Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Білім және ғылым социологиясы.




Лекцияның мақсаты –білім мен ғылымды социологиялық тұрғыдан қарастырып олардың мәні мен мазмұнын, құрылымын, функцияларын көрсету, қазіргі дәуірдегі алатын орнын, атқаратын функцияларын ашу. Қазақстандағы білім мен ғылымның әлеуметтік мәселелерін айқындау.

Негізгі ұғымдар:білім беру институты, білім мен ғылым жүйесі, білімнің функциялары, ғылым, ғылыми потенциал, қадрлердің қартаюы, университеттер, коммерциализация, элитизация, регионалдану, децентрализация.

 

Лекцияның жоспары:

  1. Ғылым мен білімнің тарихи даму кезеңдері.
  2. Қазіргі замандағы ғылым мен білім арақатынасы мәселері.
  3. Қазақстандағы ғылым мен білімнің әлеуметтік мәселелері.
  4. Қазақтардың ғылым мен білімді игерудегі әлеуметтік мәселелері.

 

 

Білім беру жүйесі өте күрделі және ауқымды әлеуметтік институт. Оның негізгі мақсаты адамның, қоғамның, мемкеттің мүддесіне сай мақсатқа бағытталған оқыту мен тәрбиелеу және де мемлекеттің белгіленген біліми деңгейін игерген азаматқа арнайы құжаттар беру. Білім жүйесі келесі компоненттерден тұрады: білім беру жүйесін басқару; білім мекемелер жүйесі (мектептер, колледждер, гимназиялар, лицейлер, университетер, академиялар және т.б.); творчесталық одақтар; ғылым мен білім мекемелерінің инфрақұрылымы; білім беру бағдарламалары мен мемлекттік білім беру стандарттары; оқулықтар менен оқу-әдістемелік құралдары; периодикалық баслымдар. Білім беруге байланысты адамдардың қарымқатынасын регламенттеу мен ұйымдастыру нормаларының жиынтығы білімді әлеуметтік институттарға жатқызуға негіз береді. Білім берудің функциялары: бір буыннан екіншіге білімді жеткізу және мәдениетті тарату; қоғамның мәдениетін сақтау және оны жасау; тұлғаны әлеуметтендіру; тұлғаның мәртебесін анықтау; әлеуметтік іріктеу; қоғамды дифференциалау; жастарды кәсіби мамандыққа даярлау; үзілмейтін білім берудің жүйесін жасау; әлеуметтік мәдени иновациялар; жаңа идеялар ашу; әлеуметтік бақылау; тұлғаның мүмкіндіктерін ашу, дамыту. Білім беру, білім жүйесінің сапасына экономиканың , еңбек ресурстарының , қоғамның даму жағдайы тікілей байланысты. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қайсы елдің білім беру жүйесі замани талапқа сай болып тұрса, сол ел алдыңғы қатарлы ел болмақ. Мысалы, Жапонияның экономикасының алдыңғы қатарға шығуының негізгі факторы осы білім жүйесіне модернизация жасау болды. Осының бір дәлелі ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында әлемнің кемелерінің жартысы ағылшын кемеверфилерінде жасалса, 60-жылдардың соңында Жапонияда жасалды. Оның себебі жапондықтардың жұмыскерлердің барлық деңгейне білімді, білікті мамндар тартқаны. Керісінше ағылшындар бұл жаққа көп мән бермей қалғандары. Бүкіл әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекеттің бюджетінде білім саласына жоғарғы орындар тиюі қажет. Мысалы білім саласы арқылы дамыған елдерде жалпы ұлттық өнімнің 40% жасалады. Ғылым саласы ең күрделі интеллектуалдық іс-әрекет саласы. Ол тарихи діннен, өнерден, білім беруден кейін өмірге келді. Біздің дәуірімізге дейінгі 5 ғасырларда ғылымның алғашқы бастамалары өмірге келсе, ал шын мәніндегі ғылым ғылыми-техникалық прогресс пен индустриалды революцияның жемісі, ХVI – XVII ғасырларда ғана өмірге келді. Ғылымның негізгі мақсаты объективті болмыс туралы білімдерді теориялық жүйелеу және жаңа теориялар құрастыру. Білім болса осы ашылған, жасалған жаңа білімді қоғамға жеткізуі керек. Қазіргі кезде ғылым саласына біздің мемлекетте