Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Мұнай мен газды кәсіпшілікте жинау және дайындау.




Жоспар:

1.Мұнай мен газды кәсіпшілікте жинау және дайындауды зерттеу

2. Мұнайды жинау схемаларын үйрену

 

Мұнай ұңғымаларының өкілі-мұнай газ және жер асты қабатының суынан тұрады. Мұнай мен судың қуатты араласуынан көбінесе қоспа-эмульсия түзіледі. Судың өте ұсақ тамшылары мұнай ішінде араласып жүретіндіктен олар бір-бірімен қосылып, тұнбаға түспейді. Газ ұңғымаларының өнімінде газдан басқа су тамшылары мен буы, ал газдыконденсат ұңғымаларында мұнымен қоса сұйық көмірсутектер де кездеседі. Газ бен сұйықтан басқа механикалық қоспалар да болады. Олар жер асты қабатынан бірге шыққан құм мен саз, балшық түйіршіктері. Мұнай мен газды жинау, тасымалдау, бір-бірінен ажырату үшін сол сияқты бөтен қоспалардан бөліп алу үшін мұнай өндірісі территориясында құбыр жүйелері, аспаптар, ғимараттар салынады. Олар төмендегідей қызметтер атқарады:

1. Ұңғыма өнімдерін жинау және өлшеу.

2. Мұнайдан газды айыру.

3. Мұнай мен газды судан және механикалық қоспалардан бөліп алу.

4. Мұнайды жинау және өлшеу қондырғыларынан резервуарлар паркіне, ал газды компрессорлық станцияларға немесе газ тарату тараптарына тасу.

5. Мұнайды сусыздандыру кейде тұзсыздандыру мен тұндыру. Оны тұрақтандыру, яғни одан көмірсутектерін шығару.

6. Газ құрамынан керексіз қоспаларды шығарып алу.

7. Мұнай мен газ өндіруді есепке алу және оларды көлік ұйымдарына табыс ету.

Мұнай мен газды жинауда, тасымалдауда, өңдеуде белгілі бір үлгі жоқ. Жергілікті жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Яғни кәсіпшіліктің географиялық орнына, ұңғымалардың арақашықтығына, өндірістің көлеміне, ұңғымаларды пайдалану әдісіне, мұнайдың сапасына, оның сулылығына қарай үлгілер өзгеріп отырады. Дегенмен, қазіргі жинау, тасымалдау, өңдеу үлгілері негізгі бір ортақ ережелерге-жеңіл фракциялардың ұшып кетпеуінен сақтандыру, мұнайдың атмосферамен жанасуын қадағалау, мұнайдан су мен газ және механикалық қоспалардың неғұрлым толық бөлінуін қамтамасыз етуіне сәйкес келу керек. Бұл ережелерге белгілі бір аудандағы бір немесе бірнеше кен орындарға қызмет ететін мұнай жинаушы пунктерінде орталықтандырылған көп сатылы айырғышы бар арынды жүйелер сай келеді. Мұндай

жүйе бойынша ұңғыма өнімдері мұнай сағасындағы қысым (0,6-1,0МПа және жоғары) әсерінен топтап өлшейтін айырғыш қондырғысы (ТӨАҚ) арқылы жинағыш коллекторға бағытталады, одан кейін мұнайды дайындау қондырғысымен (МДҚ), товар паркінен (ТП) кейде газөңдеу зауытымен бір территорияда орналасқан орталықтандырылған айырғыш қондырғыға (ОАҚ) келіп түседі. ОАҚ-да үш-төрт сатыдан өтеді. Технологиялық жүйе бойынша мұнай газ және су дайындайтын үлгіні мынадай элементтерге бөлуге болады:

1-бастапқы жинау-өлшеу қондырғылары.

2-бірінші сатыдағы айырғыш қондырғылар және сорапты сығу станциялары.

3-екінші және үшінші сатыда соңғы айырғыштары бар дайындау және мұнайды өткізу орталық пункті; мұнай дайындау қондырғысы; резервуарлар паркі; мұнайды автоматтандырып өткізу қондырғысы.

4-газ жинайтын компрессор станциялары және газбензин зауыты.

5-жер қабатына су айдау үшін су дайындайтын пункт.

Мұнай мен газды жинайтын техникалық жүйедегі айырғыш қондырғылар сұйықты газдан бөлу үшін. Сұйық пен газ шығынын өлшеу үшін газ өңдеуші зауытқа не басқа тұтынушыларға компрессорсыз тарату үшін сол сияқты мұнай мен газ жинау және сорап қысымын газға қаныққан мұнайды тарату үшін қолданады. Көбінесе бір буферлік гидроциклондық айырғыш қолданылады.

Мұнай мен газды кәсіпшілікте жинау және дайындау жүйесінің сүлбесі.

