Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тұлғаның әлеуметтенуі.




Лекцияның мақсаты –тұлғаға социологиялық көзқарасты анықтау, тұлғаның кұрылымын ұғыну, әлеуметтенудің түрлі концепцияларымен танысу, әлеуметтенудің кезеңдері мен агенттерін қарастыру.

Негізгі ұғымдар:индивид, тұлға, тұтынымдар, мүдделер, маргинал, әлеуметтену, интеграция, десоциализация, ресоциализация, әлеуметтенудің агенттері, идентификация, имитация, мәртебе, әлеуметтік рөль, рөльдік дистанция, рөлдік жан-жал.

Лекцияның жоспары:

  1. Адам, индивид, тұлға ұғымдары.
  2. Тұлға концепциялары.
  3. Тұлғаның өзіндік және әлеуметтік идентификациясы.
  4. Тұлғаның әлеуметтену процесі. Әлеуметтенудің агенттері.

Адам, тұлға мәселесі - өркениеттер жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі. Ол көне заманнан бері түрлі ғылым өкілдерінің ойынан орын алған. Теориялық және эмпирикалық жағынан қанша зерттелсе де, әлі күнге дейін белгілі бір жүйеге түспеген, ең күрделі мәселелердің бірі болып қала бермек. Адам өзіне бүкіл әлемді сидыра алады деп бекер айтылмаса керек. Әр адам көзге көрінетін және көрінбейтін жіптер арқылы қоршаған ортамен байланысты және онсыз өзін қоғамдық тұлға ретінде таныта алмайды. Міне дәл осы индивид пен адам, қоғам арасындағы ортақ қатынасты социология ғылымы қарастырады. Енді, тұлға ұғымына келсек. Тұлға, индивид, адам жақын ұғымдар болғанымен, әр түрлі ғылым объектілері болып табылады. Адам жер бетіндегі эволюциялық дамудың биологиялық және әлеуметтік қатынастарда біріктірілген күрделі түрі болып табылады. Әр жеке адам индивид, ол қайта тумайды. Жекелік туралы сөз еткенде де осы қайталанбастығын алға тартамыз. Адамға әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, ең алдымен оны қоғам мүшесі, қоғамдық мүдделерді жеткізуші деп қарастырамыз. Адам мен әлеуметтік орта арасындағы қарым-қатынасты зерттегенде тұлға сыртқы қозғаушы күш ретінде қана емес, әлеуметтік субъект, өзіндік қажеттіліктері мен қызығушылықтары қалыптасқан қоғамдық өмірдің белсенді мүшесі болып табылады. Алайда, социологтар адамның қоғамдық құрылымына ғана қызығушылық танытпайды, олар өз зерттеулеріне биологиялық, психологиялық және т.б әсерлерді арқау етеді.Тұлға ұғымының мазмұнына нелер кіреді? Бірден бірнеше сұрақтар туындайды; кез келген индивид тұлға ма, индивидті тұлға деп тануға қойылатын шарттар қандай, олар жас мөлшерімен, таныммен, басқа да қасиеттермен байланысты ма және т.б.

1.Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі және саналы қоғам мүшесі.

2.Қоғамдық жүйенің тұрақты белгісі индивидті қоғамдық қауым мүшесі деп сипаттайды.

Тағы бір туындайтын сұрақ: жауапкершілік жүктей алмайтын және санасы толық жетілмеген субъект тұлға болып табыла ма? Екі жасар сәбиді тұлға деп есептеуге бола ма? Индивид – адамзат ұрпағының бір өкілі деген түсінік биологиялық тұрғыда да қарастырады. Себебі, индивид тек қана қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік институттар жүйесін де ғана тұлға бола алады.