көңіл аударылғаныменен де ол әлі жеткіліксіз болып отыр. Мұндай жағдай Рессейге де тән. Соның бір негізгі көрсеткіші ғылыммен айналысқандардың қартаюі. Ғылым қартайып отыр. Оның фундаменталды себебінің бірі кешегі социалистік жүйеде құрылған ғылым құрылымы. Ғылым мен білім берудің екеуі бір бірімен іштей байланысының болмауы. Сондықтан білім беру жүйесі тек ағартушылық, ақпараттық функциялар атқарса ғылым саласы өндіріспен байланысты болмағандықтан даму процесін өз ішкі ауқымыменен шектеуде. Сондықтан білім беру жүйесі де ғылымнан әзірге алар материалдары да шамалы болуда. Мұндай жағдайдың мәселелерін шешу ғылым, білім, өндіріс салаларының біртұтас жүйе болып ұйымдастырып құру. Дәл осы жолменен дамыған елдер жүріп келеді. Олардағы негізгі ғылыми жаңалықтар университеттер қабырғасында жасалады. Ол дегеніміз білім алу барысында студенттер білімді нақты ғылыми зерттеу процестеріне қатыса отырып алады. Қазіргі жоғарғы білім алу жүйесінде келесі процестер жүруде: коммерциалану. Ақылы білім алудың пайдалы жақтараменен кемшіліктері де, біздің дамып келе жатқан ел үшін, аз емес. Жеке меншік жоғары оқу орындары бизнестік іс-әрекеттің тек бір жағын негізге алып ақша табуды мақсат етіп алған. Сондықтан олар білімнің сапасынан гөрі қайткенде де ақша табуды ойлайды. Осыған байланысты ол жерде қажетті материалдық техникалық база жеткіліксіз, білім беру мекемесінің иесінің субъективті іс-әрекеті, жемқорлық сияқты келеңсіз жайлар орын алған; элитизация болса ата-аналары жұмысшы, әлеуметтері нашар балалардың сапалы білім алу мүмкіндіктерін шектейді. Олардың сапалы білім алуына әлеуметтік жағдайлардың қолайсыздығы кедергі болады; аумақтану (регионализация) студенттердің негізінен өз аймақтарының аясында білім алуы. Мұның бір жағынан пайдасы олардың материалдық, психологиялық тұрғыдан тимді болуы. Өз ата-аналарының қасында, үйреншікті әлеуметтік орта, жолға, жүріп тұруға шығын шықпайтындығы. Ал келеңсіз жайы, ол сол оқу орындарының материалдық базасы, ұстаздардың білім деңгейі, мүмкіндері орталықта орыналасқан белгілі жоғарғы оқу орындарына қарағанда төмендеу болуы. Децентрализациялану. Жоғарғы оқу орындарының өздеріне еркіндіктің берілуі жалпы талаптың біркелкілі орындалмауына алып келеді. Ешқандай министрлік олардың бәрін тексеріп, бақылап түзетіп отыруға ешқашанда мүмкіншілігі бола бермейді. Бұл әрине тек білім беру жүйесіне тән жағдай емес барлық салаға тән көрініс. Мұның түп негізі біздің жалпы құқықтық, мәдени, моралдік, рухани, әлеуметтік, салт- дәстүрлік, діли жағдайменен байланысты. Олар өзгермейінше тек қана білім беру және ғылым саласында ерекше өзгерістер болуы мүмкін емес. Жоғарғы, арнай орта білім алушылардың жұмысқа орыналысу мәселелері де мемлекет тұрғысынан тиімді шешілмеген. Жоғарғы білім алу көп жағдайда тек мәртебеліктің көрсеткішіне айналып отыр. Бұл процесс стихиалық түрде жүруде. Шын мәнінде бәсекелік те әлде болса іске асырылмай отыр. Бұл процесс стихиалық түрде жүруде. Керісінше, кейбір жағдайда сыбайлас жемқорлық, бұрынғы социалистік жүйеден де артық асқынып отыр. Оның ең бір дамыған саласы ғылыми дәрежелер мен атақ алуда көрініс табуда. Бұл жерде осы қоғамның дерті өте қатты етек жайып отыр. Ғылыми зерттеу тақырыбы, оны зерттеу, оны жазу, қорғау, оның нәтижесін бекіту барлығы сыбайлас жемқорлықтың толық үлесінде. Міне бұл мәселенәң әлеуметтік мәнін, астарын зерттеу және ашу социологияның өзекті мәселесі.

 

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 642. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия