Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

IV. Тәуелсіздік жағдайындағы мәдени құрылыс




 

Ø Тәуелсіздік жолындағы қадам

  1. Балтық бойындағы ұлттық-демократиялық қозғалыстар тарапынан жаңа одақтық шарт жасау туралы мәселе қойыла бастады: 1988 жылдан бастап
  2. Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырауы себептерін талдауға талпыныс жасалды:КСРО халық депутаттарының І съезінде.
  3. Жаңадан сайланған КСРО халық депутаттарының I сьезі өтті: 1989 жылы маусымда.
  4. Алғаш рет балама кандидаттардың дауысқа түсу құбылысы көрініс берген, Қазақстанның Жоғары және жергілікті кеңестеріне сайлау өтті: 1989 жылдың күзінде.
  5. 1989 жылдың маусымында Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған: Н.Назарбаев.
  6. 1990 жылы кеңестік жүйеге ауыр соққы болып тиген оқиға Ресей Федерациясының өз тәуелсіздігін жариялауы.
  7. Жоғары Кеңестің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі тағайындалды 1990 жылы сәуірде
  8. 1990 жылы сәуірде Жоғары Кеңестің мәжілісінде Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланған: Н.Назарбаев
  9. 1990 жылы 25 қазанда Жоғары Кеңес қабылдаған құжат «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы»

v 25 қазан- Республика күні

  • 1990 жылы 20 шілдеде Қазақстан КП ОК-нің кеңейтілген IV пленумі жаңа одақтық шарттың жасалуын жақтаған баламасыз шешім қабылдады.
  1. 1990 жылдың соңына қарай КОКП қатарындағы Қазақстандағы коммунистердің саны: 800 мыңдай
  • «Тамыз бүлігі» 1991 жылы 19-21 тамыз " бұл акцияны ұйымдастырушылар өздерін «Кеңес басшылығы» деп атап, КСРО-ны қалпына келтіруді мақсат етті. Елді басқару мен төтенше жағдайды жүзеге асыру үшін төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды.
  1. Н.Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросы құрамынан шығатыны жөнінде мәлімдеді: 1991 жылы 23 тамызда
  2. 1991 жылы қыркүйектің 7-сінде болған Қазақстан Компартиясының төтенше сьезі қабылдаған шешім: Қазақстан Компартиясын тарату
  3. Қазақстан Компартиясы таратылғаннан кейін, оның орнына құрылған жаңа ұйымның атауы «Социалистік партия»
  4. 1991 жылы желтоқсанның 8-күні үш славян мемлекеттерінің басшылары өзара келісіп, күшін жойғанын жариялаған шарт: КСРО-ны құру туралы
  5. 1991 жылдың желтоқсанындағы ірі саяси оқиғалардың ең бастысы: КСРО-ның ыдырауы
  6. 1991 жыл 8 желтоқсан – Минскідегі славян басшыларының кездесуінде Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру туралы шешім қабылданды.
  7. КСРО өмір сүрген жылдар: 1922-1991 жж.
  8. 1991 жыл 13 желтоқсан – Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының Ашхабадтағы кездесуі болды
  9. 1991 жылы Қазақстанда өрекпіген саяси ахуалдың қалыптасуына жел берген дисседент жазушы А.Солженицынның мақаласы: «Біз Ресейді қалай көркейтеміз».

v 1991 жылы 17 наурызда жүргізілген референдумда, халықтың 94,1% Одақты сақтау қажеттігін жақтап дауыс берген болатын.

  1. Тұңғыш рет Қазақ КСР-ң Президентіне сайлау өтті:1991 жыл 1 желтоқсан.
  2. Н.Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала: Теміртау.

v 1973–1977 жж. Қарағанды металлургия комбинатында партком хатшысы, облыстық партия комитетінде екінші хатшы қызметтерін атқарды.

