,5 млн тонна. (Одақ бойынша 17,6%).

  1. 1960 жылдардың екінші жартысында мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының көлемі арта бастаған түбек: Маңғыстау.
  2. Өзен орнынан алғашқы мұнай алынған жыл: 1965 ж.
  3. 1960 жылдың екінші жартысында Өзеннен Жетібай арқылы мұнай, газ құбырлары тартылған қала: Ақтау.
  4. 1960-1980 жылдары республикадағы түсті металлургияның аса ірі орталығына айналды: Шығыс Қазақстан.

v 1960 жылы Өскеменде салынған өнеркәсіп орны: Титан-магний комбинаты.

v 1970-1980 жылдары Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты салынды.

  1. 1960 жылдардың екінші жартысында Атырауда салына бастаған зауыт: Мұнай-химия зауыты (Химия-металлургия зауыты).
  2. 1960 жылдардың екінші жартысында салынған зауыт: Ертіс химия-металлургия зауыты.
  3. 1970 жылдары республика Одақта жетекші орынға шыққан өндіріс: Сары фосфор.
  4. 1984 жылы темір кенін өндірудегі жылдық өнімі: 24 млн. тонна.
  5. 1960 жылы Павлодарда машина жасау зауытының негізінде құралған кәсіпорын: Трактор зауыты.
  6. 1960-70 жылдардың ішінде Семейде салынған зауыт: Кабель зауыты.
  7. 1960 жылдардың ішінде төмен вольтты аппараттар зауыты салынған қала: Алматы.

v Текелі " аккумулятор зауыты.

v Кентау " трансформатор зауыты.

v Өскемен " Конденсатор зауыты.


  1. Өздері тұрған ортаның тазалығын сақтамай, жергілікті ресурстарды үнемді пайдаланбаған: Әскери өнеркәсіп кешендері.
  2. 1960 жылдардың ішінде былғары аяқ-киім фабрикасы салынған қала: Жамбыл.

v Мақта-мата комбинаты " Алматы.

v Костюмдік штапель маталар комбинаты " Қостанай.

v Аяқкиім және шұлық фабрикалары " Қарағанды.


  1. 1970 жылға қараған шақта жеңіл өнеркәсіп республиканың жалпы өнеркәсіп өнімінің 16%-ын берді.
  • 1960 жылдардың алғашқы жартысында ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру және шаруашылық есепке көшіру жаңа қарқынмен жүргізілді.
  1. Ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді: 1960 жылдардың соңында.
  2. 1960 жылдары электрлендіру жұмысы жақсы жүрген облыстар: Шығыс Қазақстан, Семей, Солтүстік Қазақстан.
  3. 1965 жылдың соңында толық шаруашылық есепке көшкен кеңшар саны: 586
  4. ХХ ғасырдың 70-ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға өз үлесін қосып, қағазбастылыққа шектеу қойған: И.Худенко.
  5. Әдістемесі «социализмге жат, зиянды», деп танылған Алматы облысындағы кеңшар директоры: И.Худенко.
  6. 1970 жылдардың ішінде одақтас республикалар арасында қой санынан алған орны: Екінші.

v 1975 жылғы Қазақстандағы мал саны " 34,6 млн.

  1. 1971 жылы мектеп бітірушілерді қой шаруашылығына шақырып, бастама көтерген аудан: Шұбартау.

v Компартия Қазақстан жастарының алдына қой санын таяудағы жылдарда 50 млн-ға жеткізуді мақсат етіп қойды. Жастар «50 млн меже емес» деп жауап берді. Қой өсіруші жастар бригадалары алдарына қойылған міндеттерін орындай алмады. Мал басы көбейе қоймады, керісінше, азайып кетті.

  1. 1979 жылы республикадағы қазақтардың үлесінің 36% пайызға дейін көбеюінің себебі: Туу көрсеткішінің жоғарылауы.

v 1971 жылы республикадағы қазақтардың үлесінің 32,6%.

  1. 1980 жылдары жоспарлы түрде ұлттық тегіне қарап кенттену саясатын жүргізу нәтижесінде солтүстіктегі өнеркәсіптік қалалардағы жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі: 3%-15%.

v Республика бойынша өнеркәсіпте істейтін қазақ жұмысшыларының үлесі 12% болып, олардың ішіндегі маманданған жұмысшылардың үлесі 3%-ды ғана құрады. Қалада тұратын қазақтар негізінен мамандықты қажет етпейтін ауыр, «қара жұмыспен» айналысты.

  1. 1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болған облыстар: Қызылорда, Атырау.

v 1979 жылғы санақ бойынша Алматыдағы қазақтардың үлесі " 11%.

 

Ø Экологиялық дағдарыс және оның салдары

  1. Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналған жыл: 1950 жылдардан бастап.
  2. Батыс Қазақстанда жұмыс істеп тұрған атом полигоны: Капустин Яр.
  3. Семей ядролық полигонында ең алғашқы сынақ өткізілген жыл: 1949 ж.
  4. Семей ядролық полигонында ауада ашық жарылыстар жасалды: 1949-1963 жылдары аралығында.
  5. 1949 жылдан 1963 жылға дейінгі аралықта Семей полигонында ауада жасалған жарылыстардың саны: 113.
  6. 1964 жылдан 1989 жылдың қазанына дейінгі аралықта Семей полигонында жасалған жарылыстардың саны: 343.
  7. Кеңес еліндегі ядролық сынақтардың Семей жерінде өткізілгені:70%
  8. Семей полигонының зардабын шеккен облыстар:Семей, Қарағанды, Павлодар, Өскемен.
  9. Қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны: 300
  10. 1970 жылдардан бастап суының тартылуы Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне апат әкелген су айдыны: Арал теңізі.

v Басты себеп: Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапқа жол берілуі.

  1. Экологиялық дағдарыс шиеленіскен, ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар: Қарағанды, Шымкент, Өскемен.

v Зауыттарда, фабрикаларда, кен орындарында көп жылдар бойы технологиялық үрдістер жаңартылмады, табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану ескерілмеді.

 

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 3685. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.005 сек.) русская версия | украинская версия