Бұл тұжырымдарды былайша қорытындылаймыз: тұлға - әлеуметтік қатынасқа түскен индивид. Бұл анықтама аксиома болып табылмағанымен, әлеуметтік тәжірибе мен әлеуметтік қатынастар негіздері көбіне осы анықтамаға сүйенеді. Адамзат қоғамында дүниеге келген бала бірден қоғамдық қарым қатынасқа түсіп, ол күннен күнге кеңейіп, тереңдей береді. Ал жануарлар ортасында өскен адамзат баласы сол қалпы тұлға болып қалыптаса алмайды. Әр адам тұлға болу құқығына ие бола тұра белгілі бір дара тұлға болуға ұмтылады. Тұлғаның әлеуметтік сараптамасы оның қоғамдық анықтамасын меңзейді. Оны зерделеудің бірнеше жолы қалыптасқан. Сонымен қатар, бұл мәселемен психология ғылымы да айналысып, оны психо-динамика тұрғысында зерттейді.

Фрейдтің белгілі концепциясы тұлға құрылымен 3 элементке бөледі: Ол, Мен, Жоғарғы Мен.

«Ол» дегеніміз – біздің танымымыздың инстинкт билейтін көрінбейтін бөлігі. Фрейд бойынша негізгі екі қажеттілік бар: либидолық және агрессивтік.

«Мен» дегеніміз – біздің санамыз, өсу үстіндегі саналы қабылдауларымыз.

«Жоғарғы мен» дегеніміз – моральдық нормалар мен принциптер арқылы өзіңді қадағалай алатын жауапкершілік.

Сондықтан да, біздің санамыз әрдайым ішкі инстинкттерімен және әрдайым өз қағидаларына жүгінуді міндеттейтін «Жоғарғы Менімен» күресте жүреді.

Фрейдтің идеялары көпке дейін ғылымға қайшы болып саналып келді. Әрине , Фрейдтің идеяларының бәрі келісуге тұрады деуге келмейді, тек Фрейд тұжырымдарының негізгі идеялары тұлға құрылымын биологиялық және табиғи тұрғыдан үйлесімді сипаттап беруінде. Әлеуметтануда тұлға ұғымын микросоциологияда қарастырады. Демек, индивдтер арасында қанынас орнаса, тұлғаға айналады.Бұл теорияны жасағандар: Д. Хоманс, П. Блау, Д. Г. Мид, А. Щюц, Г. Гарфинкель.

Олардың «Әлеуметтік ауысу» теориясына тоқталайық. «Әлеуметтік ауысу» теориясы микросоциологияның негізгі бағыты әрі психология, экономика, социологияның күрделі мәселелерінің бірі. Бұл теорияны құрастырушы американ әлеуметтанушысы әрі психологы Дж. Хоманс (1910) былай дейді: « Қоғамда материалмен немесе басқа дүниелермен сияқты құндылықтармен де алмасу болады. Өзгелерге бірдеңе берген адамдар өздері де олардан соны күтеді, ал өзгелерден көп алған адамдар оларға да қайтарымын бергісі келеді. Міне осындай ішкі алмасулар қоғам тепе-теңдігін сақтап тұрады. Берген адам үшін оның бергені шығын болуы мүмкін, алғаны ілтипат сияқты. Бұдан шығатыны адамдар тек материалдық емес, бір-біріне психологиялық көмек беріп, өзіне психологиялық «кіріс» ала алады. Бүкіл қатысушылар ортақ табысқа ие болғанша бұл қатынас қайталана береді. Г. Джакобс Ауысу теориясын былай көрсетеді: топ өз көшбасшыларына оның жетістікке жету деңгейіне өз дәрежелері мен сыйластықтарын алмастырады. Күрделі ұйымдастырылған ауысу процесі «несие беру», «төлем» деген сияқты бірнеше жүйеден тұрады. Дж. Хоманс: «Әлеуметтануда жиі көтерілетін мәселе экономикалық мәселелер. Бірақ бұл мәселеллердің шешімін социологиялық еңбектерден емес, күнделікті өмірден іздеуіміз керек» дейді. Бұл теория тұрғысынан әлеуметтанушылардан Уильям Гудты, ал микроэкономика саласынан Нобель сыйлығының лауреаты Гэри Беккерді атауымызға болады. Гэри Беккер өз еңбектерінде отбасын құруды партнерін табыс көзі не қажеттілік деп қарайтын жұбайларға, екіншіден, балаларын нарықтық терминмен айтқанда «ұзақ қолдану тауары» деп қарайтын репродуктивтік шешімдерге арнады.

