Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жастар социологиясы .




Лекцияның мақсаты –жастарды жасына қарай бөлек топ ретінде сипаттау; өмір жолының кезеңін қарастыру; жастар туралы негізгі концепциялармен танысу; жастардың субмәдениетінің ерекшелігін көрсету; қазіргі жастардың құндылық бағыттарына талдау жасау; соның ішінде қазақ жастарының.

Негізгі ұғымдар –жастар, жастық, буын, постфигуративтік, конфигуративтік, префигуративтік мәдениеттер, жастар мәдениеті, субмәдениет, стиль, дағдарыс, құндылықтар бағыттары, жастар саясаты, ювентизация.

 

Лекцияның жоспары:

  1. Жастар ұғымы. Жастардың ерекше әлеуметтік топ ретіндегі көрсеткіштері.
  2. Жастар мәселелерін социология тұрғысынан қарастыру.
  3. Қазақстандағы жастардың әлеуметтік мәселелері. Қазақ жастарының әлеуметтік мәселелері.

 

Жастар социологиясы социологияның қомақты салаларының біріне жатады. Онда жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде, оларға тән әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік құндылықтар жүйесі қалпытасқанын қарастырады. Жастар деп 15 тен 29ға дейінгі адамдар тобын айтады. Бірақта жас мөлшері бойынша түрлі пікірлер бар. Жастарды ерекше жасына байланысты және тарихи буын ретінде де қарастырады. Жасқа байланысты буындар арасындағы айырмашылықтар тұрғылықты заңдылықтарға жатады. Олар тарихи уақытқа байланысты емес. Жас буын мен ересек буын арасындағы қарымқатынас үш мәдени типтер түрінде жүреді: постфигуративтік, конфигуративтік, префигуративтік. Постфигуративтік мәдениет ата- бабалардың мәдениетін игеріп сақтауменен сипатталады; конфигуративтік ересектер де жастарда өз замандастарының құндылықтары мен үлгілерін бойларына сіңіреді; префигуративтік мәдениетте үлкендер буыны жастар буынының мәдениетін қабылдап, оларды өздерінің рухани әлеміне енгізеді. Жаңа буының әлеуметтік өмірге енуінің екі жағы бар: 1) әлеуметтену; 2) ювентизация. Ювентизация деп жастардың қоғамның жаңаруына тигізген әсерін, соған байланысты оның құндылықтарының, нормаларының, рөлдік күтудің, іс-әрекет моделдерінің өзгеруін айтамыз.

Жастар мәдениеті ересектердікене қарағанда екіншілік сипатта. Ол ерекше субмәдениет болғандықтан өзінің мақсаты, құндылықтары, идеалдары, иллюзиялары болады.Олар үлкендердің мәдениетін қайталай бермейді. Қазіргі кезде жершары тұрғындарының 25 пайызын жастар құраса, дамып келе жатқан елдерде бұл көрсеткіш 80 пайзды құрайды. Соның ішінде 209 миллионы күніне 1,5 долларға күн көрүге мәжбүр, ал 515-і 3 доллармен шектеледі. 10 миллион жастар ВИЧ және СПИД ауыруыменен ауырады. 130 миллион жастар сауатсыз. Қазақстанда жұмыс істеушілердің 28,9% жастар құрайды.

Жастар көп тұрғыдан ересектермен келісе бермейді. Олар өздерінің ата-аналарын, аға буын өкілдерін туындаған қиыншылықтардың себекерлері деп санап оларды кінәләйді. Осыған байланысты да олар өздерінің сыртқы пішіндерін, киім киістерін, жүріс тұрыстарын, сөйлеген сөздерің өзгертіп отырады және солар арқылы өздерінің ерекше әлеуметтік әлемі бар екенін жариялауға тырысады.