  1. Н.Назарбаевтың 1984-1990 жылдары аралығында атқарған қызметі: Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
  2. Н.Назарбаевтың 1990 жылдың сәуірінен бастап атқарған қызметі: Қазақ КСР-нің Президенті
  3. Қазақстан Республикасы атауы қабылданды 1991 жылы 10 желтоқсанда
  4. 1991 жыл 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды

v 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

  1. 1991 жылдың аяғына дейінгі екі аптаның ішінде Қазақстанның тәуелсіздігін таныған мемлекеттер саны 18
  2. Қазақ халқының Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы патша отаршылдары мен большевиктік шовинистік аппаратқа қарсы болған көтерілістерінің саны: 400-ге жуық
  3. 1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде бұрынғы Кеңес Одағын ойға түсірмес үшін жаңа шартта «одақ» деген сөз алмастырылды- «Достастық» сөзімен.
  4. 1991 жыл 21 желтоқсан- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру үрдісі аяқталды
  5. 1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде басшылары ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісімге қол қойған мемлекеттер: Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь

 

Ø Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы

  1. «Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы», «ҚазақстанРеспубликасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы»,«Қазақстан Республикасының ішкі істер әскерлері туралы» заңдары қабылдады: 1992 жылы шілде.
  2. Тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қабылданды 1992 жылдың маусымында
  3. Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды 1992 жылдың желтоқсанында
  4. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы қабылданды 1993 жылдың 28 қаңтарда
  5. 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Конституциядағы қазақ тілінің мәртебесі: Мемлекеттік тіл
  6. 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Конституция бойынша республикадағы биліктің қайнар көзі: Халық.
  7. Қазақстанда жергілікті кеңестер өзін-өзі тарата бастады 1993 жылдың күзінде
  8. 1993 жылдың 13 желтоқсанында Жоғарғы Кеңестің таратылғанын ресми түрде жариялаған С.Әбділдин
  9. Қазақстанда Жоғарғы Кеңес ресми түрде таратылды 1993 жылдың 13 желтоқсанында

v 4 жылға уақыт ішінде Жоғарғы Кеңес 250-ден астам заңдар мен мемлекеттік маңызы бар құжаттарға жолдама берді. Олардың арасында ҚР тәуелсіздігі туралы акт және тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы бар.

  1. Қазақстан Республикасының Сайлау туралы кодексі (заңы) қабылданған жыл: 1993 жыл 9 желтоқсан.

v Жаңа Кодекс бойынша, ҚР Жоғарғы Кеңесінің құрамы 177 депутаттан тұратын болды. Оның 42-сі Президент жасайтын мемлекеттік тізім бойынша сайланды. Сайлауды өткізу 1994 жылдың 7 наурызына белгіленді.

  1. Ірі азаматтық қозғалыс «Азаттың» ықпалымен құрылған партия: Қазақстан Республикалық партиясы.
  2. 1993 жылдың ақпанында дүниеге келген қоғамдық қозғалыс: Қазақстан халық бірлігі одағы (ҚХБО).
  3. 1993 жылдың ақпан айында дүниеге келген Қазақстан халық бірлігі одағы өзінің жетекшісі ретінде атады: Н.Назарбаевты.
  4. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партиялардың саны 3
  5. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партиялар: Социалистік партия, Қазақстан Халық Конгресі, Қазақстан республикалық партиясы.
  6. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстандағы қоғамдық саяси бірлестіктердің саны 300-ден астам
  7. 1993 жылғы Қазақстандағы ірі ұлттық-мәдени құрылымдар саны: 11
  8. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстардың ел арасындағы беделді әрі танымалы «Невада-Семей», «Азат».
  9. 1994 жылы сәуірдің 19-ында жұмыс істей бастаған жаңа парламенттің төрағасы болып сайланған: Ә.Кекілбаев.

v Кейбір учаскелерде сайлау тәртібінің бұзылуына байланысты 1995 жылы көктемде таратылды.

  1. 1995 жылдың 26 сәуіріндегі референдумға қатысушыларға қойылған сұрақ: «Сіз 1991 жылы бірінші желтоқсанда бүкіл халық сайлаған Президент Н.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылдың бірінші желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?».
  2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды 1995 жылды 30 тамызда.

52. ҚР Конституциядағы бөлім саны: 9

v Олар: Жалпы ережелер; Адам және азамат; Президент; Парламент; Үкімет; Соттар және сот төрелігі; Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару; Қорытынды және өтпелі ережелер.