Үлгі бойынша мұнай ұңғымадан (1) мұнай мен газ шығымын жеке өлшейтін топтама қондырғысына екі құбыр арқылы бағытталады. Бір ұңғыманың шығымын өлшеу үшін өзге ұңғымалардың өнімдерін басқа айналып кететін құбырлар арқылы жинағыш коллекторға жіберіледі, одан әрі мұнай мен газдың қоспасы айырғыш қондырғыға (3) немесе сораппен сығу станцияларына (ССС) бағытталады. Соңғы айырғыштарға мұнайды жеткізу үшін қысым жеткіліксіз болғанда ғана ССС қолданылады. Соңғы айырғыштар (5) мұнай дайындау орталық пунктінің (МДОП) территориясында тікелей орналасқан. Осы жерде мұнай, газдан атмосфералық қысымға жақын қысыммен айырлуы аяқталады. Соңғы айырғыштан шыққан мұнай, мұнай дайындау қондырғыларына (6), одан товарлық резервуарларға (7), сосын товарланған мұнайды тапсыратын автоматтық қондырғыға (8) келеді. Егер товарлық резервуарлардағы мұнай сапасы ойдағыдай болмаса, яғни шартқа сай келмесе, онда оны (8) қондырғыдан (6) қондырғыға қайта өңдуеге жіберіледі. Айырғыш құбырдан газ компрессорлы станцияның қабылдағышына (9) келеді, одан газ, бензин зауытына (11) айдалады. Айырғыш қондырғылардан және резервуарлардан шыққан өндірістік сулар жиналып, тапқыш тетіктер арқылы су дайындайтын қондырғыларға (10) жіберіледі, ол жерден механикалық қоспалармен мұнайдан тазартылып айдайтын ұңғымаларға жіберіледі.

Мұнайды кәсіпшілікте дайындау.

Мұнай мен газдың араласып кетуінен пайда болатын бөлігіштігі қиын қоспаны мұнай эмульсиясы деп атайды. Эмульсия бір сұйықтықтың ерімейтін тамшыларына қаныққан зат. Мұнай эмульсиясының түзілуіне қолайлы жағдай бар, себебі жер қабаттынан шығып ең соңғы айырғыш қондырғыларға жеткенге дейін үдейі араласуда болады. Кәсіпшілік тәжірибесінде көбінесе «су мұнай ішінде» эмульсиясы орын алады. Басқалардан бұл эмульсияның ерекше айырмашылығы судың өте ұсақ тамшылары мұнай ішінде жүреді. Мұнай эмульсиясының тұрақтылығы әдетте жоғары болады. Жәй тұндыру мен суды мұнайдан ажырату мүмкін емес,ол үшін эмульсияны арнаулы өңдеуден өткізу керек.

Өңдеу алдындағы мұнайды дайындау екі операцияға бөлінеді: Сусыздандыру (обесвоживание), тұзысдандыру (обессоливание). Сусыздандыру-деэмульсация-мұнайдан суды және басқа қоспаларды айыру. Сусыздандырғанда мұнайдағы мөлшері 1-2%-ке, тұзысдандырғанда 0,1%-ке жеткізіледі Онымен қоса бұл үрдісте тұздан айыру үрдісі жүреді. Бұл үшін мұнайды тұщы су қабатынан өткізеді, сонда мұнай құрамындағы тұз суға еріп онымен бірге кетеді. Мұнай эмульсиясын бұзу үрдісін 2-кезеңге бөлуге болады:

1.Ұсақ су тамшыларының тұтастануы

2.Іріленген су тамшыларының тұнбаға түсуі.

Бұл үрдістерді жылулық, химиялық және электрлік әдістермен іске асыруға болады. Жылулық әдісімен тұндырғанда мұнайды 45-80оС дейін қыздырады. Әрі қарай тұндырған бірнеше сағат ішінде су мұнайдан бөлініп резервуарларға барып жиналады да, одан кейін канализация торабымен сыртқа шығарылады.

Мұнайды деэмульсациялауды жылулық әдіспен өткізегенде, қыздырудан эмульсияның тұтқырлығы төмендеп, су тамшылары тұтасып тұнбаға түсу принципіне негізделген. Эмульсияны айыру резервуарларда, жылу алмастырғыштарда немесе құбырлы пештерде өтеді.

Химиялық әдіс. Эмульсия құрамындағы мұнай мен суға химиялық реагент-деэмульгаторлармен әсер етуге негізделген. Деэмульгатор ретінде түрлі ионогенсіз беттік әрекетті заттар (БӘЗ) қолданылады. Олар этилен тотығы (ОП-10, дипроксамин, дисольвант т.б.). Деэмульгатор шығыны аса үлкен емес, 1т өңделген мұнайға 30-100гр-ға дейін.

Деэмульгатор мұнайға қосылғанда екі фазада да ерігіштігіне байланысты. Ішкі фазаға еркін кіріп эмульгатордың қабығын бұзады, су-мұнай шекарасындағы тартылу күшін әлсіретеді де, эмульсияны ыдыратуына соғады.

Эмульгаторлар-эмульсияны айырғыш. Деэмульсия әдісі-мұнайдан суды және басқа қоспаларды айыру.

Мұнайды сусыздандыру, тұзсыздандыру және тұрақтандыру үрдісін өткізетін мұнайды комплекстік дайындау қондырғының үлгісі қолданылады.

1, 9, 11, 12-сораптар Ι-шикі мұнай

2-жылу алмастырғыш ΙІ-қыздырылған мұнай

3-тұндырма ІІІ-сусыздандырылған мұнай

4-электрогидратор ІV-тұзсыздандырылған мұнай

5-жылу алмастырғыш XI-V-тұрақтандырылған мұнай

6-тұрақтандыру колонкасы VΙ-колонаның жоғарыдағы заты

7-тоңазытқыш VІІ-кең фракция

8-ыдыс VIII-дренажды су

10-пеш ΙX-таза су

X-жеңіл көмірсутектері (газ)

НӘ /3,5/, ҚӘ /4/

Бақылау сұрақтары:

1. Химиялық әдіс дегеніміз не

2. Мұнай мен газды кәсіпшілікте жинау және дайындаудың маңызын айт.

3. Мұнай мен газды сусыздандыру және тұзсыздандыру.

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1572. Нарушение авторских прав

codlug.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.025 сек.) русская версия | украинская версия