Неге біз бұған микросоциологиялық тұрғыдан келеміз? Себебі микросоциология тұлғаның жеке белгілерін қарастырады.

Осылайша, адам- қоғам диллеммасы сақталады. Микросоциологияда тұлға концепциалары мына сұрақтарға жауап береді: Тұлға құрылымы қандай, яғни тұрақты қасиеттер жүйесі бар ма?

Негізгі концепциялар:

Диспозициялық концепция ( Уильям Томас, Флориян Знанецкий)

«Мен» концепциясы. Айнадағы «Мен» ( Чарльз Кули, Эрик Эриксон)

Рөлдер концепциясы. Рөлдер теориясы (Джордж Герберд Мид, Чарльз Кули)

Микросоциялогия құрамында әлеуметтену, әлеуметтік әрекеттер сияқты әлеуметтік қатынастардың ұсақ топтары қарасытырылады.

Сонымен тұлға үш үлкен әлемнің биологиялық және әлеуметтік қатынастар тоғысында туындаған күрделі мәселе. Ресей авторларында тұлғаның құрамы үш үлкен компоненттен тұрады: ес, мәдениет, қайраткерлік. Ес білімнен және оперативті мәліметтерден тұрады, мәдениет әлеуметтік нормалар мен құндылықтардан тұрады. Ал, қайраткерлік тұлғаның ішкі қалаулары мен қызығушылықтарының, қажеттіліктерінің жүзеге асуы.

Тұлға құрылымынан мәдениет құрылымдары мен сапалары да көрініс береді.

Адамның мақсат мүдделері мен қызметі, оның атқарылуы тұлғаның әлеуметтік мәртебесін айқындайды.

Әлеуметтік мәртебе (status жағдай) индивидті әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік топтар арасындағы орны немесе әлеуметтік жағдайы.

Әлеуметтік мәртебе қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен қатынастар жүйесіндегі тұлғаның алатын орнына берілген баға деуге де болады. Әр түрлі сөздіктерде әлеуметтік статус мынандай анықтамалар арқылы беріледі:

· Әлеуметтік мәртебе индивид немесе топтың экономикалық профессионалдық, этникалық, т.б. белгілері бойынша әлеуметтік жүйедегі орны. (Большой энциклопедический словарь)

· Әлеуметтік мәртебе индивидтің не әлеуметтік топтың қоғамда не жеке қоғамдық ұйымдарда алатын орны. Ол орын оның әр түрлі жеке ерекшеліктер мен белгілері бойынша анықталады. (Википедия)

· Әлеуметтік мәртебе индивид немесе топтың экономикалық профессионалдық, этникалық, т.б. белгілері бойынша әлеуметтік жүйедегі орны. (Энциклопедический словарь)

· Мәртебе азаматтық құқықтар статусы (Большой французко руский, руско французкий словарь)

Тұлға әр түрлі әлеуметтік қатынасқа түскен сайын, әр түрлі әлеуметтік мәртебе алады. Туа берілетін мәртебелер адамның оның ұлты (қазақ, ағылшын, орыс т.б), жынысы. Ал басқа мәртебелерге адам өзі қол жеткізеді. Әр мәртебенің өзіндік функциялары болады. Біз тақырыбымызға байланысты адамның әлеуметтік рөлі туралы сөз қозғаймыз.

Әлеуметтік рөл адамның әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік позициясына тәуелді, оның іс әрекеттерінің үлгісі мен қабылдаған нормативтері. Рөл түсінігі 20-30 жылдары американ ғалымдары Р. Линтон мен Дж. Г. Мид қалыптастырған. Кейін келе ол Батыста және маркстік идеяларда жалғасын тапты.

Әлеуметтік рөл әр адамның қоғамдағы орны деген түсінікке де саяды. Мысалы, біреу инженер, біреу оқушы, біреу оқымысты болуы мүмкін. Олардың әрқайсысының қоғамда өз орны бар және оған сәйкес әлеуметтік рөлдері де айқындала түседі.