53. ҚР Конституциядағы баптар саны: 98

  1. Қазіргі Конституция бойынша Қазақстандағы басқару формасы: Президенттік.
  2. 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстанның парламентіндегі тұрақты жұмыс істейтін екі палата Сенат пен Мәжіліс
  3. Сенат пен Мәжілістен тұратын жаңа Парламент тұрақты жұмыс істей бастады 1996 жылдың 30 қаңтарынан
  4. Президент жарлығымен Қорғаныс Комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып құрылды 1997 жылы 7 мамырда
  5. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс Министрі С.Нұрмағамбетов

 

Ø Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы

  1. 1992 жыл 2 наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды

60. ХХ ғасырдың 90-жылдары (1992 жылы 8 шілде) Хельсинкиде жасалған әлемдік қауымдастыққа үлкен қадам жасаған Қазақстан кірді: ЕҚЫҰ (ОБСЕ) қорытынды актісіне қосылды.

  1. Алғашында «Шанхай бестігі» (кейіннен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталды) басшыларының алғашқы кездесуі өтті 1996 жылы 26 сәуірде

62. 1996 жылы Шанхайдағы бірінші кездесуде талқыланған мәселе: Әскери сенім.

63. 1997 жылы Мәскеуде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы кездесуінде қол қойылған құжат: Шекаралық аудандардағы қарулы күштерді қысқарту.

  1. Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшылары 1998 жылы бас қосқан қала Алматы

65. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары кездесті: 1997 (Мәскеу), 1998 (Алматы), 1999 (Бішкек).

  1. Қазақстан мен Қытай арасындағы жалпы көлемі 1000 шаршы шақырым болатын даулы жердің мәселесінің шешімі: 57% -ы Қазақстанға 43 %-ы Қытайға жатады
  2. Қазақстандық студенттер шетелдердің оқу орындарында білімін жетілдіруге мүмкіндік алған бағдарлама «Болашақ».

 

Ø Экономикалық даму

  1. Республика Президенті Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Президиумының келісімімен бағаны еркіне жіберу туралы жарлық шығарды: 1992 жылы 6 қаңтар.

v Басты себеп " Ресейде бағаның босатылуы.

v Еркін бағаны енгізуге байланысты тауарлардың бағасы қымбаттады. Азық-түлік бағасының күрт өсуі халыққа, әсіресе жалақысы төмен азаматтарға және көп балалы отбасыларына ауыр соққы болып тиді.

  1. Республика дихандары астықтан рекордты түсім – 33 млн т өнім жинауға қол жеткізді: 1992 жылы.
  2. КСРО ыдырап кеткеннен кейін, астыққа сұраныстың аздығынан 1994 жылы республикада егіс алаңы қысқарды: 6 млн га.

v Алайда астықтан мол өнім алынуының өзі көптеген шаруашылықтардың жағдайын жақсарта алмады. Олардың жалақы төлеуге, техника сатып алуға, жанармай мен қосалқы бөлшектер үшін есеп айырысуға шамалары келмеді.

  1. 1993 жыл 15 қараша " ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді.
  2. Республика үкіметінің бағдарламасы бойынша жүргізілген жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталды: 1993 жылдың соңында.
  3. Қазақстанда жекешелендірудің II кезеңі басталды 1994 жылдың көктемінде
  4. 1995-1998 жылдары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмірінде болған маңызды өзгерістер: Халық шаруашылығындағы жеке меншік сектор үлесі артты.

v 1998 жылдың аяғында ел экономикасының 90% жеке сектордың қолында болып, 500 мыңға жуық жеке шаруашылық өкілдері – кәсіпкерлер тобы дүниеге келді.

  1. 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енді: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң.

 

Ø Тәуелсіздік жағдайындағы мәдени құрылыс

  1. «Тарихи ақтаңдақтарды» әйгілеп, бұқаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1997 жыл жарияланды: «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы».

v 1998 жыл: «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы».

v 1999 жыл: «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы».