Дәстүрлі қоғамдарда жастар деген әлеуметтік-демографиялық топ болмайды. Өйткені жасөспірімдер ерте жастарынан инициация процестерінен өтіп өздерін ересек адамдар қатрына жатқызып, солардың мәртебесіне өтеді. Қазіргі қоғамда жастардың ересектер қатарына өтуі ұзақ уақытқа созылады. Формалды және құқықтың ересектерменен кәмілет жасына толғаннан соң тең болып сналғаныменен, шын мәніндегі теңдігі қажетті білім алып, мамандықты игеріп, жұмысқа орналасқаннан соң басталады. Сондықтан студенттердің өздерінің әлеуметтік мәртебелері жоқ. Олардың қоғамдағы мәртебелері ата-аналарының немесе болашақ мамандықтарына сәйкес анықталады.

Соныменен қатар, егерде ересек адамдардың мәртебелері олардың кәсіби сұранысына, жинаған әлеуметтік капиталыменен, әлеуметтік құрылымдағы алатын орныменен анықталатын болса, жастар өздерінің негізгі оқуымен қатар көптеген формалды емес қатынастарға түседі. Соның ішінде жастар қозғалысы, субмәдени ұйымдар, саяси, діни құрылымдар. Формалды емес мәртебе олар үшін өте маңызды рөлдер атқарады. Жастар өздерінің әлеуметтік, психологиялық, дүниегекөзқарастарының ерекшеліктеріне байланысты дамылсыз қалыптасу процесінде болады, олар түрлі әлеуметік-экономикалық, саяси, идеологиялық, мәдени бағыттардың ықпалына тез түседі және де болып жатқан әлеуметтік, мәдени, саяси өзгерістерді тікелей қабылдап оларға тез белсенді түрде іс-әрекеттер жасауға тырысады.

Жастар социологиясы бұл топқа жататындардың әлеуметтік сипаттарын; топтың шегін, құрылымын, оның даму динамикасының тенценциясын, әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерін анықтайды. Соныменен қатар оның әлеметтену процесін, жағдайып, ерекшеліктерін қарстырады: өмір сүру және іс-әрекет жүріс-тұрыс моделдерін; түрлі әлеуметтік стратаның өкілдері болғандықтан олардың ерекшеліктерін; әлеуметтік мобильділіктің бағытын; құндылықтар бағыттарының өзгеруін; олардың өздерінің тұлғалық, кәсіби потенциалдарын ашу ерекшіліктерін және т.б. мәселелеруі қарастырады.

Қазіргі Қазақстан қоғамында жастар ең бір қорғаныссыз әлеуметтік топтар қатарына ілікті. Өйткені, олар жағымды өзгерістерменен қатар жағымсыз процестерге душар болып, солардың ықпалынан шыға алмауда. Мысалы, қазіргі кезде Қазақстан қоғамдығы әлеуметтік жіктелу өте қарқынды жүруде, сондықтан стратификация мәртебесі статусы жастардың болашақ өмірі жоладарын түбегейлі анықтайды. Біржағынан кішігірім, жабық элиталық жастар тобының шексіз материалды, әлеуметтік білім алу мүмкіншіліктері, екінші жағынан жастардың көпшілігінің денсаулығын сақтауға, қажетті тамақ ішуге, киінуге, өз қалауынша мамандық, кәсіп таңдауына мүмкіндіктері жоқ. Қиын әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық, әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздік, сыбайлас жемқорлық, жоғары лауазамды адамдардың тәртіп бұзуы, қылмысқа баруы сияқты келеңсіз жағдайлар жастардың рухани сенімдеріне жағымсыз әсерін тигізуде.

Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты жастардың ішінен шыққан іскерлер тобы пайда болды. Шет елден білім, тәжірибе жиып келген жастардың да көптеген әлеуметтік мәселелері бар. Қала жастары менен ауыл жастарының арасындағы ерекшіліктер, олардың бір мәмліге келу мәселері, қазақ тілді және орысша оқыған жастар арасындағы мәселелерде социологиялық зерттеулерін күтуде. Соныменен қатар жастардың ішінде таралған субмәдениет: эмо-мәдениеті, панктер, готтар, рэпперлер сияқты топтардың әлеуметтік ерекшіліктерін, жағымды және жағымсыз жақтарын қарастыру да жастар социологиясының өте өзекті мәселелері..

 

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 2194. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.004 сек.) русская версия | украинская версия