Әлеуметтік рөл түсінігінің сөздіктерде мынандай нұсқалары көрсетілген:

· Әлеуметтік рөл әлеуметтік жүйе мүшелерінің белгілі бір қалыптасқан нормалардың, әлеуметтік статусы мен позициясы негізінде қоғамдық және жекелік қатынастарға түсуі. (Большой энциклопедический словарь)

· Әлеуметтік рөл адамның жеке әлеуметтік позициясының әлеуметтік институттардағы әрекеттерінің моделі. Басқаша айтқанда, адамға қойылған талаптардың ақталуы. (Википедия)

· Рөл актер сомдаған көркем образ.

Ең бірінші бұл басты рөльдерге жұмысты, отбасылы азаматтарға қатысты. Бұндай жағдайда қоғам көзқарасы Жеке тұлғаның көзқарасымен үйлеседі. Өйткені әлеуметтік рольдер тұлғаның өзін-өзі көрсетуі мен дамуының формасы болып табылады, ал олардың сәтті өтуі адамзат бақытының кепілі болады. Шындығында, бақытты адамдардың жақсы отбасылары болып, өздерінің іскерлік міндеттерін жақсы атқарып, қоғам өміріне, мемлекеттік істерге белсенді қатысып отыратынын байқау қиын емес. Алайда адамның өмір сүру кезіндегі әлеуметтік рөльдердің қажеттілігін табу оңай шаруа емес. Ол үшін күш-жігер, уақыт және қабілет керек, сонымен қатар әлеуметтік рөльдерді орындау барысында келіспеушілік бола қалған жағдайда соны шеше білу керек. Ол келіспеушіліктер ішкі, аралық және тұлғалық-рөльдік болуы мүмкін.

Ішкі-рөльдік келіспеушіліктерге бір рөльдің бір-біріне қарама-қарсы келуі жатады. Мысалы, ананың бойындағы қасиет балаларына тек қана жылылық пен жұмсақтық таныту емес, сонымен қатар талапеткіштік пен қаталдық. Сүйікті балаң бір қателік жасап соның жазасын беру керек болған жағдайда бұларды бір-бірімен сәйкестендіру оңай құбылыс емес. Ішкі-рөльдік келіспеушіліктің әдеттегі шешімі мынадай қағидаларға негізделеді: Әкенің балаға қатал қарап, жазасын беру міндеті болса, ананың міндеті сол жазаны жеңілдетіп, жұбату болады. Бұл жерде ата-ана берген жазаның әділетті екенін байқаймыз.

Аралық-рөльдік келіспеушілік бір рольдің қалауы екінші рольге қарама-қарсы болған жағдайда туындайды. Бұндай келіспеушілктің жарқын бір көрінісі әйел адамның екі жақты іс-қимылы десек болады. Отбасылы әйелдердің ісбастылығы оларға жақсы әйел және қамқор ана болуына кедергі етеді. Бұл келіспеушілікті шешуге аз шешімдер айтылған жоқ. Қазіргі уақытта іске асып жатқаны және болашақта да жалғасын табады деп ойлайтынымыз, ол отбасы мүшелерінің міндеттерді тең бөліп атқаруы және де әйел адамдардың қоғамдық жұмыстардағы уақыттарын қысқартуы (мысалы, толық емес жұмыс күні, аптасы; күн тәртібінің ұтымды жасалуы).

Енді әлеумттену түсінігінің мағынасын ашсақ - бұл барлық мәдени дәстүрлерге тән, сонымен қатар индивидтің білімін, құндылығын және нормаларын іске асыратын процесс. Әлеуметтену түсінігін философия, социология, әлеуметтік психология, психология, педагогика, тарих, этнография ғылымдары оқытады. Әлеуметтену философиялық қиындық ретінде тек әлеуметтік философия бағытында, әлеуметтік реализм дегендей қиындықтарға жолығады, тарихи категорияларда түрленбейді. Әлеуметтенудің философиялық негізгі дәстүрін әлеуметтік психология Тардтан бастау алады; ол белсенді түрде классикалық психанализде дамыды; интеракционизммен, марксизммен, жүйелі-функционалды талдаумен, бүгінгі күндегі әлеуметтенудің зерттелуі бойынша символикалық интеракционизм мен психодраманың бағыттарымен т.б. Әлеуметтену процесінде адамды мәдениетке қосу, сонымен қатар ол үшін автохтонды түрде болатын белгілі бір халық дәстүрінің мәдениетіне қосу болады.