  1. Республика үкіметі «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» мақұлдады: 1995 ж.
  2. 1998 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты шығара бастаған жаңа журнал «Отан тарихы».

v Тарихқа жаңа көзқарас қалыптастыруға үлес қосқан әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналы: «Хабаршы».

  1. 1999 жылы жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі: «Тарих толқынында».
  2. XX ғасырдың соңында ЮНЕСКО-ның шешімімен 150 жылдық мерейтойы тойланған қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев.
  3. «XX ғасырдың Гомері» атанған ақын: Жамбыл Жабаев.

v Жамбыл Жабаевтың жылы деп жарияланған жыл: 1996 ж.

  1. 1997 жылы 100 жылдық мерейтойы дүниежүзілік және жоғары интеллектуалдық деңгейде аталып өткен жазушы, ғұлама ғалым: М.Әуезов.
  2. М.Әуезовтың 1997 жылы шыға бастаған шығармалар жинағының көлемі: 50 томдық.
  3. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен 100 жылдық мерейтойы тойланған ғұлама ғалым Қ.Сәтбаев.

v 1999 ж. сәуірдің 13 мен 23 аралығында Қ.И.Сәтбаевқа арналған «Қазақстан ғылымы – кешегіден бүгінге» деген тақырыпта көрме жұмыс істеген қала: Париж.

  1. Н.Назарбаевтың жарлығымен ҚР Ғылым академиясы қоғамдық бірлестік болып құрылды: 2003 жыл 24 қазан.
  2. 2004 жылы 5 томы жарық көрген Ұлттық энциклопедия: «Қазақстан».

v Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай екі тілде жарық көрген энциклопедиялық анықтама: «Қазақстан Республикасы».

  1. Халық жазушысы О.Сүлейменовтың дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған еңбегі: «Жазу тілі».
  2. Адам бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың кітабы: «Өркениеттің адасуы».
  3. Қаракерей Қабанбай туралы жазылған Қ.Жұмаділовтың диалогиясы: «Дарабоз».
  4. Ә.Нұрпейісовтың Арал және ондағы адам тағдыры туралы романы: «Соңғы парыз».
  5. Е.Рахмадиевтің (Ә.Кекілбаевтың либреттосы бойынша жазылған) жанр табысы деп танылған операсы: «Абылай хан».
  • 1999 жылы Республика парламенті қабылдаған «Білім туралы заң» бойынша негізгі мектеп 9 сынып көлемінде аяқталды.
  1. Жаңа буын оқулықтары мен оқу-кешен комплекс құралдары енген оқу жылы: 2004-2005
  2. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» қабылданды: 2004 ж.
  3. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасына сәйкес енгізілді: 12 жылдық орта білім беру.
  4. XXI ғасырдың басындағы Республикадағы мектептердің саны 8 мыңнан астам.

v Оқушылар саны: 3 млн-нан астам.

  1. Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті 1992 жылдың қыркүйек, қазан айларында.
  2. 1992 жылы шетелдерде тұрып жатқан қазақ диаспорасының саны: 3 млн. 200 мың.
  3. Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында сөз сөйлеген Түркиядан келген қадірменді қария, «Алаш» сыйлығының иегері Халифа Алтай.
  4. 1992 жылы 30 қыркүйекте дүние жүзі қазақтарының құрылтайының ресми ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жасаған баяндамасы: «Құшағымыз бауырларға айқара ашық».
  5. 1992 жылы қыркүйек пен қазан айларында Алматыда өткен дүние жүзі қазақтарының Құрылтайында күн тәртібіне қойылған маңызды мәселе: Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығын құру.
  6. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы болып сайланған: Н.Назарбаев.
  7. Президент Н.Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалаған стратегиясы «Қазақстан 2030».
  8. «Қазақстан 2030» даму стратегиясының қоғамның ұзақ мерзімді жеті басым мақсаттарының біріншісі Ұлттық қауіпсіздік.

v 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; 3. Экономикалық өрлеу; 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; 5. Энергетика ресурстары; 6. Инфрақұрылым, көлік және байланыс 7. Кәсіпқой мемлекет.