Әлеуметтену процесі мәдени ортаға бейімделу процесі секілді индивидтің бүкіл ғұмырында жүріп отырады. Бірақ оның функционалы-мазмұнды экстремумы баланың екі жас пен алты жас аралығына ғана тиесілі. Ал бұл жастан өтіп кеткен homo sapiens үшін бұл мүмкін емес. Қасқырлардың ортасында өскен әйгілі Амал және Кемал, бүркіт ұясындағы Гоимед баланы әлеуметтендірудің олардың жағдайында мүмкін емесігін көрсетеді.

Әлеуметтену мәдени әдет-ғұрыптар сияқты жеке тұлғаның қалыптасуы болып табылады. Бұл мағынада әлеуметтену нәтижесі ретінде бұрыннан қалыптасқан жеке тұлғаның варияциялары көрінеді. Олардың вариаттылығы нақты бір жекелеген әлеуметтік жағдайлардың және туа пайда болатын психологиялық жағдайлардың көптүрлілігімен шартталған. Олардың интегралдық қауымдастығы мәдениетте стандартталған тәуелділікке ие және белгілі бір орта түзетін матрицалардың парадигмалық бірлігі болады. Бұл жекелеген мінез-құлықтардың қоғам мақұлдамайтын жағдайларға әкелуімен аяқталады. Осындай бекітулерге операциялы түрде ие болу марапаттауға немесе жазалауға әкеп соқтыратын мынандай қағидалар арқылы жүзеге асады: «сүйсінушілік-қайғыру» (Фрейд) немесе «тежеуіштік-субстанция» (Парсонс). Әлеуметтенудің психологиялық механизмі тұлғаның мына рольдердің бірін қабылдауы арқылы көрінеді: «еліктеу» ( Тард), өзін басқа біреуге теңдестіру (Фрейд), « басқа біреудің ролін қабылдау» (Дж. Г. Мид), «еліктеушілік және теңдестірушілік» ( Парсонс). Осындай контекстерде әлеуметтену агенттері қиыншылықтарға тап болады, олар бұл жағдайда үлгі ретінде кім көрсетілуі тиіс деген сұрауға жауап іздейді. Бұл жерде әлеуметтену таным сапасының тұлға қалыптасуындағы мақсатталған ықпалы ретінде қарастыратыны сияқты, тұлғаның мәдени-әлеуметтік контекске сәйкес объективті ұйымдасқан процестің маңыздылығын есте ұстау қажет. Фрейд концепциясында бұндай үлгі болатын модель ретінде отбасы алынған (алдыменен ата-ана); ал Т. Тернердің көрсетуінше әлеуметтік агенттің референті ретінде отбсылық жағдайы жоқ топ қана қатыса алады делінген. Дегенмен, әртүрлі нұсқаларға қарамастан әлеуметтену біріншіден «басқа-басқалар» деп, екіншіден «мағыналы басқа-басқалар» деп түрленеді. Бұған мысал «мұғалім-оқушы» (Тард) принципіне негізделген тікелей қатынас бола алады. Жеке тұлға «өзіне жалпы құндылықтарды» басқа бір білікті адаммен қарым-қатынас жасау барысында алады ( Парсонс). Мидтің айтуынша субъект үшін басқа бір тұлғаның рөлін қабылдау сатылай жүзеге асады. Алдымен өзі үшін беделді адамдардың роліне кіру ( ата-ана, үлгі тұтар достары, әдеби немесе кино кейіпкерлері), содан кейінгісі басқаны максималды түрде танитын абстрактілі «негізделген басқа» рөлінде. Негізделген басқа жағдайына жеткенде жаңағы әлеуметтенудің агенттері (ата-ана, топ) өзіндік бағалауға айналады. Бақылау жекелеген танымға кіреді де, физиологиялық организм рефлекстік таным «менге» айналады (Мид).

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1716. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.006 сек.) русская версия | украинская версия