  1. Ел астанасының Ақмолаға көшетіндігі туралы Республика Президентінің Жарлығы жарық көрді 1995 жылы
  2. Астана Ақмолаға көшірілді: 1997 жылы.
  3. Астананың салтанатты жағдайда тұсаукесері өтті: 1998 жылғы маусымда.
  4. Астана қаласының 1998 жылға дейінгі атауы Ақмола.
  5. 1998 жылғы Парламент шешімімен Конституцияға енгізілген өзгеріс бойынша Президенттің өкілдік мерзімі: 5 жылдан 7 жылға ұзартылды.

v Үміткер жасының 65-тен аспауы керектігін айқындайтын шек алынып тасталды.

  1. 1999 жылы ақпан, наурыз айларында өткізілді: Халық санағы.
  2. 1989 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда тұратын республика тұрғындарының саны: 16 млн. 199,2 мың адам.
  3. 1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда тұратын республика тұрғындарының саны: 14 млн. 952,7 мың адам.
  4. 1999 жылғы халық санағы бойынша республика тұрғындарының арасындағы қазақ халқының үлесі 53,4 %.

v Қалалы елді мекендерде тұратындар – 56%, ауыл халқы – 44%.

v Еркектер – 48,2%, әйнлдер – 51,8%.

  1. 2004 жылы қыркүйекте Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы алдында саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша ресми тіркелген партиялар саны 12
  2. 2001 жылы үкімет құрамы мен басқа да билік құрылымындағы жас олигархтар ұйымдастырған қоғамдық қозғалыс: «Қазақстанның демократиялық таңдауы».

v Кейінірек осы Қозғалыстың негізінде құрылған екі саяси партия: «Ақ жол», «Қазақстанның демократиялық таңдауы».

 

 

 


[1] Негізгі есімі Байбұқа. Қидандар оған Дауаң «үлкен әмірші» деген атақ берген, сол сөз келе-келе Таянға айналған

[2] Карпини Джованни да Плано (1182-1252) – итальян саяхатшысы, монах. 1245 ж. Лионнан шығып, Еділ сағасының бойымен Киев, Хорезм, Жетісу, тарбағатай арқылы монғол ханының ордасына барған. 1246 ж. Күйік ханның таққа отыру салтанатына қатысқан. Батумен тілдесіп, 1247 ж. еліне оралады. Ол «Либеллус Хисторикус» («П. Карпинидің тарихи шығармасы») атты жолжазбаларында өзі болған қалалар мен сол өңірдің халықтары жөнінде жан-жақты жазады.

[3] Хорезм шахы Текеш билік құрған жылдары 1172-1200 ж.

[4] Хорезм шахы ІІ Мұхаммед билік құрған жылдары 1200-1220 ж.

[5] ХІІ ғ. қыпшақ жерін басып өткен еврей саяхатшысы.

[6] Испиджаб – тарихи деректерде VII ғ. (629 ж.) белгілі. ХІ ғ. Сайрам атанған. Шымкент қаласының шығысына қарай Талас Алатауының баурайында орналасқан. Халық саны бойынша ІХ-ХІІ ғ. ең ірі қала (40 мың тұрғын). «Әлем саудагерлерінің қазба байлықтарының қайнар көзі» «Ақ өзен бойындағы қала» атанған.

[7] Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық ең ірі қалалардың бірі. Сырдарияның орта алқабында орналасқан. VIII ғ. 30-ж. Отырардың жазба деректемелерде алғаш рет аталуы.VIII ғ. басынан тарихи деректерде Тарбанд (Трабан) атауымен белгілі.

[8] Сауран – ортағасырлық қала (ХІ-XVI ғ.). Түркістанның солтүстік-батысына қарай 30 км жерде орналасқан.

[9] Тараз - саудагерлер (көпестер) қаласы. Деректерде мұсылмандардың түріктермен сауда орны деп аталған. Қараханидтер мен қарлұқ тұсындағы ең бай қала.

[10] Баласағұн (Ақтөбе) – Шу алқабындағы ежелгі қала. Мәдениет пен өнердің өкілдерін өрбіткен жер. Қала XV ғ. дейін өмір сүрген.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 5838. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия